Сабақтың тақырыбы: информатика және АҚпарат ақпарат, оның мазмұны, түрлері мен қасиеттері


Сабақтың тақырыбы: Қарапайым графикалық редакторы



бет2/2
Дата21.07.2017
өлшемі0,95 Mb.
#21636
түріСабақ
1   2

Сабақтың тақырыбы: Қарапайым графикалық редакторы


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға графикалық редакторды таныстыру, суретті ашуды, сақтауды, сурет салу құралдарымен таныстыру, редакторда жұмыс жасай білуге үйрету

Дамытушылық: Графикалық редактор ұғымымен суретті ашу, сақтау, құралдармен таныстыра отырып, оқушылардың дүниетанымдарын, ой – өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, шапшандыққа,  ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Практикалық элементтері бар, демонстрацияны көрсете отырып түсіндіру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, слайдтар, интерактивті тақта.

Күтілетін нәтиже: Графикалық редактор туралы түсінік қалыптасады;

Редакторды іске қоса алады;

Сурет салу кезеңдерін білетін болады;

Графикалық редактор құралының қызметін біледі;

Салған суретті сақтай алады, аша алады;

 

ІІ.Өткен материалдарды қайталау:

1. Компьютердің атасы кім?

2. Қазіргі компьютер қай буынға жатады?

3. Алгоритм дегеніміз не?

4. Операциялық жүйе дегеніміз не?

5. Компьютердің құрылғылары нешеге бөлінеді?

 

Сабақтың барысы:



І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Өткен материалдарды қайталау.

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту.

IV. Жаңа білімді бекіту.

V. Тапсырмалар

VI. Бағалау

VII. Үйге тапсырма

 

 



ІІІ. Жаңа сабақ

Ертеде әр түрлі түстер өмір сүріпті. Олардың жеке аттары болыпты. Олар: қызыл, жасыл, көк, сары, қара және т. б. Бір күні оларды қарандаш жинап алып сурет салмақшы болыпты. Бірақ оған түстер қарсы болыпты. Қарандаш түстердің қылықтарына шыдамай Microsoft ағайға хат жазыпты, былай деп: «Құрметті Microsoft ағай, түстер өз беттерімен кетті, сіздің тез 

арада келуіңізді өтінемін. Мекен – жайым:

Windows ауылы Программалар көшесі Сәлеммен: Қарандаш»

Осыдан кейін Microsoft  ағай ойланып-толғанып, Сурет салу редакторын құрастырып, оның атынPaint қойыпты.

PAINT  сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға,оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап,күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады. PAINT бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға Windows –тің басқа қолданбаларынан алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға,сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады.

PAINT графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.

Пуск                Барлық бағдарламалар   Стандартты             PAINT

Осы әректтер орындалғаннан кейін экранға PAINT терезесі шығады. 

Терезе элементтері: Тақырып жолы, меню жолы, құрал-сайман тақтасы, жұмыс алаңы, палитра.

Меню қатары: Файл, Правка, Вид, Справка, Палитра, Рисунок

Терезенің ең көп бөлігін жұмыс алаңы яғни сурет салу алаңы алып жатыр.

Құрал – саймандар тақтасы:

  - ерікті аймақты белгілеу құралы, бұл қисық (дұрыс емес) пішінді үзіндісін таңдау қызметін атқарады.

  - белгілеу құралы бұл суреттің тіктөртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады.

  - өшіргіш құралы, бұл суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған құрал.

  - құю (заливка) құралы, бұл кескіннің немесе тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды.

  - түс таңдау, бұл кескіннің немесе фон түсін суреттің кез – келген нүктесінің түсіне өзгертеді.

  -  масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.

  - карандаш құралы, бұл кез – келген сызықты әртүрлі жуандықта сызуға арналған.

  - кисть құралы, бұл ерікті сызықтарды салуға арналған. Оның қажетті түрін таңдап салуға болады.

  - бүріккіш құралы, бұл эффектісіне жетуге мүмкіндік береді.

  - жазу құралы, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.

  - сызық құралы, бұл түзу сызық салуға арналған.

  - қисық құралы, бұл тегістелген сызықтар салуға мүмкіндік береді.

  - тіктөртбұрыш құралы, бұл тіктөртбұрыш салуға арналған.

  - көпбұрыш құралы, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады.

  - эллипс құралы, бұл шеңбер немесе эллипс салуға болады.

  - бұрыштары дөңгеленген тіктөртбұрыш немесе квадрат салуға арналған.

Түстер палитрасы: Палитра жұмыс аумағынан төмен орналасқан және түстер жиынынан басқа негізгі және фонның түстерін көрсететін түс индикаторы бар. Түстер тышқан батырмасын қажетті түсте басу арқылы таңдалынады. Оң жақ батырмамен – фонның, ал сол жақ батырмамен негізгі түсті таңдаймыз.

Салған суретімізді сақтау үшін орындалатын әрекеттер:

PAINT программасының құжатын бірінші рет сақтап қою үшін 

«Файл-сохранитькак» командасын орындау керек.

Экранға «Сохранить как» диалогтық терезесі пайда болады.

Имя файла өрісіне файлға ат беріп, «сохранить» батырмасын басу керек.

 

IV. Жаңа білімді бекіту. Оқушылармен «Ғажайып құралдар»ойынын ойнату. Ойынның шарты: ұяшық беріледі, қалаған ұяшықты таңдап жасырылған сұрақтарға жауап беріп тапсырмаларды орындау.



1.Зақымданған  компьютер қалай жұмыс жасайды?

2. Принтер қандай құрылғы?

3. Сканердің қызметі?

4. Ақпаратты сығу дегеніміз не?

5. Информатика ғылымы нені зерттейді?

6. Алгоритмнің түрлерін ата?

7. Енгізу пернесі?

8. Модем құрылғысының қызметі?

9. Қауіпсіздік ережесіндегі апаттық жағдайлар?

10. Ғ1 – Ғ12 пернелер қалай аталады?

11. Монитор құрылғысының қызметі?

Практикалық тапсырмалар.Саңырауқұлақ, құлпыный, алма, алмұрт, сәбіз,баклажан, балмұздақ, қызанақ, лимон, банан, жүгері беріледі. Берілген жемістерді компьютерде суретін бейнелеп, салынған суретті 2 – ге бөліп, оларды 90ᵒ, оңға, 90ᴼсолға, 180ᴼ бұру керек.



Бағалау. Оқушылардың жауаптарына және салған суреттеріне қарай бағалау.

Үйге тапсырма: Оқулықтағы 16 құралдың суретін дәптерге бейнелеп, олардың қызметін жаттап келу.

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі: «______» ________2016 ж Нәбиев Қ.Б. _________

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 5

Жаратылыстану- математикалық бағыт

Сабақтың тақырыбы: Сурет ашу, сақтау.

Cабақтың мақсаты: PAINT графикалық редакторын баығттауды, қосуды, сурет салу және сақтауды үйрету.

Оқушылар білуі тиіс : «Растрлық графикалық редактор» ұғымын.

Оқушылар үйренуі тиіс : сурет өлшемін орнатуды, сақтауды. Түстер палитрасын іске қосуды. Қылқалам, қарындаш, сызық, доғал, масштаб құралдарын қолдануды.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

IV Білімі өзектендіру

Сұрақтар:

  1. Ақпараттың қандай түрлерін компьютерде өңдеуге болады ?

  2. Қандай графикалық редакторларды біліңдер ?

  3. Компьютердің қандай құрылғысы графикалық ақпаратты өңдейді ?

  4. Компьютердің қандай құрылғысы графикалық ақпаратты шығарады ?

  5. Кез келген қосымша терезеде қандай элементтер орналасады ?

V Жаңа тақырыпты түсіндіру

             Адамдардың бәрі суретті жақсы сала алмайды . Сондықтан адамзат ұзақ жылдар графикалық бейнелерді құруды механикаландыруға тырысты және бұған есептеу техникасының арқасында қол жеткізді.

          Графикалық редакторды таңдау жұмыс істеу мақсаты мен компьютердің мүмкіндігіне байланысты. Мәселен, сабаққа хабарлама толтыру үшін Стандарттық программа – PAINT графикалық редакторын пайдалансаңдар жеткілікті.

         PAINT графикалық редакторында жұмыс істей отырып, өздеріңнің мәтіндеріңнің көркемдеулерін, Жұмыс үстелі үшін фондық бейнелер құруды, қарапайым фотомонтаж жасауды, бейнелерді өзгертуді және тағы да көп нәрселерді үйренесіңдер.

         Компьютерде графикалық ақпаратты құру құралдарына жататындар :

·         Енгізу құрылғылары (сканер, тышқан, графикалық планшет және т.б.) ;

·         Графикамен жұмыс істеуге арналған программалар (графикалық редактор ).

Графикалық редактор – графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа.

PAINT (ағылшынша сурет, сурет салу ) – бұл растрлық (нүктелерден тұратын) бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.

         Барлық растрлық бейнелер нүктелерден – пиксельдерден тұрады. Ол суреттің мөлшерін өзгерткенде анық көріәнеді.



Пиксель - - растрлық бейненің ең кішкентай элементі.

        Суреттің сапасы жоғары болған сайын, ол сақталатын файлдың мөлшері де үлкен болады. Жұмыс істегенде осыны ескеру керек. Мысалы, егер файлды поштамен жөнелту керек болса, оның пішімін өзгертіп, «жеңілірек» ету керек.

          Программада суретті ашудың бірнеше мүмкіндігі бар. PAINT  батырмасын шертіңдер. Егер суретпен жақында жұмыс істеген болсаңдар, онда оны Соңғы бейнелер тізімінен қарауға болады немесе Ашу бұйрығын таңдаңдар.

          Жиі орындайтын бұйрықтарыңды Жылдам қол жеткізу тақтасына шығарып қоюларыңа болады. Ол үшін бұйрықтың атын тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, Жылдам қол жеткізу тақтасына қосу бұйрығын таңдаңдар.

        Түсті таңдау үшін Түстер тобындағы Палитра қолданылады. Оның сол жақ бөлігінде пәрмендер көрсетіледі.

         Алдыңғы саптағы түс Қылқаламның түсін, сызықтың, фигуралар контурының түсін анықтайды. Фонның түсін фигуралардың ішін толтыру үшін және өшіргіш үшін қолданады. Түсті таңдау үшін алдымен қажетті алып- қосқышты таңдап, одан кейін тышқанмен палитрадағы керек түсті шертеді.

           Суретті тышқанның сол жақ батырмасын да оң жақ батырмасын да жібермей ұстап тұрып салуға болады. Палитрада 20 түс анықталып, бекітілген. Қажет болса, Түстерді өзгерту батырмасын шертіп, түстерді қосуға болады.

          Компьютер милиондаған түспен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Түстің дәл мәнін ондағы қызыл, жасыл және сарының реңкін, қарама- қарсылығын, ашықтығын және санын көрсетіп анықтауға болады.

 VІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.



VІІ Қорытынды

Оқушылардың тәжірибелік жұмысын бағалаймын.



  1. Графикалық деректерді енгізу және шығару үшін қандай құрылғылар қолданылады ?

  2. Графикалық редактор деген не ?

  3. Растрлық графиканың кемшілігін атаңдар.

  4. Сурет салу мен толтыру үшін түстерді қалай таңдаймыз ?

VІІІ. Үйге тапсырма

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі: «______» ________2015 ж Нәбиев Қ.Б. _________

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 5

Жаратылыстану- математикалық бағыт

Сабақтың тақырыбы: Қорытынды сабақ. Бақылау жұмысы.

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі: «______» ________2016 ж Нәбиев Қ.Б. _________

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 5

Жаратылыстану- математикалық бағыт

Сабақтың тақырыбы: Графикалық редактордың сурет салу құралдары

Сабақтың мақсаты : PAINT графикалық редакторы мүмкіндіктерімен танысуды жалғастыру.

Оқушылар білуі тиіс : құралдардың қызметін, қосымша күйге келтіру мүмкіндіктерін.

Оқушылар үйренуі тиіс : өшіргіш құралын 2 режимде пайдалануды. Фигуралардың тіктөрбұрыш, доғал, қисық, бүріккіш болатындығын. Фигураларды дұрыс салуды. Жұмыс үстелі фоны ретінде суретті пайдалануды.



Сабақтың барысы :

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

IV Білімі өзектендіру

Сұрақтар:

  1. Графикалық редакторда сурет салу үшін пайдаланған құралдарды атап шығыңдар.

  2. Қазір қайсы құрал қалай белгіленіп тұрғанын қалай білеміз ?

  3. Өшіргіш қандай түсте жұмыс істейді ?

V Жаңа тақрыпты түсіндіру

            Практикалық жұмыс жасай отырып, сендер құралдармен және фигуралармен таныса бастадыңдар. Олардың мүмкіндіктерін толығырақ қрастырайық.

          Программаның терезесін қарайық. Жұмысқа керектің бәрі Жолақта орналасқан.Негізгі тіркеме бетінде Алмасу буфері, Кескін, Құралдар, Фигуралар, Қалыңдық, Түстер топтары орналасқан.

          Құралдар таңдау үшін оны тышқанмен шертсеңдер жеткілікті.

          Құралдар мен фигуралар үшін баптау амалдарын орындауға болады. Мысалы :

·         Қарындаш үшін – жуандық, түс;

·         Фигуралар үшін – контур, заливка, түстер.

Жай –күй жолында ағымдағы жұмыс туралы ақпарат беріледі. Мысалы, суреттің мөлшері.

Егер суреттің кішкене бөлігін тазалау керек болса, Өшіргіш сайманы қолданылады. Өшіргіш екі режимде болады : қарапайым және түрлі түсті . Қарапайым өшіргіш бәрін өшірсе, түрлі түсті өшіргіш тек Қылқаламның пәрменді түсін өшіреді.

           Қисық сызықты салған кезде міндетті түрде екі бүгілісті көрсету керек. Алгоритм түрі келесідей : сызық сызамыз, бүгілістің біреуін тышқанның сол жақ батырмасымен созып, екінші бүгілісті созамыз

          Қатаң горизонталь, вертикаль немесе 45 градусқа ауытқыған сызық сызу үшін тышқанды жылжытқанда Shift  пернесін ұстап тұру керек.

          Сол сияқты, Shift пернесін жібермей ұстай отырып, «дұрыс» фигуралар салуға болады. Тікбұрышты қолданғанда тіктөртбұрыш, алСопақтан – шеңбер саламыз.

          Көпбұрыш былай салынады: бірінші сызықты жүргіземіз, одан кейін тышқанның сол жақ батырмасымен біртіндеп барлық төбелерін шертіп шығамыз. Суретті тышқанды екі рет шертіп немесе фигураны тұйықтап аяқтаймыз.

VІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.



 

VІІ Қорытынды

  1. Өшіргіш сайманының жұмыс режимдерін сипаттаңдар ?

  2. Фигура шекарасының жуандығын қалай өзгертеміз ?

  3. Дұрыс фигураны қалай саламыз ?

VІІІ. Үйге тапсырма

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі: «______» ________2016 ж Нәбиев Қ.Б. _________

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 5

Жаратылыстану- математикалық бағыт

Сабақтың тақырыбы: Суреттің үзінділерін ерекшелеу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Paint графикалық редакторында сурет салуды үйрете отырып, сурет бөліктерімен жұмыс жасау түрлерін түсіндіру. 
Білімділік: 
Оқушыларға Paint графикалық редакторында сурет салып, оны әр түрлі етіп безендіруге, суреттерді бұрып, пішінін өзгертіп, суреттерді бөліп, құрастырып үйрету. 
Дамытушылық: 
Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге, Paint графикалық редакторына деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз ойын сауатты түрде жеткізе білуді қалыптастыру. 
Тәрбиелік: 
Оқушыларды нақты бір іс әрекетке, шапшаңдылыққа тәрбиелей отырып, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, шығармашылыққа баулып үйрету. 
Сабақтың түрі: жаттықтыру, практикалық 
Сабақтың әдіс тәсілдері: түсіндіру,үйрету,сұрақ-жауап, компьютермен жұмыс 
Көрнекі-құралдар: компьютер,үлестірмелі қағаздар, сөз жұмбақ 

Сабақтың барысы 
Сабақ кезеңдері: 
1-кезең: Ақпаратты тарату 
2-кезең: Ақпаратты қабылдау 
3-кезең:Ақпарат алмасу 
4-кезең:Ақпаратты сәйкестендіру 
І. Ұйымдастыру бөлімі 
-сәлемдесу; 
- оқушыларды түгелдеу; 
-психологиялық дайындық 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 
1-кезең: Ақпаратты тарату 
Бұл кезеңде:көңіл күйдің түрлері бейнеленген тереуіштің артында жасырылған сұрақтарға жауап алу арқылы үй тапсырмасын тексеру. 
Сұрақтары: 
1. Жаңа буманы құрып, оған ат қой? 
2. Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз? 
3. Құрылған буманы жойып оны қайта қалпына келтір! 
4. Paint графикалық редакторы туралы не білесің? 
5. Paint графикалық редакторында неше құрал бар, оларды ата? 
6. Paint графикалық редакторының терезесімен таныстыр! 

ІІІ.Жаңа материалды игерту 
2-кезең: Ақпаратты қабылдау 
Бұл кезеңде жаңа сабақ түсіндіріледі. 

Суреттің үзінділерін ерекшелеу. 
Суреттің үзінділерімен жұмыс. 


Кейбір кездерде салынған суреттердің немесе оның белгілі бөліктерінің өлшемін өзгертуге, созуға, қисайтуға немесе тік бағытта айналдыруға, т.б. әрекеттерді орындауға тура келеді. Ол үшін суреттің қажетті бөлігін бөліп алу керек. Суреттің бөлінген бөлігі үзінді деп аталады. 
Үзінді мына құралдармен бөлінеді немесе белгіленеді: 
Бөліп алу (выделение) батырмасы төртбұрышты үзіндіні таңдайды. 

Кез-келген аймақты бөліп алу (Выделение произвольной области) батырмасы қажет аймақты бөліп алуға мүмкіндік береді. 

Белгілеу немесе Қажет аймақты белгілеу құралдарымен үзіндіні таңдалғаннан кейін, олармен келесі әрекеттер орындалады: 

1. Алмасу буферіне қиып алу. 
2. Алмасу буферіне көшу. 
3. Осы суретті басқа жерге апару. 
4. Берілген суреттің өлшемінде көшіру. 
5. Оны сурет бойынша «көбейту». 
6. Пішіні мен өлшемін өзгерту. 
7. Өлшемін өзгерту және қисайту. 
8. Төңкеру немесе кері бұру. 
9. Түсін өзгерту. 
10. Өшіру (жою). 

Суреттің үзіндісін көшіру үшін: 
1. Суреттің үзіндісін белгілеу: Выделение батырмасына шертіп, тышқан нұсқағышын бөлінетін суреттің сол жақ жоғарғы бұрышына орналастырыңдар. Содан кейін суреттің қажетті бөлігі пунктирлі жақтау ішіне енгенше, тышқанның сол жақ батырмасын басып отырып, диагональ бойымен жылжытыңдар. Батырманы жіберіңдер. 
2. Правка-Копировать командасын орындаңдар. 
3. Правка-Вставить командасын орындаңдар. Сонда үзінді терезенің сол жақ жоғарғы бұрышында пайда болады. 
4. Үзіндіні тышқанмен іліп алып, қажетті орынға апарыңдар. 
Суреттің үзіндісін жылжыту үшін: 
1. Суреттің үзіндісін белгілеу: Выделение батырмасында шертіп, тышқан нұсқағышын бөлінетін суреттің сол жақ жоғарғы бұрышына орналастырыңдар. Одан соң суреттің қажетті бөлігі пунктирлі жақтаудың ішінде болғанша тышқанның сол жақ батырмасын басып отырып диагональ бойымен жылжытыңдар. Батырманы жіберіңдер. 
2. Правка-Вырезать командасын орындаңдар. Бұл жағдайда қиып алған сурет жоқ болып кетеді (жойылады). 
3. Правка-Вставить командасын орындаңдар. Сурет үзіндісі терезенің жоғарғы сол жақ бұрышында пайда болады. 
4. Үзіндіні тышқанмен іліп алып, тиісті орынға қойыңдар немесе бұрынғы орнына қайтарыңдар. 

Үзіндіні көбейту дегеніміз-экранда тышқанның нұсқағышын жылжытумен қатар оның көшірмелерінің тізбегін жасау. 


IV. Компьютермен жұмыс 
3-кезең:Ақпарат алмасу 
Оқушылар қандай программамаен жұмыс жасау екендігін білу үшін оларға сөз жұмбақ беріледі. 
C A P S * L O C K 
A L T 
I N S E R T 
N U M * L O C K 
T A B 

1. Бас әріптерді іске қосатын перне? 
2. Арнайы әрекеттер үшін қолданыатын перне? 
3. Символдарды ауыстыру және енгізу режимін қосатын перне? 
4. Сандарды іске қосатын перне? 
5. Меңзерді бір басқару позициясынан басқасына ауыстыратын перне? 
Бұл кезеңде оқушылар 2-топқа бөлінеді, І топ тәуелсіздік күніне сурет салса, ІІ топ қыс мезгілінің суретін салады. 
-Балалар қазір қандай мезгіл? (қыс) 
-Қыз мезгілінің ерекшеліктерін атаңдаршы? (қар жауды, аяз болады, мұз қатады) 
- Алда келе жатқан қандай мереке бар?(16-желтоқсан тәуелсіздік күні) 
-Тәуелсіз ел болғанымызға биыл қанша жыл? (22 жыл) 
Жарайсыңдар балалар, олай болса берілген тапсырмаларды компьютерде орындайық. 
Оқушылар әуен тыңдай отырып, тапсырмаларды орындайды. 
V. Сабақты бекіту 
4-кезең:Ақпаратты сәйкестендіру 
1.Үзінді дегеніміз не? 
2. Суретті қалай көшіреміз? 
3. Суретті ерекшелеу үшін қандай әрекеттер орындаймыз? 
(Сұрақ-жауап) 
(қардың астындағы тапсырмаларға жауап беру) 

VІ. Үйге тапсырма беру 
Суреттің үзінділерін ерекшелеу.Суреттің үзінділерімен жұмыс оқып, тусінік айтып келу 
VІІ. Бағалау 
Сабаққа белсене араласқан оқушылардың жинаған жапсырма суреттерінің санына қарай бағалаймын. 

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі: «______» ________2016 ж Нәбиев Қ.Б. _________

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 5

Жаратылыстану- математикалық бағыт

Сабақтың тақырыбы: Сурет үзінділерімен жұмыс.

Сабақтың мақсаты PAINT графикалық редакторы мүмкіндіктерімен танысуды жалғастыру.

Оқушылар білуі тиіс : PAINT  сурет бөлігі түсінігін, бөліктермен орындалатын операцияларды, орындау тәсілдерін, мәтінді баптау мүмкіндіктерін.

Оқушылар үйренуі тиіс : суретті, сурет бөліктерін ерекшелеуді. Суретті көшіруді, жылжытуды, өлшемін өзгертуді. Жазу құралын пайдалануды. Салынған суретті ашуды.



Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

IV. Білімі өзектендіру

Сұрақтар:

  1. PAINT графикалық редакторының қандай саймандарын біз әлі пайдаланбадық ?

  2. Бүгін біз «Ерекшелеу» сайманымен жұмыс істейміз, суретке мәтін орналастыруды үйренеміз .

V. Жаңа тақрыпты түсіндіру

          Суретті өзгерту үшін, алдымен оны тұтастай немесе оның қажетті бөлігін – фрагментті ерекшелеп алады.

         Ерекшелеу үшін Ерекшелеу сайманы қолданылады.

        Ерекшеленген фрагменттің жан-жағында пунктирді сегіз ерекшелеу маркері бар қоршау пайда болады .

       Суретті тұтастай ерекшелеу үшін Ctrl+A пернелер тіркесімен пайдалануға немесе  Ерекшелеу       Бәрін ерекшелеу бұйрығынорындауға болады. Ерекшелеуден бас тарту үшін басқа сайманды таңдасаңдар жеткілікті.


  1. Мөлшерді өзгерту – тышқанның сілтемесін сегіз ерекшелеу маркерінің біріне апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басып өзгерту.

  2. Орнын алмастыру – ерекшеленген фрагментті тышқанның сол жақ батырмасын басып жылжыту, сілтеменің түрі -        .

  3. Тазалау- ерекшеленген саймақ фонның түсімен боялады.

  4. Түстерді айналдыру.

  5. Көшіру.

Қажетті бұйрықты ерекшеленген фрагменттің контекстік мәзірінен таңдауға болады.

1-тәсіл – фрагментті Ctrl пернесін басып жылжытамыз- жеке

 көшірмесін аламыз.;

2-тәсіл – фрагментті Shift пернесін басып жылжытамыз- оның ізі бар көшірмесін аламыз;

3- тәсіл – фрагментті алмасу буферіне көшіріп, қанша рет керек болса, сонша рет кірістіру. Көшірме алмасу буферінен әрқашан экранның сол жақ жоғарғы бұрышына кірістіріледі.

         Ерекшелеу сайманы үшін қосымша баптау болып табылатын Мөлдір ерекшелеу сайманы да бар.



Мәтінмен жұмыс істеу

    


PAINT – графикалық редактор болғандықтан және мәтінмен жұмыс істеуге арналмағандықтан, суретпен бірге көбіне қысқа және ірі тақырып атаулары, жазба- белгілеулер құрылады.

           Мәтін енгізу үшін, Мәтін  сайманын таңдау керек. Жұмыстың бірінші кезеңі – енгізу өрісін құру. Өрістің түрі тікбұрышты ерекшелеуге ұқсас. Оның мөлшерін мәтінмен жұмыс істеу барысында өзгертуге болады. Жолақта бірден жаңа тіркеме бет- Мәтін енгізу саймандары – пайда болады.

           Сендер басқа сайман таңдағанға дейін мәтіннің түрін баптауға болады :

-          Әріпті  және оның мөлшерін  таңдау ;

-          Мәтінді жуан әріппен  курсивпен  ерекшелеу немесе мәтіннің астын сызу  ;

Мәтіннің әрбір фрагментін әртүрлі баптауға болады.



VІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

 

VІІ. Қорытынды


  1. Фрагменттің және тұтас суреттің ерекшеленулерін қандай тәсілдермен алып тастауға болады ?

  2. Ctrl немесе пернелерін басып көшірулердің бір –бірінен айырмашылығы неде ?

  3. Суреттің фрагментін кішірейту әрекеттерінің ретін сипаттаңдар.

  4. Ақ, сары, қызыл түстерге қандай түс қарама-қарсы?

  5. Фрагментті 90 градусқа бұру үшін не істеу керек ?

VІІІ. Үйге тапсырма
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі: «______» ________2016 ж Нәбиев Қ.Б. _________

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 5

Жаратылыстану- математикалық бағыт

Сабақтың тақырыбы: Масштаб. Суреттің трансформациясы

Сабақтың мақсаты : сурет трансформациясын орындауды үйрету.

Оқушылар білуі тиіс : масштаб құралы қай кезде пайдаланылатынын, трансформацияның не екенін.

Оқушылар үйренуі тиіс : суреттің масштабын әртүрлі тәсілдермен өзгертуді, көлбеуді, суретті бұруды және сурет бөліктерін өзгертуді.

Сабақтың барысы :

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

IV Білімі өзектендіру

V Жаңа тақрыпты түсіндіру

 

         Кескіннің детальдарын дәлдеу масштабтың көмегімен жасалады. Windows –тегі барлық амалдар сияқты, масштабты әртүрлі тәсілдермен өзгертуге болады. Мыналарды пайдаланыңдар :



-  Түр (Вид) тіркеме бетінің саймандарын ;

-  Негізгі тіркеме бетіндегі Масштаб сайманын ;

-  Жай –күй жолындағы Масштаб жүгірткішін.

«Трансформация» сөзі латын тілінен түрлену, алмасу деп аударылады.

         Қане, Кескін тобындағы Қырқу, Мөлшерді өзгерту, Бұру бұйрықтарының қалай жұмыс істейтінін қарастырайық. Бұл бұйрықтар амалдарды тұтас суретпен және ерекшеленген фрагментпен орындайды.

        Тұтас суретті немесе ерекшеленген фрагментті вертикаль және горизонталь шағылдырып орналастыруға және 90 немесе 180 градусқа бұруға болады.

        Суретті тышқанның көмегімен тура қажет болғандай етіп созу немесе кішірейту әрқашан қолдан келе бермейді. Егер пропорцияларды сақтау, мөлшерін бір пиксельге дейінгі дәлдікпен өзгерту керек болса, онда Мөлшерді өзгерту бұйрығын қолданыңдар.

       Қырқу – суреттің тек ерекшеленген бөлігін қалдыратын бұйрық. Ол өте қолайлы, мәселен, өрнектердің суретін салғанда – алдымен элементтерін салып, одан кейін оларды көшіріп, өрнекті құрып, оны ерекшелеп, енді керек емес детальдарын қырқамыз. Сол сияқты, бұл бұйрық фотосуреттегі артық бейнелерді қырқуға мүмкіндік береді. 

Мөлшерлер мен бұруды өзгерту

Вертикаль шағылдыру

 

. Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды. 

VІІ. Қорытынды


  1. Суреттің фрагментін қалай бұрамыз ?

  2. Дөңгелекті шағылдырса не болады ?

  3. Суреттің фрагментін қалай ұлғайтуға болады ?

  4. Paint –те орындалған соңғы қагша амалдан бас тартуға болады ?

VІІІ. Үйге тапсырма.

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі: «______» ________2016 ж Нәбиев Қ.Б. _________

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 5

Жаратылыстану- математикалық бағыт

Сабақтың тақырыбы: Суретті басуға дайындау. Суретті басу.

Сабақтың мақсаты : суретті притерде басып шығаруды үйрену.

Оқушылар білуі тиіс : шығару құрылғысын, басып шығару командаларын.

Оқушылар үйренуі тиіс : беттің параметрлерін баптауды, орындауды, баспаға бермес бұрын алдын ала қарап шығуды.

Сабақтың барысы :

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

IV Білімі өзектендіру

1. Ақпаратты басып шығаратын қандай құрылғыларды білесіңдер?

V. Жаңа тақрыпты түсіндіру.

Мына тақырыптардың біріне салынған суретті басуға дайындаңдар :



  1. Сүйікті пән бойынша оқулық мұқабасы ;

  2. Сиікті кітабыңды безендіру;

  3. Мектеп эмблемасы ;

  4. Мерекеге арналған ашық хат ;

  5. Плакат (мысалы, «Менің қалам», «Ғарыш», «Компьютерлер тарихы»);

  6. Армандаған бөлменің дизайні.

Оқушылардың дайындаған суреттерін ашып көремін. Тапсырманы принтерге жібермей тұрып, суреттің біз ойлаған түрде көрінетіндей екеніне көз жеткізейік. Беттің параметрлері терезесін шақырыңдар: Paint        Басып шығару батырмасы        Беттің параметрлері. Беттің толтырылу бағытын, ортаға түзеуді, масштабты өзгертіңдер. Сендердің суреттерің көлденең сызылған тікбұрыш сияқты болып көрінеді. Қарап шығу терезесінде беттің өзгертулерін қадағалаңдар !

          Бетті баптағаннан кейін келесі қадамға – Алдын ала қарауға көшуге болады. Бұл терезеде сендер таңдаған параметрлермен суреттің бетте қалай орналасатынын көруге болады.

        Бәрі сендер ойлағандай болса- тапсырманы печать батырмасын шертіп, сенімді түрде басып шығаруға жөнелтіңдер. Егер бір нәрсе өзгерту керек болса, онда Беттің параметрлері терезесіне қайта оралуға тура келеді.

Беттің параметрлерін баптау.

Алдын ала қарау терезесі.

VІ. Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау.

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.



VІІ. Қорытынды

  1. Басып шығаруда суреттің масштабын қаншалықты өзгертуге болады ?

  2. Ортаға түзеу нені білдіреді ?

  3. Қағаздың қандай мөлшері қолданылады ?

  4. Суреттің мөлшері қандай ? Ол қанша бет болады ?

  5. Суретті басып шығаруға жіберу үшін пернелердің қандай тіркесімі қолданылады ?

  6. Қандай пернемен алдын ала қарау терезесін жабуға болады ?

VІІІ. Үйге тапсырма.

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі: «______» ________2016 ж Нәбиев Қ.Б. _________

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 5

Жаратылыстану- математикалық бағыт

Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторының интерфейсі

Сабақтың мақсаты : WordPad мәтіндік редактормен таныстыруды жалғастыру.

Оқушылар білуі тиіс : мәтіндік редактордың ортақ мүмкіндіктерін, мәтін элементтерін.

Оқушылар үйренуі тиіс : компьютерде мәтіндерді өңдеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін, мәтіндік құжатты әр формада сақтауды.

Сабақтың барысы :

І . Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

IV. Білімі өзектендіру..

V. Жаңа тақрыпты түсіндіру.

Мәтіндік редактор – ол мынадай мүмкіндіктер беретін қолданбалы программа:

·         мәтіндік құжаттарды құруға ;

·         оларды өзгертуге, яғни, қателерін түзетуге, мәтін фрагменттерін жылжытуға, көшіруге, жоюға және қосуға, іздеу мен алмастыру жүргізуге ;

·         мәтінді пішімдеуге - әріптің мөлшері мен түсін, абзацтың қасиеттерін және басқаларды өзгертуге ;

·         құжаттарды басып шығаруға.

Компьютер үшін мәтін – ол символдардың кез келген жиыны деп айтуға болады. Мәтіндік құжаттың құрамында өлең де, компьютерге арналған программа да болуы мүмкін. Оның мазмұны кесте түрінде де безендірілуі мүмкін.



Мәтіннің құрылымы

        Мәтіндік редакторлар жұмыс жасайтын деректер мәтіндік ақпарат, оның ең кішкентай бірлігі символ болып табылады. Сөз – бір-бірінен тыныс белгілерімен немесе бос орындармен ажыратылып жазылған символдар тізбегі. Сөздердің арасында және тыныс белгісінен кейін бір бос орын қойылады. Мәтіннің элементтері : символ – сөз –жол – абзац – бет – мәтін.

            Абзацтар бір –бірінен арнайы «абзацтың соңы» символымен ажыратылып жазылады.

        Мәтінге біз «абзацтың соңы» символын қостық. Ешбір символдарды көріп тұрмасақ та, біздің мәтінімізде енді екі бос абзац бар және олардың ішінде стрелкалармен жоғары –төмен жылжуға болады. Бірнеше рет Бос орын, Tab пернелерін басыңдар. Бұл символдар да көрінбейді, бірақ олар құжатта сақталады. Сонымен абсолютті «бос» құжаттар болмайды.

        Кез келген құжаттың кем дегенде бір абзацы бар. Абзацтарға тақырыптар мен тізімдердің элементері де жатады. Бос абзацтың өзінде де қайсыбір қасиеттер анықталған.

                    Абзацтың ең белгілі қасиеттері :

-   әріптің гарнитурасы, кескін сызығы, мөлшері ;

-   мәтінді түзеу тәсілі ;

-   шегіністер мен интервалдар.

WordPad мәтіндік редакторы терезесінің элементтеріне сызғыш қосылды.

             Мәтіндік редактордың терезесінде кішкентай жыпылқтайтын сызықша – мәтіндік курсор бар. Ол келесі символдың қай жерде тірелетінін көрсетеді.

. Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау.

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.



VІІ. Қорытынды.

  1. Компьютерде мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңдар.

  2. Мәтіндік редактор деген не ?

  3. Мәтін элементтерін атаңдар және сипаттаңдар.

  4. Мәтіндегі абзацтар бір- бірінен қандай символмен ажыратылады?

  5. Мәтіндегі жаңа абзацты қалай құрамыз ?

  6. Абзацтың ең әйгілі қасиеттерін атап шығыңдар.

  7. Құжатты мәтін безендіруі қоса сақталатындай етіп сақталғанда қандай пішімді таңдау керек ? 


VІІІ. Үйге тапсырма.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі: «______» ________2016 ж Нәбиев Қ.Б. _________

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 5

Жаратылыстану- математикалық бағыт

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді теру және түзету ережелері. Мәтін бөліктерін ерекшелеу.

Сабақтың мақсаты : мәтін теруді ережеге сәйкес үйрету, мәтін бөліктерін көшіруді, ауыстыруды үйрету.

Оқушылар білуі тиіс : мәтін теру ережесін, «редакциялау» түсінігін, редакциялаудағы пернелер мен командалардың қолданылуын, мәтінді ретімен теруді, пернетақта мен тышқанды пайдаланып мәтінді жылжытуды, әрекетті кері қайтару командаларын.

Оқушылар үйренуі тиіс : ережеге сәйкес мәтін теруді, пернетақта мен тышқанды пайдаланып мәтінді жылжытуды, алмасу буферін пайдаланып экранда мәтінді көшіруді, мәтінді жоюды, мәтін енгізудің тәртібін өзгертуді.

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

IV. Білімі өзектендіру

Сұрақтар :

1. Мәтін құрған кезде құжатта қандай белгі пайда болады ?

2. Оны өшіруге бола ма ?

3. Жаңа жол қалай қосылады ?

4. Жаңа азат жолды қалай қоямыз ?

5. Тыныс белгілері үшін қандай пернелер пайдаланылады ?



V. Жаңа тақрыпты түсіндіру

               Мәтіндермен жұмыс істегенде кейде оларды біріктіруге, кейде фрагменттіерді әр құжаттардан алып, оның жаңасын құруға тура келеді. Егер барлық құжаттарды әртүрлі ережелер бойынша құратын болсақ, онда нәтижесінде мәтін көріксіз болып көрінеді. Мысалы, сендер дәптердің шетінен бастап жазбайсыңдар ғой ? Кітаптардан да ондайды көрмейсіңдер. Тырнақшаларды, жақшаларды мәтінен кенет бөлініп қалмайтындай етіп қойып шығу, осының бәрі маңызды.

              Біз бұған дейін бірнеше құжатқа мәтін теру ережелерін айттық, енді олардың бәрін атайық:

1.Бас әріпті немесе символды жоғарғы регистрден енгізу үшін Shift пернесін басып, жібермей ұстап тұру керек.

2. Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса – CapsLock пернесін қос.

3. Бір бос орын сөздердің арасына және тыныс белгілерінен кейін қойылады .

4. Дефис бос орынсыз қойылады. Мысалы : жан-жақты, батпе-бет.

5. Ұзын сызықша (тире) алдынан да, соңынан да бос орынмен қойылады :

6. Даталарды, қысқартылған аты мен әкесінің аты енгізілгенде және ұқсас жағдайларда үзілмейтін бос орын тізбектемесін терумен орындалады. Мысалы: 2013ж.,1 қыркүйек, Ш.Уәлиханов.

7. Тырнақшаларға немесе жақшаларға алып жазылған сөздер олардан бос орынмен ажыратылмайдды:

8. Рим цифрларын енгізу үшін латынша бас әріптер қолданылады.

9. Enter пернесін абзацтың соңында басады. Жолдарды тасымалдау автоматты түрде жүзеге асады.

Мәтін бойынша жылжу.

             Курсорды мәтін бойынша стрелкалармен Home, End, PageUp, PageDown пернелерімен жылжытуға болады. Егер құжат беті көп болса, мәтіннің соңына бірден қалай жетуге болады ? Көмекке Ctrl+End пернелер тіркесімі келеді.

Мәтінді теріп болған соң түзету және пішімдеу үшін мәтін бөліктерін ерекшелей білу керек.

Тышқанның көмегімен ерекшелеу үшін құжаттың сол жақ, «ерекшелеу ернеуі» деп аталатын, ернеуін қолданады. Тышқанның сілтемесі оңға қарай бұрылған стрелка түріне айналады. Пернетақтада ерекшеленген кезде Shift және Ctrl пернелері тіркесімдерін бірге басу керек.



Мәтін бөліктерін ерекшелеу тәсілдері

Кейде экранда бірден жолды, абзацты немесе тұтастай мәтінді ерекшелеген ыңғайлы. Бұл жағдайлар үшін арнайы тәсілдер ойластырылған.



1. Тұтас жолды ерекшелеу. Егер тышқанның сол жақ батырмасымен жолдың басын бір рет шертсеңдер, жол тұтастай ерекшеленеді. Тышқанның сілтемесі бұл жерде ақ стрелка кейпіне енеді.

2. Егер экранның осы жерінде тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертсек, онда тұтас абзац ерекшеленеді:

3. Тышқанның сол жақ батырмасын үш рет шерту мәтінді тұтастай ерекшелейді :

 

 



            Мәтінді тұтастай бірден ерекшелеу үшін пернетақтадан бір мезгілде Ctrl пернесі мен цифрлық қосымша пернетақтадан «5» санын басуға да болады.

          Мәтін бөліктерін түзетуге : жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыруды жатқызуға болады.

         Windows oперациялық жүйесіндегі басқа нысандар сияқты, мәтіндердегі нысандарды Delete пернесімен – курсордан оң жақта орналасқан символды, BackSpace пернесімен- курсордың сол жағында орналасқан символды жоюға болады.

          Егер мәтінді Ауыстыру режимінде терсек, онда бұрын болған символдарды алмастыруға болады. Ол Insert пернесімен басқанда қосылады. Мәтінді қосуды жалғастыру үшін, Insert пернесін қайтадан басу керек.

         Егер мәтіннің барлық бөлігінде тұтас сөзді немесе сөз тіркесін алмастыру керек болса, онда Ауыстыру бұйрығын қолданған ыңғайлы .

         Мәтіннің ерекшеленген бөлігін 2 тәсілмен Жылжытуға болады :

-          тышқанмен сүйреу;

-          Алмасу буферін қолдану: мәтін бөлігін ерекшелеп, оны алмасу буферіне қиып алу, мәтіндік курсорды керек жерге апарып, бөлікті алмасу буферінен кірістіру.

Көшіру амалы жылжытуға өте ұқсас:

-          Ерекшеленген бөлікті тышқанмен Ctrl пернесін баса отырып жылжытамыз;

-          Немесе оны алмасу буферіне көшіреміз, керек жерге кірістіреміз.

Егер мәтінге амал қолданғанда бір нәрсе шықпай жатса, абыржудың керегі жоқ. Жылдам қолжеткізу тақтасындағы Кері қайтару пернесін немесе Ctrl + Z пернелерін басу арқылы кез келген әрекеттен бас тартуға болады. Әрекеттер тізбектеліп кері қайтарылады, сондықтан олардың кез келгенін өз таңдауларың бойынша қайтара алмайсыңдар.



VІ. Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

 

VІІ. Қорытынды


  1. Бас әріпті қалай енгіземіз ?

  2. Бос орын қай кезде қойылады ?

  3. Enter пернесін қай кезде басу керек ?

  4. Ұзын сызықша (тире ) қалай қойылады ?

  5. Мәтін бойынша жылжу пернелерін атаңдар .

VІІІ Үйге тапсырма
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі: «______» ________2016 ж Нәбиев Қ.Б. _________

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 5

Жаратылыстану- математикалық бағыт

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді пішімдеу. Әріптер. Абзац.

Сабақтың мақсаты : берілген өлшемдер бойынша мәтінді пішімдеуді үйрету.

Оқушылар білуі тиіс : шрифтті, абзацты пішімдеу параметрлерін, стандартты өлшем және әріп гарнитурасын.

Оқушылар үйренуі тиіс : мәтін енгізу алдында, ерекшеленген бөлігі үшін, бүкіл мәтін үшін әріпті, өлшемін таңдауды; абзац, бірінші жолдың шегерімін түзетуді орнатуды, сызғышты, табуляцияны қолдануды, мәтінді тізім түрінде рәсімдеуді.

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

IV. Білімі өзектендіру

1. Мәтіннің қай элементі минималды болып табылады ?

2. Құжатты құрғанда мәтіндік редактор бізге қандай әріпті ұсынады ?

3. Азацта мәтін болмауы мүмкін бе ?

4. Абзац дегеніміз не ?

5. Мәтіндерді абзацтарға қалай бөлеміз ?

6. Бірнеше абзацтарды біріктіре аламыз ба, қалай ?

7. Мәтін мен абзацтарды қалай жылжытамыз ?

 

V. Жаңа тақрыпты түсіндіру

       Біріншіден, пішімдеу бұйрықтарын бірнеше тәсілмен шақыруға болады : Контекстік мәзір лентасындағы бұйрықтар батырмаларын шерту.

       Екіншіден, пішімдеу мәтіні енгізілгенге дейін тағайындалу немесе енгізілгеннен кейін орындалуы мүмкін.

        Әріптің кескінін мына батырмамен өзгертуге болады:

        Экранда әріптердің көлемін өзгертуге де болады. Оларды үлкейтуге де, кішірейтуге де болады. Ол үшін   батырмасын қолданады. Келесі үш батырманың қызметі:

 - Әріптерді жуандатады;

 - Әріптерді қисайтады;

 - мәтіннің астын сызады.

        Символ үшін мынадай баптауларды тағайындауға болады:



  • әріптің түрін ;

  • мөлшерін;

  • түсін.

 Іскерлік хаттар, рефераттар үшін әріптің 14 пт мөлшері, TimesNewRoman гарнитуралары ұсынылады. Мәтінді түстермен және ерекше кескінмен көзге түсердей етіп артық белгілеудің қажеті шамалы.

Сондай – ақ ерекшеленген мәтінді пішімдегенде пернелер тіркесімін бірге пайдаланған да ыңғайлы. Мысалы, әріптің кескінін жуан ету үшін Ctrl+B , курсив ету үшін - Ctrl+І пернелер тіркесімін қолдануға болады.

         Егер электрондық құжатта тасымалдау орнатылмаса, онда абзацта сол жақ шет бойынша түзеу анықталады. Автор құжаттың қандай принтерде, қандай әріппен және мөлшермен басып шығарылатынын білмейді. Сондықтан көбіне тақырып ортаға, ал авторға сілтеме немесе құжат құрылған мерзім – оң жақ шет бойынша түзеледі.

        Абзац үшін келесі баптаулар анықталады:



  • түзеу;

  • жоларалық интервал ;

  • шегінулер ;

 

Түзеу

  • Мәтін жолдың басында, сол жақта орналасады.

Негізгі мәтінді осылай жазады.

  • Мәтін ортаға теріледі. Тақырыптарды осылай тереді.

  • Мәтін жолдың соңынан, оң жақтан теріледі.

       Мысалы, эпиграфты безендіргенде, шегініс беттің сол жақ шетінен және түзеу сол жақ шеті бойынша орнатылады.

Шегіністер

       Сол сияқты абзацтың бірінші жолында шегініс – «қызыл» жол болуы мүмкін.

Шегіністерді Сызғыштағы жүгіргіштерді жылжытып та бекітуге болады.

       Мәтіннің фрагменттерін дәл көрсетілген жерге орналастыруға мүмкіндік беретін құралдың бірі – Табуляция.

       Табуляцияның мәнін анықтай отырып, мысалы, мәтінді екі бағанға бөлуге болады.

       Бұл мысалда Абзац , Тіркеме беттер бұйрығы орындалған, Табуляция позицияларының өлшемі 6 см етіп алынған. Мәтін енгізгенде Tab пернесін басу жеткілікті. Абзацта бірнеше табуляция позициялары анықталуы мүмкін.



Тізім

         Егер оқушылардың тізімін басып шығару немесе дүкендегі тауарды санап шығу керек болса, не істейміз ? WordPad мәтіндік редакторында мәтінді тізім түрінде ұйымдастыруға болады. Тізімде әрбір абзац бірдей пішімделген және нөмірден немесе арнайы таңбашадан – маркерден басталады. Тізімді бастау немесе аяқтау үшін Тізімді бастау батырмасын басыңдар.

        Абзацты тізімдегі шегініспен құру үшін, Shift және Enter пернелерін бір мезгілде басыңдар . Осылай мәтінге абзац символы емес, жолды күштеп айыру символы кірістіріледі. Жолдың басында маркер пайда болмайды.

VІ. Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.



VІІ. Қорытынды Бақылау сұрақтарымен қорытындылау.

VІІІ. Үйге тапсырма
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі: «______» ________2016 ж Нәбиев Қ.Б. _________

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 5

Жаратылыстану- математикалық бағыт

Сабақтың тақырыбы: Практикум. Мәтінмен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты : мәтінді пішімдеу ұғымын жалғастыру.

Оқушылар білуі тиіс : мәтінді пішімдеуді

Оқушылар үйренуі тиіс : мәтіндерді реттеуді, сызғышты пайдалануды, мәтінді тізім түрінде рәсімдеуді, табуляцияны пайдалануды.

Сабақтың барысы :

І . Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

IV. Білімі өзектендіру

Сендер параметрлер өлшемін өзгертуді жақсы білесіңдер. Параметрлерді санап шығыңдар.



V. Жұмысты орындау

1- тапсырма

1. Өлеңді теріңдер.

2. Өлеңнің әрбір жолын әртүрлі түске бояңдар, әріптің мөлшерін 13- ке өзгертіңдер.

3. Алғашқы үш жолды әртүрлі тәсілдермен өлеңнің соңына көшіріңдер.

 2- тапсырма

1. Мәтінді теріңдер.

2. Екінші жолды күлгін түспен безендіріңдер.

3. Мәтін атауын 16 мөлшермен теріңдер.

4. Мәтінді «Автобуста» деген атаумен сақтаңдар.

3- тапсырма

1. Мәтінді теріңдер және безендіріңдер.

2. Мәтінге атау ойлап табыңдар және оны мәтіннің алдына қосыңдар.

3. Бірінші сөйлемді мәтіннің соңына көшіріңдер.

4- тапсырма .

1. Екі өлең мәтінін теріңдер.

2. Мәндері бұзылған сөздер мен жолдардың ретін анықтаңдар.

3. Тасымалдау амалдарының көмегімен сөздер мен жолдарды дұрыс ретімен орналастырыңдар.

5- тапсырма.

          Мына сөздерді есептеңдер: монитор, пернетақта, информатика. Тапсырманы орындағанда мәтіннің фрагментін көшіру немесе кірістіру амалдарын қолданыңдар.

6- тапсырма.

           «Ком» буынынан басталатын сөздерді ойлап табыңдар және мәтіндік редакторда жазыңдар. Сөздерді маркерленген тізім ретінде бағанға жазыңдар. Мысалы:



  • Компас .

  • Компьютер .

7- тапсырма .

1. Кез келген 5 жұмбақ теріңдер.

2. Жолдастарыңмен орын алмастырыңдар.

3. Ол сенің , ал сен оның жұмбақтарын шешіңдер, жауаптарын әрбір жұмбақтан кейін кірістіріп жазып шығыңдар.



. Қорытынды

Тәжірибелік жұмысты тексеру, сұрақтарды талқылап, бағалау.



VІІ. Үйге тапсырма

Қайталау.


САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі: «______» ________2016 ж Нәбиев Қ.Б. _________

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 5

Жаратылыстану- математикалық бағыт

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік және графиктік ақпаратты өңдеу.

Сілтеме Жоспар

Негізгі дереккөздер: Оқулық. Информатика, 5 сынып, Арман -ПВ, 2013 ж,

МАН материалдары, Математика және информатика журналдары



Жалпы мақсаты: Мәтінді пішімдеу ұғымын жалғастырып, мәтінге сурет қою тәсілдері туралы ақпарат беру.

Файлдан сурет қою мен Paint+сурет айырмашылығын үйрету. Жұппен жұмыс жасауға тәрбиелеу.



Күтілетін нәтиже: Мәтінді пішімдеу ұғымын жалғастырып, мәтінге сурет қою тәсілдері туралы ақпарат  алатын болады.

Файлдан сурет қою мен Paint+сурет айырмашылығын үйренеді. Жұппен жұмыс жасайды.



Негізгі идеялар: Мәтінге кескіндерді 3 тәсілмен кірістіруге болады:

  1. Алмастыру буфері арқылы (суретті ашу, қажет фрагментті ерекшелеу, оны алмастыру буферінен мәтінге кірістіру).

  2. Суретті файлдан кірістіру (Кірістіру-Кескін);

  3. Мәтінмен жұмыс кезінде суретті Paint-те салу (кірістіру- Paint суреті).

Тапсырмалар: Топтық жұмыс: Мәтінмен жұмыс

Жеке жұмыс: Тәжірибелік жұмыстар орындау.(АВ деңгейлі тапсырмаларды орындау).



Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:  (мұғалім , жеке оқушы немен айналысады)

1. Ұйымдастыру  кезеңі. 1.1 Сынып оқушыларына жағымды ахуал орнату. АКТ. Сергіту сәті. Қауіпсіздік техника ережесі. 1.2.Назарларын  сабаққа аудару, оқушылар реттілік бойынша(1,2,3,4 ) саналып,  4 топқа бөлу   (1-3 мин). 1.3. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою. Білімді өзектендіру.

Сұрақтар: 1.Мәтіндік және графикалық редакторлар арасында ақпарат өзара қалай алмасады?


  1. Суретті мәтінге қосудың тәсілдерін атаңдар..

3.Алмасу буферімен жұмыс істеу командаларын атаңдар.

  1. Суретті алмастыру буферінен мәтінге кірістіруді сипаттаңдар.

  2. Кірістіру-Кескін және Кірістіру- Paint

Жеке жұмыс: Үй тапсырмасын пысықтау.§25. Практикалық жұмыс. Деңгейлік тапсырмаларының нәтижелерін тексеру. Мадақтау арқылы бағалау.

 Топтық  жұмыс: Жаңа тақырыпты түсіндіру тәжірибелік жұмысты орындаумен қатар жүреді . Мәтіннен суреттің жылжымайтынын көрсету. Оқушылар құжатқа сурет қою тәсілдерін дәптерге жазып алады. «Рисунок Paint» командасымен қойылған суретті редакциялауға келмейді, шрифті өзгерткенде мәтіндегі сурет өлшемі өзгермейді.



  1. Мәтіндік құжаттарды құру үшін қолданылатын қандай стандарттық программаларды білесіңдер? Мәтіндік және графикалық редакторлар өзара ақпаратпен қалай алмаса алады?

  2. Мәтіндегі суреттің мөлшерін қалай өзгертуге болады?

3. Қалй ойлайсыңдар, мәтінге түзетілген суретті көру үшін не істеу керек? Әрине, оны қайтадан мәтінге кірістіру керек.

Жеке жұмыс: Таңдалған деңгейлік тапсырма бойынша компьютерде тәжірибелік жұмысты орындау және  жұмысты тексеру, сұрақтарды талқылап, оларға жауап беру.

1 тапсырма: 1) Paint-ті іске қосыңдар.

2) Жұлдызшаның суретін салыңдар және файлды өз бумаларыңа “Жұлдызша» деген атаумен сақтаңдар.

3) WordPad- ті іске қосыңдар.

4) «Мен мәтінге файлдан сурет кірісітіремін» мәтінін теріңдер.

5) Кескін батырмасын шертіңдер.

6) Жұлдызша файлын таңдап, Ашу батырмасын шертіңдер.

7) Paint-ке ауысып, суретке найзағай бейнесін қосыңдар. Файлды сақтаңдар.

8) WordPad-ке ауысыңдар. Мәтіндік сурет өзгерген жоқ.



2 тапсырма: 1) Графикалық редакторда «Жалау» өлеңіне сурет салыңдар.

2) Мәтіндік редакторда өлеңнің мәтінін теріңдер. Сызғыштың көмегімен өлеңнің екінші бөлігін оның бірінші бөлігінен 5 см оңға қарай жылжытып орналастырыңдар.

3) Өз суреттеріңді графикалық редактордан мәтінге көшіріңдер.

Жалау


Жалғыз жалау желбіреп

Тұманды теңіз төрінде

Жат жерде жүр не тыңдап?

Несі бар бөтен жерінде?

Ойнақтап толқын, жел гулеп,

Майысар діңгек сықырлап.

Ол жүрген жоқ бақ іздеп,

Қашпайды бақтан бойды ұрлап.

(М.Ю. Лермонтовтан)

Кім қанша өмір сүреді?



Ұзақ жасаудың  рекордшылары- тасбақалар, олар 300 жыл өмір сүреді. Тиіндер мен қояндар 10 жылдай, ал құндыз-олардан 3-4 есе артық өмір сүреді. Қасқыр-15 жыл, түлкі 12-13 жыл жасайды. Бұғы мен бұлан – 20 жыл, ал піл 80 жыл жасайды. Үй жануарларының ішіндегі ең ұзақ ғұмыр кешетіні –есек -50 жылға дейін. Түйелер мен жылқылар 30 жылға жуық, иттер 15 жыл жасайды. Құстардың ішінде қаздар басқаларынан көп қмір сүреді, 40 жылдай. Балықтар арасында – шортандар, олар 200 жылға дейін өмір сүреді.     (В.Песков)

Мадақтау арқылы бағалау. Кері байланыс: -Маған қызықты болғаны… Маған қиын болғаны…

Кейінгі тапсырмалар: §25. Графиктік және мәтіндік ақпаратты өңдеу. 

Бақылау сұрақтарына жауап беру. 

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі: «______» ________2016 ж Нәбиев Қ.Б. _________

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 5

Жаратылыстану- математикалық бағыт

Сабақтың тақырыбы:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет