Бурыл орта мектебі
Сабақтың тақырыбы:
«Интернет әлемі»
Түрі: пікірталас (сыныптан тыс)
6 «Ә» сынып
Информатика пәнінің мұғалімі:
Байсейтова Ш.Т.
Сабақтың тақырыбы: «Интернет әлемі»
Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары мен ынтасын арттыру, теориялық, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымдық жұмыс жасауын және өз ойын еркін жеткізе білу, өткенді еске түсіру дағдыларын қалыптастыру.
Өтілу әдісі:
Пікірталас(Zoom бағдарламасымен)
Ұйымдастыру кезеңі
1.Сәлемдесу:
Дүниедегі құбылыстың мәнін де,
Интернеттің, жаңалықтың бәрін де
Мүмкін емес информатикасыз түсіну,
Компьютер дүние кілті бүгін де,-демекеші, заман талабына сай әрбір адам компьютер мен интернеттің қыр сырын білгенге не жетсін.
“Пікірталас шарттары” V кезеңнен тұрады:
I.Интернет туралы қысқаша шолу.
II. Берілген суретке қарап интернетте не жасауға болатынын талқылау.
III. Сұрақ жауап кезеңі.
IV. "Компьютердің пайдасы мен зияны" (пікірталас) ойыны.
V. Қорытынды сөз
I. Интернет туралы қысқаша шолу:
Бұл әлемде интернетке кірмейтін адам мыңның бірінде ғана шығар. Бүкіл дүние жүзіндегі адамдардың 90%-ға жуығы интернетке кіреді. Яғни интернеттің маңызы зор. Интернетсіз адам өмірін елестету өте қиын. Күн өткен сайын адамдар интернетке тәуелді болып барады. Адамзат баласы кем дегенде күніне 1 сағатын Интернетте өткізетіні белгілі.
Өзара байланыстырылған миллиондаған компьютерден құралған біртұтас ақпараттық кеңістікті Интернет деп атайды. Интернет – ағылшынша Internet – желі аралық байланыс дегенді білдіреді. Ол бүкіл жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желілер жиынтығы.
Бейне жазбаға қысқыша шолу «Әлеуметтік желілердің әбігері» https://youtu.be/gc3P4MM1MQI
II. Берілген суретке қарап интернетте не жасауға болатынын талқыла.
III. Сұрақ жауап кезеңі.
1.Интернеттің пайдасы.
2.Интернеттің зияны.
3. Интернетте жұмыс істеу барысында сақталатын қауіпсіздік ережелері.
4.Интернетке тәуелділік деген не?
5.Интернетке тәуелділік проблемаларын шешу жолдары.
6.Интернет қай жылы пайда болған?
Жауабы:
Ғаламтор - ғылым мен техниканың шынайы жетістігі. Ол - сөзсіз. Интернетті қолдана алатын кез келген адам өзіне қалаған ақпарат мен мағлұматты тауып, қажетіне жарата алады. Мазалап жүрген сауалдарының жауабын табады. Әлемдік жаңалықтар мен оқиғалардан хабардар болып отыруға көмектеспек. Бұл жағынан интернет адамның білімі мен қабілетін, тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.(оқушы өз ойын білдіреді)
Ғаламторға деген тәуелділік қазір ғаламдық мәселеге айналып бара жатыр. Соның кесірінен адамдар арасындағы күнделікті байланыс бұзылып барады. Адамдар бір-бірімен сөйлесуді, әңгімелесуді, сырын бөлісуді ұмытып бара жатқандай. Жылы шырай танытып, шүлдірлеп сөйлесуден, жанды, табиғи қатынастан қалып барамыз.Ғаламтордың келесі зиянды тұсы - адамның денсаулығы. Компьютер алдында ұзақ отырған адамның денсаулығы да нашарлай түседі. Өйткені ол қозғалыстан қалып, оның соңы бел, арқа, көз ауруларына әкелуі мүмкін.(оқушы өз ойын білдіреді)
Интернетте ұзақ отырып, пайдасыз істермен айналыспа.
Онлайн таратылатын ойын дарға қосыл ма.
Интернет мәліметтерін қолданғанда міндетті түрде ақпарат көзін (авторын немесе сайтты) көрсет.
Әлеуметтік желілерді қолданғанда мәдениетті бол.
Өзгенің атынан хабарлама жазуға, өзгенің паролін бұзуға талпынба.
Қазіргі таңда Интернетке тәуелділік әлемдегі ең басты мәселелердің біріне айналып отыр. Жасөспірімдер мен оқушылардың көпшілігі бос уақыттарын компьютерлік ойындар ойнауға және желі арқылы достар тауып араласуға арнайды. Осылайша, уақытын Интернеттегі видеожазбаларды көріп, қажетсіз берілген ақпараттарды тыңдап өткізетін қолданушыларда аз емес.
Интернетті қолдану уақытыңды үнемі бақыла. Виртуалды әлемге аз уақыт бөліп, сыныптастарыңмен,туған туыстарыңмен көбірек қарым-қатынас жаса, аралас.Бос уақытыңда таза ауада серуендеп, спортпен айналыс.
Интернетті тек пайдалы ақпарат таралуға пайдалан.Тәуелділікті тудырмау үшін күн тәртібін жасап, уақытыңды тиімді жұмса.
Интернет АҚШ-та пайда болды. Алғашқы ARPANET сервері 1969 жылдың 1 қыркүйегінде Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде орнатылды.
IV. "Компьютердің пайдасы мен зияны" (пікірталас) ойыны (оқушы өз ойын білдіреді).
V. Қорытынды сөз
Бүгінгі сыныптан тыс іс-шара «Ғаламтордың пайдасы мен зияны»туралы көп мәлімет алдыңыздар деп ойлаймын. Күнделікті тұрмыста ғаламторды дұрыс мақсатта қолдана білейік. Денсаулығымызға зиян келмейтіндей ақыл кеңестерді тиімді пайдала біліңдер.
Интернет әлемі
Қызығы мол әдемі.
Компьютердей құралды
Меңгердік ау біз енді.
Интернет құралғы
Үйретеді жаңаны.
Өркениетті ел болып
Жаңалықта табады.-деп сыныптан тыс іс-шараны аяқтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |