Сабақтың тақырыбы Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту. Өзара кері сандар. (2 сабақ)



бет1/5
Дата09.12.2019
өлшемі1,08 Mb.
#53261
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Ашық сабаққа керек


Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 5.2 А. Жай бөлшектерге амалдар қолдану. (33 сағат)

Мектеп: № 42 «Ақ ниет» гимназиясы

Күні: 6.12.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Тулегенова Мейрамгуль Гиниятовна

Сынып: 5

Қатысқандар саны: 24

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту. Өзара кері сандар. (2 сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.1.2.21 жай бөлшектерді, аралас сандарды көбейтуді орындау;


Сабақтың мақсаты

  1. Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейтуді орындайды;

  2. Жай бөлшектер мен аралас сандардың дәрежелерін есептей алады, көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік және үлестірімділік қасиеттерін тиімді пайдаланады;

  3. Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейте отырып, геометриялық фигуралардың аудандарын, көлемдерін есептей алады.

Бағалау критерийі

  • Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейтуді орындайды;

  • Жай бөлшектер мен аралас сандардың дәрежелерін есептей алады, көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік және үлестірімділік қасиеттерін тиімді пайдаланады;

  • Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейте отырып, геометриялық фигуралардың аудандарын, көлемдерін есептей алады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар жай бөлшектер, аралас сандар, натурал сандар, көбейту терминдері арқылы есептердің шығарылуын түсіндіреді.

Пәнге тән лексика мен терминология: Жай бөлшектер, аралас сандар, натурал сан, көбейту, қысқарту, бөлшектің алымы, бөлшектің бөлімі, бұрыс бөлшек, аудан.

Диалогтар мен сөз тіркестері:

  • Натурал сан дегеніміз не?

  • Қандай бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады?

  • Қандай бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады ?

  • Аралас сан дегеніміз не?

  • Жай бөлшектерді қалай көбейтеміз?

  • Жай бөлшектерді натурал санға қалай көбейтеміз?

  • Аралас сандарды қалай көбейтеміз?

Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Жауапкершілік, шынайылық, мақсатқа ұмтылу. Ынтымақтастыққа, бірлікке, сыйластыққа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, тарих

Алдыңғы білім

Жай бөлшектерді оқи және жаза алады, олардың түрлерін ажыратады, жай бөлшектерді қоса, азайта және көбейте алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут


Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Саралау әдісі: «жіктеу» (оқушыларды аралас топқа бөлу).

«Сәйкестендіру» тәсілі.

Шарты:  Үстелдің үстінде стикерлерде «дұрыс бөлшектер», «бұрыс бөлшектер», «аралас сан», «натурал сандар» жазылған стикерлер ұсынамын. Оқушылар келіп үстелден бір-бірден стикер алады. Стикерге өз есімін жазып, ондағы санды оқып, тақтадағы плакатқа жабыстырады. Сынып оқушылары плакатқа ілінген баған бойынша 4 топқа бөлінеді.

Топ аттары: «Натурал сан», «Дұрыс бөлшек», «Бұрыс бөлшек» және «Аралас сан».

«Натурал сан» тобы: 5,3,4,7,9,8;

«Дұрыс бөлшек» тобы: ;

«Бұрыс бөлшек» тобы: ;

«Аралас сан» тобы: .



«Сұрақ-жауап» әдісі (әр топ өз топтарының атына сәйкес ұғымның анықтамасын береді).

- Натурал сан дегеніміз не?

- Қандай бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады?

- Қандай бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады ?

- Аралас сан дегеніміз не?

Дескриптор: Білім алушылар:

-натурал санның анықтамасын біледі;

-дұрыс бөлшек анықтамасын біледі;

-бұрыс бөлшек анықтамасын біледі;

-аралас сан анықтамасын біледі.

ҚБ: Мұғалімнің мадақтауы.(Жарайсың!Өте жақсы!Керемет!)


Стикер, плакат,

Сабақтың ортасы.

10 минут


«Үлкен шеңбер» әдісін қолдана отырып оқушылар тапсырмаларды «топпен», «жұппен», «жеке» орындайды.

І. Бүкіл топ орындайтын жұмыс (үй тапсырмасын тексеру).

Домино әдісі бойынша әр топ парақшаларда берілген сөздерден домино жинап, ереже шығару керек.

Үлгі:

1-топ: Бөлшекті натурал санға көбейту үшін, бөлшектің алымын натурал санға көбейтіп, нәтижесін алым етіп жазып, бөлімінің өзін қалдыру керек.

2-топ: Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін, олардың алымдарын көбейтіп, алым етіп жазып, бөлімдерін көбейтіп, бөлім етіп жазу керек.

3-топ: Аралас сандарды көбейту үшін, аралас сандарды бұрыс бөлшек түрінде жазып, бөлшекті бөлшекке көбейту керек.

4-топ: Егер көбейткіштердің бірі нөлге тең болса, онда көбейтінді де нөлге тең.

Болған топ шапалақтайды. Оқушылардан шапшаңдық пен ереже білуді қажет етеді.



Дескриптор: Білім алушылар:

  • Бөлшекті натурал санға көбейту ережесін біледі;

  • Бөлшекті бөлшекке көбейту ережесін біледі;

  • Аралас сандарды көбейту ережесін біледі;

  • 0 санына көбейтуді біледі.

ҚБ: Екі жұлдыз бір тілек (топтар бір-бірін бағалайды).

ІІ. Жұптық жұмыс.

Әдіс: "Тарсия"

Сәйкестікті анықтаңыз:

Тарсия бағдарламасымен дайындалған тапсырмалар қиылып, араласып беріледі. Оқушылар жұптаса отырып сәйкестікті анықтайды және шеңбер құрап шығарады.



Бағалау критерийі: жай бөлшектер мен аралас сандардың дәрежелерін есептей алады.



Дескриптор: Білім алушылар:

  • дәрежесі көрсетілген жай бөлшектері бар өрнектерді шығара алады;

  • сәйкестікті дұрыс анықтай алады;

ҚБ: «+», «–» қызықты;

«+» - жеткіліті, «–» - жетілдіруді қажет етеді, интербелсенді тақтадағы жауабы арқылы бір топтағы жұптар бірін-бірі бағалайды.

ІІІ. Жеке жұмыс тәсілін қолдана отырып, оқушылардың білімін тексеру мақсатында «Қатені тап» әдісін қолданамын. Оқушылар берілген тапсымадағы қателікті табу керек.

Бағалау критерийі: жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейтуді орындайды;

  1. дұрыс нұсқасы:

  2. дұрыс нұсқасы:

  3. дұрыс нұсқасы:

Дескриптор: Білім алушылар:

  • жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейтеді;

  • қателіктерін дұрыс анықтай алады.

ҚБ: «Үлгі бойынша бағалау» (интербелсенді тақтамен көршілері тексереді).

Топшамалармен жұмыс

(презентациямен тексереді)






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет