Қостанай облысы,Денисов ауданы,Денисов ауылы
«№3 Денисов орта мектебі»КММ
Пән мұғалімі: Нұрғазина Маржан Ерболатқызы
Күні: Сыныбы: 9 Пәні: Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев «Ленинградтық өренім», «Зілді бұйрық», «Ата жаумен айқастық».
Сабақтың мақсаты: Білімділік: ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру. Ақынның өмірін, өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай,саралай отырып, өзгешелігіне көңіл бөлу,ақын шығарма-ларының идеялық-көркемдік мазмұнын ашу, өлеңді мәнерлеп оқуға,өз жанынан өлең шығаруға дағдыландыру.
Дамытушылық: оқушының сөйлеу тілін дамыту,өз пікірі бар сауатты оқу-
шыны дайындау,ауызша да, жазбаша да еркін,көркем сөйлеуге үйрету, әдебиет теориясынан алған білімдерінкеңейту.көркем ойлау, жүйелі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: ақын өлеңдерін насихаттай отырып, оқушыны отансүйгіштікке, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру,баяндау,сұрақ-жауап,оқулықпен жұмыс,
талдау,СТО, топпен жұмыс, бес жолды өлең, композициялық талдау, хранологиялық кесте, тест.
Пән аралық байланыс: тарих, қазақ тілі,география,өмірмен байланыс
Көрнекіліктер: ақын портреті, «Аңыз адам» журналы, интерактивті
тақта.газет-журналдар Ж. Жабаевтың суретінен жинақталған буклет, шығармалары, слайд.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
а)оқушылармен амандасу,оқушыларды түгелдеу;
ә)оқушылардың назарын сабаққа аудару
Оқушыларды асық түстері арқылы топқа бөліп, топ басшысын сайлау. Топ басшысына сабақ соңында бірге отырған топтастарын бағалайтынын ескерте кету. «Домбыра-дастан», «Жыршылар»тобы болып екі топқа бөлінген оқушылар берілген тапсырмаларды бірігіп орындайды.
ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау:
(Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбы анықталады).
XXғасыр басында қазақстанда қандай өзгерістер болды?(оқу-ағарту ісі)
XX ғасырдың бас кезіндегі аса танымал әрі көрнекті әдебиет қайраткерлерінің бірі ақын, түркітанушы-ғалым, аудармашы, педагог, көсемсөзші, қоғам қайраткері? (Ахмет Байтұрсынов)
Ұлттық баспасөздің дамуында Орынбор мен Торғайда 1913-1918 жылдар аралығында Ахмет Байтұрсыновтың редакторлығымен шығып отырған газеті ерекше рөл атқарды.Ол қандай газет? (Қазақ)
XXғасыр басында М.Дулатовтың жазған бірінші қазақ романы?(Бақытсыз Жамал)
XX ғасырдың бас кезі қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше кезең болды. Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің негізі қаланып, жаңа стильдік формалар пайда болды, қазақ жазушылары жаңа жанрларды меңгере бастады. Осы кезеңге Спандияр Көбеевтің роман жанрында жазған шығармасы? (Қалың мал)
«Шолпан» атты өлеңдер жинағының авторы? (Мағжан Жұмабаев)
Оқу ағарту мен білім идеяларын бұқара арасында насихаттау мен бастауыш білім беру жүйесін кеңейтуде елеулі рөл атқарған журнал? (Айқап)
Әлеуметтік теңсіздік тақырыбы аясында жазылған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармасы? (Қамар сұлу)
XXғасыр басында ең бірінші қазақ тілінде жазылған шығармалар қай қалада басылып шығарылды? (Орынбор)
«Маса», «Қырық мысал» жинақтарының авторы? (Ахмет Байтұрсынов)
ІІІ. Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Оқушылар, сонымен өздерің көріп тұрғандай біздің бүгінгі өтетін сабағымыз ерекше сабақ болмақ. Сондықтан әрбір айтқан сөзімді жүрегімізбен ұғып, көңілімізге тоқып қазақ халқының ақыны Қадыр Мырза Әли атамыз айтқандай «Тыңдай білу-ұлылық, Тыңдата білу -даналық»-деп, сабағымызды бастамас бұрын деректі фильмге назар аударуларыңыз сұралады. (Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы шағын митражды видеоролик көрсету)
Жүз жыл жырлаған жүрек (слайд - 1)
Жүз жыл өмір кешкен ақында неше жүз жылдар өнері мен шеберлігі түйіскен. (М. Әуезов) (слайд - 2)
Ой қозғау сұрақтары:
Оқушылар, біз көрген деректі фильм кім туралы?
Негізгі киіпкеріміз жайында естігеніміз бар ма?
Қазақ әдебиетінде ақынның алатын орны қандай?
Мұғалімнің түсіндірмесі
Ендеше,оқушылар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі және «Ленинградтық өренім», «Зілді бұйрық», «Ата жаумен айқастық» деп аталатын өлеңдері туралы.
Жоспары: (слайд-3)
1. Ж. Жабаевтың өмір жолы
2. Жамбыл атамыздың ақындық жолға түсуіне не себеп болды?
3. «Дастан атаның» қаламынан туындаған алғашқы өлеңдері
4. Айтыстың асқан шебері (Құланаян Құлмамбетпен айтысы)
5. «Ленинградтық өренім», «Зілді бұйрық» өлеңінің мазмұны мен құрылысын талдау.
(Дәптермен жұмыс)
«Топтастыру» стратегиясы бойынша (4-слайд)
Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей-көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын
Жамбыл деп қойылыпты атым содан.
Туған жері: Теріскей Алатаудың солтүстік баурайында 1846 жылы 28 ақпан айындаХан,Жамбыл тауының атырабында дүниеге келген.
Жамбыл ата хат танымағандықтан
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ
оның әдеби хатшылары болған.
Әбділдә Тәжібаев, Қапан Сатыбалдин,
Ғали Орманов, Сәбит мұқанов.
Кедей отбасында дүниеге
Келген. Әкесі-Жапа, кедей шаруа болған.
Анасы-Ұлдан
Жамбыл атаның есте сақтау қабілеті өте тамаша болған.
Жыршы, дастаншы,айтыскер ақын
Руы: Ұлы жүздің ішіндегі Шапырашты тайпасынан шыққан.
15 жасында жазған тұңғыш өлеңі «Шағым»
«Әкеме», «Менің пірім – Сүйінбай»
Үш әйелі болған (Тәті жесірі, Момын, Қанымжан)
Осы үш әйелдің екеуінен 10 баласы болған
Ұстазы- Сүйінбай Аронұлы
Шығармалары:
«Кедей күйі»
«Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды», «Өтеген батыр», «Сұраншы баты»
«Туған елім»,«Ленинградтық өренім», «Ата жаумен айқастық»т.б
IV.Ақын шығармаларына тоқталу, композициялық талдау жасау.
ХХ ғасырдың Гомері атанған Жамбылдың туындыларында қазақ қоғамының қайшылықтары, халықтың əлеуметтік жағдайы суреттеледі.
1941-1945 жылдар біздің Отанымыз үшін ең ауыр кезең болды. Гитлер бастаған неміс басқыншылары соғыс жарияламай жерімізге енді. Нева жағасындағы Ленинград қаласы 900 күн қоршауда қалды. Халқымыз үшін өте ауыр күндер туды. Осы тарихи оқиғаға Жамбыл өзінің «Ленинградтық өренім» атты өлеңін арнады.
Оқулықпен жұмыс.
«Зілді бұйрық», «Ленинградтық өренім!» өлеңдері мәнерлеп оқылады.
"Ленинградтық өренім" өлеңіне сатылай кешенді талдау
Авторы: Жамбыл Жабаев
Тақырып: халықтар достығы, Отанды қорғау, Отанға деген сүйіспеншілік.
Жанр түрі: поэзия /өлең/
Идеясы: Ленинград қаласы тұрғындарының қаһармандық ерлігін жырлау.
2 шумақ
33 тармақ
1 бунақ
Әдеби теориялық ұғымдар:
- эпитеттер: көк, сүйкімді, заманымның өрнегі.
- теңеулер: бұлағымдай, өркеш-өркеш жарасқан, шоқылардай, судай
Өлеңнің тәрбиелік мәні: Отанымызды жаудан қорғау, бейбітшілік-
ті сақтау, ерлік көрсеткен ерлерді дәріптеу.
Эпитет,теңеу,өлең құрылысына байланысты түсініктер.
V. Сабақты бекіту:
А) Хронологиялық кесте толтыру.
Жылдар Негізгі оқиғалар
1846 ж_______________ Ақын дүниеге келді
1863 — 64 ж__________ Қоқан хандығы билік құрды
1881 ж.______________ Құлмамбетті жеңді
1916 ж.______________ Ұлт азаттық көтеріліс
1936 ж_______________ Қазақстан көркем әдебиетінің онкүндігі
1941 — 1945 ж________ Ұлы Отан соғысы
1945 ж._______________ Дүние салды
Ә) Бес жолды өлең.
1. Зат есім. Жамбыл
2. Сын есім айтыскер ақын, жыршы, поэзия алыбы
3. Етістік айтысқан, өлең жазған, жыршы атанған
4. Синоним атақты, мәшһүр, әйгілі
5. Сөйлем Жамбыл - ақындық еңбектің батыры, халқының мақтанышы.
VI. Сабақты қорытындылау: Баламалaқ тест өткізу.
1. Жамбыл қай жылы қайтыс болды?
А)1945 ж. С)1947ж.
В)1948ж. D)1944ж. Е)1946ж.
2. Ж.Жабаевтың шығармасын табыңыз.
А) «Өмір мектебі» С) «Өсиет»
В) «Менің қысқаша өмірбаяным» D) «Өмір, қымбатсың маған»
Е) «Менің мектебім»
3. Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім» өлеңі қай жылы жазылды?
А)1945ж. С) 1941ж.
В)1942ж. D)1943 ж Е)1947ж.
4. Жамбыл Құлмамбет ақынмен қай жылы айтысып, жеңіске жеткен?
А)1884ж. С) 1885ж.
В)1881ж. D)1887ж. Е)1890ж.
5. «Кедей күйі» өлеңінің тақырыбын табыңыз.
А) Табиғат, жер С) Кедейлердің аянышты халі
В) Адамгершілік қасиет D) Достық Е) Білім, өнер
6. Ж.Жабаев «Өтеген батыр» мен «Сүраншы батыр» дастандарының негізгі желісін кімнен алған?
А) Шашубай С) М.Өтемісұлы
В) Қалқа ақын D) С.Аронұлы Е) Құлмамбет
7. 1941 жылы Жамбылға қай шығармалар» үшін мемлекеттік сыйлық берілді?
A) «Алынбас қамал» C) «Айтыстары үшін»
B) «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» D) «Ворошилов туралы поэма»
E) «Өлеңдері үшін»
8. Ж.Жабаевтың дастанын табыңыз.
A) «Гималай» C) «Сыр сандық»
B) «Жетісу суреттері» D) «Көрұғлы» E) «Мырқымбай»
Н.Назарбаевтың сөзімен сабағымызды қорытындылайық. "Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ, оның басты себебі Жамбыл арманының адамзаттық арман аңсарымен ұласып жатқандығында. Сондықтан да қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет көрсетіп, өлмес рухының алдында басымызды иеміз".
VII. Үй тапсырмасы:
1. Өлеңдерін жаттау.
2. «Жамбыл әлемі» тақырыбына эссе жазып келу
VIII Рефлексия (Сабақтан алған әсерлері туралы бөлісу)
Білдім
|
Мен үшін жаңалық
|
Білгім келеді
|
|
|
|
Бағалау: (Екі топтың топ басшылары талдай отыра өз топтастарын бағалайды)
Сабақ аяқталды!
Сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |