Маңғыстау облысы,Жаңаөзен қаласы,
№15 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қобланова Айтгүл Назарбаевна
Сабақтың тақырыбы: Ж.Аймауытовтың “Әнші” әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі
Сабақтың мақсаты:
А)Әнші бейнесін тереңірек талдап ашу,жазушы идеясының өміршеңдігіне көз жеткізу.
ә) өз ойын еркін жеткізе білуге , сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға дағдыландыру.
Б)оқушыларды өнер құдіретін сезінуге тәрбиелеу,ұлтжандылыққа, өз еліне деген сүйіспеншілікке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білім-білік ,дағды қалыптастыру
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,мәнерлеп оқу,сатылай талдау,өзара талқылау,ізденушілік,түсіндіру т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар,кестелер, портреттер,тапсырма парақтары,слаидтар, т.б
Пәнаралық байланыс: тарих,ән
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
2)Оқушыларды 3 топқа бөлу
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
1) Ж.Аймауытов кім?
2) Әңгімедегі әнші есімі?
3) Әмірқанның өмірдегі бейнесі кім?
4) Автор әншімен қайда кездесті?
5) Әнші ән айтуды кімнен үйренді?
6) Әмірқан қандай әнші?
7) Әмірқанның тұрмыс – тіршілігі қандай?
8) Әңгімедегі кейіпкерлерді ата?
9) Жастар не ұйымдастырды?
10) Әңгімедегі Ақтамақ кім?
11) Екі ғашық қарақшы ұрылардан қалай құтылды?
2. Мәтінмен жұмыс.(әр топқа тапсырма қағаздары таратылады)
Талдау жұмыс
І топ. Жалқы есімдерді түр-түріне ажырату.
ІІ топ. Диалогтарды тауып, рөлдік оқу.
ІІІ топ. Ақтамақ бейнесі.
Жер, су аттары
|
Адам есімдері
|
Тау аттары
|
Орманбет,Жетішатыр
|
Әмірқан,Ақтамақ,Шәкет,Дәулетжан,
Т.б.
|
Орда,Итжатпас
|
2-топ
Ақтамақ пен әнші
Автор мен әнші
Ұрылар мен әнші
Әнші мен автор
3-топ
3. Мазмұндық жоспар құру
Ақтамақ хикаясы
Жаңа сабақ:
Ж. Аймауытов-сегіз қырлы,бір сырлы тума талант.Бейімбет Майлин «Мен Жүсіпбектей шебер жазушыны бұрын-соңды көрген емеспін»десе,»қара сөзден жыр құйған »сөз зергері Жүсіпбекті М.Әуезов ұстаз санайды.
Әнші Әмірқан-өмірі мен өнері аңызға айналған әнші Әміре Қашаубаевтың әдеби бейнесі.Сондықтан Әмірқан бейнесін жасаудың танымдық мәні зор.Ол үшін әңгіме мазмұнынан Әмірқанның өмірі, түр-түсі,мінезі,әдеті,өнері,дүниетанымы сияқты мәліметтер жинақтаймыз.(слаидтағы суреттерді көрсету)
Әміре Қашаубаев –ән асқары,қазақ өнерінің жарық жұлдызы,ұлттық мақтанышымыз. «Бұратана»саналған қазақ халқының бай өнерімен жоғары мәдениетін барша халыққа паш етті.Франция секілді өркениетті елге өнеріміздің құдіреттілігін мойындатты.Сол үшін де қазақ халқы Әміре сынды ұлы тұлғасын ешқашан ұмытпайды.
“Қашаубаев ән айтқанда тынысы кең,
дауысы сұлу да көркем, күшті тенор”
Бұл-Затаевичтің тұжырымы
Атақты актер: Сералы Қожамқұлов
“Әміре бәрімізге де ұстаз еді”
І топ
Достарыңызбен бөлісу: |