Оңтүстік Қазақстан облысы,
Шымкент қаласы
№2 Ә.Бөкейханов атындағы жалпы орта мектеп
Тарих және география пәні мұғалімі: Асқар Мейрамкүл Асанқызы
Сыныбы: 11 «А»
Күні: 11.12.2014ж
Сабақтың тақырыбы: Италия.Экономикалық-географиялық жағдайы.Табиғат жағдайлары мен ресурстары.Халқы. Сыртқы байланыстары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Италия мемлекетінің географиялық орнының ерекшелігін көрсету,табиғат жағдайы,ресурстары,халқы, шаруашылығы, сыртқы байланыстары туралы кең түрде мағлұмат беру.
Дамытушылық:Оқушыларды өз ойларын еркін де сауатты, көркем түрде жеткізе білуге дағдыландыра отырып,ой-өрісін,сөйлеу, сезіне білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мәні:Отанының географиялық орнын біле отырып,өзге де мемлекеттерді танып-білуге, құрметтеуге үйрету, олардың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, сауаттылыққа,ұлтжандылыққа, аса жауапкершілікке баули отырып,белсенділікке және эстетикаға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс сабақ
Сабақтың әдісі:түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, топпен ,картамен, кестемен және жаппай жұмыс.
Көрнекілігі:Интерактивті тақта,слайдтар,ДЖ саяси картасы, ДЖ физикалық картасы,тірек- сызбалар,атлас, кескін карта
Пәнаралық байланысы:дүние жүзі тарихы, биология, геометрия,технология, экология экономика,қазақстан тарихы
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
1.Сәлемдесу
2.Сыныпты түгендеу.
3.Сынып тазалығына көңіл бөлу
4.Оқу құралдарын алдырту.
5.Назарларын сабаққа аудару.
6. ҚР-ның Әнұраны
Үй тапсырмасын сұрау: Өткен сабақты шолу
1.Сұрақтар мен тапсырмалар
2.Кестемен жұмыс.
3.Сөзжұмбақ «Франция» . 4. Кім жылдам:
Жаңа сабақ
1.Аумақтық құрамы және экономикалық-географиялық жағдайы.
2.Табиғаты,пайдалы қазбалары,оны қорғау.
3.Халқы, шаруашылығы
4.Сыртқы экономикалық байланыстары.Туризм.
Италия Республикасы-Еуропаның Оңтүстік бөлігінде,Жерорта теңізі жағалауындағы Апеннин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет.Жер көлемі 301,2 мың км . Италия -парламенттік республика.Астанасы-Рим қаласы.Мемлекеттік тілі-италия тілі. Ұлттық ақша бірлігі-лира. Заң шығарушы орган екі палатадан:Респулика сенаты мен Депутаттар палатасынан тұрады. Атқарушы билік министрлер кеңесінің қолында.Италия қоңыржай белдеудің орманды аймағы мен субтропиктік белдеулерде орналасқан.Жерінің бестен төрт бөлігі –тау мен қырат.Ең биік жері Монблан шыңы 4807м.Пайдалы қазбалары: тас көмір,мұнай, табиғи газ, күкірт.Табиғат қоры жағынан дүние жүзінде Испаниядан кейін 2- орында.Климаты ,негізінен,субтропиктік,жазы ыстық,қуаң, қысы жылы. Көрші теңіздері балыққа бай.
Халқы-60,5 млн адам.Халқының 94 пайызы италиялықтар,христиан дінінің католик тармағын ұстанады.
Италия әлемдегі аса жоғары дамыған жетекші елдердің бірі. Машина жасау,автомобиль жасау ,тамақ, химия, тігін, металлургия т.б. Соңғы жылдарыроботтар мен электр жабдықтар өндірісі тез дамып келеді. Ауыл шаруашылығы жоғары деңгейде. Сонымен қатар Италия аса ірі туризм орталығы. Ел сыртқы сауда мөлшері бойынша дүние жүзінде 6- орында.Сыртқы саудадағы негізгі әріптестері Еуропалық Одақ елдері, Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Жапония, Орталық және Шығыс Еуропа елдері.
Сабақты бекіту:
1.Тест сұрақтарын шешу.
2.Дәптермен жұмыс.
3.Кескін картамен жұмыс.
Сабақты қорытындылау: «Жедел сұрақ-жедел жауап»
1.Италия аумағыныңтабиғат жағдайлары мен ресурстары
2.Италия халқының қоныстану сипатына анықтама бер.
3.Өнеркәсіп түрлеріжәне олардың орналасу заңдылықтары
4.Ауыл шаруашылығында өсімдік шаруашылығының басым болуының маңызы неде?
Бағалау.
Үйге тапсырма: Италия.Экономикалық-географиялық жағдайы,табиғаты және табиғат ресурстары.Халқы,сыртқы экономикалық байланыстары(оқу, мазмұндау,конспектілеу)кескін картамен жұмыс,рефераттар даярлау.
Достарыңызбен бөлісу: |