Cабақтың кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Нәтиже
|
I-II топ
|
III-IV топ
|
I. ППД
|
Шаттық шеңбері.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге!
Керекті құрал-жабдықтардың жеткілікті болуын қадағалау. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
|
Шеңберге тұрып,
бәрі бірге айтады.
Қимылдар жасайды.
Сабаққа дайындық жасайды.
|
Шеңберге тұрып,
бәрі бірге айтады.
Қимылдар жасайды.
Сабаққа дайындық жасайды.
|
|
II. Негізгі кезең
|
Өлең оқу.
Шанамен зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, біз өткен сабақтарда қыс мезгілі туралы әңгімеледік, қыстың ерекшеліктерімен таныстық.
- Қыс мезгілі қандай болады екен?
- Қыста біздер қалай киінеміз?
- Қандай қысқы ойындарды білеміз?
- Дұрыс айтасыңдар. Қарлы боранымен, сықырлаған аязымен қыс та келіп жетті. Бірақ біз қыстан қорықпаймыз. Денемізді шыңдаймыз, жылы киінеміз. Сырғанақ теуіп, аққала жасаймыз.
- Ендеше, үйге қандай тапсырма берілді?
- Біз бүгін қыс тақырыбын одан әрі жалғастырамыз. Жылдың төрт мезгілінің бірі – қыс. Қыс – суық, қарлы, аязды болады. Қыста қар жауып, аяз болып, ағаштарға қырау тұрады. Ол табиғаттың өзі жасаған шеберлігі.
|
- Қыс мезгілі.
- Суық болады, беті-қолымыз тоңады. Қар жауады, боран болады.
- Жылы киімдерімізді киеміз. (Айтады)
- Аққала соғамыз, шанамен сырғанаймыз, шаңғы, коньки тебеміз.
- «Қыс» тақпағын жаттау. Жатқа айтады.
|
- Қыс мезгілі.
- Суық болады. Қар жауады.
- Жылы киімдерімізді киеміз. (Айтады)
- Аққала соғамыз, шанамен сырғанаймыз, қармен ойнаймыз.
Сандуғаш, Динара айтады.
|
|
Тіл ұстарту жаттығуы
|
Ыс-ыс-ыс, Келіп қалды қыс.
Ар-ар-ар, Қандай аппақ қар.
Ша-ша-ша, Жап-жасыл шырша.
|
Мұғаліммен бірге қайталайды.
|
Мұғаліммен бірге қайталайды.
|
|
«Аққала» дидактикалық ойыны.
|
- Балалар, қазір біз «аққала құрастыру» ойынын ойнайық. Үстел үстінде аққаланың бөліктері, басына киетін шелегі жатыр. Сендер сол бөліктердің артындағы тапсырмаларға жауап берулерің керек.
1. Жыл мезгілдерін ата.
2. Әр мезгілде неше ай бар?
3. Қыс айларын ата.
4. Желтоқсан айында қандай мереке бар?
5. Қаңтар айында қандай мереке бар?
6.Қыста қай аңдар ұйқыға кетеді?
|
Бөліктерді алып, артындағы сұраққа жауап беріп іледі.
- Күз, қыс, көктем, жаз.
- Үш ай бар.
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
-Елбасы күні, Тәуелсіздік мерекесі.
-Жаңа жыл мерекесі.
- Аю, борсық, кірпі.
|
Аққаланың неше бөліктен тұратынын, қандай геометриялық фигуралардан құралғанын айтады.
Көмек арқылы айтады.
|
|
«Аңдарға көмектесейік» ойыны
|
- Балалар, бізге орманнан аңдар көмек сұрап келіпті. Олар қысқы азығын жинап үлгермей жатыр екен. (Тиін, аю, кірпі, қоян)
|
Әңгімелейді. Әр аңның азығын тауып береді.
|
Әңгімелейді. Әр аңның азығын тауып береді.
|
|
Оқулықпен жұмыс
|
24-беттегі 30-тапсырманы орындау. Бір бала тапсырманы оқиды. Басқа балалар тақтаға жазады.
|
- Қыста суық, аяз, боран болады.
|
Жауап береді.
|
|
Сергіту сәті
|
Айналамда ұшып жүр,
Ақ мамық қар себелеп.
Жалт-жұлт еткен бейне бір,
Ұшып жүрген көбелек.
|
Өлең сөздеріне қарай қимылдар жасайды.
|
Өлең сөздеріне қарай қимылдар жасайды.
|
|
Дәптермен жұмыс.
Кестемен жұмыс
|
Дәптерге тақтадағы «қыс» сөзіне құрылған ассоциацияны жазады.
а яз суық
Қыс
боран мұз
Жұбын табады.
|
Жазады.
|
Жазады. Бастырады.
|
|
«Не артық?» дидактикалық ойын
|
Қыс мезгіліне жатпайтын суретті тауып, қарындашпен қоршайды.
|
Тапсырманы жұппен орындайды.
|
Тапсырманы жұппен орындайды.
|
|
Сабақты бекіту
|
1. Суретпен жұмыс. Қыс белгілері
2. «Қар ұлпасы» бейнелеу жұмысы
|
Қолдарындағы суретке байланысты қыс белгісін айтып, тақтаға іледі.
Ақ түсті бояуға қылқаламды батырып, көк түсті қағазға тамызып, түтікшемен үрлеп, қар ұлпасының суретін бейнелейді.
|
Қолдарындағы суретке байланысты қыс белгісін айтып, тақтаға іледі.
Ақ түсті бояуға қылқаламды батырып, көк түсті қағазға тамызып, түтікшемен үрлеп, қар ұлпасының суретін бейнелейді.
|
|
III. Қорытынды кезең
|
- Сонымен, қыс мезгілі сендерге ұнай ма?
- Несімен ұнайды?
Қыс туралы жаттаған тақпақтары мен өлең айту.
Бағалау.
Үйге тапсырма.
|
- Иә, ұнайды.
- Қарымен, аязымен, түрлі қызықты ойындарымен, мерекелерімен т.б. өз ойларын айтады.
24-беттегі суретке қарап әңгіме құрастырып келу.
|
- Иә, ұнайды.
- Ойындарымен, Жаңа жыл мерекесімен т.б. өз ойларын айтады.
|
|