Қысқамерзімді жоспар
№3-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның сыртқы саясаты
Бөлім:
|
VIII бөлім. Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер. Пунктуация
|
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Күні:
|
|
Сыныбы: 10
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Қазақстанның сыртқы саясаты
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:
|
10.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу;
10.3.2.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала жазу.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар үшін:
Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.
Көпшілік оқушылар үшін:
Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей біледі.
Кейбір оқушылар үшін:
Ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала жазады.
|
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
|
Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру.
Топтастыру.
|
Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:
Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру.
I – Үшбұрыштар тобы
II – Дөңгелектер тобы
III – Төртбұрыштар тобы
|
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
|
Фигуралар салынған конверт
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сұрақтар:
1. Алғашында «мемлекеттік және қоғамдық істер немесе
мемлекетті басқару шеберлігі» деген ұғымды білдірген
«саясат» сөзінің қазіргі кеңейтілген мағынасын, негізгі
функцияларын білесіңдер ме?
2. «Сыртқы саясат», «халықаралық саясат», «мемлекетаралық саясат», «мультиұлттық саясат», «трансұлттық саясат» ұғымдарын қалай сипаттар едіңдер?
3. Әлемдік саясаттың мәні мен мазмұны қандай халықаралық ұйымдардың қызметтерімен анықталады?
|
Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |