Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары Сабақтың мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі483,69 Kb.
#30250
түріСабақ
Шарбақты орта мектебі

Үй жанурлары

/ашық сабақ/



Өткізген: қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Мусжанова А.Д.
Пән: қазақ тілі

Сынып: 4 орыс

Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: үй жануарлары туралы түсінік беру, төлдерін атай білуге үйрету, олардың пайдасы туралы білімдерін бекіту, көптік жалғауын қолдана білуге үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту, дұрыс сөйлеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық тәрбие беріп, төрт түлікке деген сүйіспеншілігін арттыру, үй жануарларына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауп, топпен жұмыс, жеке жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, слайдтар, флипчарттар, карточкалар.
І. Ұйымдастыру

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?

-Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?

-Жаз айларын кім айтады?

-Қазір қай ай?

-Аптаның қай күні?

-Ауа райы қандай?

-Сыныпта кім кезекші?

-Сыныпта кім жоқ?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сөздерге көптік жалғауын жалғау керек.

Тауық-тар, балапан-дар, әтеш-тер, қаз-дар, үйрек-тер.
ІІІ. Жаңа сабақ

Сурет көрсету /үй жануарлары/

-Балалар, суретте нені көріп тұрсыңдар?

-Қандай жануарлар?

-Дұрыс, үй жануарлары.

-Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Үй жануарлары.Үй жануарларының аттарын, олардың төлдерін, бізге берер пайдасымен танысамыз.


1. Сөздік диктанты.

Сирек, ине, сиыр, сыйлық, ат, мысық, тақия, киік, тиын, бота, ит, қой, жылқы, бұзау, қозы, ешкі, түлкі, қасқыр, лақ.

Сөздерді мұғалімнен кейін қайталау, сөз тіркестерін құрау /ауызша/

Мысалы: қоңыр бұзау, ала бұзау.


2. Оқулықпен жұмыс. /107 бет, 1-жаттығу/

-мәтінді саралп оқыту;

-мәтінді аудару;

-мәтіннен көптік жалғауы бар сөздерді табу.


3. Сөздікпен жұмыс /107 бет/
4. Сөйлемдірдің қатесін тап.

1. Сиыр шөп жемейді.

2. Құлын мөңірейді.

3. Жылқы шұбат береді.

4. Қой бұзаулайды.
5. Сәйкестендіру.

Тапсырма: Үй жануарларының төлін тап.


Қой бұзау

сыир лақ


ешкі қозы

түйе құлын

жылқы бота
6. Сергіту сәті

8. Топпен жұмыс

І топ

Аулада 1 ешкі, 2 қой және 3 тауық бар. Барлығының аяқтарын қосқанда қанша аяқ бар?

/18 аяқ/
ІІ топ

Торежан қорадағы 6 қозысының 2-уін Манасқа берді. Торежанда неше қозы қалды?

/4 қозы/
9. Деңгейлік тапсырма

І деңгей

Ойын: Балықтың қаңқасын толықтыр.

Мақсаты: Оқушылардың сөйлеу тілін түзетіп, сөздік қорын дамыту. Балықтың оң жақ қабырғасына үй жануарлары туралы жазу. Сол қабырғасына олардан алынатын өнімдерді жазу.



ІІ деңгей

Ойын: «Адасқан әріптер»

Мақсаты: Жазылған сөздердің қатесін тауып дұрыс жаз.

СТҮ,ҮЙЕТ, ЕШІК, СЫРИ, ЫЛЖҚЫ, ҚЗЫМЫ, ШБАТҰ.


ІІІ деңгей

Ойын: Сиқырлы қарындаш

Мақсаты: Үй жануарларының суреті бар қарындаштарды жасыл құтыға, жабайы жануарлардың суреті бар қарындашты сары құтыға салу қажет.


Үй жануарлары

жабайы жануарлары


ҮІ. Қорытындылау.

-Үй жануарларына қандай жануарлар жатады?

-Олардың төлдерін атап беріңдерші.

-Олардың бізге берер пайдасы?

/тақтаға шығып жазады/


Ү. Үй тапсырмасы

Төрт түлікке қатысты мақал-мәтелдер жазу.

Үй жануарлары туралы шағын әңгіме жазу.
ҮІ. Ой бөлісу

-Балалар, бүгінгі сабақтан алған әсеріміз қандай?



Көңіл-күй смайликтері балаларға таратылады. Сол смайликтерді екі қорапшаға салу арқылы бүгінгі қөңіл-күйімізді білдіреміз.
ҮІІ. Бағалау

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларға жұлдызшалар таратылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет