Мұғалім: Арқамызды тік ұстап отырамыз. Аяқ-қолымызды айқастыр маймыз, қолымызды партаның үстіне қоямыз. Көзіңізді жұмып терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз «Су асты патшалығына саяхат»-қа барамыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғай дан қара нүкте көріп тұрсыз; жақындай түскенде оның дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне саяхатқа шақырады. Ол өте әдепті жануар, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы қаншама орасан зор балықтар. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық,толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз. (Мұғалім бірне ше минут үнсіз қалады). Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.Сыныпқа оралыңыз, өз орныңызға келіңіз. Осы тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз, көзіңізді жаймен ашыңыз, күлімсіреңіз. Рахмет!