Барлық оқушы үшін: Мəтін жазу, теру құрылғылары қалай дамығындығы туралы əңгімелейді.
Оқушылардың көбі үшін: Пернетақтаны пайдалану ережелерін біледі.
Кейбір оқушылар үшін: Пернетақтадан спрайтты басқарады.
Сабақтыңбарысы
Сабақтыңкезеңі/уақыты
Педагогтің іс-əрекеті
Оқушыныңіс-əрекеті
Бағалау
Ресурстар
(Ұ) Ұйымдастырукезеңі (1-7мин.)
Сəлемдесу, оқушыларды түгендеу. І.Қызығушылықты ояту. «Жұмбақ зат» ойыны Ойынның мақсаты: Оқушылардың ойлау жəне сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Ойынның шарты:оқушылардың алдына ыдысқа салынып бір зат əкелінеді. Сол затты мұғалім, жауабын айтпай, сөзбен сипаттайды. Оқушылар шешімін табуы қажет.
Бұл ойын оқушылар арасында психологиялық жағымды ахуал орнатады.
(МК,Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» əдісі
Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді.Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып,
Жауап береді.
–Мəтін жазу, теру құралдары қалай дамыған? (1-сурет)
–Суретке қарап əңгімеле.
–Пернетақтада жұмыс істеу ережелерін білесіңбе?
Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» əдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізу. Қандайда болмасын бір ақпарат (мəлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша жеткізеді.
Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою мен проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіругеде, ауызша талқылау жұмысын жүргізугеде болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбымен, мақсатымен жəне бағалау критерийлерімен таныстырады.