Сабақтың тақырыбы. Ж. Баласағұни «Құтты білік»



Дата08.07.2017
өлшемі131,79 Kb.
#20769
түріСабақ
Қарағанды облысы Жезқазған қаласы №1 жалпы орта білім беретін мектебі Сапиянова Гулимай Байзкенқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі

8-сынып.қазақ әдебиеті.



Сабақтың тақырыбы. Ж.Баласағұни «Құтты білік» дастаны

Сабақтың мақсаты:

Ж.Баласағұнидің өмірі туралы «Құтты біліктің» әлем әдебиетінің асыл мұраларының бірі, түркі тілдес халықтарға ортақ өлеңмен жазылған трактат екенін білуі тиіс.

Шығармаларында көтерілген адам баласын ғасырлар бойы толғандырып келген ізгі мұраттар, оқу, білім , тіл өнері , ел басқару, моральдық –эстетикалық тұрмыстық мәселелерді үлгі-өнеге ете білгенін білуі тиіс..

Поэманың бүгінгі таңдағы өміршеңдігін, тәрбиелік мәнін ұғынулары тиіс



Нәтижесі :

Ж.Баласағұнидің өмірі туралы біледі

«Құтты біліктің» әлем әдебиетінің асыл мұраларының бірі, түркі тілдес халықтарға ортақ өлеңмен жазылған трактат екенін біледі

Шығармаларында көтерілген адам баласын ғасырлар бойы толғандырып келген ізгі мұраттар, оқу, білім , тіл өнері , ел басқару, моральдық –эстетикалық тұрмыстық мәселелерді үлгі-өнеге етуін біле алады

Поэманың бүгінгі таңдағы өміршеңдігін, тәрбиелік мәнін ұғынулары тиіс

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, көркем әдебиет, тірек кесте, әр түрлі мәліметтер.

Сабақтың түрі: дәріс сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тест тапсырмалары, түсіндіру, жинақтау, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, көркем әдебиет, тірек кесте, әр түрлі мәліметтер.

Пәнаралық байланыс: Тіл. Түркі тілдері туралы. тарих

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Білімді жан –жақты тексеру

Ежелгі дәуір әдебиеті қай кезеңді қамтиды?(6-7ғ)

Күлтегін ,Тонықұқ, Білге қаған қай жырда кездеседі?(Орхон ескерткіштері,күлтегін жыры)

Түріктердің көсемі кім еді?(Афрасияб,Алып Ер Тұңға)

Айқаған,Ұлық Түрк кейіпкерлері бар дастанды ата?(Оғыз қаған)

Алғаш аспап жасған,әулие, ойшыл атанған тұлға?(Қорқыт)

Екінші ұстаз кім?(әл-Фараби)

Арыстанбаб шәкірті кім?(Ахмет Иассауи)

«Диуани хикмет» авторы ?(Ахмет)

ІІ.Жаңа сабақ:

Топқа бөлу : әділет, бақыт, ақыл және қанағат

1. Оқулықта келтірілген мәліметтерді оқиды, Жүсіп Баласағұн туралы келтірілген мәліметтерді ,оған тән негізгі ерекшеліктерді топтастырады.

Қосымша мәліметермен білімдерін толықтырады


  1. Ой шақыру

Қарахан Баласағұн Сатұқ Қара Бұғра

Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны оқып,талдаймыз.

Кіріспе.

Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Жүсіптің әкесі де ақын, өнерпаз кісі болған. Қараханидтер мемлекетінің астанасы Баласағұн қаласында хан сарайында өлең айтып, күй шерткен. Кейін ол бұл іске баласын да тартып, Жүсіп әкесімен бірге хан сарайында қызмет еткен. Осында жүріп қоғамдыққа тән жаратылыстану ғылымдарынан білім алды.

Замандастары мен өзінен кейінгі ұрпақтарға дарынды ақын ғана емес, ғалым ретінде де танымал болған. Файласуфи (философия), риезиет (математика), тиббий (медицина), фэлэкият (астрономия), нужум (астрология), өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, т.б. ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан.

Жеке жұмыс

1.«Құтты білік» дастаны қашан жазылған.

Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 ж., қазіргі жыл санау бойынша 1070 жылы жазып бітірген. (18 ай бойы жазған) Дастанды “хандардың ханы” – Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 – 1210) негізін салушы Сатұқ Қара Бұғра ханға (908 – 955) тарту етеді (қ. Әулие Ата). Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұнға “хас хажиб” – “бас уәзір” немесе “ұлы кеңесші” деген лауазым берген.



2.Дастанның қандай нұсқалары бар ?

Дастанның бізге жеткен үш көшірме нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласында 1439 ж. көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қ-ндағы Корольдік кітапханада сақтаулы),

екіншісі, 14 ғ-дың 1-жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген.

Ал Наманган қаласынанан табылған үшінші нұсқасы 12 ғ-да араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсқаның әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, “Құтты білік” дастанының ғыл. негізделген толық мәтінін жасап шықты.



3. Дастанды кімдер зерттеді? Қандай тілдерге аудырылған ?

Дастанның көне қолжазбасы табылғанын әлемге тұңғыш рет хабарлап, 1823 ж. “Азия” журналында (Париж) Вена нұсқасынан үзінді жариялаған француз ғалымы Жауберт Амадес еді. Венгер ғалымы Германи Вамбери (1832 – 1913) “Құтты біліктің” бірнеше тарауын неміс тіліне тәржіма жасап, 1870 ж. Бұл шығарманы зерттеу, ғыл. мәтінін дайындау және аударма жасау ісімен орыс ғалымы В.В. Радлов (1837 – 1918) жиырма жыл бойы (1890 – 1910) үзбей айналысты. Түркия ғалымдары 1942 – 43 ж. “Құтты біліктің” үш нұсқасында Стамбұлдан үш том кітап етіп шығарды.



Құтты білік дастанының аудармалары

Оны Қ.Каримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (Пекин, 1984) тәржіма жасады.



4 .Дастанның әр түрлі аталуы туралы не білесіңдер?

Кезінде “Құтты білік” дастаны Шығыстың әр елінде әр түрлі аталып кеткен. Бір елде – “Айнак ул-мамлакат” (“Мемлекет тәртібі”), екіншісінде – “Панунаман мулук” (“Әкімдерге насихат”), үшіншісінде – “Адаб ул-мулук” (“Әкімдердің әдептілігі”) деген атпен мәлім. Бұл атаулардың бәрі – “Құтты білік” дастаны, негізінен, мемлекетті басқару мәселесіне арналған шығарма екенін растай түседі.



Жұппен жұмыс

Дастанның жазылуы, мазмұны,тарихы туралы не білеміз?

1 оқушы. Қарахан әулеті билік жүргізген дәуірде ұлан-ғайыр өлкені алып жатқан осы мемлекеттің басқару тәртібін белгілейтін ережелер, сондай-ақ, қоғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайтын тиісті заңдар жоқ еді. Міне, елдегі осы олқылықтың орнын толтыру мақсатымен Жүсіп Баласағұн өзінің “Құтты білік” дастанын жазды. Демек, дастан белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған.

2 оқушы .Жүсіп Баласағұн дастанда патшалар мен уәзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, әскербасылар мен нөкерлердің, тәуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың, т.б. қоғам мүшелерінің мінез-құлқы, білім дәрежесі, ақыл-парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады.

3 оқушы. Ақын мәселені әмірші-патшаның өзінен бастайды. Ел-жұртты басқаратын адам – ақыл-парасаты ұшан-теңіз, ниеті түзу, сөзі шырын, білім мен өнерге жетік, қолы ашық, пейілі кең, жүзі жарқын, ешкімге кек сақтамайтын жан болуы шарт екенін айтады.

Ел басқарған әкімдерді күншілдік, ашкөздік, сауық-сайранға құштарлық, қатыгездік, кекшілдік сияқты жаман қылықтардан сақтандырады.

Бұдан кейін ақын патшаның көрер көзі, естір құлағы “хас хажиб”, яғни бас уәзір міндеттерін тізбектеп, зор білгірлікпен айтып шығады. Бас уәзір халықтың талап-тілектерін патшаға, ал патшаның айтар ой-пікірін, жарлықтарын халыққа жеткізіп отыруы тиіс.

4 оқушы.“Құтты білікте” елшіге қойылатын талаптар егжей-тегжейлі сипатталып жазылған. Елші ерекше зерек, өзі көрікті, көп тіл білетін, шешен,жақсы аңшы, құсбегі, жұлдызшы (астролог), түс жори білетін, музыкант сияқты көптеген қасиеттерге ие жан болуы қажет. Ақын сөзімен айтқанда, “елші ердің төрт құбыласы тең болсын, елде – кісі, сыртта – бүтін ел болсын!” – дейді.

Дастанда осылайша елдегі барлық лауазым, кәсіп иелеріне қойылатын моральдік-этик. талаптар сипатталып көрсетілген.



5 оқушы топ . Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген.

  1. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді.

  2. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.

  3. Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеум. рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады.

  4. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады.

6 оқушы .Жүсіп Баласағұнның “Құтты білігінде” өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар – мұрат, дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған. Жүсіп Баласағұн ақиқатқа жету жолын адам мен әлемнің, ұлы ғалам мен микроғаламның үйлесімді болуы туралы қағидаға негіздейді. Төрт құдірет – от, су, ауа, жер жайлы ежелгі дәуірдің философиялық түсінігіне сүйене отырып, ойшыл әлем осы төрттағанның үйлесімінен жаралған деп санайды. Осындай тағы бір төрттаған Жүсіп Баласағұнның қоғам туралы ойларында, яғни қазіргі түсініктегі әлеуметтік. философиясында әділет, бақыт, ақыл және қанағат ретінде бейнеленіп, “Құтты біліктің” төрт кейіпкерінің бойына жинақталған

7 оқушы. “Құтты біліктің” негізгі айтар ойы – адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды қуатты, мықты, құтты ету. Кісілік кемелдену жолына түскен адам – өзінің қасиетіне, қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған асыл жан. Дастан оқырманына құт-берекемен, бақытқа өз адамгершілігін асыл етумен ғана жетуге болатынын ұқтырады. Ондағы “өзіңді сақтау”, “өзіңді ұмытпау” қағидасы адамның адамшылығын танытар қасиеті – адамгершілік пен кісілікті жетілдіруге бағытталған. Ақын өтпелі өмір мен өлім жайында терең толғанады. Оның ойынша, өкініштің ең ауыры өлшеулі өмірде дүние қызығы мен тән тілегі жетегінде кетіп, діл тазалығын сақтай алмаудан туады, сондықтан адам өзінің кісілік қасиетімен бірге өмірдің өткіншілігін де ұмытпауы қажет. Мұнан өзге Жүсіп Баласағұн. шығармашылығына ізгілікке құштарлық пен іңкәрлік, сопылық танымдағы Алланы сүю, әлем мен адам сырына терең бойлауға ұмтылушылық белгілер тән.

Құтты білік” дастаны 6520 бәйіттен (екі жолдық өлең) тұрады. Демек дастанда 13040 өлең жолы бар. Соның бәрі 85 тарауға бөлініп берілген. Дастанның кіріспесі қара сөзбен, ал негізгі бөлімдері аруз өлең өлшемінің ықшамдалған мутакариб деп аталатын түрімен жазылған.

Құтты білік” дастанының сюжеттік желісі негізінен шығарманың бас қаһармандарының өзара әңгімесінен, сұрақ-жауаптарынан, бір-біріне жазған хаттарынан тұрады. Төрт түрлі ізгі қасиеттің символдық көрінісі ретінде бейнеленген негізгі төрт қаһарман қоғамның көкейкесті мәселелері туралы әңгімелеседі. Мұндай сұхбатта олар ел басқарған әкімдер қандай болуы керектігін, оқу-білімнің қажеттігін, әдептілік пен тәлім-тәрбие мәселелерін дидактикалық философиялық тұрғыдан сөз етеді.

Мәселен, ақын әдептіліктің алуан түрін жырлай келіп, солардың ішіндегі ең бастысы – тіл әдептілігі деген түйін жасайды. “Құтты білік” дастанының авторы метафора, аллегория, гипербола, меңзеу, астарлап сөйлеу сияқты көркемдік құралдарды аса білгірлікпен пайдаланады. Дастанның әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдан ғыл. мәні ерекше. Бұл дастан бертін келе қазақ халқының этникалық құрамын қалыптастырған ру-тайпалардың орта ғасырлардағы тұрмыс-тіршілігін, наным-сенімін, әдет-ғұрпын, сөз өнерін, тілін, т.б. зерттеп білу үшін аса қажетті, құнды мұра болып табылады.

Баласағұнның жақсылық пен жамандық жайында айтқан мына бір ойын келтіре кетпесімізге болмайды: "Егер ол мейірімділер күшті, ал қатыгездер әлсіз болса, біз ауыр ойлардан тұнжырамас едік. Егер әлемде әділдік заң болса, тағдырымыздың қатыгездігіне наразы болмас едік". .

Практикалық кезең. Топтық жұмыстар. І топ. Абай өлеңімен салыстыр.

Жүрсін бектер бес нәрседен алыстап,

Есі болса, жұрнақ болса намыстан.

Ұшқалақтық-бір, екіншісі- сараңдық,

Үшіншісі- ашу, , оған егіз надандық .

Қырсығың – сор, бетті жер ғып жүргізер,

Бесіншісі-өтірік, жерге кіргізер.

Бек бесеуден бойын аулақ ұстасын,

Білсін сонда басынан құс ұшпасын.

Ең қорлығы – өзімшілдік, залымдық,

Олар жұқса, азғаны тек қаныңның,- деген үзіндіден адам бойындағы ғұлама көрсеткен адамгершілік, асыл қасиеттер мен азғындық жолға түсірер жағымсыз қылықтарды топтастыр. Ғұламаның айтпақ ойы қандай, түсіндір.



Адамгершілік, асыл қасиеттер

Жағымсыз қылықтар







2- топ. Төмендегі үзіндіден адал достық пен амал достықтың сипаттарын анықтап, түсіндір.Ақыл, нақыл, өсиет сөздерін жинақта.

Екі түрлі достықтың бар есебі, Тағы бірі тек пайда үшін достасар

Сол үшін жұрт табысады, сенеді. Мұнда адамдық болмас түбі қоштасар.

Бір достық бар Тәңірді алған араға, Достасыңдар Тәңірді алып ортаға,

Болмайды онда қалтарыс та , нала да. Жүгін бөліс, ашуланба, шаршама.

Бұл дүниеде тілеме одан еш пайда, Ақ жүректі туыс, жолдас, бауыр тұт,

Алда Құдай берер, кетпес ешқайда. Соларға сен, болмас қайғы , ауырлық.

Егер пайда үшін дос боп табысса, Дос, туыс сол қуанышта қуанар,

Қатынаспа, түйінін шеш қатысса. Қайғы келсе, қасында боп уатар.

ІІІ топ. Төмендегі келтірілген үзіндіден ақыл , білім, тіл туралы айтқан ойларына анықтама беру.

Ақыл, білім, тілмашы –тіл, бұл кепіл, Тіл-арыстан есік баққан ашулы,

Жарық төгіп, елжіретер тіл деп біл. Сақ болмасаң, жұтар ерім, басыңды!

Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар, Не дейді ұққын, тілден жапа шеккен ер

Қор қылар тіл, кететұғын бас болар. Құлақ салып, амал қылып, есті елер.

«Тілімнен көп жапа шектім, есебім,

Бас кесілмес үшін тілді кесемін.

Сөзіңді бақ, басың кесіп алмасын,

Тіліңді бақ, тісің сынып қалмасын!»

4 топ. Жүсіп Баласағұни өзі туған түркі дүниесі халқының салттарының әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін жақсы біледі, оның рухани өміріне тереңдей енді. Кандай да бір үлы педагог секілді ол энциклопедист-философ, психолог, тарихшы, лингвист, этнограф, фольклорист, әдебиеттанушы болатын.

Ойшыл ғалымның айтуынша, егер адамда ізгілікке қарсы тұратын белгілерді жеңетін күш жоқ болса, онда ұнамды сапалар жойылады, жоғалып кетеді. Бұл құндылықтар мен олардың қарама-қарсылықтарының халықтық түсіндірмесі мыналар:

• біріншісі – ақыл, оны ашулану, өшігу күңгірттендіреді;

• екіншісі - достық, оны күншілдік бұзады;

• үшіншісі - ұят, оны тойымсыздық, ашкөздік жояды;

• төртіншісі - жақсы тәрбие; оған нашар орта әсер етуі мүмкін;

• бесіншісі - бақыт, ал оны қызғаншақтық бүлдіреді.

"Тіл өнерінің қасиет-сипаты мен пайда зияны" айтылатын тарауын да егжей-тегжейлі қозғалған. Халықтық тәрбие дөстүрлерін жетік білгені Баласағүнға мінез-құлық ережелерін жүйелеуге жәрдемдесті.



Ой толғау. «Жүсіп-ойшыл»

Қорытынды.

Бағалау



  1. «Хас Хажып « атағының мағынасы не? (“бас уәзір” немесе “ұлы кеңесші”) . «Құтты білік» дастанының маңызы қандай? (дастан белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған. Ж. Б. дастанда патшалар мен уәзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, әскербасылар мен нөкерлердің, тәуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың, т.б. қоғам мүшелерінің мінез-құлқы, білім дәрежесі, ақыл-парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады).

  2. Құтты білік” дастаны қанша бәйіттен тұрады?( 6520 бәйіттен (екі жолдық өлең) тұрады).

  3. Дастанда қанша өлең жолы бар? (13040 өлең жолы бар)

  4. Неше тарауға бөлініп берілген? (85 тарауға бөлініп берілген)

  5. Дастанның басты идеясы неше принципке негізделген? ( төрт принципке негізделген). Біріншісі, әділ заңның болуы, екіншісі, бақ-дәулет, үшіншісі, ақыл-парасат, төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі.

  6. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде кімді көрсетеді? (Күнтуды патшаны көрсетеді)

  7. Бақ-дәулет мәселесі кімнің бейнесі арқылы жырға қосылған? (патшаның уәзірі Айтолды бейнесі )

  8. . Ақыл-парасаттың бейнесі кім арқылы сомдалған? (Ұғдүлміш бейнесінде жырланады).

  9. Қанағат-ынсап мәселесінің бейнесі кім арқылы әңгіме болады? (. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады).

  10. Дастан қандай тілдерге аударылған? Оны Қ.Каримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (Пекин, 1984) тәржіма жасады.

  11. Жүсіп Баласағұн бұл дастанын қайжылы, қанша айдажазып бітірген? ( хижра есебімен 462 ж., қазіргі жыл санау бойынша 1070 ж. 18 ай бойы жазған)

  12. Кімге тарту еткен? ( “хандардың ханы” – Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 – 1210) негізін салушы Сатұқ Қара Бұғра ханға (908 – 955) тарту етеді (қ. Әулие Ата).

  13. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұнға қандай атақберілген? (“хас хажиб” – “бас уәзір” немесе “ұлы кеңесші” деген лауазым берген).

  14. Қандай ғылым салаларына үлесін қосқан?( Файласуфи (философия), риезиет (математика), тиббий (медицина), фэлэкият (астрономия), нужум (астрология), өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, т.б. ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан).

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет