Сабақтың тақырыбы: Инерция құбылысы



Дата11.12.2021
өлшемі32 Kb.
#99230
түріСабақ
Байланысты:
тақырыбы-Инерция-құбылысы


Сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы:

Инерция құбылысы



Мектеп: Қарағанды облысы, Шет ауданы «Мойынты жалпы орта білім беру мектебі» КММ




Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Мажманова Балжан Даркановна




Сынып: 7 «А», 7 «Ә»

Оқушылардың саны: 17, 16

Сабақта жоқ оқушылардың саны:

Сабақтың_оқу__мақсаттары___Инерция_құбылысын_о_қ_ып_үйрену;'>Сабақтың оқу

мақсаттары

  • Инерция құбылысын оқып үйрену;

  • Денелердің инерттілігін түсіну.




Сабақтың

міндеттері

Оқушылар орындай алуы керек:

  • Инерция құбылысын түсініп, тәжірибе жүзінде дәлелдей алу керек.

  • Өздерінің қоршаған ортадағы инерция бойынша қозғалатын денелерге мысалдар келтіру.




Тілдік

Мақсаттар

Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Инерция, денелердің инерттілігі.

Олар терминдерді түсінулері және қолдана алулары керек:



Арнайы пәндік лексика және терминология: инерция.

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері:




Өткен сабақ

материалдары

«Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі. Тығыздықты есептеу».




Жоспар




Уақытты

Жоспарлау

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

0-2

Сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру;

Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.






2-7

Өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қою (допты қағып алған оқушы сұраққа жауап береді):

  1. Заттың тығыздығы деп нені айтамыз?

  2. Заттың тығыздығын қандай формуламен анықтайды?

  3. Заттың тығыздығының өлшем бірлігін ата

  4. Заттың тығыздығы және көлемі белгілі болса, онда массасын қалай табады?

  5. Көлемін қалай табады?



7-10


«Болжам жасау»

Жерде жатқан доп қай кезде қозғалысқа келеді? (аяқпен тепкен кезде)

Оқушылар


  • Не көргендерін сипаттайды;

  • Бақылаған әсерлерінің себебі неде? (ойларын айтады)

Жерде жатқан доп оны аяқпен тепкеннен кейін қозғалысқа келетінін айтады.




Доп


10-20


Болжаумен тәжірибе жасап, жаңа тақырыпқа келеді..

Кез келген дене егер оған басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеттері бірін-бірі теңгеріп тұрса, онда дене тыныштығын сақтайды немесе бірқалыпты түзусызықты қозғалады.

Көлбеу беттен тұрақты жылдамдықпен үш түрлі төсеніші (құм, мата, шыны) бар горизонталь жолға келіп түскен арбашаның қозғалысын қарастырады.
Бұл тәжірибеден не байқағандарын айтады.

Инерция анықтамасын жазып алады.



Жол, арбаша, құм, мата, шыны

20-30

Дененің инерттілігін түсіну үшін тәжірибе жасап көреді: арбашаның үстіндегі жүкті екі, үш т.с.с. есе өсіре отырып, құм төселген жолмен жүргізіп тәжірибені қайыра жасап көреді.

Жол, арбаша, құм, жүктер

30-35


Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма

Тапсырма 1

a) Неліктен, жүргізуші тежеген кезде автомобильдің артқы қызыл жарығын жағады?

Түсіндіріңіз.

b) Қозғалып бара жатқан пойыздың вагонының еденінде тыныштықта тұрған доп, пойыздың қозғалысына қарсы бағытта домалап кетті. Пойыздың жылдамдығы қалай өзгерді? Жауабыңызды дәлелдеңіз.



Дескриптор Білім алушы

- инерция құбылысымен байланыстырып түсіндіреді.



Тапсырма 2

Берілген мысалдардың ішінен инерция арқылы қозғалысты таңдаңыз.

А) Кілемді ұрғышпен қаққанда, шаңның ұшып шығуы.

В) Сүрінген адамның алға қарай құлауы.

С) Автомобильдің қозғалысы.

Д) Жердің өз осінен айналуы.



Дескриптор Білім алушы

- инерция құбылысын белгілейді.




Таратпа материалдар


35-39

39-40



Қорытындылау,Рефлексия

Үйге тапсырма: «Инерция құбылысы» тақырып соңындағы 4-8 сұрақтарға жауап беріп, ғарыштағы инерция бойынша қозғалатын денелерге мысалдар келтіру.



Стикер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет