Сабақтың барысы мен мазмұны
Ұйымдастыру кезеңі
а) ұйымдастыру кезеңі
б) үй тапсырмасын сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң баларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.
Үй тапсырмасын тексеру:
Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау, баяндап жаздыру
Internet желісінде қолданушының жұмысын ұйымдастыру
Жұмысшы тобын құру үшін оған қамтуға ұйғарылған компьютерлердің әрқайсысында Желіні орнату Шеберін (Network Setup Wizard) орындау қажет. Шебердің жұмысын аяқтағаннан кейін компьютерлер өзара әрекеттесе алады. Шебер сонымен қатар Интернетке қосылған компьютерді қорғау үшін Интернеттің брандмауерін (Internet Connection Firewall, ICF) де қамтиды. ICF — бұл желі мен сыртқы әлемнің арасындағы шекараны бақылайтын бағдарлама.
Жұмысшы тобын құру үшін келесі әрекетті істеңдер:
1. Басқа компьютерлерді Интернетке қосатын компьютердің Интернетпен байланысын тексеріңдер.
2. Жұмысшы тобы үшін атау таңдаңдар. Атау ақпараттық болуы тиіс, мысалы, Компьютерлік сынып, онда мынадай таңбалар болмауы тиіс: ; : " < > * + = \ | ? ,.
3. Келешек жұмысшы тобының компьютеріне желілік кәбілді қосыңдар.
4. Жұмысшы тобының әр компьютерінде желіні орнату Шеберін орындаңдар.
Шеберді іске қосу үшін Іске қосу-ды | Басқару тақтасы-н | Желі мен Интернетке қосылу-ды (Пуск | Панель управления | Сеть и подключения к Интернету (Start | Control Panel | Network and Internet Connections)) шертіңдер, содан кейін Желілік қосылу таңбашасы-н (Сетевые подключения (Network Connections)) екі рет шертіңдер. Одан әрі Тапсырманы таңдаңдар (Network Tasks) тобындағы Орнату немесе үй немесе кіші желі параметрлерін баптау (Setup a home or small office network) сілтемесін шертіңдер. Сұраныс бойынша жұмысшы тобының атауын енгізіңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |