Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерге амалдар қолдану Сабақтың мақсаты



Дата21.07.2017
өлшемі56,7 Kb.
#21842
түріСабақ
Күні: 6.02.2017ж

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерге амалдар қолдану

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жай бөлшектерге амалдар қолдану кезіндегі білімдерін жүйелеу, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыруға,өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың тез ойлау қабілеттерін және әртүрлі есептер шығару арқылы ой-өрістерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Сабақ барысында ойын арқылы оқушылардың белсенділігін, ынтасы мен жігерін арттыру, намысын қорғауға баулу,патриоттық сезімдерін ояту.

Сабақтың түрі: Математикалық сайыс
Сабақтың типі: Өтілген тақырыпты қайталау және жүйелеу
Көрнекілігі: слайдттар, таратпа қағаздар, суреттер
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
- Сәлемдесу, балаларды түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 623 есеп

- Оқушылар дәптерлерін бір - біріне алмастыра тексеріп, бағалайды.

Есептің 8 жауабы дұрыс болса бес жұлдызша қояды, 7 және 6 жауабы дұрыс болса төртбұрыш қояды, 5 - 4 жауабы дұрыс болса үшбұрыш қояды, 3 - 1 жауабы дұрыс болса дөңгелек қояды.

ІІІ. Негізгі бөлім

Бүгінгі сабағымыз математикалық сайыс түрінде өтеді. Бағалауды оқушылар бағалау парақшасына аттарының жанына жабыстырады. Бағалау сумативті түрде болады.

Оқушыларға теориядан сұрақтар қойылады.

1. У - Жай бөлшектің жазылуы



2. Н -Жай бөлшектің түрлері
3. И -
Дұрыс бөлшектің анықтамасы
4. В - Бұрыс бөлшектің анықтамасы
5. Е - Аликвоттық бөлшектер
6. Р- Өзара кері сандар
7. С -
Жай бөлшектің қасиеті
8. И - Аралас сан дегеніміз не
9. А- Аралас санды бұрыс бөлшекке қалай айналдырамыз
10. Д - Бөлімі бірдей жай бөлшектер қалай қосылады
11. А - Жай бөлшектерді қалай ортақ бөлімге келтіреміз
Балалар біз ережелерді айта отырып жай бөлшектер тарауын еске түсірдік. Сонда біздің бүгінгі тақырыбымыз қандай болмақ? Ия, біздің бүгінгі тақырыбымыз "Жай бөлшектерге амалдар қолдану". Мақсатымыз жай бөлшектерге амалдар қолдануды есептер шығару кезінде қолдана білу,яғни практика жүзінде іске асыру. Енді бізде ережелерді айтқанымызда қандай сөз шықты? Ия,УНИВЕРСИАДА сөзі шықты. Олай болса балалар біз бүгінгі сабағымызды еліміздің Алматы қаласында болып жатқан 28 - ші қысқы Универсиадаға байланысты өткіземіз.

Универсиада - Халықаралық Университеттік Спорт Федерациясының ұйымдастыруымен студенттер арасында өтетін халықаралық жарыс. Бұл дүбірлі доданы «Бүкіләлемдік студенттік ойындар» немесе «Бүкіләлемдік университеттік ойындар» деп те атайды. Мыңдаған талантты жастардың басын қосатын бұл ойындар екі жылда бір болып тұрады. Яғни бір жылы қысқы спорт түрлерінен өтсе, келесі жылы жазғы ойындар ойналады.

Универсиада алғашқы рет 1905 жылы АҚШ бастау алады. Енді содан бері жалғасын тауып келе жатыр. Биыл 2017 жылы тарихи елеулі оқиға біздің Алматы қаламызда болып жатыр. Биылғы Универсиада аясында Қазақстанда қысқы спорттың 13 түрінен жарыстар өтіп жатыр. Олар мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы спорты, сноубординг, биатлон, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей, керлинг шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, фристайл, конькимен жүгіру спорты және бенди кіреді.

Енді біз бүгін сол қысқы спорттардың 3 түрі бойынша жарысамыз.

Енді балалар алдарыныздағы мозайка бойынша (коньки,шаңғы шайбы, волонтер) топтасайық. Әр топтың өзіндік түстері болады

1. Шаңғышылар тобы (қызыл)

2. Конькишілер тобы (көк)

3. Хоккейшілер тобы (сары)

4. Волонтерлар тобы ( жасыл)

Ал енді төрт топқа сәттілік тілей отыра бүгінгі қысқы Универсиадамызды ашық деп жариялаймын.

Бірінші турымыз

І. Биатлон (Алина Райкова)

1. 2. 3.
1. 2. 3. 4.
Оқушылар барлық есепті шешкенде интербелсенді тақтадан Алина Райкованың суреті шығады. Алина Райкова Универсиада - 2017 Қазақстанның қоржынына ең алғаш алтын медаль салған биатлоншы спортшы қыз.

Екінші интербелсенді тақтадан Денс Теннің суреті шығады. Оқушыларға бұл сурет бойынша сұрақ қойылады.

- Ал оқушылар бұл кім?

- Денис Тен қандай спорт жүлдегері.

-Ия, мәнерлеп сырғанау, ондай болса мәнерлеп сырғанаудың орысшасын кім айтады? (фигурное катание) Ал,ағылшынша қалай болады? (figure skating)

-Дұрыс. Ондай болса екінші турымыз - мәнерлеп сырғанау .

1016 (Оқулықпен жұмыс )

Бұл турда топтық жұмыс болады. Әр топ өз тобымен бірлесе есеп шығарады және барлығы бір - бірден шығарған есептерін түсіндіреді. Бірінші болған топқа бонус беріледі.

ІІІ турымыз - шайбалы хоккей (Kahoot). Оқушылар онлайн тестке жауап береді. Барлық топтар бағаланады.

ІV. Қорытынды: Жай бөлшектер туралы алған білімдерімізді жинақтап, ортаға салайық
V. Бағалау (үш команданы медальдармен марапаттау)

VІ. Рефлексия
VІІ. Үйге тапсырма №1021, № 1022


ОБЛЫС Қызылорда

АУДАН/ҚАЛА Сырдария

АУЫЛ Тереңөзек кенті

МЕКТЕП Ә.Тәжібаев атындағы №36 мектеп -лицейі

ПӘНІҢІЗ Математика

ФИО Адилбекова Гульжайна Максатовна

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет