Сабақтың тақырыбы: Ж. Жабаев «Өтеген батыр»



Дата15.11.2016
өлшемі113,4 Kb.
#1785
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Ж.Жабаев «Өтеген батыр» дастаны.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ж.Жабаев өмірі мен шығармашылығынан алған мәліметтер бойынша білім

мен дағдыларын тексеру, өлеңдерінің мәнін ашып меңгерту, жатқа айту

теориялық ұғымдарын кеңейту;

Дамытушылық: Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып, олардың тіл мәдениетін, сөз байлығын,сөздік қорын

шығармашылық кабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушылардың бойында қазақ халқына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру,

Оларға эстетикалық патриоттық тәрбие беру;

Сабақтың түрі: шығармашылық сабағы

Сабақтың әдісі: СТО техноногиясы, озв оқыту технологиясы, ақпараттық-коммуникациялық технология

Сабақтың көрнекілігі: интер белсенді тақта, кестелер, слайд, үлестірмелі парақтар, бағалау парағы.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

1/ Сәлемдесу

2/Оқушыларды топқа бөлу.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

Ж.Жабаев туралы сұрақтар қоямын.

Менің пірім Сүйіебай,

Сөз сөйлемен сиындай,

Сүйінбай деп жырласам,

Сөз келеді бұрқырап

Қара дауыл құйындай,-деп жырлаған жырлары қара нөсер дауылдай қуатты да қажырлы, оңалмастай өткірде өтімді Жамбыл атам ыз болатын.

Мен сіздерге бірнеше тапсырмва берген едім, Жамбылдың шығармашылығын, оның поэзиясын оқып келу және «Сұраншы батыр» поэмасында оқу тапсырылған еді.



1-тапсырма

Ал балалар,үш топқа да сематикалық карта таратамын. Ақындардың өлеңдерін тауып белгі қойу.

Сематикалық карта

Өлеңдері

Жамбыл

Абай

Шәкәрім

«Болыс болдым мінекей»










«Жылқыщыға»










«Қысқы жолда»










«Бостандық таңы атты»










«Мәңке»










«Қалқаман-Мамыр»










«Шәбденге»










Әр топ келесі топтың жұмысын тексеріп бағалайды. 1 топ 2-топтың 2- топ 3- топтың 1-топтың жұмысын көреді.

2-тапсырма

Ж.Жабаевтың өлеңдерін жатқа айту бойынша жасырамыз. Бір топтың өлеңін екінші топ жалғастыруы керек.



3.Құрметті оқушылар

Ақынның «Өтеген батыр» дастанын үйден оқып танысып келу тапсырылған болатын.Ендеше кубизм әдісімен топтық жұмыс жүргіземіз.



1-қыры: «Ойланыңыз»

Шығарма қалай басталады?



2- «зерттеңіз»

Жамбылдың «Өтеген батыр» дастанының идеясы қандай?



3-қыры «Қолданыңыз»

Дастанның ұнаған жерін мәнерлеп оқу



4-қыры «Суреттеңіз»

Өтеген батырдың тапқан жерінің кемшілігі ?



5-қыры «Салыстырыңыз»

Асанқайғы мен Өтеген батырды ВЕНН диограмасы арқылы салыстыру

Асанқайғы Өтеген батыр





6-қыры «Талдаңыз»

«Өтеген батыр» дастанынан әдеби – теориялық ұғымдарды тап (теңдеу, гипербола,айшықтау, т.б.)

ІV.Балалар, біз қазір «Рефлексия» әдісі бойынша жұмыс жасаймыз. (Әр топ тапсырма таратылады) Рефлексия


  1. «Өтеген батыр» жырынан не түсіндіңіз?

  2. Сұрағыңыз бар ма?

  3. Пікірің

V «Екі жұлдыз бір тілек» парағын толтыру

Екі жұлдыз

Тілек

1

2





VІ. Үй тапсырмасы:

  1. «Өтеген батыр» дастанынан үзінді жаттау

  2. «Менің туған елім» тақырыбына ойтолғам жазу.



Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян » поэмасы

Сабақтың мақсаты: а) М.Жұмабаев «Батыр Баян » поэмасын қортындылау,

талдау жасау арқылы алған білімдерін бағалау.

ә) Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыра отырып

кейіпкерлерді салыстыра отырып, шығармашылыққа

баулу.

б) Оқушылардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру,



Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс -тәсілі: Сұрақ-жауап, талдау, салыстыру, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: М.Жұмабаевтың портреті, ақынның өлеңдер жинағы,

бүктемелер, кітаптар, слайд.



Пәнаралық байланыс: тарих, көркем әдебиет, география.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың зейінін

сабаққа аудару.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

1.М.Жұмабаев кім?

2.Ақынның туған жері мен туған жылы?

3.Қай жылы Уфа қаласындағы қандай медреседе оқыды?

4.Мағжан неше ағайынды?

5.1913-1917ж қандай оқу орында оқыды?

6.Мәскеудің әдеби көркем институтында қай жылдары оқыды?

7.Қай қалада және қолжазба журналында қызмет атқарды?

8.Ақынның өлеңдері қандай газет журналдарда жиі жарияланды?

9.М.Жұмабаев қай жылы елге оралды?

10. Мағжан қандай қандай әдеби ұйым ұйымдастырды?

11. Мағжан концлагеръде қанша жыл отырды және қай жылдары босатылып шықты?

12.Ақын қай жыл,қай күні дүниеден озды?

13.Ақынның шығармаларын ата ?

14.Қай өлеңдерін білесің?

15. Қай жылы ақын ақталды?

16.Түркістан өлеңін жатқа айту

17.Ақынның қандай поэмаларын білесің?



3.Жаңа сабақ

М.Жұмабаевтың поэмалары: «Батыр Баян» және «Қорқыт»

Оқушыларға «Батыр Баян» поэмасы туралы түсінік беру.

БаянҚасқаболатұлы (1710-1757)ж

Батырдың бейіті Қарағанда облысы, Қарқаралы ауданы,Шелек деген жерде .

Абылай хан (1711-1781) ж

Қазақ ордасының ханы,қазақ мемлекетінің аса көрнекті мемлекет қайраткері 1743ж дейін орта жүздің сұлтаны болған. Әбілмамбет қаза болған соң Абылай ұлы жүздің ханы болды.

Слайд (үзінді) 1993ж режиссер Т.Тәуекелов М. Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасының желісі бойынша кинофилъм түсірді.

Шығарманың композициялық құрылымын талдау:

1.Ақынның түрмедегі жан қиналысынан құтылу үшін тарихқа үңілуі.

Арқада жер жетпейді Бурабайға,

Бөленген бұйра сыпсың қарағайға.

Бұлт қашқан мәңгі мең-зең Көкшетауға,

Бөлеектау:»Ой,бауырым!»-дер анадайда.

Оқжетпес найза қия-қыранға –ұя,

Қарасаң жанның шері тарамай ма?

Солардың ортасында Бурабай көл,

Мөп-мөлдір,дөп-дөңгелек, ұқсайды айға.

Бурабай-арқа аралы,жер еркесі,

Ертеде қоныс болған Абылайға.



2.Оқиғанаң басталуы: Сарыарқада қазақтың әйгілі ханы Абылайдың қалмаққа қарсы қол жинауы.

Сол кезде елге қорған болған Абылай,

Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап.

Күндердің бір күнінде хан Абылай

Қалмаөты (ойына алды) ойран салмақ.

Ханынан «Аттан!» -деген сһөз шыққан соң,

Ордаға батыр билер келді аңдап...

3.Оқиғаның байланысы: Абылайдың Баян батырды күтіп қолын тоқтатып тұруы.

Көп жаудың албастысы, ел еркесі,

Баянның батырлығы алашқа аян.

Баянның аруақты құр атынан

Көп қалмақ болмаушы ма ед қорқақ қоянЮ

Наркескен, өрттей ескен, қайтпас болатБаянсыз қанатымды қалай жаям?



4.Оқиғаның шиеленісуі: Баян мен Ноянның қалмақ қызына ғашық болуы. Ноянның қалмақ қызымен бірге елін тастап қашып кетуі.

Ол анты: « Елдің шетін, анаң бетін

Бір көрмей қозым ерге барма ,-деді.

Анама сөзім мынау, өзім-мынау,

Жас Ноян,жүгінемін ер деп сені» ...

5.Оқиғаның шарықтау шегі:Баянның бауыры Ноян мен қалмақ қызын қуып жетіп атып өлтіруі.

Алдында қол қусырып тұрды Баян,

Екенім менің Баян алашқа аян.

Алдияр, ел, ағасы, ханым дана,

Алашқа ауыр күнде болған пана,

Кешігіп,күнәлі боп, енді алдыңа

Келді ерің іші-жалын, жаны-жара.

Қазақтан қулықпенен құтылмаққа,

Кеңесті қос қонтайшы:Ұса,Серен

Жіберді де кеңесті де жеті қалмақ,

СөздеріАбылайдан бар деп тілен!

Ағаттық бізде болды ,кешсін Абылай.

Ақ отау, айдаған мал бәрін берем,

Тағыда ер басына бір ару мен

Қара нар-айыбымыз, қалы кілем,

6.Шешімі: Абылайды тыңдамай, бар-жоғы хүз ғана әскебасымен Баянның шабуылға шығуы, қаза болуы.

Ерлігі алашқа аян батыр Баян

Тұрды да деді «Алдияр ,Абылайым,

Мергеннің мылтығына қарсы жүрмес

Қырдағы адам түгіл, құлындайын.

Сөзімді не кектерсің , не құп дерсің,

Ойыңды теріс дейді Баян –айың:»

Жаныңда жалғыз жолдас-жас Жанатай

Қансырап зорға ғана кірпік қаққан.

Түзеліп отыруға халі қалмай,

Қисайып бара жатты құлап аттан.

7. Эпилог . Елі үшін қанан төккен ерлер халық есінде мәңгі қалады.

Алаштың ардагері батыр Баян,

Бір қырда қала берді топырақ қауып.

Жауданда мейірімді боп жылады жел,

Күңіреніп,ер денесін құммен жауып.

Іленің толқындары әлі күнге

Айтады ерге жырау ауық-ауық...

IY.Сабақты бекіті.

1.Топтастыру.



Кейіпкерлер

Өмірге қызығушылығы

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкелерге берілген баға

Батыр Баян

Жоғары. Елі мен жері үшін басын өлімге тікті

Жоғары. Елі мен жернің қамыі үшін туған бауырын өлтірді

Жоғары

Ноян

Орташа. Көрсеқызар, қалмақ қызының соңынан еріп кетеді.

Орташа. Елінен, жерінен, туған-туысқандарынан қалмақ қызын жоғары қояды.

Орташа

Қалмақ қызы

Жоғары. Елі мен жері үшін айлакерлік жасады.

Жоғары.Туған еліне, жеріне адал.

жоғары

Мақал- мәтелдерді екйіпкерлерге бөлу.

1.Іргесі берік елді ,

Жау ала алмас.

Ауызы бір елді , *********************** Абылай хан

Дау ала алмас.


  1. Ер жігіт елінің ұлы,

Намысының құлы.

  1. Ер елі үшін туады , ****************** Батыр Баян

Елі үшін өледі.

Отан қадіріне жетпеген,

Өз қадіріне жетпес. ****************** Ноян


  1. Есі бүтін елден шықпайды,

Елінің туын жықпайды. ***************** Қалмақ қызы.

Сабақты бекіту.

М – Абылай кім? Қай ғасырда өмір сүрді?

А- Поэмадағы Баян қандай кейіпкер?

Ғ- Қалмақ қызы не себепті Ноянды таңдады?

Ж- Ноян мен қалмақ қызы неге қашты?

А- Баян не себепті бауырын өлтірді?

Н- Табиғат батырды қалай қабылдады?

Білемін

Білгім келеді

білдім

Таң қалдым





























































Y. Сабақты қорытындылау.

Мінекей, балалар, біз ақиық ақынымыз М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын оқып , талдап біттік. Баян тарихи бейне екендігіне көз жеткізіп, поэманың қазақ әдебиеті тарихында жоғары орын алатынын білдіңдер.



Сонымен қатар, балалар, қазақ тарихында өзіндік орны бар данышпан Абылай бейнесі сомдалған С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасымен жоғары сыныпқа барғанда танысасыңдар. ХХ ғасырдың басында қазақ поэзиясының хан тәңірлері, сыршыл да сұлу Мағжан мен өр де асқақ ақын Сәкеннің тақырыптары үндес, көркем де келісті. «Батыр Баян» мен «Көкшетау» поэмаларында екі ақында ХYIII ғасырда өмір сүрген халық қамқоры болған хан Абылай бейнесін сомдау мен қатар, қолға түскен қалмақ қызы мен Баян, Адақ сынды батырлардың «Елі үшін туған ер» екендігін келістіре жырлайды. Екі ақында жер жанаты Көкшетауды асыл сөзбен суреттейді.

YI. «Туған жерге , елге деген махаббат» ойтолғау ойтолғау жазып келу және Отан туралы мақал- мәтелдер жаттап келу.


YII
. Оқушылардың білімін бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет