Сабақтың тақырыбы: информатика және АҚпарат ақпарат, оның мазмұны, түрлері мен қасиеттері



бет1/2
Дата21.07.2017
өлшемі0,95 Mb.
#21636
түріСабақ
  1   2
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі: «______» ________2015 ж Нәбиев Қ.Б. _________

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 5

Жаратылыстану- математикалық бағыт

Сабақтың тақырыбы: ИНФОРМАТИКА және АҚПАРАТ

Ақпарат, оның мазмұны, түрлері мен қасиеттері.

Сабақтың мақсаты : оқушыларды ақпарат, информатика ұғымы, түрі және қасеттерімен таныстыру.

Оқушылар білуі тиіс: информатика пәні нені оқытады, ақпарат ұғымын, ақпарат түрлерін. Ақпарат алу көзі, қабылдау және беру ортасын, ақпараттың қасиеттері мен оның формаларын.

Оқушылар үйренуі тиіс: информатика ұғымдарына, ақпаратқа, ақпарат алу көзіне, қабылдау және беру ортасына анықтама беруді.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ Білімді өзектендіру



Сұрақтар :

  1. Информатика дегеніміз не ?

  2. Компьютердің информатикаға қандай қатысы бар ?

  3. Ақпарат дегеніміз не, оны қалай түсінесіңдер?

  4. Ақпаратты қандай ақпарат көздерінен аласыңдар ?

  5. Ақпараттың қандай қасеиттерін білесіңдер ?

Осы сұрақтар арқылы оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсатын тұжырымдауға жетелеймін.

Жаңа сабақты оқып-үйрену

            Информатика пәні компьютермен тығыз байланысты. Бірақ, компьютер-оның көмегі арқылы ақпаратпен жұмыс істеуге болатын құрал ғана.



Информатика – ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану тәсілдері туралы ғылым.

         Адамдардың барлық қызметі ақпаратпен байланысты. Кез келген тамақты пісіру үшін оған қажетті заттар мен дайындау жолын білу қажет. Автомобильді басқару үшін немесе үй тұрғызу үшін қажетті ақпаратты білуіміз керек.



Ақпарат- сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.

            Сендер күнде қандай да бір ақпарат аласыңдар. Ақпаратты ала отырып, оны қабылдайсыңдар, игересіңдер, қайта өңдейсіңдер. Ақпаратты ата – аналарыңа, достарыңа жеткізулерің мүмкін. Яғни ақпарат көзі және оны қабылдауыш бар. Адам ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Ғалымдардың деректері бойынша біз ақпараттың 81 %–ын көру арқылы, 10 %– ын – есту, 4 %– ын –иіскеу, 3% – ын –дәм сезу және 2 %– ын сезу арқылы аламыз .

Ақпараттың түрлері

       Адамның ақпаратты қандай ақпараттық арнамен қабылдауына байланысты, ол әртүрлі болады.

       Мысалы, таңертең сағаттың шылдырын адам есту мүшесі – құлақпен қабылдайды. Ақпарат көзі қоңыраулы сағат болып табылады. Ал ақпаратты қабылдаушы – адам. Ақпарат ұйқыдан оянатын уақыт келгені туралы мәліметті жеткізіп тұр. Ақпараттың мұндай түрі естілетін ақпарат деп аталады.

           Сонымен, адамның қабылдау тәсілдері бойынша ақпарат көрінетін, естілетін, дәм сезу, иіскеу және сезу арқылы болып бөлінеді. Бір ақпараттың өзі әртүрлі бейнеленуі мүмкін: сан, мәтін немесе сурет түрінде. Мәселен, автотұрақтағы машиналардың саны 5 санымен, «бес» сөзімен жазылған мәтінмен және олардың суретін салу арқылы бейнелеуге болады . Яғни ақпарат тағы бейнелеу тәсілдеріне қарай да түрге бөлуге болады.

          Бейнелеу тәсілдеріне қарай ақпарат сандақ, мәтіндік, графикалық, дыбыстық және видеоақпарат болуы мүмкін.

 Ақпаратты бейнелеу



Ақпараттың қасиеттері

         Бір ғана ақпарат әртүрлі жағдайда өзекті немесе өзекті емес болуы мүмкін. Мәселен, 2 мамырға арналаған ауа райы болжамы кез келген адам үшін 1 мамырда өзекті болғанымен, 10 мамырда өзектілігін жояды. Сонымен, ақпарат өзектілік қасиетке ие.

        Ақпарат толық немесе толық емес болуы мүмкін. Мысалы, сендердің достарың «Ертең» десін. Егере сендер достарыңа: «Біз киноға қашан барамыз ?» деген сұрақ қойған болсаңдар, онда бұл ақпарат түсінікті болады. Басқа жағдайда бұл ақпарат түсініксіз болады, себебі – ол толық емес. Ақпараттың бұл қасиеті толықтық деп аталады.

Сабақты қорытындылау

Бүгінгі сабақта нені білдік ?

Информатика дегеніміз не ?

Ақпарат дегеніміз ?

Ақпаратты қабылдау түрлері

Ақпаратты ұсыну түрлері

Ақпараттың қасиеттері

Үйге тапсырма:

Тақырыпты оқу, сұрақтарға жауап беру. 16 бет.7-тапсырманы жұмыс дәптеріне орындау.



САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі: «______» ________2015 ж Нәбиев Қ.Б. _________

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 5

Жаратылыстану- математикалық бағыт

Сабақтың тақырыбы: Ақпарат, ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері.

Сабақтың мақсаты : тірі ағзалардың ақпаратты қабылдауына, ақпарат беруі мен қолдануына мысалдар келтіруді үйрету, қоршаған ортаға ақпараттық көзқарас қалыптастыру.

Оқушылардың білуі тиіс : ақпаратты сақтау, ақпаратты жеткізу және өңдеу тәсілдерін, «ақпарат көздері» мен «ақпарат қабылдаушы» түсінігін, ақпарат жеткізу арналарын.

Оқушылар үйренуі тиіс : ақпаратты сақтаудың, өңдеудің және ақпарат жеткізу түрлерін анықтау тәсілдерін.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

Жұппен жұмыс жасау . Бір оқушы екінші оқушыға сұрақ қояды. Сұрақтар экранда көрсетіліп тұрады.


  1. Ақпарат дегенді қалай түсінесіңдер ? Мысал келтіріңдер

  2. Адамның пайда болуына дейін ақпарат болды ма ?

  3. Ақпаратты ұсынудың қандай формаларын білесіңдер ? Мысал келтіріңдер

  4. Қандай әрекеттермен ақпаратты өңдеуге болады ?

  5. Адам ақпаратты қандай ақпарат көздерінен қабылдайды ?

  6. Ақпараттың қандай қасиеттерін білесіңдер ? Мысал келтіріңдер

І V Білімді өзектендіру

Сұрақтар :



  1. Біз ақпаратты қайда кездестіреміз ?

  2. Біз ақпаратпен не істейміз ?

  3. Қандай да бір әрекетсіз ақпарат бола ма ?

V Жаңа тақырыпты түсіндіру

Соңғы сұраққа жауап оқушыларды жаңа тақырыпқа жетелейді. Ақпарат жасалады, жеткізіледі, сақталады және өңделеді. Ақпаратпен орындалатын әрекеттер ақпараттың кезеңдері деп аталады . Қандай да бір әрекеттер ақпараттық кезеңдерде орындалады.

Қазір сабақта біз бір-бірімізбен ақпарат алмасамыз. Осы ақпарат беру кезеңінде ақпаратты кім қабылдайды, ал ақпарат көзі кім ?

Жауап : ақпарат қабылдаушы – оқушылар, ақпарат көзі – мұғалім .

Сұрақ : қандай жағдайда біз орын алмастыра аламыз ?

Жауап : сұрақ –жауап кезінде .



Ақпаратты жөнелту

      Сендер ақпаратты тұрақты жеткізіп отырасыңдар. Мысалы, басқа адаммен сөйлескен кезде. Ақпаратты алыс қашықтыққа жеткізу үшін адамдар әртүрлі құралдар ойлап шығарған. Оларға телеграфты, телефонды, теледидарды, Интеретті және басқаларды жатқызуға болады.

     Ақпаратты жөнелту үшін қолданылатын құрылғыларды ақпаратты жеткізу арнасы деп аталады .

Ақпаратты өңдеу

           Ақпараттың кез келген өзгеруі оның өңделуі деп аталады. Мысалы , есепті шығарудың өзі – бұрын белгілі есептен жаңа ақпарат алу. Ондай ақпаратты адам логикалық ойлау немесе математикалық есептеулер арқылы алады. Мысалы, мәтінді бір тілден екінші тілге аудару. Ақпаратты өңдеу оның бастапқы түрден басқа түрге айналуын немесе ақпарат мазмұнының өзгеруін білдіреді. Ақпаратты өңдеу нәтижесінде адам ары қарай өз қажетіне жаратады.

 

VІ Компьютермен жұмыс

Оқулықтағы тәжірибелік жұмыстарды орындатамын.

 VІІ Сабақты қорытындылау


  1. Ақпаратқа қандай амалдар қолдануға болады ?

  2. Адам ақпаратты қалай сақтайды ?

  3. Ақпаратты қайда сақтауға болады ?

  4. Ақпаратты жөнелту арналары деген не ? Мысал келтіріңдер .

  5. Адама ақпаратты қалай өңдейді ?

VІІІ Үйге тапсырма

Тақырыпты мазмұндау, бақылау сұрақтарына жауап беру, тест тапсырмасын орындау.



САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі: «______» ________2015 ж Нәбиев Қ.Б. _________

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 5

Жаратылыстану- математикалық бағыт

Сабақтың тақырыбы: Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.

Сабақтың мақсаты :

Білімділігі : Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

Тәрбиелігі : Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу .

Дамытушылығы : Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қаблетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгерту сабағы

Сабақтың көрнекілігі : компьютер, интерактивті тақта, презентация

Сабақтың барысы :

а) ұйымдастыру кезеңі

б) сабақ сұрау

в) бағалау

г) жаңа сабақ

д) бекіту

е) үйге тапсырма

ж) қорытынды

Жаңа сабақты түсіндіру

Ақпаратты сақтау және тасымалдау үшін оны тіркеп, есепке алуымыз керек . Мысалы, мәтінді жазу үшін әріптерді, музыканы жазу үшін ноталарды, сандарды жазу үшін циярларды қолданамыз.

     Арақашықтықты сантиметрмен, метрмен, километрмен, т.б.өлшеу қабылданған. Ал салмақты – граммен және килограммен, т.б.өлшейміз.

Компьютер- электрондық машина. Ол тек электр сигналдарын «қабылдайды. Сондықтан компьютердегі ақпаратты электр сигналдары түрінде ғана елестетуге болады. Ақпаратты компьютерге жазу үшін, компьютердегі әрбір белгі ( әріп немесе цифр, дыбыс немесе видео) сигналдар тіліне аударылуы керек. Сигналдың жоқ болуын 0 арқылы, ал бар болуын 1- дің көмегімен белгілеу қабылданған.

Мұнда «нөл» мен «бір» бит деп аталады.

Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдай алады. Бит ақпаратты өлшеудің ең кішкене бірлігі болып табылады.

Ақпаратты өлшеудің келесі бірлігі байт деп аталады.



АҚПАРАТ

  

«Ақпарат» сөзін байтпен есептейді, ал мұндағы 1 байт 8 битке тең.

Әдетте 1 байттың көмегімен бір символ кодталады. Символ – ол кез келген белгі : әріп, цифр, тыныс белгісі немесе бос орын.

    Сонымен біз ақпараттың өлшем бірлігі байт екенін білдік. Өмірде үлкен көлемді ақпаратпен жұмыс істеуге тура келед. Сондықтан ақпаратты өлшеудің ірі бірліктері де кездеседі:

1 Килобайт (Кб) = 1024 байт

1 Мегабайт (Мб) =1024 Кб

1 Гегабайт (Гб) = 1024 Мб

1 Терабайт (Тб) = 1024 Гб

 

Хабарламаның ақпараттық көлемі – хабарламадағы битпен, байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және т.с.с. өлшенген ақпараттың көлемі

 

100 Мб көлемге «сиятын» ақпарат саны:

Мәтін беттері                                            50000

Түрлі түсті слайдтар                                150

Музыкалық фрагмент                              10 минут

Фильм                                                        15 секунд

Енді сендер ақпаратты өлшей аласыңдар. Заманауи технологиялар көп көлемді ақпаратты тасымалдауға мүмкіндік береді, мысалы, Интернет желісі арқылы.

 


 

Ақпаратты жеткізу жылдамдығы дегеніміз – бір уақыт бірлігінде жөнелтілетін ақпарат саны. Мұнда жылдамдық бит/с, байт/с және т.с.с.өлшенеді.

 


 

·         Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі – бит. Бит келесі екі мәннің бірін қабылдай

алады – 0 немесе 1.

·         Әдетте ақпаратты байтпен санайды, мұндағы 1 символ = 8 битке = 1 байтқа тең.

·         Хабарламаның ақпараттық көлемі – хабарламадағы битпен, байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және т.с.с.өлшенген ақпараттың көлемі.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А  деңгейі

Компьютерде сақталған ақпараттың көлемін қарап шығыңдар.

1.      Пуск, Компьютер батырмаларын таңдаңдар.

2.      Пайда болған терезедегі дискілердің бірін тышқанмен оң батырмасымен шертіп, Свойства батырмасын басыңдар

3.      Дискідегі толған және бос орындардың көлемін қарап шығыңдар

4.      Дәптерге дискідегі бос орынның байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және Гбайтпен өлшенген көлемін жазып алыңдар. Санау үшін калькуляторды қолдануға болады.



В  деңгейі

1. А деңгейдегі тапсырманы орындаңдар

2. Документы бумасын ашыңдар

3. 1 Гбайт көлемді флешкаға қандай файлдардың сиятынын анықтаңдар.



С деңгейі

Сыныптарыңдағы барлық балалар туралы ақпараттың сендердің компьютерлеріңнің қай дискісіне сиятынын анықтаңдар. Көлемі 376 Кбайт мөлшерлі суреттер мен 10 беттік (әр қайсысы 64 символдық 48 жолдан тұратын) ақпарат мәтіндік файлда сақталған. Санау үшін Калькулятор программасын пайдаланыңдар.



Қорытынды

1.      Ақпараттың өлшем бірліктерін ( ең кішісін ең үлкеніне дейін ) атаңдар.

2.      БайтКбайттан, Кбайт Мбайттан, Мбайт Гбайттан қанша шамаға кем ?

3.      1 байтта неше бит бар ?

4.      « Кездесу қыркүйек айына тағайындалды» деген хабарламада қанша көлемдегі ақпарат бар ?

5.      «Алақай ! Жазғы демалыс аяқталды!» хабарламасының ақпараттық көлемін өлшеңдер. Бұл көлемді битпен және байтпен көрсетіңдер.

6.      Оқулықтың бір бетінің және бүтіндей оқулықтың жуық ақпараттық көлемін өлшеңдер. Көлемі 600 Мбайт, 2 Гбайт болатын дискіге осындай кітаптың нешеуі сыюы мүмкін ?
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу. Тестке жауап жазу.

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі: «______» ________2015 ж Нәбиев Қ.Б. _________

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 5

Жаратылыстану- математикалық бағыт

Сабақтың тақырыбы: Компьютер, компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері.

Сабақтың мақсаты :

Білімділігі : Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

Тәрбиелігі : Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу .

Дамытушылығы : Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қаблетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгерту сабағы

Сабақтың көрнекілігі : компьютер, интерактивті тақта, презентация

Сабақтың барысы :

а) ұйымдастыру кезеңі

б) сабақ сұрау

в) бағалау

г) жаңа сабақ

д) бекіту

е) үйге тапсырма

ж) қорытынды

Жаңа сабақты түсіндіру

Компьютер – күрделі құрылғылардың жиыны. Ол жұмыс жасау үшін программалық жабдықтамалар керек. Компьютердің жұмыс істеуі үшін ең қажетті программа – оның жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін операциялық жүйе. Операциялық жүйенің бір мысалы ретінде Windows операциялық жүйесін атасақ болады.

            Компьютер кез келген есепті шығару үшін қолданылады. Ол деректерді талдау, ақпаратты сандық форматта сақтау, видео және фотоматериалдарды өңдеу, мәтіндік ақпаратты құру және түзету, т.б.болуы мүмкін. Компьютер тек программалардың жұмысын, жұмыс жылдамдығын қамтамасыз ету міндетін атқарады. Орындалған жұмыстың нәтижесі тұтынушыға әртүрлі мониторлар, принтерлер, проекторлар және т.б.ақпаратты басып шығару, бейнелеу құрылғыларының көмегімен ұсынылуы мүмкін.

Компьютерлерді қолдану

            Алғашқы компьютерлер «компьютер» және «ЭЕМ» атауларында көрініс тапқандай, тек есептеулер үшін жасалып шыққан болатын. Ең қарапайым есептеу машиналары есептеу үдерістерін аса жылдамдатып, адамдарға көмекке келді.

            Есептеулерден кейін компьютерлер үлкен көлемді ақпаратты электрондық түрде сақтау үшін қолданыла бастады. Ондай ақпаратты арнайы ақпараттық өнімдерде –дерек қорларында орналастырады. Осындай дерек қорлары үшін қосымша құрылғыларды қосуға болатын күрделірек компьютерлер қажет.

           Компьютерді қолданудың келесі қадамы - әртүрлі құрылғыларды басқару. Бүгінгі құрылғылардың көпшілігінің құрамында ішкі енгізілген компьютерлер бар, мысалы, ұялы телефондар, дүкендердегі кассалық аппараттар, әртүрлі есеп айыру құрылғылары.



Компьютердің түрлері

          Қазіргі кезде компьютерлерді өнімділігі мен мөлшеріне қарай әр түрге бөлуге болады.

         Суперкомпьютерлер арнайы мақсатта немесе нақты тапсырыспен жасалады. Суперкомпьютер жаппай өндірілетін детальдардан құралады. Басқаша айтқанда, дайын детальдар жиынынан қатаң анықталған міндеттерді орындайтын компьютер жиналады. Суперкомпьютер үшін әдетте жүздеген процессорлар керек. Суперкомпьютердің орасан зор жедел жады болады, орындау жылдамдығы өте жоғары. Ондай компьютерлер көп орын алады, бір компьютер тұтас бір бөлмені алуы мүмкін. Мұндай компьютерде бір адамның жұмыс істеуі жеткіліксіз болғандықтан әдетте суперкомпьютерде бір мезгілде көп адам жұмыс істейді.

    Үлкен компьютерлер. Олар үлкен көлемді ақпаратты сақтауға арналған. Әдетте ол – дерек қорлары, Интернет желісінің әртүрлі қызметтері. Себебі, желі дұрыс жұмыс істеу үшін көп көлемді ақпаратты тез өңдеу қажет. Қарапайым компьютер мұндай ағынды игере алмайды. Үлкен компьютерлер құрылғылар қосылған үлкен шкафқа ұқсайды.

           Компьютерлік желілердің орталық торабы болып табылатын үлкен компьютерлерді серверлер деп атайды. Серверлерде желіге қосылған барлық компьютерлер пайдалана алатын ақпарат сақталады. Сервер бүкіл желінің сенімді жұмысын, дерек қорлары мен басқа да ақпараттың бұзылмай сақталуын қамтамасыз етеді.

           Дербес компьютер – ол бір адам басқа компьютерлерден тәуелсіз, жеке қолдана алатын компьютер. Дербес компьютерлер үстел үсті, алып жүретін, алақан компьютерлері болып бөлінеді

         Үстел үсті компьютері – үйде немесе офисте ең жиі қолданылатын компьютер. Ол монитордан , жүйелік блоктан және пернетақтадан тұрады.

         Алып жүретін компьютерді ноутбук деп те атайды. Кішкене мөлшерлі ноутбуктерді нетбуктер деп атайды. Дербес компьютерлердің ішіндегі мөлшері ең кішісі алақан компьютері.



Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

             Интернет желісінен суперкомпьютерлер туралы ақпаратты тауып, оқып- біліңдер.



В деңгейі

             Мәтіндік редакторда берілген тақырыптың біріне хабарлама жазыңдар («Компьютерді қолдану», «Компьютердің түрлері» ).



С деңгейі

            Өздеріңе белгілі программалардың бірінде «Компьютердің түрлері» сызбасын сызыңдар.  



Қорытынды

1.      Компьютер деген не ?

2.      Компьютер қандай функцияларды орындайды ?

3.      Компьютер программасыз амалдар орындай ала ма ?

4.      Қандай компьютерлік программаларды білесің ?

5.      Компьютер қайда және қалай қолданылады ?

6.      Компьютердің қандай түрлері болады ?

7.      Дербес компьютердің түрлерін атаңдар



Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, тестке дайындалу.

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі: «______» ________2015 ж Нәбиев Қ.Б. _________

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 5

Жаратылыстану- математикалық бағыт

Сабақтың тақырыбы: Пернетақта.

Сабақтың мақсаты :

Білімділігі : Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

Тәрбиелігі : Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу .

Дамытушылығы : Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қаблетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгерту сабағы

Сабақтың көрнекілігі : компьютер, интерактивті тақта, презентация

Сабақтың барысы :

а) ұйымдастыру кезеңі

б) сабақ сұрау

в) бағалау

г) жаңа сабақ

д) бекіту

е) үйге тапсырма

ж) қорытынды

Жаңа сабақты түсіндіру

               Барлық компьютерлердің бір – бірінен айырмашылығы- олардың құрамына кіретін құрылғылар жиынының әртүрлі болуында.

        Дербес компьютер 3 бөліктен тұрады.

·         ақпаратты шығару құрылғысы – монитордан

·         ақпаратты енгізу құрылғысы – пернетақтадан

·         жүйелік блокта орналасқан ақпаратты өңдеу және сақтау құрылғыларынан

Бұл құрылғылар міндетті болып табылады. Бұл құрылғылардың біреуінсіз компьютер жұмыс істей алмайды. Басқа барлық құрылғылар міндетті емес немесе қосымша болады.

           Пернетақтадан басқа енгізу құрылғыларына тышқан, ойын джойстігі және басқалар жатады. Олардың көмегімен компьютерлік программалармен байланысамыз, бұйрық бере аламыз.

           Компьютердің жүйелік блогында әртүрлі құрылғылардың негізгі жиыны орналасқан. Шын мәнінде, компьютер осының өзі. Мұнда аналық тақша, жедел жады, қатты дискі, процессор, дискжетектер, видеокарталар мен дыбыс карталары және тағы басқалар орналасқан.

Жүйелік блоктың құрамы

           Аналық тақша – жүйелік блоктың басқа құрылғылар жалғанған негізгі бөлігі. Аналық тақша арқылы жүйелік блоктың құрылғылары өзара байланысып, ақпарат алмасу іске асады. 

           Процессор – жүйелік блоктың «миы». Көбіне оның жылдамдығына компьютердің жұмыс өнімділігі тәуелді

           Жедел жады - компьютерде деректерді уақытша сақтау жады. Ол тек компьютер жұмыс істегенде ғана қолданылады. Жедел жады мектептегі сабақ тақтасына ұқсас. Сабақ жүріп жатқанда тақтаға жазып, одан ақпарат оқисың. Сабақ аяқталғанда барлық ақпарат тақтадан өшіріледі. Тақта жаңа сабаққа дайын. Компьютердің жедел жады да осылай. Компьютерлік программа жұмыс істеп тұрғанда, жедел жадыда оған қажетті ақпарат сақталады. Сендер программамен жұмыс істеуді тоқтатқанда немесе компьютерді өшіргенде, жедел жадыдағы ақпарат жойылады.

           Қатты дискі – ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғы . Онда тұтынушының программалары мен файлдары сақталады.

          Видеокарта – жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғы. Видеокарта компьютердің жүйелік блогындағы бейнені мониторға шығаруға «дайындайды». Видеокартаға бейненің сапасы тәуелді.

          Дыбыс картасы – компьютерде дыбыспен жұмыс жасау үшін қажет .

          Желілік карта – окмпьютерді басқа компьютерлермен желі арқылы біріктіру үшін немесе Интернет желісіне қосылу үшін керек.



Пернетақта

         Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізу құрылғысы. Пернетақтада пернелерден басқа индикаторлар да бар.

           Индикаторлар – пернетақтаның қандай режимде жұмыс істеп тұрғанын көрсететін кішкене шамдар

          Қазақстанда қолданылатын компьютерлік пернетақталардың алфавиттік – цифрлық бөлігінде ағылшын, орыс және қазақ әліпбиінің әріптері бар. Бір тілден басқа тілге пернелердің әртүрлі тіркесімін бірге басу арқылы ауысуға болады (Shift + Ctrl) . Бас әріппен жазу үшін тиісті әріпті Shift  пернесімен бірге басу керек.

          Егер бірнеше үлкен (бас) әріп басылып шығуы керек болса, онда басқа тәсіл қоланылады. Пернетақтадағы CapsLock пренесі бас әріптер теру режимін іске қосады. Оны қалай қолданамыз ? Ол үшін CapsLock пренесін бір рет басу керек. Одан кейін пернетақтаның оң жақ жоғарғы бөлігінде CapsLock пренесінің аты бар индикатор жанады. Бұдан кейін пернатақтада тергендеріңнің бәрі үлкен әріппен жазылып шығады. Кіші әріптер теру режиміне ауысқыларың келсе, CapsLock пренесін қайтадан басыңдар. Егер бәрін дұрыс жасасаңдар, онда кішкене шам – индикатор өшеді.

           Қосымша цифрлық пернетақта цифрлардан да, сілтемелерден де тұрады. Жұмыс режимін NumLock пернесі көмегімен ауыстырады.

          Enter пернесі – бұл енгізу пернесі. Ол пернетақтада терілген кез келген бұйрықтың орындалуын құптайды.

Қорытынды

Бақылау сұрақтары


  1. Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңдар.

  2. Компьютердің негізгі құрылғысына тышқан неге кірмейді ?

  3. Компьютердің жүйелік блогы құрамына кіретін құрылғыларды атаңдар

  4. Мына құрылғылардың қайсысы компьютердің жүйелік блогы құрамына кіреді: тышқан, процессор, сандық видеокамера, ішкі жады, дискжетектер, аналық тақша ?

  5. Ақпаратты ұзақ уақыт сақтау үшін қолданылатын жады түрі қандай ?

  6. Компьютер өшірілгеннен кейін ақпарат жедел жадыда сақтала ма ?

Үйге тапсырма

Тақырыпты оқу, тестке жауап жазу.



САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі: «______» ________2015 ж Нәбиев Қ.Б. _________

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 5

Жаратылыстану- математикалық бағыт

Сабақтың тақырыбы: Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі

Сабақтың мақсаты : программамен қамтамасыз ету туралы түсінік қалыптастыру, программалық жабдықтаманың түрлері мен қызметін көрсету; операциялық жүйенің қызметі, оның құрылымы, жүктелу тәсілі туралы ұғым қалыптастыру.

Оқушылар білуі тиіс : «Программамен қамтамасыз ету» ұғымын, оның түрлерге бөлінетін, қызметін, құрамын, «операциялық жүйе», «драйвер» және «утилита» түсініктерін, қолданбалы программалар қызметін, программалау жүйелерін, ОЖ қызметін.

Оқушылар үйренуі тиіс : ПЖ- ны нақты ОЖ –ның бір түріне жатқызуды, ОЖ, драйверлерге, утилит- программаларға, қосымшаларға мысалдар келтіруді.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

ІV Білімді өзектендіру


  1. Компьютер ақпаратты қалай жіберіп, қалай қабылдап алады ?

  2. Компьютер көп ақпаратты сақтай ала ма , неліктен ?

  3. Адам өз жадында көп ақпарат сақтай ала ма ? Неге ?

  4. Ақпаратты қандай құрылғы өңдейді ?

Қорытынды : Бүгін біз компьютердің ақпаратты қалай өңдейтінін білеміз.

V Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жүйелік программалық жабдықтама

          Компьютер іске қосылған соң , ол жүктелгенге дейін біраз күту керек екенін білесіңдер. Бұл компьютерге жүйелік программалық жабдықтаманы жүктеу үшін уақыт керек екенін білдіреді.

Жүйелік ПЖ –ға мына программалар жатады :


  1. Операциялық жүйе . Ол компьютердің қондырғылары мен программалық  жабдықтамаларының жұмысын басқарады. Операциялық жүйені өндіріс орнының директорымен салыстыруға болады.

  2. Драйверлер – компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программалар. Мәселен, компьютерге жаңа принтер қостық делік. Операциялық жүйе осы принтермен жұмыс істеуі үшін оған программа-драйвер керек. Драйверді- құрылғының компьютермен араласу тілі десек болады. Әдетте құрылғылардың драйверлері олармен бірге дискілерге жазылып таратылады.

  3. Утилиталар – компьютерге мұрағаттау, дискілердегі ақпараттың бұзылмауын тексеру, қажетті файлдарды іздеу сияқты қызметтер көрсететін шағын программалар.

Қолданбалы программалық жабдықтама

          Саны ең көп және алуан түрлі программалар тобы. Қолданбалы есептерді шешуге арналғандарының бәрі қолданбалы программаларға жатады. Ол мәтінмен орындалатын жұмыстар, фотографияларды қарау, Интернет желісіндегі жұмыс болуы мүмкін. Қолданбалы программаларды қосымшалар деп те атайды.



Программалау жүйелері

          Жаңа программалар – олар операциялық жүйелер болсын немесе қосымшалар болсын, бәрібір – құру үшін, програмалаушыға арнайы программа керек. Ондай программаларды программалау жүйелері деп атайды.

         Операциялық жүйе – компьютердің жұмысын басқаратын басты программа.

 

 



VІ Бекіту

          Оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды. А деңгейлі тапсырма 3 түрлі нұсқада берілген. Оқушы таңдауды өзі жасайды.



VІІ Қорытындылау

  1. Компьютерді программамен қамтамасыз ету деген не ?

  2. Операциялық жүйе жүйтеуі қашан болады ?

  3. Программалық драйвер не үшін қажет ?

  4. Программалық утилитаға мысал келтір.

VІІІ Үйге тапсырма

Анықтаманы, ПЖ-ның жіктелуін, сызбасын жаттау, сұрақтарға жауап беру, тапсырмаларын орындау, тест сұрақтарына жауап беру.



САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі: «______» ________2015 ж Нәбиев Қ.Б. _________

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 5

Жаратылыстану- математикалық бағыт

Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйе ұғымы, операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері мен объектілері.

 

Сабақтың мақсаты : оқушыларда Windows ОЖ-ның пайдаланушы интерфейсі туралы түсінік қалыптастыру, Windows терезесі құрылымдық элементтерімен, қызметімен таныстыру, терезелер түрлерін баптауды үйрету.



Оқушылар білуі тиіс : жұмыс үстелі, тапсырмалар тақтасы, тапсырмалар тақтасының таңбалары, бас меню Windows ОЖ-ның терезелері құрылымын, қызметін.

Оқушылар үйренуі тиіс : Windows ОЖ іске қосуды, тапсырмалар тақтьасының таңбаларын пайдалануды, терезелерді басқаруды, бумалар баптауды.

 

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсатымен міндеттерін қою

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

ІV Білімді өзектендіру



Сұрақтар :

  1. Компьютер қандай программалық жабдықтамасыз жұмыс істей алмайды ?

  2. ОЖ-ның жүктелуі қай кезде орындалады?

  3. ОЖ-ға мысал келтір.

  4. Компьютерлеріңде қандай ОЖ орнатылған ?

V Жаңа тақырыпты оқып-үйрену

Жаңа тақырыпты түсіндіру – мазмұнын экранда паралель көрсетіп отыру арқылы жүргізіледі.

Windows операциялық жүйесі жүктелгеннен кейін экранда Жұмыс үстелі пайда болады.

Жұмыс үстелі

          Жұмыс үстелінің сыртқы түрін тұтынушының өзі жеке таңдайды. Әдетте Жұмыс үстелінде Компьютер, Желі, Қоржын, Басқару тақтасы сияқты нысандардың белгішелері, Есептер тақтасы мен Бастау батырмасы орналасады.

           Бастау батырмасын басқаннан кейін программаларды іске қосуға, құжат ашуға, жүйенің баптауын өзгертуге, анықтамалық мәлімет алуға, қажетті файлды табуға және т.б.мүмкіндіктер беретін Windows-тің Бас мәзірі ашылады.

            Бас мәзірдің негізгі бұйрықтары :

            Бас мәзір екі – сол және оң жақ бөліктен тұрады.

            Сол жақ бөлігінде жақында жұмыс жасаған программалар тізімі орналасады. Тізімнен төмен 2 бұйрық көрсетіледі:

·         Барлық программалар – компьютерде орнатылған программалардың тізімін шығарып, оларды орындауға мүмкіндік береді.

·         Іздеу терезесі – файлдарды, бумаларды немесе пошталық хабарламаларды іздеуге мүмкіндік жасайды.

Бас мәзірдің оң жақ бөлігінде мынадай бұйрықтар бар :

·         Тұтынушы – дербес буманы ашу;

·         Құжаттар – құжаттар топтамасы ашылады;

·         Бейне – бейнелер топтамасы ашылады;

·         Музыка – музыкалық жазбалар топтамасы ашылады;

·         Компьютер – компьютердің параметрлерін баптау ;

·         Басқару тақтасы – компьютердің параметрлерін баптау ;

·         Құрылғылар мен принтерлер – компьютерге қосылған құрылғыларды баптауға арналған терезе;

·         Үнсіз келісім программалары – Интернетте жұмыс істеуге арналған және басқа программалар тізімі ;

·         Анықтама және қолдау анықтама жүйесін шақыруға мүмкіндік береді.

Есептер тақтасы

             Кез келген қосымшаны іске қосқанда Есептер тақтасында ашылған қосымшаның белгішесі бейнеленген батырма пайда болады. Сонымен, барлық жұмыс істеп тұрған қосымшалар батырма түрінде есептер тақтасында көрсетіледі.

           Барлық жұмыс істеп тұрған қосымшалардың батырмаларынан басқа есептер тақтасында тез іске қосу тақтасы да бар. Онда іске қосуға болатын программалардың белгішелері орналасқан.

          Есептер тақтасының оң жақ бөлігінде программамен қай тілде жұмыс істеуге болатынын таңдауға мүмкіндік беретін тілдер тақтасы бар. Үнсіз келісім бойынша орыс және ағылшын тілдері орнатылған. Тілді Басқару тақтасы арқылы ауыстыруға болады. Есіптер тақтасы сағатпен аяқталады.

          «Бастау» батырмасының Есептер тақтасы мен Бас мәзірінің сырт бейнесі былай бапталады. Алдымен тышқанның оң жақ батырмасымен Есептер тақтасының кез келген бос жерін басу керек. Контекстік мәзір пайда болады. Бұл мәзірдің Қасиеттер бұйрығын таңдаңдар. Есептер тақтасын өздерің таңдағандай етіп баптауға болатын терезе пайда болады.

VІ Компьютерде орындалатын өзіндік жұмыс

         Оқушылар деңгейлік тапсырма бойынша жұмыс істейді. Әр деңгейдің тапсырмасы жұмыстың әртүрлі дағдыларын қалыптастырады.

В,С деңгейлік тапсырмалары Paint графикалық редакторында жұмыс дағдысын қалыптастыруға бағытталған.

VІІ Қорытындылау

      Мұғалім оқушылардың тәжірибелік жұмысын бағалайды.



VІІІ Үйге тапсырма

       Тест тапсырмалары мен сұрақтарға жауап беру.



САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі: «______» ________2015 ж Нәбиев Қ.Б. _________

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 5

Жаратылыстану- математикалық бағыт

Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар және белгішелер

Сабақтың мақсаты : Windows негізгі нысандарының анықтамалары мен сипаттамалары туралы оқушыларға түсінік беру, бума мен жарлық құруды үйрету.

Оқушылар білуі тиіс: «Файл», «бума», «жарлық», «бумалар иерархиясы» анықтамаларын, файл мен бума атауларының ережелері мен шектеулерін, бумаларды, жарлықтарды құру тәсілдерін.

Оқушылар үйренуі тиіс : Windows нысандарына, олардың типтеріне анықтама беруді, нысандарға атау беруді, бума мен жарлық жасауды.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

ІV Білімді өзектендіру

Сұрақтар :


  1. ОЖ дегеніміз не ? Ол қандай функцияларды орындайды ?

  2. Windows ОЖ интерфейсінің негізгі нысандарын және басқарушы элементтерін атаңдар.

  3. Жұмыс үстелінің негізгі элементтерін атаңдар.

  4. Тапсырмалар тақтасында не орналасқан ?

  5. Терезені басқарудың қандай элементтерін білесіңдер ?

V Жаңа тақырыпты түсіндіру

       Компьютердегі барлық ақпарат белгілі бір тәртіппен орналасады. Ол тәртіп файлдық жүйе деп аталатын арнайы жүйенің көмегімен қамтамасыз етіледі. Файлдық жүйенің негізгі нысандары файлдар, бумалар және жарлықтар.

                                     Файл – байттардың әлдебір атауы бар тізбегі.

Бумалар. Windows – та бума құрылымының иерархиялық ұстанымын түсчіндіру.

Жарлықтар. Жарлыққа ерекше көңіл бөлінеді. Мынадай сәттер бойынша ұсыныстар құрастыруға болады:

Жарлық – программа немесе құжатты көрсететін, нысан туралы ақпарат салынған белгі. Жарлық программа құжаттың төменгі бұрышындағы бағдаршасымен ерекшеленеді.

Жарлық қасиетін ашу арқылы нысанның қайда орналасқанын көруге болады. Жарлықтарды пайдалану кездейсоқ жойылған ақпараттан сақтандырады. Жарлық жойылса да, файл немесе бума жойылмайды.

 

                                                                                          



 

Ойындар бумасының үлгісі                                                    Ойындар бумасының жарлығы



Буманы құру

               Жаңа бума құру қиын емес. Өздерің таңдаған жерде Жаңа бума бұйрығын таңдасаңдар жеткілікті. Жаңа бума (Новая папака) деген жыпылықтаған атауы бар буманың белгішесі пайда болады. Сендерге тек пернетақтадан буманың жаңа атын теріп, Enter пернесін басу ғана қалады. Жаңа бума бос болады. Осы буманың ішіне өз қалауларыңша файлдар мен басқа бумаларды орналастыруыңа болады.

Жарлық құру

            Құжаттар бумасын ашыңдар. Кез келген файлдың үстінде контекстік мәзір шақырыңдар. Жарлық құру бұйрықтарын табыңдар.



  1. Қажетті нысанның үстінде шақырылған контекстік мәзірде Жарлық құру бұйрығы бар. Бұл бұйрық бойынша бастапқы нысан орналасқан жерде жарлық құрылады. Мысалы, егер сендер жарлықты Құжаттар бумасындағы файлға құратын болсаңдар, онда жаңадан құрылған жарлық Құжаттар бумасында орналасады.

  2. Таңдалған нысанға жарлық құрып, оны Жұмыс үстеліне орналастыруға арналған бұйрық: Отправить          Рабочий стол( Создать ярлык ). Жұмыс үстелінде осы нысанды ашатын жарлық пайда болады.

Нысандардың атын алмастыру

          Нысанның атын алмастыру үшін нысанның контекстік мәзірін қолданады. Одан Переименовать бұйрығын таңдау керек.

        Бірден бірнеше нысанның атын алмастыруға болмайтынын естен шығармаңдар.

VІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.



VІІ Қорытынды

Оқушылардың тәжірибелік жұмысын бағалаймын.



VІІІ Үйге тапсырма

Мазмұндау, тесте сұрақтарына жауап беру



САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі: «______» ________2015 ж Нәбиев Қ.Б. _________

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 5

Жаратылыстану- математикалық бағыт

Сабақтың тақырыбы: Бумалар мен белгішелерді құру,атын өзгерту
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға файл, бума, белгіше нысаналарымен таныстыру, оларды құру, атын өзгеру әрекеттерін орындауға үйрету
Дамытушылық: Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан - жақты тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Практикалық
Сабақ типі: Жаңа сабақ.
Әдіс - тәсілдер: түсіндірмелі - иллюстративті, сұрақ - жауап, жеке жұмыс.
Құрал - жабдықтар: компьютер, жеке тапсырмалар
Сабақ барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
ә) оқушыларды түгендеу.
2) Өткен тақырыптарды қайталау
1 тоқсан тақырыптарын қайталау. Карточкалармен жұмыс карточкалар. docx
3) Жаңа тақырыпты түсіндіру. Презентация Файлдар, бумалар, жарлықтар. pptx
Файл дегеніміз не? Файл - аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не бағдарлама не құжат болуы мүмкін. Windows - та бағдарламалардың басқа атауы – қолданба да қолданылады.
Әр файлдың аты болады. Оның аты оң және сол бөліктен тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және оның типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1 - 255 символға дейін болады.
Файл типтерінің кейбір негізгі «құжат ретінде» белгіленулерінің тізімі төменде келтірілген:
*. bmp Paint
*. doc Word WordPad
*. txt Блокнот қолданбасының құжаты
*. wav Фононграф қолданбасының дыбыстық файлы.
*. avi Бейне — клип
*. xls Excel кестелік процессорының құжаты
*. ppt PowerPoint қолданбасының тұсаукесері
Бума — бұл аты аталған файлдар тобы. Windows 98 - дің бумалары каталог рөлін атқарады. Тұрмыстық деңгейде буманы кәдімгі ішіне қағаз беттерін — файлдарды салатын бумалармен салыстыруға болады. Windows 98 - дегі барлық файлдар, құжаттар мен бағдарламалар бумаларда сақталады. Бумалардың аты, файлдың аты сияқты оның мазмұнын көрсете алады.
Буманың пиктограммасы болуы мүмкін. Бумаларда таңбашалар, файлдар және басқа бумалар да болуы мүмкін. Бума бос болуы да мүмкін. Бумада аты бірдей объектілер болмауы керек. Буманың ішіндегісін қарап шығу үшін, тінтуірдің батырмасын онда екі рет басу жеткілікті.
Бумалар екі түрлі болады:
- жүйелік бума - каталогтар;
- жұмыс бумалар (Менің компьютерім, принтерлер және т. б.)
Бумаларды құру оның құрылымы:
Бума элементтері: тақырып, меню, терезені басқару батырмалары, айналдыру жолағы, құрал саймандар тақтасы, қалып күй жолы.
Терезеде жаңа бума құру:
Буманы Файл - Создать - Папка командасын құрады. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің бумалары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа бума белгішесі болады. Буманың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады. Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматты түрде «Жаңа Файл» аты меншіктеледі.
Жұмыс үстелінде жаңа бума құру:
Жұмыс үстелінің жаңа буманы орналастырмақшы болған жерінде тінтуірдің оң жақ батырмасын басу - контексті меню пайда болады.
Создать - Папка командасын орындау. Жұмыс үстелінде бума белгішесі пайда болады.
Буманың атын енгізіп, енгізу пернесін басамыз.
Таңбаша - нақты бір файлдарды көрсететін арнайы белгішелер. Олардың бума белгішесінен айырмашылығы – оның сол жақ төменгі бұрышында кішкене иілген бағдаршасы бар. Таңбашаны жойғанда, оның көрсетіп тұрған файлы жойылмайды.
Таңбашалардың негізгі міндетті – объектіге әр түрлі орыннан оның көшірмесін жасамай - ақ қатынауды қамтамасыз ету.
Таңбашаны қалай жасайды. Алып бару әдісі.
Бірінші жолы:
• Таңбашаны орындайтын объектісі бар қапшықты ашыңдар.
• Тінтуірдің нұсқағышын керек объектіге апарып, онда тінтуірдің оң жақ батырмасын шерту.
• Пайда болған динамикалық менюден Создать ярлык командасын таңдау.
Екінші жолы:
• Таңдаған белгішеде тінтуірдің оң жақ батырмасын шерту.
• Пайда болған динамикалық менюден Создать ярлык командасын таңдау. Windows таңбашаны объектінің өзі орналасқан қапшықта жасайды.
• Жаңа ғана жасалған таңбашаны қажетті орынға жылжыту
5) Сабақты бекіту. Практикалық тапсырмалар орындау
А деңгейі
1. Кез келген файл үшін жарлық құрыңдар
2. Жұмыс үстеліндегі жарлықтарды реттеп қойыңдар
3. Құрылған жарлықтардың аттарын ауыстырыңдар
4. Құрылған жарлықтардың белгішелерін ауыстырыңдар
5. Құрылған бір жарлықты Қоржынға апарыңдар
6. Жарлықтарды жойыңдар
В деңгейі
1. Бірінің ішіне бірі салынған 3 бума құрыңдар
2. Бумалардың бірінде мәтіндік құжат құрыңдар
3. Жұмыс үстеліндегі өзіңнің бумаларын үшін жарлық құрыңдар
4. Құрылған бумалардың ішіне басқа да файл салыңдар
5. Жасаған бумалардың бәрін жойыңыздар
6. Бір ғана бума жасап, оны өз фамилияңмен ата
С деңгейі 
1. Жұмыс үстеліндегі өз бумаларыңыздың көшірмесін жасаңдар
2. Оның белгішесін ауыстырыңдар
3. Ол буманы жасырын етіңдер
4. Буманы Қоржынға апарыңдар
5. Қоржыннан қайта орнына орналастырыңдар
6) Бағалау
7) Үйге тапсырма: Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі: «______» ________2015 ж Нәбиев Қ.Б. _________

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 5

Жаратылыстану- математикалық бағыт

Сабақтың тақырыбы: Обьектілерді іздеу, обьектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою.

Сабақтың мақсаты : Windows нысандарымен жұмыс істеу, оларды бір орыннан екінші орынға жылжыту дағдыларын қалыптастыру. Іздестіру, көшіру, тасымалдау, жою, файлдар, бумалар, жарлықтар атауларын өзгерту жұмыстарын сауатты орындаудың дағдыларын қалыптастыру.

Оқушылар білуі тиіс : іздестіру, көшіру, тасымалдау, жою, файлдар, бумалар, жарлық атауларын өзгерту тәсілдерін; «алмастыру буфері» түсінігін, себет қызметін. Құжатты іздеу, көшіру, жылжыту, файлдардың аттарын өзгерту, өшіру, қапшықтар мен таңбашаларды, себетті тазалау.

Оқушылар үйренуі тиіс : қойылған талапқа байланысты ыңғайлы, оңай көшіруді, жылжытуды файл, бума, жарлықтар атауын өзгерту, өшіруді қалпына келтіруді.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

IV Білімі өзектендіру

Сұрақтар:

  1. Файлға, бума және жарлыққа анықтама беріңдер.

  2. Белгілер мен жарлықтар арасында қандай айырмашылық бар ?

V Жаңа тақырыпты түсіндіру

          Компьютерде жұмыс істеу барысында нысандарға (файлдарға, бумаларға және жарлықтарға) көбіне мынадай амалдар қолданылады:

·         көшіру (нысанның көшірмесі дискінің басқа жеріне орналастырылады ) ;

·         орын алмастыру ( нысанның өзі дискінің басқа жеріне орналастырылады );

·         жою;

·          атын алмастыру (нысанның атауы өзгереді).

Қатар тұрған аралас нысандарды ерекшееу арқылы белгілеп алуға болады.


  1. Топтың бірінші нысанын ерекшелейміз;

  2. Shift пернесін басып тұрып, соңғы нысанды ерекшелейміз.

Әрқашан шектес нысандарды ғана ерекшелеу керек емес. Егер нысандар экранда бір- бірінен алшақ орналасса, онда оларды ерекшелеу үшін Ctrl пернесін қолданады.

Нысандарды жылжыту / көшіру

          Нысандарды жылжыта отырып, сендер оларды бумаларға тарата аласыңдар. Ал нысандарды көшіру арқылы жаңа жерде олардың көшірмесін аласыңдар, мысалы, дискіде.

         Нысандарды жылжыту және көшіру тәсілдерін қарастырайық.

        Тышқанмен жылжыту/көшіру. Егер екі бума бір ғана дискіде орналасса, онда нысанды бумадан- бумаға тышқанмен сүйреуге болады. Егер жылжыту кезінде Ctrl пернесін ұстап тұрсақ, онда ерекшеленген нысандар көшірілетін болады. Бұл жағдайда тышқан сілтемесінің қасында кішкентай «+» таңбасы пайда болады. Сондай –ақ , тышқанның оң жақ батырмасын басып тұрып орындалатын сүйреу әрекетін де қолдануға болады.



Алмасу буфері

          Windows –тің алмасу буфері дегеніміз – компьютер жедел жадының Windows нысандарын уақытша сақтауға болатын арнайы аймағы. Алмасу буферінің көмегімен көшіру үшін сендерге екі бұйрық : Көшіру және Кірістіру керек болады.

         Көшіру бұйрығын орындағанда нысандар алмасу буферінде сақталады. Кірістіру бұйрығын орындағанда нысандардың алмасу буферіндегі көшірмесі сендер көрсеткен жерде пайда болады.

Алмасу буфері көмегімен нысандарды жылжыту / көшіру тәсілдері

1. Мәзірдің Реттеу пункті Нысандарды ерекшелеңдер. Реттеу           Көшіру немесеРеттеу          Қиып алу бұйрығын таңдаңдар. Нысанды апаруға тиісті терезеге ауысыңдар. Реттеу          Кірістіру бұйрығын таңдаңдар.

2. Контекстік мәзір

Контекстік мәзірде Көшіру, Қиып алу және Кірістіру бұйрықтарын табыңдар. Әрекеттердің тәртібі тура мәзірдің Реттеу пунктінің бұйрықтарымен бірдей.

3.Пернетақта

Бұйрықтарды пернетақтадағы пернелерді басып тұрып орындау керек:

      Ctrl + С – көшіру;

      Ctrl + Х – қиып алу;

      Ctrl + V- кірістіру.

Нысандарды жою және қайта қалпына келтіру

            Жою амалы өте қауіпті. Нысанды дұрыс таңдамасаңдар маңызды ақпаратты жойып алуларың мүмкін. Міне, осындай себептермен байланысты нысандарды жою үшін Windows –те арнайы құрал – Қоржын қарастырылған. Қоржын – барлық жойылған нысандар орналасатын арнайы бума.

           Нысандарды Қоржынға жою тәсілдері :


  1. Нысанды Қоржынның белгішесіне сүйреу.

  2. Мәзірдің Реттеу            Жою бұйрығымен.

  3. Пернетақта көмегімен : нысанды тышқанмен шертіп ерекшелеп, Del пернесін басса жеткілікті.

Барлық жағдайда жою алдында экранға сұхбаттық терезе шығарылады, онда тұтынушыдан жою үшін сұраныс жасалады. Жойылған нысанды қайта қалпына келтіруге болады. Ол үшін Қоржын терезесін ашып, қажетті нысандарды ерекшелеп алып, Қайта қалпына келтіру бұйрығын орындау керек.

            Егер дискідегі орын аз болса, әдетте Қоржынды тазалайды. Бірақ бұдан кейін файлдарды қайта қалпына келтіру мүмкін емес.

            Қоржында орналасқан барлық файлдарды емес, таңдаулыларын ғана жоюға болады.

           Қайсыбір тұтынушылар нысандарды Қоржынға орналастырмай, бірден жоюды дұрыс көреді. Бұл тәсіл қауіпті, орындалған әрекеттердің дұрыстығына сенімділікті талап етеді.

          Нысандарды Қоржынға орналастырмай жою үшін  Shift +Del  пернелер тіркесімдерін қолданады.

VІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.



VІІ Қорытынды

Оқушылардың тәжірибелік жұмысын бағалаймын.



VІІІ Үйге тапсырма

Мазмұндау, тесте сұрақтарына жауап беру.



САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі: «______» ________2015 ж Нәбиев Қ.Б. _________

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 5

Жаратылыстану- математикалық бағыт

Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты жазу және санау.

Сабақтың мақсаты : Windows қосымшасында ақпаратты сақтау, оқу, нысандарды іздеу ережелерімен таныстыру.

Оқушылар білуі тиіс : ақпаратты сақтау ережесін , «Сохранить» және «Сохранить как» командасынан өзге , жұмысты іздестіру алгоритм командасынан «Пуск – Поиск» орындалуын.

Оқушылар үйренуі тиіс : нысандарды іздестіруді жүзеге асыруды, Windows стандарттық программасында ақпаратты сақтауды, оқуды; «Сохранить» және «Сохранить как» командасын пайдаланып, ыңғайлы тәсілдерді пайдалануды.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырып бойынша тест алу.

IV Білімі өзектендіру

Сұрақтар:

1.      Жұмыс үстелінде қандай нысан орналасқан ?

2.      Бас мәзірді не үшін пайдаланамыз ?

3.      Экранның шектелген аумағы қалай аталады ?

4.      Программамен жұмысты аяқтауда қандай тәсілдерді білесіңдер ?

5.      Программаны қалай іске қосамыз ?



V Жаңа тақырыпты түсіндіру

Нысанды бумадан жылдам іздеу

        Ізделетін нысан орналасқан буманы ашып, нысанның атауындағы бірінші әріп бар пернені басу керек. Атауы осы символмен басталатын ең жақын нысан ерекешеленеді. Сол пернені қайта басқанда келесі ұқсас нысан ерекшеленеді Сонымен, буманың атаулары осы символдан басталатын барлық нысандар тексеріледі.

          Сендер жылдам іздеуді тек ізделетін нысанның қандай бумада орналасқанын білетін жағдайда ғана пайдалана аласыңдар. Ал егер олай болмаса, онда кеңейтілген іздеуді қолдану керек.

Кеңейтілген іздеу

       Файлдың немесе буманың атауын Бас мәзірдің іздеу терезесіне енгізу керек.

        Программа сендер көрсеткен атауы бар барлық нысандарды табады.

       Сендердің сұраныстарың бойынша табылған файлдар терезенің жоғарғы бөлігінде көрсетіледі. Таңдалған файлды тышқанмен шертсеңдер іске қосылады.



Ақпаратты жазу

       Windows –тің барлық қосымшаларында ақпаратты сақтау мен оқудың қабылданған жалпы ережелері бар.

        Құрылған суретті немесе құжатты файлға бірінші рет сақтау үшін мына әрекеттерді орындау керек :

·         Сақтау немесе Қалай сақтау бұйрығын таңдау ;

·         Терезеде сендердің файлдарың сақталатын бума көрсетіледі. Қажет болған жағдайда басқа сақтайтын орынды таңдауға болады ;

·         Файлдың атын теру ;

·          Сақтау батырмасын басу.

         Программамен жұмыс істегенде файлдарды жиі –жиі сақтап отыруларың керек. Егер файл бұған дейін сақталған болса және атау берілген болса, онда сақтау жұмысы жеңілдейді. Бұл жағдайда программа сақтау терезесін шығармайды және сендерден файлдың атын сұрамайды. Сендер Сақтау бұйрығын таңдайсыңдар, экранда ештеңе болмайды, бірақ файлдағы өзгертулер сақталады.

             Кейде бұрын сақталған файлды басқа жаңа атаумен сақтау қажеттілігі туындайды. Мәселен, сендер Ағаш файлынан ағаштың бейнесі салынған суретті ашыңдар делік. Оған жануарлар мен басқа ағаштардың бейнесін қосып, жаңа суретті Орман деген атаумен сақтағыларың келді делік. Онда сендерге Қалай сақтау бұйрығы керек болады. Бұл бұйрық файлдың бұрын сақталғанына немесе сақталмағанына қарамастан сақтау терезесін шығарады. Мұндай сақтаудан кейін сендердің дискілеріңе 2 файл: Ағаш және Орман деп сақталады.

Ақпаратты оқу

            Дискіде жазылған ақпаратты қажетті файлды іске қосу арқылы оқиды. Файл атауының кеңейтілуі нәтижесінде Windows операциялық жүйесі файлды қандай программаның көмегімен ашу керек екенін өзі анықтайды. Файлды қосымшаның өз терезесінде де ашуға болады. Ол үшін Ашу бұйрығын орындау керек.



VІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.



VІІ Қорытынды

Оқушылардың тәжірибелік жұмысын бағалаймын.



  1. Қажетті файлды бумадан қалай табуға болады ?

  2. Дискідегі файлды қалай табуға болады ?

  3. Ақпаратты компьютерге қалай сақтайды ?

  4. Сақтау және Қалй сақтау бұйрықтарының айырмашылығы неде ?

  5. Ақпаратты дискіден қалай оқимыз ?

  6. Жүйелік бумаларда файл ізделе ма ?

VІІІ Үйге тапсырма

Мазмұндау, тесте сұрақтарына жауап беру



САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі: «______» ________2015 ж Нәбиев Қ.Б. _________

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 5

Жаратылыстану- математикалық бағыт

Сабақтың тақырыбы: Ақпарат тасымалдаушылар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ақпаратты жазу мен оқу, қатқыл диск, иілгіш және компакт дискілер, Flesh-жадының жұмыстарымен таныстыру;

Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік білімдерін көтеру;

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті қүралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері,

кеспе қағаздары, флипчарт.



Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Жолбастар (Үйге берілген тапсырманы тексеру)

  3. Жолсапар (Жаңа тақырыпты түсіндіру)

  4. Сергіту кезеңі

  5. Аялдама (Тапсырмаларды орындау)

  6. Жолбекет (Сабақты бекіту)

  7. Үйге тапсырма

  8. Бағалау

1.Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру, кезекші міндетін қадағалау.

Сабағымызды бағалау үшін дұрыс жауапқа, тапсырмаға 1 смайликтен беріп турамын.



2.Жолбастар (Үйге берілген тапсырманы тексеру)

Интерактифті тақтада құрылғылар суреті беріледі атын жазып анықтама береді.



3.Жолсапар (Жаңа тақырыпты түсіндіру)

Ақпарат тасымалдаушылар

Компьютерде жұмыс жасауда қолданылатын барлық ақпарат файл түрінде сақталады. Файл — бүл жадтағы орын, оған әдетте бірегей атау беріледі. Файлдар машинаның жедел немесе сыртқы жадында орналасады. Сыртқы жад — бұл, біріншіден, винчестер, ал екіншіден, иілгіш жөне компакт-диск. Сондықтан ақпаратты жазу мен оқу туралы айтпай тұрып, ақпарат тасуыштар деген не екенін анықтауымыз қажет.

Ақпарат тасуыш ақпарат сақтау ортасы болып табылады. Олар сыртқы түрі бойынша не дискілік, не таспалық, жадтау принципі бойынша — магнитті, магнитті-оптикалық, оптикалық болады. Соңғы уақытта ІВМ типті Реntium ДК-де қолданылатын ақпарат тасуыштар дискілік, магнитті, магнитті-оптикалық және оптикалық жазу-оқу әдістерін қолданады. Дискілік тасуыштың қатқыл немесе иілгіш негізі болады. Оларға винчестерге (хард-диск) кіретін қаткыл магнитті дискілерді, иілгіш дискілерді немесе флоппи дискілерді, компакт-дискілерді жатқызуға болады.

Сыртқы жад — бұл компьютерді өшіріеннен кейін де енгізілген ақпаратты сақтайтын жад.

Иілгіш диск (дискет) - табақша пішінді, бетінде қабыршық түрінде магниттік қоспа жағылған иілгіш диск. Дискеттің пластмассадан жасалған қапшығында оған мәлімет жаздырмауға болатын кішкене тік төртбұрышты ойық бар және мәлімет жазу — оқу кезінде дискінің бетімен байланыс жасайтын магниттік бас тиектің жылжитын орны пластмасса қабықша ашық болады. Дискеттің негізгі параметрі — оның диаметрі, қазіргі шығарылатын дискеттер үшін бір ғана стандарт бар — ол диаметрі 3,5 дюймдік дискеттер, яғни дискеттің диаметрі 89 мм болады.

Иілгіш дискідегі (дискеттегі) жинақтауыштар бір компьютерден екінші компьютерге мәлімет алмастыру үшін, қазір жұмысқа қажет емес ақпаратты сақтап қою үшін катты дискідегі мәліметтердің архивтік (тығыздалған) көшірмесін алу үшін керек. 3,5 дискетте 1,44 Мб көлемде мәліметтер жазылады. Мәлімет жазылатын дискеттінен жақ шетінде кішкене төртбұрышты қосымша ойық болады. Дискеттер қатты пластмас корапта орналасады, сол себепті олар әрі үзақ, әрі сыйымдығы сенімді қызмет атқарады, Соңғы шығын жатқан дискіқозғағыштарда 3,5 дюймдық дискеттер ғана қолданынады.

3,5 дюймдық дискеттерде ойықтың үстінде жылжымалы ілгек бар. Оны жоғары-төмен қозғай отырып мәлімет жазуға немесе жаздырмауға болады.

Дискетті форматтау (белгі салу). Дискетті алғашқы рет пайдалану алдында оны әртүрлі тәсілмен тармақтайды, яғни беттеріне белгі салады. Форматтау операциялык жүйе командасымен жүргізіледі.



ҚАТТЫ ДИСК - (винчестер) деректер мен бағдарламаларды ұзақ уакыт сактау үшін қолданылады. Негізінен ол бір оське орналасқан дискілер тобынан тұрады. магниттік қабатпен жабылып, жоғары жылдамдықпен айналым жасайды. Сондықтан оның құрамы 2 п беттен түрады. Мұндағы п — топқа кіретін дискілер саны.

Қатты дискідегі мәлімет жинақтаушылар (винчестер) ақпаратты тұрақта сактауға арналған. РС- де қатқыл дискінің мәлімет сыйымдылығы 20-40Гбайт , Реntium -10-80 Гб дейін болады.

Қатты диск орнынан алынбайды, корпуста жүйелік блокта орналасады. Ол екі жағына да мәлімет жазылатын бір дискіге біріктірілген бірнеше дискілерден тұрады, иілгіш алмалы-салмалы дискетке қарағанда винчестерге өте көп мәлімет көлемі сияды, сондықтан ла оны пайдалану өте ыңғайлы.

Компакт-диск — бұл металмен қапталган оптикалық диск, оның салмағы небәрі 15 грамм және диаметрі 12 см. Оған шамамен 640 Мб ақпарат жазуға болады. Дискінің жұмыс бетін зақымданудан сақтайтын арнайы қабығы жоқ. Компакт-дискілер арнайы орауышта сақталады.



Flesh-жадының —    64Мб – 64Гб    Механикалық зақым, вирус, соққылар,т.б.    Өзге компьютерге ақпарат тасымалдау, программалар мен ақпараттардың кітапханасы

Оптикалық  диск
Компакт дискілерге CD-R, CD-RW, DVD-R, DVD-RW жатады. Компакт дискілерге арналған дискіжетектер ішкі және сыртқы болады. Дискіжетектің жылдамдығын белгілеу үшін, әдетте дискіжетек дискіні аудиокомпакт дискілерге арналған дискіжетектен қанша есе жылдам айналдыратынын нұсқайды. Мысалы, дара жылдамдықты дискіжетектер 150Кб/с оқу жылдамдығын, ал екі еселік жылдамдықты дискіжетек-300Кб/с, төрт еселік жылдамдықты-600Кб/с жуық жылдамдықты қамтамасыз етеді. Компакт дискідегі ақпаратқа қатынау уақыты 0,6-0,1 с дейін, әдетте ол 0,2-0,3 с болады. Лазерлік дискілерді қолдану – ол ең алдымен ақпаратты берудің жаңа жолын табу, әсіресе бұл әр түрлі анықтамаларға, сөздіктерге энциклопедияларға қатысты. Компакт дискілерді лазердің көмегімен ойнатуға болады.

Енді балалар, адамның және компьютердің сыртқы жады туралы айтып өтейік.


1.    Адам ақпаратты қайда сақтайды? (Миында),  иә аса қажетті ақпараттарды адам миында сақтайды, ал компьютер? (қатқыл дискіге).
2.    Адам аса қажет емес ақпараттарды қайда сақтайды? (қағазға жазыу арқылы), иә, дұрыс, ал компьютер? (флоппи, компакт, флешкада).

4.Сергіту кезеңі

Видио ролик беріледі. Оқушылар жаттығулар жасайды.

 

5.Аялдама (Тапсырмаларды орындау)

5.1. Ой сергіту

Терезені басқару батырмаларына байланысты мынадай бір ертегі жұмбақ.

Үш отау ауылдың шетінде орналасқан, олар ауылдың шетінде болғанымен сол ауылды басқарады.  Бірінші отаудың есігін барып қақсаң ауыл тастай болып жиналып қалады. Екінші отаудың есігін қақсаң ауыл жайылып сала береді. Сол есікті қайта қақсаң ауыл бұрынғы қалпына келеді. Ал үшінші отаудың есігін барып қақсаң ауыл түгелімен жоқ болып көшіп кетеді. Мен сіздерге не туралы айтып отырмын?(закрыть, свернуть, развернуть, воостоновить).



5.2. Компьютерде жұмыс

Flesh-жадымен жұмыс

Бәріміз қолымызға Flesh-жадыны аламыз.



Flesh-жадыны компьютерге қосу үшін жүйелік блоктың алдынғы жағында орналасқан орнына орналастырамыз.

Flesh-жадыны көру үшін Мой компьютер бумасын ашамыз.

Flesh-жадыңыздың атауы Съемный диск F, D, J т.б аттармен сақталуы мүмкін.

Flesh-жадыңыздың атын өзгерту үшін Flesh-жадының үстіне тышқанның бірінші сол жағын содан соң оң жағын басамыз. Ашылған мәзірден Переименовать командасын таңдаймыз. Съемный диск атын өшіріп қалауыңызша ат жазамыз.

Flesh-жадыңыздың сипатын (Свойства) білілу үшін Flesh-жадының үстіне тышқанның бірінші сол жағын содан соң оң жағын басамыз. Ашылған мәзірден Свойства командасын таңдаймыз. Свойства терезесі ашылады, терезеден  бос емес (Занято) орынды және бос орынды (Свободно) көруімізге болады.

Flesh-жадыңыздың тазарту үшін (форматтау) Flesh-жадының үстіне тышқанның бірінші сол жағын содан соң оң жағын басамыз. Ашылған мәзірден Форматировать командасын таңдаймыз. Формат терезесі ашылады, терезедегі Быстрое (очистка  оглавления) командасын таңдаймыз. Flesh-жадыңыз  тазарады.

6.Жолбекет (Сабақты бекіту)

Excel – бағдарламасында дайындалған тест. Тестті компьютер бағалайды.



7.Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу. Тақырып бойынша сөзжұмбақ, ребус құрастыру.

8.Бағалау: Оқушылар смайликтерін санап күнделікке бағасын қояды, мұғалім бекітеді.

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі: «______» ________2015 ж Нәбиев Қ.Б. _________

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 5

Жаратылыстану- математикалық бағыт

Каталог: uploads -> doc -> 0d27
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d27 -> Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі: Қ. Төлегенова
0d27 -> 2. Ел байлығын арттырған, берекелі күз айы да келді. Күз бізге жемістерімен, көкөністерімен егістіктегі астығымен келеді Бүгінгі «Күзгі Ханшайым мен Ханзада»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет