Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: Қисықсызықты трапеция және оның ауданы. Анықталған интеграл.
Сабақтың мақсаты: Қисықсызықты трапеция және оның ауданы ұғымын енгізу. Анықталған интеграл мен анықталмаған интегралдың айырмашылықтарын түсіндіру.
Білімділік: Анықталған интегралды есептей алады.
Дамытушылық: Оқушылардың тақырыпты өз бетімен меңгеруге мүмкіндік туғызу, ізденісін, тиянақты ой қорытындысын жасай білу, есте сақтау қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту.
Тәрбиелік: Сөйлеу мәдениетін, өз ойын дәл, нақты айта білуге үйрету, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Теориялық
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Білімді жүйелеу және тереңдету.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, дербес компьютер, таратпа карточкалар, электронды оқулық.
Пәнаралық байланыс: Физика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)
а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, журналға белгі соғу
ә) құрал-жабдықтарды тексеру;
б) топқа жағымды ахуал туғызу;
в) сабақта ынтымақтастық атмосферасын орнату (оқушылар бір – біріне жақсы тілектер тілейді).
ІІ. Үй тапсырмасын тексерy, қайталаy (10 мин)
Тақырыбы: Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы мен интегралы.
Жоспар:
Дәрежелік функция ұғымы.Дәрежелік функция интегралы.
Есептер шешу.
А) Ширату тапсырмасы (әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы, оқушылармен кері байланыс жасау)
Ә). Тақырыптың түсіну дейгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін «Басбармақ» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалау жүргіздім.
ІІІ. Жаңа сабақ (15 мин)
Жоспар:
Дәрежелік функция ұғымы.Дәрежелік функция интегралы.
Есептер шешу.
Қисық сызықты трапецияның ауданы Қисықсызықты трапецияның ауданын есептеу үшін S=F(b)-F(a) формуласын қолданады. Қисықсызықты трапецияның ауданы төмендегідей алгоритм бойынша есептелінеді: 1. Бір координаталық жазықтықта берілген сызықтардың графиктерін салу; 2. Фигураны OX осі бйымен шектелген кесіндісінің шеткі нүктелерін, яғни a және b-ның мәндерін анықтау; 3. f(x) функциясының алғашқы функциясын табу; 4. S=F(b)-F(a) формуласы бойынша қисықсызықты трапецияның ауданын есептеу. Алгоритм еске түсіреміз
№60 а) есепті шешіп әр жұп бір-бірінің шешкен есебін тексереді
Қисық сызықты трапеция Қисықсызықты трапеция деп – жоғарыдан үзіліссіз, y=f(x) (f(x)>0) функция-сының графигімен, бүйір жақтарынан x=a, x=b және төменнен y=0 түзулерімен шектелген жазық фигураны атайды. Мұндағы абсцисса осінің кесіндісін - қисықсызықты трапецияның табаны дейді.
Анықталған интеграл. Ньютон-Лейбниц формуласы
F(b) - F(a) айырымын y=f(x) үзіліссіз функциясының кесіндісіндегі анықталған интегралы деп атайды да, оны былай белгілейді. Мұнда-ғы a-ны интегралдың төменгі, ал b-ны жоғарғы шегі дейді, ал - интеграл таңбасының астындағы өрнек, x – интегралдау айнымалысы делінеді. Анықтама бойынша: Бұл формула - Ньютон-Лейбниц формуласы деп аталады.
№61 а) есепті бірінші қатар ә) есепті екінші қатар оқушылары шешеді . Әр жұп бір-бірінің шешкен есебін тексереді.
ІV. Бекіту (10 мин)
«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы оқушылардың жаңа тақырып жайлы қай дарежеде білетінін анықтау үшін сурақтар беріп оқушыларды ширатамыз.
1 - тапсырма.
Анықталған интеграл дегеніміз не?
Анықталған интеграл мен анықталмаған интегралдың айфрмашылығы неде?
Оқушыларды смайликтер арқылы бағалап отырамыз.
2-тапсырма.Тапсырма таратылады.
1. Кестені толтыра отырып, сабақтың мазмұны бойынша қорытынды жасайды.
Оқушыларды смайликтер арқылы бағалап отырамыз.
Сабақтың соңында «Қарлы кесек» әдісі арқылы бүгінгі сабаққа байланысты сұрақ – жауап арқылы сабақты қорытындылайды.
V. Үй тапсырмасы. (Үйге берілген тапсырмаларды түсіндіру) (3 мин)
Мына тапсырмаларды орындаңыз.
№ 3.3. – есепті шешіңіз.
VІ. Бағалау. (3 мин)
VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі, сілтемелер (1 мин)
1. А.Е. Әбілқасымова «Алматы» – 2019ж.
2. А.И. Шыныбеков «Атамұра» -2019ж.
Оқытушы: ___________________________
(қолы, аты-жөні)
Достарыңызбен бөлісу: |