Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлем Сабақтың мақсаты: Білімділік


III.Бекіту. Тапсырмалар



бет5/6
Дата29.05.2020
өлшемі20,95 Kb.
#71559
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Сабақтың тақырыбы Жай сөйлемДокумент Microsoft Office Word (2)

III.Бекіту.

Тапсырмалар:

(1 – ші топ)

Күрделі бастауыштарды тауып, оның қандай жолмен жасалғанын көрсетіңдер.

Ауылдың жаны - терең сай, тасыған өзен гүрілдеп (Абай). Адам тілі тас жарар, тас жармаса, бас жарар (мақал). Сен екуіміз өлмейтін әке тауып алғанымыз жоқ па? (С.Ерубаев). Аудандық оқу бөлімі жұмысқа қызу кірісіп кетті. Білегі жуан бірді жығады, білімі толық мыңды жығады (мақал). Менің айтып отырғаным – ақыл. Жасы құрдас - құрдас емес, заманы бір - құрдас.



(2 – ші топ)

Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау

1.Мәтінді оқып, көшіріп синтаксистік талдау жасап, қайсысы жалаң, қайсысы жайылма екенін көрсетіңіздер.

2.Асты сызылған сөздерді сөз құрамына талдаңыздар.



Біздің мектепте әр апта сайын сенбілік өткізіледі. Сынаптар қатысады. Әр сыныптан екі-үш оқушы, көбінесе қыздар, сыныпты тазалауға қалады. Бастауыш сынып оқушылары мектептің ауласын жинайды, сыпырады, жасыл желектерді суарады. Ал жоғары сыныптың оқушылары көше бойын сыпырады. Ағаш отырғызады. Оқушылар сенбілікке еңбек құралдарымен келеді. Біреуі-сыпырғыш әкелсе, екіншісі-күрек, үшіншісі шелек әкеледі. Біз тәртіп сақтаймыз. Берілген тапсырмаларды тиянақты орындаймыз. Қоршаған ортаны, мектеп ауласын, сынып бөлмелерін таза ұстауға-әрбір жасөспірімнің міндеті.

(3 – ші топ)

Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырыңыздар

Нұмағанбет тілін алды. Ол киіне бастады. Нұмағанбет көзге түсті. Ойын-той болмайды. Сәні болмайды. Андрей шақырылды. Алия да құмар. Саусақтары жетпейді. Ол біледі. Марат келеді. Ағаш екті. Жаңбыр жауды. Жер су. Үй жылы. Тәтті қарбыз. Мектеп ауласы. Кино қызық. Сабақ оқы. Өлең айтты.

IV. Қорытынды.


  1. Қорытынды сұрақтар.

1.Анықтауыш деген не?

2.Анықтауышқа қай сөзден қандай сұрақтар қойылады?

3.Пысықтауыштың анықтауышқа ұқсастығы және одан айырмашылығы қандай?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет