Түлкі, қараторғай және қарға
Қараторғай бір кішкене қайыңға ұя салып, балапан шығарады. Күн өткен сайын балапандары үлкейе бастайды. Бірде қайыңның қасынан өтіп бара жатқан түлкі биіктегі ұяны көреді. Бірақ бойы жетпейтін болған соң, қараторғайды алдап соғуды ойлайды.
-Жұрттың бәрі егін егіп бітірді, - дейді түлкі. – Менің соқам сынып қалып еді, соны жөндеуім керек, мына қайыңды кесемін.
-Кеспе, - деп жалбарынады қараторғай, - балапандарым әлі ұша алмайды, оларды қайда жіберемін?
- Олай болса, балапандарыңның біреуін бер!
Қараторғай ойға шомады. Не істеу керек? ...
Қыт-қыттың сыры
Бұрынырақта тауық пен тышқан керемет дос болған екен. Күндердің күнінде тауық бір уыс бидай тауып алыпты. Досынан бидайды үгітіп беруді сұрайды.
Мен үгіте алмаймын – дейді тышқан.
Амалсыздан бидайды тауық өзі үгетеді. Диірменнен шыққандай мап-майда ұн жасап, одан қамыр илейді. Содан кейін ол тышқанға:
- Енді қамырды күлше етіп пісір, - дейді.
- Өзің-ақ пісіре салшы, ерініп тұрмын, - дейді досы.
Тауық бір табақты толтырып күлше пісіреді де:
- Күлшені кім жейді? – деп әдейі дауыстайды.
- Мен, мен, - деп тышқан жүгіріп келеді.
Сонда тауық: - .....
|