САБАҚ ЖОСПАРЫ
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Адал Гүлбаршын
|
Пән/Сынып:
|
Химия, 7 сынып
|
Қай аптаның нешінші сабағы
|
1- сабақ
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
V- тарау
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Қышқылдардың химиялық қасиеттері
|
Оқу мақсаты:
|
7.2.2.1-Сұйытылған қышқылдардың қолдану аяларын және олармен жұмыс жасау ережелерін білу
7.2.2.2-Сұйытылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу және сутек газаның сапалық реакциясын жүзеге асыру
|
Бағалау критерийі:
|
Сұйытылған қышқылдардың қолдану аяларын және олармен жұмыс жасау ережелерін біледі
Сұйытылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттейді және сутек газының сапалық реакциясын жүзеге асырады.
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыппен таныстыру;
Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру;
Жаңа тақырыпты цифрлық ресурстар арқылы түсіндіру;
Бейнероликті қолдана отырып,бекіту тапсырмаларын орындату;
|
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету;
Бекітуге арналған тапсырмаларды орындату;
Тапсырмалардың жауаптарын жазу;
|
Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылардың өз бетімен тапсырма орындауы;
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Тапсырма
|
Тапсырманың мақсаты
|
Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
1 минут
01:00 – 03:00
|
Ұйымдастыру
|
Сәлеметсіздер ме!
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Қышқылдардың химиялық қасиеттері
Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің:
Табиғи қышқылдар мен сілтілерді біледі.
Химиялық индикаторлар метилоранж, лакмус, фенолфталеинді және олардың әртүрлі ортадағы түстерінің өзгеруін біледі
Сенің меңгеретінің:
Сұйылтылған қышқылдардың химиялық қасиеттерін ;
Металдардың белсенділік қатарын
Бейтараптану реакциясын .
|
|
|
|
Презентация
Слайд 1
Слайд 2
|
8 минут
03:00 – 11:00
11:00-14:00
|
Жаңа сабақ
|
Тәжірибе № 1
Индикатор түсінің өзгеруі бойынша қышқыл мен сілті арасында реакцияның жүргенін байқауға болады.
Химиялық стаканға сілті ерітіндісі-натрий гидроксидін құйып, оған бірнеше тамшы фенолфталейн ерітіндісін қосамыз. Ерітінді таңқурай түске боялады. Ерітінді түссізленгенге брюреткадан тамшылатып, тұз қыщқылының ерітіндісін қосамыз. Оның түссізленгені қышқыл мен сілті арасында реакция жүріп, ерітіндінің бейтараптанғандығын көрсетеді. Яғни, онда қышқыл да, сілті де жоқ.
Тәжірибе № 2
Қыщқылдардың әртүрлі металдармен әрекеттесуін мына тәжірибе арқылы бақылауға болады:төрт сынауықтың біріншісіне алюминий, екіншісіне мырыш, үшіншісіне темір жаңқасын, төртіншісіне мыс сымының кесіндісін салып, әр сынауыққа 2 мл тұз немесе күкірт қыщқылының ерітінділерін қосып, аздап қыздырамыз және әр сынауықта сутектің бөлінуін бақылаймыз. Тәжірибе нәтижесінде қышқыл мен алюминий шабытты әрекеттеседі, мырыш одан баяу, ал темір мырыштан да баяуырақ әрекеттесетінін байқаймыз. Ал мыс қыщқылмен мүлдем әрекеттеспейді, сынауықта сутек бөлінбейді. Демек, металдардың қышқылдарға қатысты белсенділігі әртүрлі.
Металдардың тұз қышқылымен әрекеттесуін былай көрсетеді:
алюминий + тұз қышқылы = алюминий хлориді + сутек
мырыш + тұз қышқылы = мырыш хлориді + сутек
темір + тұз қышқылы = темір хлориді + сутек
Кезінде орыс ғалымы Н.Н.Бекетов осыған ұқсас тәжірибелерді жасау нәтижесінде металдардың сутекті қышқыл құрамынан ығыстыру қатарын, яғни металдардың белсенділік қатарын құрастырған:
K, Na,Mg, Al, Zn,Fe,Ni, Sn, Pb ( H), Cu,Hg, Ag,Pt,Au
Белсенділік қатарында сутекке дейін орналасқан металдар сұйылтылған қышқыл ерітінділерінен сутекті ығыстырады, ал сутектен кейін орналасқан металдар оны қышқыл құрамынан ығыстырмайды.
Реакциялар нәтижесінде бөлінген сутекті сынауықтың аузын төмен қарата ұстаған күйде жинап, спиртшам жалынына жақындатады.
Қоспасыз сутек қалыпты жанады. Оның ауамен, оттекпен қоспасы қопарылыс бере жанады, Оның ауамен, оттекпен қоспасы қопарылыс бере жанады, әсіресе екі көлем сутек пен бір көлем оттектен тұратын қоспа өте қопарылғыш (күркіреуік газ деп аталады)
Егер сутек таза болса, ол “п-пах” деген дыбыс шығарып жанады. Ауамен немесе оттекпен қоспасы қопарылыс беруі мүмкін. Қопарылыс шыны ыдыста жүрсе, оның сынықтары айналадағы адамдарды жарақаттануы мүмкін, сондықтан сутекпен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау керек.
|
Достарыңызбен бөлісу: |