Сабақтың тақырыбы: Қыстап қалатын құстар. Сабақтың мақсаттары



Дата25.12.2016
өлшемі69,89 Kb.
#4484
түріСабақ
Дүниетану .1 сынып

Сабақтың тақырыбы: Қыстап қалатын құстар .

Сабақтың мақсаттары :

-құстардың тіршілігіндегі басты ерекшелігі;ең қажетті жағдайы

және өлі табиғатта болатын өзгерістердің тірі табиғатқа әсері

туралы түсінік беру ;

- құстардың қысқы тіршілігі туралы білімдерін толықтыру, сөз-

дік қорын, белсенділігін, қызығушылығын, қиялын дамыту :

-құстарды қорғауға, Отан табиғатын сүюге тәрбиелеу, экологи-

ялық тәрбие беру.



Сабақтың жабдығы: тақырыптың мазмұнына байланысты бейнелі және заттық су-

реттер


Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, пәнаралық байланыс(еңбек, Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында ертегі оқып беру



-Ертеде Жыл ақсақалдың екі ұлы,екі қызы болыпты.Төртеуінің мінезі төрт түрлі

болыпты.Үлкені Қыс тентек,ашулы,қатал болып өсіпті.Одан кішісі Көктемгүл кө-

ңілді,ашық жарқын мінезімен ,жүрген жерін майдай ерітіп,гүл жазираға,әсем әнге

бөлейді.Одан кішісі Жазгүлдің жайдары,салиқалы мінезімен данқы шығыпты.Жүрген жері думан екен.Ал кенжесі Күз ерке өскендікі ме,мінезі сылбыр,көңіл жықпас болыпты. .Өкпелеп,аузы бұртиып,қабағы түйіліп,көзінен бырт-бырт жас атқылап

шыға келеді екен.Бірақ бір жақсысы,көкірегі ояу,алақаны ашық,жомарт болыпты

II.Өткенді қайталау.

-Осы мезгілдердің ішінде бүгінгі сабақта әңгіме не туралы болады деп ойлайсың

-дар?Неге?

-Қыс туралы не білесіңдер?(қарлы,боранды,аязды,суық жыл мезгілі)

-Табиғатта қандай өзгерістер болады?(қыста жерді қар тегіс жауып қалады,ағаш-

тар мен бұталар жапырақсыз қалады)

-Қысты қалай қарсы аламыз? (қысқа дайындаламыз:үйді жылытамыз,отын дайын-

даймыз,малды қораға кіргіземіз)

-Құстар мен жануарлар қысты қалай қарсы алады?(қысқа жануарлар әрқалай дай-

ындалады.Біреулері қыс бойы тәтті ұйқыға кетсе,басқалары жортып жүріп,қорек-

терін табады,Көптеген құстар жылы жаққа ұшып кетеді)

-Бұл құстарды қалай атайды?Олар неге ұшып кетеді?(салқын түскенде құстардың

жемі азаяды)
IIIЖаңа тақырып.

1.Сөзжұмбақ шешу

1Тұмсығымен шымшып. 4. Ала шапан киген

Құрт тереді.....(шымшық) Қыпылықтап жүрген

Секектеп бір тұрмайды

2.Бір құс бар сондай, Өреден құрт ұрлайды (сауысқан )

Суықта да тонбай,

Шоқып жүріп,дән тапқан, 5.Тоқылдадып,

Ұшып-қонған.......(торғай) Мазаны ап

Ағаштарды тазалап

3.Қара түсті қарқылдақ Ормандарды емдейді (тоқылдақ )

Ұшып қонып жалпылдап

Қоқыстарды шоқиды

Жем іздейді там-тұмдап (қарға)


3


С




Т




А

О

У

Қ

1




Ш

Ы

М

Ш

Ы

Қ

Қ




С




Л




А

Қ

Д

Т

О

Р

Ғ

А

Й




А




Ғ




Н




Қ

А



4 5


2

2.Бұл құстарды (шымшық,торғай,қарға,сауысқан,тоқылдақ т.б. ) «...жылы жаққа

ұшпайтын,біздің жақта қыстайтын» дейді. Ал неге бұл құстар қыстап қалады?

Оны біз кітаптан оқимыз

-мәтінді мәнерлеп оқу

-суреттер бойынша жұмыс,суреттегі құстарды атау

-сұрақтарға жауап беру:

-Неге кейбір құстар қыстап қалады ?

- Қыста құстар тіршілігінде қандай қиындықтар болады?

(құстардың көбі суықтан қорықпайды.Суықтан олардың қалың мамықтары

сақтайды.Қыс кезінде құс үшін қауіпті жағдай жемнің табылмайтындығы,

соның себебінен көпшілік құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Қыстап қалатын

құстардың түрі, түсі,дене пішіні, жемдерін қар астынан тауып жеуге икем-

делген.Сауысқан да,қарға да кез келген тамақты қорек ететін құстар.Қыста

тамақ табу қиын болғандықтан, ауыл маңайында жүріп,түрлі тамақ қалдыкта-

рымен қоректене береді.Олар қар астында қатып қалған төгінділерді де,тыр-

нақтарымен тырнап босатып,мықты, үшкір тұмсықтарымен шоқып та қоректек

-тенеді .Қырғауыл,құр сияқты құстар үшін қысқы тіршілік өте қиын. Олар

бұталардың дәнімен,жемісімен қоректенеді.Орманды жерлерде тоқылдақ,суық-



торғайлар да қыстайды.Тоқылдақ ағаш қабығының арасындағы бунақденелілер-

ді тауып қоректенсе,оның қар бетіне түскен қалдығын торғайлар,шымшықтар

теріп жейді.Сүйтіп тоқылдақтың әрекеті басқа құсқа көмек болады.Құрдың

басқа құстардан ерекшелігі бірден көзге түседі.Құйрығына көңіл аударыңдар

Қайқиып тұрған қалың қауырсынды құр алысқа ұша алмайды.Аязды күндері

Қар астына кіріп, сонда түнейді.Күнкөзі шыққан кезде ғана қардан шығып,же-

мін іздейді.

3. Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары

-«Торғай» суретін ақ қағазға түрлі түсті қағазбен жабыстыру (әр оқушыға «Тор-

ғай» суреті салынған ақ қағаз және түрлі түсті қағаз салынған конверттер та-

ратылады)

-«Торғай» әні орындалады:

Тоғай,тоғай,көк тоғай Торғай,торғай, жел қайда ?

Көк тоғайда көп торғай Жел тоғайда болмай ма?



Біз адастық тоғайда-а-а Тоғай іші құлпыры-ы-ып

Торғай,торғай жол қайда ? 2 рет Дем алайық отырып 2 рет
-Қыстап қалатын құстардың дауыстары(сызып көрсету)

Қарға шиқылдайды

Сауысқан тоқылдайды

Шымшық қарқылдайды

Тоқылдақ шақылдайды

Құр құрқылдайды

IV.Қорытынды


  • Құстар болмай қалса не болады ?

Апат болады.Ормандар, далалар үнсіз қалады.Құстар туралы жаңа өлеңдер

мен тақпақтар жазылмайды .Зиянды жәндіктермен кеміргіштер қаптап бақ-

тар мен бақшаларды қаңыратып тастайды.Құрттар, қабық қоңыздар орман-

дарды кеміріп тастайды.Орман жемістерінің тұқымдарын тарататын еште –

ңе қалмайды.


  • Ал ондай болмас үшін біз не істеуіміз керек ? (құстарға көмек жасау тура-

лы әңгіме)

Жылы жаққа ұшпайтын

Біздің жақта қыстайтын

Құстар жүрсе жуықта

Жем шашуды ұмытпа ! .

Құлмағамбетова М.Ж

бастауыш сынып мұғалімі

Ақмола обл,Степногорск қ-сы



Заводской орта мектебі

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет