Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлем түрлері Сабақтың мақсаты



Дата25.12.2016
өлшемі80,92 Kb.
#4417
Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлем түрлері

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың сөйлем, жай сөйлем түрлері туралы, білімдерін нығайта отырып, оларды сөйлем ішінен жалаң және жайылма сөйлемді табу арқылы сұрақ қоюға үйрету.

  2. Сөйлем мүшелерін ажырата білуін, сөйлемнің мәнін терең ұғып, мағынасын аша білуге үйрету, оқушылырдың ойлау қабілетін, тілін дамыту.

  3. Әдемі жазуға, мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, мақал-мәтелдер, венн диаграммасы, тірек-сызба

Сабақтың әдісі: венн диаграммасы, топтастыру, сұрақ-жауап, тірек-сызба

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: әдебиет, дүниетану, ән-күй, орыс тілі, тарих.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

Амандасу.



Психологиялық дайындық
Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім.

— Балалар бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. «Қонақ аз отырып көп сынайды» — деген қазақтың мақалы бар. Бүгінгі сабақта білімімізді көрсетеміз.

— Бүгінгі сабағымыздың жоспары тақтада жазылып тұр.

— Мына жоспармен жұмыс істейміз.



  1. «Қана тасқа бітеді, білім басқа бітеді»

  2. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

  3. «Бойы сергектің сергектің да сергек»

  4. «Еңбек түбі береке»

  5. «Кімнің ойы жүйрік?»

  6. «Білгенге маржан, білмегенге арзан»

  7. «Венн диаграммасы»

  8. «Аймақ құру»

— Бірінші жоспар «Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді» дегендей тірек— сызба арқылы өткен тақырыпты қайталаймыз.

— Өткен сабақтарда қандай тақырыптармен танысып едік?

— Сөйлем мүшелері.

— Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

— Сөйлемнің қандай мүшелерін білесіңдер?

— Тұрлаулы, тұрлаусыз сөйлем мүшелері дегеніміз не?

— Бастауыш дегеніміз не?

— Баяндауыш дегеніміз не?



— Жақсы өткен тақырыптарды қайталадық.

Келесі жоспар:


«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» Жаңа сабақ.
Жұмбақ шешу.

Мамықтай ақ,


Қанттай аппақ, Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады. (Қар)

— Балалар қазір қандай жыл мезгілі?

Қыстың жағымды, жағымсыз жақтарын айтығдаршы?
Слайдпен көрсету.

Қыс

Жағымды

Жағымсыз

Суретпен жұмыс. Қыс туралы сурет.

— Балалар суретке қарап әңгіме құрындар.

— Осы сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау. Сөйлемдерді жалаң және жайылма түріне ажырату.

Қыс келді. Балалар шаңғымен сырғанады.

— Тұрлаулы, тұрлаулы мүшелері бар сөйлемдерді айта қойындар?

Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлемді жалаң дейміз.

Бастауыш пен баяндауыш және тұрлаусыз мүшесі бар сөйлемдерді жайылма сөйлем дейміз.

Сабақтың мақсаты: Сөйлем мүшелерін қайталай отыра, жалаң және жайылма сөйлемдерді табуға үйренеміз. Жақсы тапсырманы орындадық.

Дәптермен жұмыс

— Бүгінгі күннің ретін дәптерге жазыңдар.

— Қыс туралы сөйлемдеріңді тақтаға жазыңдар

— Тақтадағы жазылған сөйлемдерді дәптерлерімізге жазамыз.

— Сөйлемдерге синтаксис талдау жасап, жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратамыз.

— Еңбек түбі береке.

Өз беттеріңмен еңбектеніп жаттығу орындайсыңдар. 198-жаттығу. Жалаң және жайылма сөйлемдерді табу.

Сергіту сәті

Биден үзінді: «Қаражорға»

Келесі жоспар: «Кімнің ойы жүйрік?» жеке жұмыс.

Слайд көрсету.

Суретпен жұмыс

Малмен хайуанаттардың қалай дыбыстайтынын жаз.

Ешкі, мысық, ит суреті.


Дарынды оқушыға тапсырма:

кітапхана суреті.


Осы сурет бойынша әңгіме құру.
Сөйлемдерді жалаң және жайылма түріне ажырату.

Нашар оқитын оқушымен жұмыс: аққу суреті.
Жалаң сөйлем құру.
Осы сөйлемді сөйлем мүшесіне талдау.

Ойларың жүйрік екенін көрдік.
Келесі жоспар Білгенге маржан, білмегенге арзан.
Жаттығу
Ұстаздан шәкірт озар.
Күш білімде.
Талаптаға нұр жауар.

Жалаң жіне жайылма сөйлемнен тұратын мақалдарды көшіру.


Сөйлем мүшелеріне талдау.
Білім туралы мақалдар айту.
Дарынды оқушымен жұмыс.
Берілген сызба бойынша тиісті сөйлем мүшелерін жазу.

Венн диаграммасы

Жақсы балалар бүгінгі біздің жаңа өткен тақырыбымызды қайталадық.

Ендеше балалар өткенді қайталай отыра жұмбақ шешеміз.

Жұмбақ шешу.



Өзім сөзден тұрамын.
Біткен ойды құрамын. (Сөйлем)

Қоя салсаң бір тары,
Жаңалықты жеткіземін. (Хабарлы сөйлем)

Ойды аяқтап орақ тұрады,
Жауап сөз қалап тұрады. (Сұраулыі сөйлем)

Ұранды, шаттықты,
Өкініш, аптықты, Білдіріп ойын талайдың,
Шарға ине қадаймын. (Лепті сөйлем)

Б
алалар сендер қандай сөйлемдер білесіңдер?
Сөйлемнің түрлері:

Көрініс: Тыныс белгілерінің сухбаты

1 бала
Ей, кішкнтай ғана нүкте!
Сенің осы керегің жоқ–ау түкке.
Керек болсаң, айта қойшы,
Сырыңды меннен бүкпе.

2 бала- Нүкте.
Мен сөйлемнің соңында тұрам.
Сөйлемдердің жігін ажыратып,
Кідіріс белгісі орында тұрам.
Тиянаұты ойды біткенін білдірем. Сөйлем соңына таман,
Дауысыңды бәсеңдетіп үлгерем.
Мен емеспе бөліп тұрған ой арасын?

3 бала
Аузыңды ашып сұрайсың да тұрасың,
Осы саған не керек?

4 бала- Сұрақ белгісі.
Киноға барасың ба?
Газет аласың ба?
Деген секілді сөйлемдерді
Кейде оқушы сен секілді
Тыныс белгі қоймай кетеді,
Өзің айтшы білсең,
Осылардың соңында,
Қандай белгі келеді?

5 бала
Осы сен неге айғайлай бересің!
Сөйлемде қандай мағына бересің?
Жөн-жосығынды түсіндірші,
Жазуға қандай жерге келесің!

6 бала -Леп белгісі.
Мен ылғи айғайлай бермеймін,
Қуана да, күледе білемін.
Кейде өкініп, ренжісем де,
Көбінесе көтеріңкі, көңілді жүрем.

Үй тапсырмасы:. Ереже жаттау.

Бағалау: Оқушылардың сабаққа қатысқандарына байланысты баға қою.

Қорытынды:

Ана тілің арың бұл,


Ұятың тұр боп бетте.
Өзге тілдің бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте.

«Қонағыңнан алтын алма, алғыс ал» дегендей бүгінгі сабағымыз аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет