1922 жылы 30 желтоқсанда Украина, Белоруссия және Закавказье елдерімен бірге Ресей Кеңес Социалистік Республикалар Одағын құрды.
1922-1929 жылдары мемлекет Жаңа Экономикалық Саясатты іске асырды. Ленин қайтыс болғаннан кейін ішкі саяси билік үшін күрес болады. Нәтижесінде И.Сталин билік басына келеді. Жеке диктатурасын орнатқан Сталин өз саяси қарсыластарын жояды.
1929-1939 жылдары жүргізілген индустриализация арқылы ел өндірістік және техникалық мүмкіндігін арттырды. Индустриализация ауыл шаруашылығы қаржысына жүргізілгентіктен КСРО экономикасында диспропорция қалыптасты. Ауылда ұжымдастыру саясаты жүргізіліп, бұл үрдіс көпшілік халықың наразылығы мен жаппай ашаршылықты тудырды.
1937-1938 жылдары орын алған жаппай қуғын-сүргіннің нәтижесінде ЖШҚӘ-нің басқару буыны ауыр шығынға ұшыраған болатын. 5 маршалдың 3-еуі, 15 армия генералының 13-і, 9адмиралдың 8-і, 57 комкордың 50-і, 186 комдивтің 154-і, 16 әскер комиссарының 16-сы, 28 корпус комиссарының 25-і атылу жазасына кесілді. Әскери округтар мен әскери құрамалардың басына жас, тәжірибесіз басқарушылар тағайындалды. Мысалы, соғыс басталған кезде 17 әскери округ басшыларының 7-еуі, 17 округ штаб басшыларының 4-еуі өз қызметтеріне тағайындалғандарына жарты жыл толмаған еді. 20 армия қолбасшыларынан 13-інің тағайындалғандарына жарты жыл толмай, тек 2-еуі ғана жылдан астам уақыт бұрын тағайындалды. Командирлердің 70%-ының (полк командирінен жоғары) және сол деңгейдегі саяси жұмысшылардың 75%-ының жұмыс стажы (өтілі) жылға жетпеген еді.
70-80 жылдары ұлттық этникалық қақтығыстар жиілей бастады. Соған қарамастан Мемлекет басындағылар КСРО-ны «бауырмал халықтың ұйымшыл отбасы» деп атады.Көп ұлтты мемлекеттің билігі бір орталықтанған, сондықтан барлық билік Коммунистік партия қолында болған болатын.
Көпшілік 70-80 жылдарды, яғни Брежневтің билік ету кезеңін, КСРО-ң гүлденген кезеңі деп санаса, Брежнев өлімінен кейін Кеңес Одағы құлдырай бастады. Көптеген зерттеушілер КСРО құлауының нақты себептерін көрсетпейді, әйтседе мүмкін болуларының ішінде келесілерін келтіреді:
Әр көп ұлтты мемлекетте кездесетін орталықтанған тенденциялар;
Стагнация, кейін экономиканың құлдырауына, ол өз кезегінде саяси жүйенің құлауына әкелген Кеңестік жүйенің кемшіліктері;
КСРО экономикасына қатты әсер еткен әлемдік мұнай бағасының түсуі;
КСРО қару-жарақ жарысына төтеп бере алмауы,рейганомиканың жеңісі;
Үкімет басшылары саясатының тиімсіздігі, Брежнев және оның жолын қуушылардың реформалық қызметтері экономиканы құлдыратып, бірорталықтанған билік механизмін жоюы;
Тәуелсіз зерттеушілердің пікірінше, КСРО экономикасының құлдырауына Горбачевтің Одақ экономикасының жартысына жақынын ұстап тұрған спирттік ішімдіктерге тиым салуы және т.б[11, 114 б]
ХХ ғасырдың 80-90 жылдары КСРО-ң әлеуметтік-саяси, экономикалық өміріндегі қатынастар шиеленісі 1991 ж 21- желтоқсанындағы одақтың өмір сүруінің тоқтатылуына әкелді.
1985 жылы М.С.Горбачев және оның жақтастарының «қайта құру» саясатын бастауынан халықтың саяси активтігі өсті, жаппай, соның ішінде ұлттық қозғалыстар мен ұйымдар құрылды. Кеңестік жүйені реформалауға тырысуы елдегі кризисті одан ары тереңдетті.Саяси сахнада бұл кризисс КСРО президенті Горбачев пен РФСФР президенті Ельциннің арасындағы қайшылықтар негізінде көрінді. 1989 жылы ресми түрде елде экономикалық кризисс басталғандығы жайлы жарияланды. Осы жылдары советтік экономикадағы басты проблема максимумына жетті, яғни үнемі тауар тапшылығы, саудадан күнделікті қолданылатын заттар жоғала бастағандығы(наннан басқа). Бүкіл ел бойынша сауданы карточкалық жүйе бойынша жүргізу енгізілді. 1991ж бастап алғаш демографиялық кризисс байқалды,елде туылымнан өлім көрсеткіші өсті.
КСРО территориясында ұлтаралық қақтығыстар жиілей түсті.Осыған байланысты сөйлейтін болсақ, алысқа бармай-ақ, мысал ретінде өз еліміздегі 1986 жылғы аса озбырлық пен қатыгездікпен басылған жастардың «Желтоқсан» оқиғасын айта кетуге болады. Үкімет басына Колбиннің отыруы, халық үшін жылдар бойы жиналған ызалықтарына түрткі болғандай болды.
Осындай шиеленістің ең шегінен шыққаны Таулы Қарабах қақтығысы. 1988 ж бастап бұл жерде армяндар мен азербайжандар қырғынға ұшырай бастады. 1989 жылы Армян КСР Жоғарғы Кеңесі Таулы Қарабахтың өзіне қосылғандығы жайлы жариялайды, ал Азербайжан КСР болса блокада бастағанын ескертеді.Сөйтіп, 1991 жылдан бастап екі ел арасында соғыс басталды деп айта аламыз.
Осындай шиеленіскен жағдайлар Ферғана даласында да болып өтті.Оның басты себебі бірнеше ортаазиялық ұлтты бір бүтінге біріктірмек болулары.
КСРО-ң ыдырау үстіндегі жағдайын көре отырып, көптеген құрамындағы мемлекеттер болашаққа деген нық сенімдері болмаса да, Одақтың да келешегі шамалы екенін көре отырып, елінің болашақ дамуы үшін мемлекет басшылары егемендіктерін жариялай бастады. Бұл үрдісті алғашқы болып Балтық теңізі маңы елдері бастады.Оның үстіне, 1990 жылы 7 ақпандағы КСРО КП ОК биліктегі монополияның әлсірегенін жариялаған соң,елде алғашқы бәсекелестік сайлаулар өтті. Осының нәтижесінде көптеген одақтық мемлекеттерде билікке либералдар мен ұлтшылдар келді.Олар ортақ одақтық заңдардың республикалық заңдардан басымдығына наразылықтарын білдірді,сондай-ақ жергілікті экономикаға бақылауды өз қолдарына беруді және салықты тікелей одақ бюджетіне төлеуге қарсы шықты.Осы және тағы да басқа шиеленістер өзі оңып тұрмаған одақ арасындағы экономикалық байланысты үзді.
Бұл кризис әр елге әртүрлі әсер етті, әр ел әртүрлі қабылдады. Литвада 1988 жылы 3 мамырда тәуелсіздік жолындағы Саюдис қозғалысы құрылды. Ал 1990 ж 11 наурызда Литва Жоғарғы Кеңесі ел егемендігі жөнінде жариялады. Сондай-ақ, көршілес Эстонияда 1988ж Эстония Халық Фронты құрылды да, мамырда Таллинде «әншілер революциясы» өтеді. 1990 ж 23 наурызда Эстония Компартиясы КСРО КП мүшелігінен шығатындығын жариялайды, ал кейін 1990ж 30 наурызында Эстония Жоғарғы Кеңесі өз тәуелсіздіктерін жариялайды. Осы кездері Латвияда да Халық Фронтының күшеюі байқалады, олардың негізгі мақсаты - ел тәуелсіздігі еді. 1990 жылы 4 мамырды Латвия Жоғарғы Кеңесі егемендіктерін жариялап, 1991 жылы 3 наурызда осы қабылданған шешім референдум арқылы бекітілді.
Кейін осы тәртіп бойынша Одақтас елдердің көбі өз егемендіктері мен тәуелсіздіктері жайлы қаулылар қабылдап, референдумдар өткізе бастады. Мысалға:
Украина- 1991ж 24 тамыз
Қырғызстан- 1991ж 31 тамыз
Өзбекстан – 1991ж 1 қыркүйек
Таджикистан- 1991ж 9 қыркүйек
Армения -1991ж 29 қыркүйек
Азербайжан- 1991ж 18 қазан
Түркменстан-1991ж 27 қазан
РФСФР-1991 ж 12 желтоқсан[12, 247 б]
Қазақстан- 1991ж 16 желтоқсанда өз тәуелсіздіктеріне қолдары жетті.