Бағалау. 10 баллдық жүйе бойынша күнделікке бағалау жүргізу
Үй тапсырмасы. Тақырыпты оқу. 2-тапсырма
Оқушылар бүгінгі сабаққа кері байланыс береді.
1-10 балл
Қағаздар
Жұптық жұмыс. Т кестесі (қосымша 1) 1-тапсырма. Т кестесін толтыру (2 балл)
Механикалық энергия
Ішкі энергия
Жеке жұмыс. Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары Қосымша 2 1-тапсырма. Шындық, жалған (2 балл) Төмендегі тұжырымдардың қайсысы дұрыс, қайсысы дұрыс емес?
1.Температура жоғарылағанда ішкі энергия артады.
2.Ішкі энергия температураға тәуелді емес.
3.Егер екі дененің температурасы бірдей болса, олардың ішкі энергиялары да бірдей.
4.Берілген нақты бір дененің ішкі энергиясы өзгермейді.
5.Берілген бір заттың ішкі энергиясы әртүрлі агрегаттық күйлерде түрліше болады.
6.Егер жұмысты денеге әсер ететін сыртқы күш жасаса, оның ішкі энергиясы төмендейді.
2-тапсырма. Кестемен жұмыс (3 балл) Төмендегі мысалдардың ішінен ішкі энергиясы кемитін және ішкі энергиясы артатын денелерді көрсетіңдер.
1.Қыздырылған алюминий суық су құйылған ыдысқа салынды.
2.Салқын суға қатты қыздырылған қорғасын кесегі салынды
3.Ыстық кофе құйылған стақанға шай қасық салынды.
4.Қолымызда бір түйір мұз бар
5. Шелектегі суық суға қайнап тұрған суды еселеп құйдық.