Сабақтың тақырыбы Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой», «Атаның әлдиі» Мақсаты



Дата07.05.2017
өлшемі55,04 Kb.
#15914
түріСабақ

Шартыкбаева Маржан Кеулимжаевна, Жамбыл облысы Байзақ ауданы С.Абланов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Қысқа мерзімді жоспар

Өтілген күні




Пәні

Әдебиет

Сыныбы

7 «Г»

Сабақтың тақырыбы

Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой», «Атаның әлдиі»

Мақсаты

Білімділік: ақын өлеңдерінің тарихын, табиғатын, идеясын ашу, Жамбыл ақын туралы білімдерін кеңейту;

Дамытушылық: оқушылардың іздену, суреттеу, талдау, салыстыру дағдыларын топтық жұмыс барысында дамыту;

Тәрбиелік: өз елінің, Отанының, туған жерінің патриоты болуға, бейбітшіліктің жаршысы болуға тәрбиелеу.


Түрі

Жаңа сабақ

Әдісі

Топтастыру, «Инсерт», «Түртіп алу», талдау, «бес жолды өлең», т.б.

Модуль

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту, өзін-өзі және өзара бағалау.

Көрнекілігі

Слайдтар, кітаптар, бағалау парақшалары, флипчарт, түрлі-түсті маркерлер, т.б.

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдасты ру кезеңі

Оқушылармен амандасу.

Топқа бөлу.

Психологиялық ахуал тудыру.

Сабақ мақсатымен таныстыру.



Кезекші оқушылардың топқа бөлуі.

Топ сарапшыларын сайлау. Топ ережесін еске түсіру.



Білу

«Ыстық орындық» әдісі арқылы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы бойынша білімдерін тексеру;

«Аттандыру» өлеңін жатқа сұрау.




Топтан бір оқушыдан шығып, өтілген тақырып бойынша сұрақтар қояды. «Ыстық орындықта» отырған оқушы күйіп қалмау үшін жылдам жауап беруі қажет.

«Аттандыру» өлеңін топтағы барлық оқушы бір шумақтан жалғастыра отырып жатқа айтады.

Ұл балалар үйден ізденіп жаттап келген баталарын жатқа айтады.


Қызығушы лықты ояту

Түсіну

1-топ: Жамбыл ақынға тән ерекшеліктерді;

2-топ: Алғадайдың бойындағы ізгілік қасиеттерді;

3-Халық поэзиясының түрлерін;

4-Қоштасу жырының мазмұнына қарай түрлерін топтастыру әдісі арқылы жазғызу.

Сын тұрғысынан ойлатады: Мына сандардың бүгінгі сабағымызға қандай қатысы бар деп ойлайсыздар? 1941-1945

Алғадай туралы, өлеңнің шығу тарихы туралы слайд арқылы қосымша мәлімет беру.



Топтық жұмыс.

Әр топ берілген тапсырманы флипчартқа түсіру арқылы орындайды.

Балалар бұл сандардың Ұлы Отан соғысымен, Жамбыл ақынның өмірінің соңғы жылдары осы жойқын соғыспен байланысты екені туралы өз ойларын ортаға салады.


Қолдану

Өлеңді мәнерлеп оқу, сөздікпен, мәтінмен жұмыс жасату.

Топтық жұмыс:



«Инсерт» әдісі бойынша өлең жолдарындағы мағынасы көмескі сөздерді түртіп отырады.

Топтық жұмыс: Бөлімдерге ат қою, ақынның көңіл-күйіне, екі өлеңнің өзектестігі туралы кесте толтырады.




Сергіту сәті

Іште жиналған қайғы-мұңды «Шар үрлеу» тренингі арқылы сыртқа шығару.

Оқушылар мұғаліммен бірге қимылды қайталайды: қолдарымен шар үрлеп, шапалақпен жарады.

Талдау

Топтық жұмыс барысында өлеңге толық кешенді талдау жасату.

Әр топ тапсырманы бірлесе отырып орындайды: 1- топ: өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу; 2-топ: өлеңнің буын және бунақ санын анықтау; 3- топ: ұйқас түрін табу; 4- топ: өлеңнен көркемдегіш сөздерді табу(теңеу, эпитет, т.б.).

Жинақтау

«Бес жолды өлең» стратегиясы арқылы білімді жинақтау. «Соғыс» деген сөздің суық сөз екенін, бүкіл адамзат тек бейбітшілікті қалайтынына көң


«Бес жолды өлең» стратегиясы Зат есім. Соғыс Сын есім. Етістік. Сөйлем. Синоним.

Бағалау

Сабақты қорытындылай отырып, кері байланыс орнату. Сары дөңгелектің не екені жайлы ойланту.

Сары дөңгелектің, яғни күннің шуағына бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазады.


Үйге тапсырма

Өлең шумақтарын жаттау. «Мен – бейбіт елдің ұланымын» тақырыбында ойтолғау жазу.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет