Сабақтың тақырыбы: Жаман әдеттен сақтан Сабақтың мақсаты



Дата14.02.2018
өлшемі37,39 Kb.
#37664
Сабақтың тақырыбы: Жаман әдеттен сақтан

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік: оқушыларды жаман әдеттерден сақтандыру, ішімділік пен темекінің жас организмге зияны, әртүрлі жөтел,асқазан, тері аурулары осы никотин мен алкогольдің әсерінен екенін түсіндіру. Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді сіңіруге, ХХІ –ғасыр басындағы СПИД ауруының алғы шарттарын болдырмауға баулу.

ә)Дамытушылық; Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және сөздік қорын молайту;

б)Тәрбиелік; Жаман әдеттен аулақ болуға, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі; салынған суреттер, сөзжұмбақ, теледидар.

Сабақтың барысы;

Балалар, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз бұрынғы тәрбие сағатынан өзгеше,себебі біздің, яғни сіздердің сабақтағы алғырлық, тапқырлықтарыңды байқау үшін сабағымызға апайлар мен ағайлар қатысып отыр.Қане,барлығымыз өз білгендерімізді қысылмай ортаға салайық.

1.Жыл мезгіліне қарай қандай жұқпалы аурулар бар? Тұмау,сүзек гепатит т.б.

2.Осы ауруларды болдырмау үшін не істейміз?

-Жылы киініп,уақтылы тамақтанып,тазалықты сақтаймыз.Бос уақытымызда әр түрлі спорт түрлерімен айналысамыз.Үйге барғаннан кейін қолымызды жақсылап жуамыз.

- Дұрыс балалар,өте жақсы.Бірақ біздің ішімізде,яғни ортамызда осы ережелерді дұрыс орындамайтын да оқушылар бар.Олар салқында ұзақ ойнайды,уақытында дұрыс тамақтанбайды,тамақтанар алдында қолын жумайды.Осы айтылған ережелерді дұрыс орындамаған адам тез ауырады.Кейбір оқушыларымыз бос уақытын дұрыс пайдаланбай зерігеді.

Сөйтіп жүріп темекі тартушы ересек адамға ұқсағысы келеді.Бұл дұрыс па?-Жоқ.

-Енді тақтаға назар аударайық,қандай суретті көріп отырсыңдар?Өздерің білетін темекішілерді еске түсіріңдерші.Олардың бірі мына келе жатқан өңі сарғыш тартқан,құрғақ бетін әжім торлаған белі бүкірейген,ентігіп,жөтелден ауыз жаппай келе жатқан адам бейнесі.

Көрініс. Екі бала ойнап жүр.

Ербол:-Асқар екеуміз доспыз ғой,ия ?!

Асқар:- Ия доспыз.

Ербол:-Сен ешкімге айтпа,менде керемет нәрсе бар.

Асқар:-Ол не нәрсе ?

Ербол:-Мінекей көрсеңші(қалтасынан темекі көрсетеді).

Асқар:-Ол не болғаның?(шошынып) Қайдан алдың?

Ербол:-Папамнан көрсетпей алдым.

Асқар:- Папаңнан?Папаңнан неге аласың,темекі деген жаман нәрсе,денсаулыққа зиянды.

Ербол:-Болса ше? Менің папам неге тартады?

Асқар:-Ой,достым,сенің папаң жас күнінде темекіге әуестенген,сол қателігін қазір жөндей алмай жүр.

Ербол:-Ой, достым,дегенмен осыны тартып көрсек қайтеді?

Асқар:-Жоқ,мұндай жаман әдеттен аулақ болғанымыз абзал.Әйтпесе құртамыз,онан да ойынымызды жалғастырайық.

Сонда,балалар,темекі мен алкогольдің адам ағзасына тигізетін зиянды әсері көп екен.

Мыс: осы темекі тартып,ішімдік ішкен адамдардың нерв жүйесінің қызметі бұзылады.Темекі зардабынан стенокардия ауруы пайда болады.Стенокардия ауруымен ауырған адамның қан тамырларында кеудені ауыртатын әлсіздік пен өлім қатерін туғызатын түйілулер пайда болады.

Темекі түтінінде никотин,иіс газы,көгерткіш қышқыл және басқа да зиянды заттар болады. Бұл заттардың барлығы адам ағзасына кері әсерін тигізеді.Әр түрлі тері аурулары,жөтел,асқазан аурулары осы никотин мен алкогольдің әсерінен болады.

Міне, балалар,біздер көптеген жаман әдеттерден сақтану керек деп ,осы әдеттерге үйір балалар есейе келе өкінішке ұшырайтынын қазіргі кездегі осы зиянды әдеттердің,нашақорлықтың бар екенін де білеміз, осы нашақорлар арасында адамдардың көңілін қатты алаңдатып отырған СПИД ауруының вирустары да кездеседі.

СПИД- әр (түрлі) әрпі бір ұғымды білдіретін күрделі сөйлем.Бұл сөздің қазақша мағынасы-иммунитетке тосқауыл табу қиын,зәру деген мағынаны білдіреді.

СПИД- ауруын қоздырушы өте кішкене денешіктер, вирустар.Олар қарапайым жасушалардан да кішкентай болады.

СПИД- ауруының қауіптісі сол-ол адамның жанды жеріне үймелейді.Жанды жері деп отырғанымыз жыныс мүшелері,омырауы,жүрек,бауыр,бүйрек сияқты мүшелер, СПИД кеселінен адам өзі ғана зардап шегіп қоймай ,басқа адамдарға да зиян туғызады.Вирустар үймелеген жерді емдеуге ұзақ уақыт кетеді. Себебі,ол бірден айқын білініп қоймайды. Ол басқа ауруларды өзінен серіктес етіп басталатын апат аурулары.

СПИД- ауруы адамға қалай жұғады және қалай сақтану керек? Қазіргі медицина ғылымының зерттеуі бойынша СПИД ауруымен ауырған адам екінші біреуге қан және жыныс мүшелері арқылы жұғады. СПИД вирусы анасынан жас нәрестеге қан арқылы беріледі.Осындай ауруға шалдығатындардың көпшілігі қан құйғанда,ине шаншығанда, ине дұрыс қайнамағаннан ине арқылы жұғады.Соған орай медицинада бір рет қана шаншылатын ине қолданылады.Бұл инелер екінші рет ауруларға пайдаланбайды. СПИД ауруымен ауырмау үшін адамдар саналы түрде тәртіп сақтау керек.Әрбір адамның төсек орны,тіс жуғышы , сабыны ,сүлгісі,іш киімдері,тырнақ,сақал,шаш,сақал-мұрт алатын құралдарын жеке дербес ұстау керек.Осы айтылған кеңестерді көңілге түйген адам осы аурудан аулақ болады. СПИД ауруымен ауырған адам бірден айыға қоймайды.

СПИД-хирургтарға ,тіс дәрігерлеріне,зертханада қолдарында және басқа мүшелерінде кездесетін жарақаттар арқылы жұғуы мүмкін.Егер осындай жарақатқа вирустар түссе,адамдар СПИД ауруына шалдығады.Сондықтан медицина қызметкерлері тәртіптерді қатаң сақтауы тиіс.

Сөз жұмбақ.

С п и д


А л к о г о л ь

Қ ы л м ы с к е р

Т у б е р к у л е з

А р а қ


Н и к о т и н

1.ХХІ ғасырдың обасы.

2.Спирт ішімдігі құрамындағы зат.

3.Заңмен жазаланатын қоғамға жат қылық.

4.Көп таралған ауру.

5.Маскүнемнің “сусыны”.



6.Темекідегі улы зат. Қорытынды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет