«Идеяларды тоғыстыру» ойыны тапсырмасы: «А» тобы.
1.Жамбыл қайда дүниеге келді? Өмір жолына қысқаша тоқталыңыз.
2.Жамбылдың Құлманбетпен айтысы қай жылы болды? Жамбылдың сынауы мен мадақтауының артықшылығы неде?
«Б» тобы.
1. Нарманбет неше жасында тілмаш, неше жыл болыс болған?
2 Ғұмар Қараш кім?
«В» тобы.
Шәңгерей тұрғызған тұрақжай қалай аталады?Дарашылдық дегеніміз не?
Шәңгерей ғылым, білім тақырыбын қалай жырлады? Өлеңдерін атаңыз.
«Г» тобы.
1. Мәшһүр Жүсіп қандай кітаптарды жазғаны үшін қудалауға түседі?
2. Нешінші жылы Нарманбеттің 130 жыл мерейтойы атап өтілді? Нарманбет шығармашылығын зерттеуші кім?
«Д» тобы.
1.Мәшһүрдің «Көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз»кітабы қай қалада басылып шықты? Шығарманың негізгі идеясы неде?
2. Н.Ю. Лермонтов «Қашқын» поэмасын қай жылы жазған? Шәңгерей тағы қандай орыс жазушыларының шығармаларын сүйіп оқыған?