Сабақтың тақырыбы: Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгереміз №1 сабақ Құндылық: Ақиқат


Дәйексөз «Табиғатсыз күнің жоқ



бет73/86
Дата04.01.2022
өлшемі174,34 Kb.
#109569
түріСабақ
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   86
Байланысты:
3сынып толық қмж

Дәйексөз

«Табиғатсыз күнің жоқ,

оны айтуға табиғаттың үні жоқ»



Әңгімелесу

Обал Айса Хамзаұлы

  • Үйректің үркіп қашу себебі неде?

  • Балалар балапандарға қандай қатер тудырды?

  • «Обал болады» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Құстарды неліктен қорғау керек деп ойлайсыңдар?

  • Өзің құстарға қандай қамқорлық жасайсың?




Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Табиғат денелерінен қандай жақсы қасиеттерді үйренуге болатынын жазу

  • Таудан – сыр сақтай білуді;

  • Күннен – жылу бере білуді;

  • Бүркіттен - батылдықты

  • Қарлығаштан – досқа адал болуды;

  • Гүлден – әдемілік сыйлауды

  • Ағаштан – көлеңке түсіру, көмек беруді;

  • Арадан – тәтті сөз айтуды;

  • Құмырсқадан – еңбекқорлықты үйренеміз.

2- тапсырма: «Табиғат» тақырыбына «Бес жол өлең» (синквейн) құрастырып жазу. Өлеңді жазу ережесі:

1-жолға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде)

2-жолға тақырып екі сөзбен сипатталып жазылады (сын есім)

3-жолға үш сөзбен тақырыпқа қатысты іс-әрекет жазылады (етістік түрінде)

4-жолға төрт сөзден тұратын тақырыпқа қатысты бір сөйлем жазылады.

5-жолға тақырыптың мәнін сипаттайтын бір сөз жазылады


3-тапсырма: Қажетті сөздерді пайдаланып, табиғатты аялаудың ережесін құрыңдар: Жан-жануар, өсімдіктер, топырақ, су, бұлақ, аң-құстар, ұя, жұмыртқа, балапан, ағаш, өзен-көл, гүл, көк шөп.



Топпен ән айту Әдемі Ақылбек Шаяхметов

Күн сәулесі төгілгені әдемі, Кемпірқосақ керілгені әдемі. Көк шалғында асыр салып жүргенде, Көк көбелек көрінеді әдемі. Жас шыбықтың бүр ашқаны әдемі Алма ағаштың гүл ашқаны әдемі. Қариялар жол үстінде кездесіп, Амандықты сұрасқаны әдемі. Бұлбұл құстың сайрағаны әдемі, Қозы-лақтың ойнағаны әдемі. Ақ боз атын ерттеп мініп атамның, Қойды өріске айдағаны әдемі.






Үйге тапсырма

Келесі сабақ: 136-137 бет. «Табиғат емші, Күн, Ауа, Су, Дәм, Асқазан» өлең жолдарын жаттап келу.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет