Күні: 25.01.2017 жыл
Пәні: қылқалам
Сыныбы: 2 «А»
Сабақтың тақырыбы: Қысқы пейзаж
Сабақтың мақсаты:
1. Қысқы табиғат әсемдігін көре білуге баулу. Қыс айларындағы табиғат өзгерістерін, құбылыстарын бейнелеуге үйрету;
2. Бояу түстері арқылы салынған суреттер бойынша оқушының ойөрісін, қиялын дамыту, шығармашылық қабілеттерін өрістету, сурет салуға икемділік дағдыларын қалыптастыру;
3. Оқушыларды туған жердің табиғатын аялауға, елін жерін сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: түсіндіру, көрсету, үйрету, сұрақжауап
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, плакат, постерлер, дидактикалық материалдар
Пәнаралық байланыс: математика, әнсаз, дүниетану, әдебиеттік оқу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV.Сарамандық жұмыс
V. Үйге тапсырма
VІ. Қортындылау
І. Ұйымдастыру кезеңі
Шеңберге тұрып, бірбіріне деген тілектерін, жылы лебіздерін білдіреді
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Балалар, өткен сабақта қандай тақырыпта сурет салдық?
Натюрморт
Тест тапсырмасы
1.Натюрморт қандай ұғымды білдіреді?
а) пейзаж б) өлі табиғат в) портрет
2) Натюрморт дегеніміз не?
а) жансыз заттарды бейнелеу
б) табиғат көрінісін бейнелеу
в) адам бейнесін бейнелеу
3) Қай елде натюрморт жанры кеңінен дамыды?
а) Голландияда б) Францияда в) Германия
4) Натюрморт қанша топқа бөлінеді?
а) 5 б) 3 в) 2
5) Күрделі натюрмортқа қандай қойылым жатады?
а) 1-3 б) 4-5 в) 5-тен жоғары
Сөзжұмбақ:
Натюрморт жанры түрлерінің бірі? (қарапайым)
Заттың ең жарық жері қалай аталады? (жылт)
Бейнелеу өнері түрлерінің бірі, құрылысты жобалау салу, оған көркемдік бейне беру өнері қалай аталады? (сәулет өнері)
Негізгі үш түстің бірі? (қызыл)
Көк түспен сары түсті қосса, қандай түс шығады? (жасыл)
Табиғат көрінісін бейнелейтін жанр қалай аталады? (пейзаж)
Белгілі бір заттың бетіне бояу арқылы салынатын көркем шығармалар атауы? (кескіндеме)
Акварель қандай бояу? (сұйық)
Розовый түсінің қазақша атауы? (қызғылт)
Жансыз заттарды бейнелейтін бейнелеу өнерінің жанры. (натюрморт)
Қоңыр түсті шығару үшін қызыл түске қандай түсті қосамыз? (жасыл)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабағымыздың тақырыбы «қысқы пейзаж». Ал енді балалар, көзімізді жұмып, қысқы табиғатты көзімізге елестетіп отырамыз.
Абай Құнанбаев «Қыс»
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үстібасы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Қане, балалар не көрдіңдер?
Балалар жауап береді.
Сұрақ-жауап алу.
.Біздің өлкемізде жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі. (оқушылар жауабы)
.Қысқы ойын түрлерін атату.Суреттерін көрсету.(интерактивтік тақтадан)
.Қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстарына нелер жатады?
-боран соғады, аяз болады, қар жауады, күн суытады (оқушылар жауабы).
В) Пейзаж дегеніміз не?
Кескіндеме (живопись )өнерінің пейзаж жанрына тоқталамыз.
Пейзаж жанры –табиғат көрінісін бейнелеген көркем шығарма. Жылдың төрт мезгілі бар.Олар:қыс,күз,жаз,көктем.Біз бүгінгі сабағымызда қыс мезгіліне тоқталайық.Қыс қызықтарына не жетсін! Достарыңмен уақытты көңілді өткізген тамаша-ақ қой!Қар лақтырып ойнау,қар қамалын тұрғызу,шаңғы тебу,шанамен сырғанау,аққала соғу.Қысқы орман табиғаты,қысқы дала көріністері де алуан түрлі. Табиғат көрінісін бейнелеуде алыс,жақын,астында,үстінде,жанында ұғымдарын қалыптастыратын перспектива заңдылықтарын міндетті түрде білуіміз керек.Бірінші зат бізден неғұрлым алыс тұрса,ол соғұрлым кішкентай болып көрінеді.
Сергіту сәті
V. Сарамандық жұмыс
Асылбек Енсеповтың «Балалық шақ» күйі қойылады
Қысқы пейзажды бейнелейді
V.Сабақты бекіту
. «Ішінесыртына» әдісі
Бірінші қатар қысқа қатысты сөздер
Екінші қатар қысқа қатысты суреттер
. «Аққала құрастыру»
Аққаланың әрбір бөлшегіндегі сұрақтарға жауап беру
Үйге тапсырма: Суретті аяқтау
VI. Бағалау: Сабаққа жақсы қатысып, күлекештерді көп жинаған оқушыны бағалаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |