Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерге амалдар қолдану Сабақ мақсаты



бет1/16
Дата23.08.2017
өлшемі1,38 Mb.
#25582
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
5-сынып. Математика пәні. Панорамалық сабақ.



Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерге амалдар қолдану

Сабақ мақсаты:

1. Білімділік: Өтілген тақырыптарды қайталау және жүйелеу. Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану дағдыларын қалыптастыру. Жай бөлшектерге қолданылатын амалдарды қайталау. Білім, білік, дағдыларын логикалық оймен іске асыра білу.

2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс жасауын және математикаға деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өздерінің денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға үйрету. Оқушының өмір салтын, денсаулығына көзқарасын арттыру. Оқушылардың дене және психологиялық саулығын арттыру мен нығайту.

3. Тәрбиелік: Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға үйрету.


Сабақтың типі: Білімді бағалау және тексеру сабағы

Оқытудың әдістері: Ішінара іздену

Сабақтың формасы: Пікір-сайыс

Сабақтың көрнекілігі: таратпа материалдар, тірек-сызба, слайдтар, бағалау парағы.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:

Дидактикалық мақсаты: Сынып оқушыларының зейінін жинақтап, сабаққа ынтасын аудару.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың тарау бойынша білімдерін жүйелеу.

а) Сыныппен сәлемдесу

ә) оқушыларды түгендеу

б) Сынып бөлмесінің тазалығына қарау.

в) Оқушыларды сабаққа бейімдеу.

2. Сабақтың мақсатымен таныстыру: Жалпы мектебіміздің алдына қойған маңызды мақсаттарының бірі оқушылардың оқу үрдісінде денсаулығын сақтау және нығайту. Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, талдау, іскерлік қасиеттерін жетілдіру.
II. Материалды қабылдауға, сапалы белсенділікке даярлау (қайталау сұрақтары, ауызша есептер, логикалық есептер)

Дидактикалық мақсаты: Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың ауызша есептерді тез шығара алу және логикалық есептерді шығара отырып ой-санасының өсуі.

Ой толғау. Қайталау сұрақтарына жауап беру:

1. Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге қалай келтіреді?

2. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосады?

3. Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қалай қосады және азайтады?

4. Аралас сандарды азайту амалы қалай орындалады?

5. Бөлшектер қалай көбейтіледі?

6. Натурал санды бөлшек санға қалай көбейтеміз?

7. Аралас сандар қалай көбейтіледі?

8. Өзара кері сандар деп қандай сандарды атайды?

9. Санның бөлігін қалай табады?

10. Бөлшекті бөлшекке бөлу қалай орындалады?

11. Аралас сандарды бөлу амалы қалай орындалады ?

12. Натурал сандарды бөлшекке бөлу қалай орындалады?

13. Бөлігі бойынша санды қалай табады?





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет