Сабақтың тақырыбы: «Жалын атқан жүрекпен»



бет2/2
Дата18.02.2017
өлшемі209,07 Kb.
#9845
түріСабақ
1   2
Сергіту сәті:

Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезінесіңдер. Біздің жүрегіміз қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілік құндылықтарға толы екендігін сезінеміз. Енді көзімізді жаймен ашамыз. Ендеше жүрегіміздің жылуын, бізді мектепке келгенде білім беріп, тәрбиелеп жатқан мұғалімдерімізге арнап көрейік!
Тапсырма: Оқушылар өздерінің жақсы көретін адамдары туралы әңгімелеу.

Әр баланың өз өмірде орны ерекше екенін оларды да жақсы көретін адамдардың бар екенін ұғындырады.



Дәйексөз:

«Табиғаттағы барлық жылу-күннен

Өмірдегі барлық жылу-адамнан» М.Пришвин
«ШАТАСПА» ОЙЫНЫ

Ойынның мақсаты: тез ойлау қабілеттерін жетілдіру, тәуліктің әр уақытында не істейтіндері туралы білімдерін жетілдіру.

Керекті заттар: кубик

Ойын барысы: тәуліктің әртүрлі бөліктері жөнінен балалардың білімдерін бекіту мақсатымен мұғалім әңгіме жүргізеді. Балалар өздерінің таңертең, түсте, кешке не істейтіндерін естеріне түсіреді.

Мұғалім тәуліктің әртүрлі бөліктерін атай отырып, балаларға ойынды ұсынады. Мысалы: мұғалім бір балаға кубикті беріп «Таңертең» десе, кубик алған бала оянамыз, жуынамыз деп жауап береді. Содан кейін кубикті екінші балаға ұсынады. Ол бала жалғастырып шашымызды тараймыз, тісімізді тазалаймыз десе келесі бала жаттығу жасаймын, мектепке барамын деп жауап береді. Шатасқан бала ойыннан шығып, кубикті келесі ойыншыға береді. Осылайша күндіз, кешке, түнде не істейтіндерін айтып, ойынды жалғастыра береді. Шатаспай дұрыс айтқан балалар жеңіске жетеді.
Шығармашылық жұмыс:

Өздерінің жақын адамдарына өлең, әңгіме құрап жазу.






Мұғалім балаларға орындау үшін төмендегі үлгіде тапсырма береді.


Жүрегінен шыққан мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық,

жан жылуы кімдерге, нелерге арналатының бос тор көздерге жазу.







































































Жүректен жүрекке:

Оқушылар сабақ соңында өздерінің жүрек түпкіріндегі жылы сезімдеріне ризашылықтарын білдіреді.

Оқушылар оң қолдарымен жүрек тұсын ұстап кезегімен мынадай сөйлемдер айтады:

- Менің қайырымды жүрегіме рахмет!

- Менің мейірімді жүрегіме рахмет!

- Менің жылы жүрегіме рахмет!

- Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніне рахмет!

- Менің жүрегімдегі жақсы көру сезіміне рахмет!

- Менің жүрегімнің қуана білетініне рахмет!

- Менің жүрегімнің жанашырлығына рахмет! және т. б.
Қорытынды: «Менің түйгенім»


Сабақ маған ұнады,

себебі:

Сабақ маған ұнамады, өйткені:

Менің

ізгі

істерім:

Сабақтан үйренгенім:












Үйге тапсырма

Әр оқушы өзінің жан деген құрбы – жолдастарына арнап тілектерін дәптерлеріне жазып келеді.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет