Сабақтың мақсаты: Оқушыларды бейорганикалық қосылыстардың бірі болып келетін қышқылдар класымен, олардың жіктелуі мен номенклатурасымен таныстыру. Зерттеу әдісі арқылы қышқылдардың қасиеттерін анықтау және индикаторлар туралы түсінік беру, қышқылдармен жұмыс істеу ережелерімен таныстыру.
Міндеттері: Білімділік: Қышқылдардың формуласын құрастыруға және оларды атауға үйрету. Қышқылдардың құрамын физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттайтын химиялық реакция теңдеулерін жаза білуге баулу. Дамытушылық: Жаңа сабақпен өткен тақырыптарды ұштастыра отырып оқушылардың білімдерін одан әрі дамыту және өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттерін, дағдыларын қалыптастыру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.