Сабақтың тақырыбы: Жайлаудың ауасы таза Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары



Дата12.09.2022
өлшемі44,03 Kb.
#149234
түріСабақ
Байланысты:
18-сабақ
ҚМЖ.1, Шеризатова Менеджмент К1

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2

Бөлім:2-бөлім Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі Ә.Дүйсенбиев «Бәтеңке, Шұжық, Балқаймақ» өлеңі №18 сабақ

Күні :

Педагогтің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар: Қатыспаған оқушылар :

Сабақтың тақырыбы: Жайлаудың ауасы таза

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

6.2.1.1 - тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдану, ойын әсерлі, мазмұнды жеткізу
6.4.5.1 - жазба жұмыстарында сөзге қосымша жалғауда үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу

Сабақтың мақсаты :

Барлық оқушылар: тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдана алады,ойын әсерлі, мазмұнды жеткізе алады, орфографиялық нормаға сай дұрыс жаза алады.

Тілдік мақсаттар

Жайлау,жаз,ауыл,Ақбұлақ,ат


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
(5 минут)



«Қара жәшік» әдісі

Сабақ мақсатымен таныстыру

Қара жәшік әдісі арқылы сабақты бастау, яғни «Ауылым алтын бесігім» тақырыбына сай, жәшік ішіне Жайлау,жаз,ауыл,Ақбұлақ, ат туралы сөздер немесе суреттер салып, оқушыларға жанама тұжырым беру. Жайлау,жаз,ауыл,Ақбұлақ,
ат.б оқушылар дәл тапқанша жалғаса береді. Тапқаннан соң, жәшік ашылып, ішіндегі тақырып көрсетіліп,бүгінгі күннің тақырыбы ашылады.
Сабақтың тақырыбын, мазмұнын слайдтар, суреттер, жанама сөздер арқылы болжайды.

Қолпаштау


слайдтар


Сабақтың ортасы
(6-37 минут)




Айтылым
6-тапсырма
1) Мәтінге тақырып қой. Неге ол тақырыпты таңдағаныңды түсіндір.
2) Мәтіннен сын есімдерді тап.


Оқылым.Айтылым
7-тапсырма
Мәтіндегі ақпараттың дұрыстығын көрсет. Түсіндір.
Жазылым.Айтылым.
8-тапсырма
«Бинго» ойыны. Мәтіннен сұрақтарға жауап беретін сөздерді
тауып, кестені толтырыңдар. Тез әрі дұрыс толтырған оқушы «жеңімпаз» атанады.


Жазылым
9-тапсырма
«Жайлау» тақырыбына синквейн (бес жолды өлең)
дайындаңдар.


Жазылым.Айтылым.
10-тапсырма
Мұғалім ұсынған пейзажға қарап, табиғатты суреттеп жаз.
Жазғаныңды ауызша айт.


«Заряд алу»
(сергіту сәті )
Оқушыны ұқыптылыққа, мұқияттылыққа, сезімталдыққа үйрету.

Оқушылар мәтінге тақырып қояды, мәтіннен сын есімдерді табады;

Оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды;


Кестедегі дұрыс, бұрысты көрсетеді, түсіндіреді.
Бинго ойыны арқылы оқушылар оқулықта көрсетілген кестені толтырады;

Бес жолды тақпақтың құрылымы:


1. тақырыпқа қатысты бір зат есім;
2. бірінші зат есімге қатысты екі сын есім;
3. бірінші зат есімге қатысты үш етістік;
4. бірінші зат есімді суреттеп, толықтыратын төрт кілт сөз;
5. тақырыпты сипаттайтын бір синоним не метафора (зат есім).

Үлгі: Бұл — жайлау. Мен жазда жайлауға бардым. Жайлаудың ауасы таза.


Оқушылар жазғандарын ауызша баяндайды;
Ресурс қажет етпейді. Оқушылар ынтымақтасады. Көңілдерін көтереді.




Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!


Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!

Дескриптор
Жалпы -5 балл
-Мәтінмен жұмыс жасайды;
-Кестені толтырады;
-Бес жолды өлең дайындайды;

Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!

Шаттық шеңберге барлығы тұрып, көздерін жұмады. Бастапқы бастаушы қолды 1 рет қысады, екінші айналымда 2 рет қысады, соңында 3 рет қысады, бұл бастапқы бастаушыға барғанда қанша заряд жібергені бойынша қайта келу керек


Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!


Оқулық
27,28-бет

Оқулық
28-бет



Сабақтың соңы
3 минут

Үй тапсырмасын беру : 29 бет.11-тапсырма Досыңмен немесе парталасыңмен бірге сұхбат құр




Кері байланыс
«SWOT» талдау әдісі
Оқушының бір мәселе бойынша ойлау, талдау, салыстыру қабілетін дамыту. Өз пікірін ашық айту.

Бұл әдісті қолдану барысында мәселенің жағымды, жағымсыз жақтарына сараптама беріледі, мүмкіндіктері бағаланып, қауіп-қатерлері туралы нақты дәлелдер келтіріледі.
Мыс:Жайлаудағы өмір мен қала өмірінің пайдалы және пайдасыз жақтары, қалада немесе жайлаудағы демалыстың қайсысын қалар едіңіз, т.б мәселелер төңірегінде айту


Бағалау

«Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет