Сыртқы жад. Диск жетек
Сөздікпен жұмыс:
Ақпаратты жазу –
Қатты диск –
Сыртқы жад –
Иілгіш және жинақы дискілер –
Сақтадалы –
Жадтағы орын -
Комьютердегі жұмыс жасауда қолданылатын барлық ақпарат файл түрінде сақталады. Біздің білетініміздей, файл – бұл жадтағы орын, оған әдетте бірегей атау беріледі. Файлдар машинаның жедел немесе сыртқы жадында орналасады. Сыртқы жад – бұл, біріншіден, винчестер, ал екіншіден иілгіш және компакт диск. Сондықтан ақпаратты жазу мен оқу туралы айтпай тұрып, ақпарат тасуыштар не екенін анықтауымыз қажет.
Ақпарат тасуыш ақпарат сақтауы – тасы болып табылады. Олар сыртқы түрі бойынша не дискілік, не таспалық, жадтау принципі бойынша – магнитті, магнитті-оптикалық және оптикалық болады. Соңғы уақытта IBMтипті Pentium ДК-де қолданылатын ақпарат тасуыштар дискілік, магнитті, магнитті-оптикалық және оптикалық жазу-оқу әдістерін қолданады. Дискілік тасуыштың қатқыл немесе иілгіш негізі болады. Оларға винчестерге кіретін (хард-диск) қатқыл магнитті дискілерді, иілгіш дискілерді немесе флоппи дискілерді, компакт-дискілерді жатқызуға болады. Сондай-ақ соңғы кездерде ақпаратты сақтауға қолайлы «Флеш-жады» - брелоктар қолданылады. Олар 128Мбайтттан – 64Гбайт аралығында ақпарат тасымалдай алады.
Дискі – 1) есептеуіш техникада – жазылған ақпаратты ұзақ уақыт есте сақтай алатын магниттік қабыршақпен қапталған дөңгелек пластина түріндегі дерек жинақтауыш құрылғы.
Ақпарат пластина бетіне шеңбер бойымен жазылған жолсызықтар арасындағы секторлар бетінде сақталады.
Дискінің (ағылшынша dіsk) дискіқозғалтқыш (дискіжетек) құрылғысы болады. Ол дискіні айналдырып, деректі дискіге жазуды, қажет кезінде оны оқуды атқаратын бастиекті керекті сектор маңына жеткізіп тұрады.
Компьютерлер қатты, иілгіш және жинақы (компакт-диск) дискілермен жабдықталады. Қатты дискіде немесе винчестерде магниттік қабықша көлемдірек металл тұғырға жағылып, дискіқозғалтқыш құрылғысымен ауа кірместей етіп, тұмшаланған (герметикалық) бір қорапта орналасады.
Винчестерлік дискілер сыртқы көлеміне (форм-факторына) және сыйымдылығына қарай бөлінеді.
Форм-факторы 3,25 дюйм болып келетін дискілер дербес компьютерлердің көпшілігінде қолданылады.
Биіктігі 1,6 дюйм винчестерлер қуатты компьютерлерде (серверлерде), жұмыс стансаларында пайдаланылады.
2. Мәтіннен кәсіптік сөздерді теріп жаз!
2.Сұрақтар.:
• Компьютер жадысы неше топқа бөлінеді?
• Сыртқы жадыға қандай құрылғылар жатады?
• Иілгіш және қатты дискілердің айырмашылықтары қандай?
• Компакт дискілердің қызметі қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |