1. Автор Әмірқанның түр-түсін қалай суреттейді?
Әмірқанның мінез-құлқы мәтіндегі қандай жолдардан байқалады?
ІІ топ
1. Ән, өнер туралы Әмірқанның өзі не ойлайды?
Өнерді қалай түсінеді? Автор оны қалай баяндайды?
ІІІ топ
1. Тыңдаушыға Әмірқан әнінің әсері қалай сипатталады?
Әмірқан әнді қалай орындайды?
(Аудио жазбадан Әміренің әнін тыңдау)
Шығарманы сатылай кешенді талдау
1. Авторы: Ж.Аймауытұлы
2. Тақырыбы: әншілік өнер.
3. Әдеби жанры: проза (әңгіме)
4. Шығарманың негізгі идеясы: өнерді жоғары бағалауға,әншілік шеберлікті терең ұғынып қадірлей білуге,өнердің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінуге үндеу.
5. Шығарманың композициялық құрылысы
а) Оқиғаның басталуы: Әншімен алғаш таныстық.
ә) Оқиғаның байланысы: Ән құдіреті.
б) Оқиғаның дамуы: Наурыздағы сауық той.
в) Оқиғаның шиеленісуі: Ақтамақ хикаясы
г) Оқиғаның шарықтау шегі: Өлімді жеңген өнер құдіреті
ғ) Оқиғаның шешімі: Әнші де жылайды екен
6. Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі
А)басты кейіпкері:Әмірқан (прототипі:Әміре Қашаубаев)
Ә)Әмірқанның сүйіктісі:Ақтамақ
Б) Лирикалық кейіпкер:Жүсіпбек
В)Жұмабек(прототипі Жарылғапберді)
7. Әдеби теориялық ұғымдар.
А) Эпитет: ми дала, меңіреу шөл,күміс көлдер т.б
ә) Теңеу: үйректей,қаздай қалқып т.б
б) Метафора: бұлбұлмын,тұлпармын, жорғамын, майдамын т.б.
Сұхбаттасу сәті
1. Жазушының әңгіме жазудағы түпкі ойы не?
2. Хикаядан қандай әсер алдындар?
3. Болжам жаса және дәлелде?
Болжам айтып болған соң оған дәлелдер келтіріңдер
Үйге тапсырма
“Егер мен жазушы болсам”
(Хикаяны өз ойымен аяқтап жазып келу)
Білімді бағалау.
Дайындаған ; қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қобланова А
Достарыңызбен бөлісу: |