Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы



бет2/4
Дата28.06.2017
өлшемі0,59 Mb.
#20303
түріСабақ
1   2   3   4

Күнделікті сабақ жоспары

Сыныбы: 10 «Б» Күні: Пән аты: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Балуан Шолақ, өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Үкілі Ыбырайдың өмірі мен шығармашылығы бойынша жаңа білім беру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру, есте сақтау дағдыларын дамыту. 3. Тәрбиелік: ӨӨӨ----- Оқушыларды халқымыздың тарихи тұлғаларын білетін, бағалай алатын азамат болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау. зерттеу Сабақтың көрнекілігі: Балуан Шолақтың өмірі мен шығармашылығы туралы кесте

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, жаңа тақырыпты меңгеруге бағыттау.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау: Үкілі Ыбырайдың өмірі мен шығармашылығы

1. Өмірі мен өмір сүрген кезеңнің тарихи сипаты.

2. Шығармашылығы.

3. Үкілі Ыбырайдың әндері

ІІІ Жаңа сабақ. Мағынаны ашу:

Балуан Шолақ Баймырзаұлының өмірі мен шығармашылығы

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Балуан Шолақтың өмірі мен шығармашылық жолы

2. Шығармашылығы

3. балуан Шолақтың әндері (Әндерін тыңдау)

Баймырзаұлы Балуан Шолақ

(1864-1919)

Реті

Балуан Шолақтың өмірі мен шығармашылығы



1.

Баймырзаұлы Балуан Шолақ (1864-1916) – қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны. Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты – Нұрмағанбет.

2.

Баймырзаұлы Балуан Шолақ 1864 жылы Жамбыл облысы Шу ауданы қазіргі Балуан Шолақ ауылында дүниеге келген. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Дулат тайпасының Сәмбет руынан. Бірақ аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударғандықтан, оның бар өмірі Көкшетау өңірінде, атығай, қарауыл руларының арасында өскен.



3.

Әкесі Баймырза ағаш шебері болған. Әкесіне қарағанда, шешесі Қалампыр қарулы кісі болған дейді. «Алып – анадан» деген ғой, Балуан Шолақ та осы анасына тартып, теңдессіз алып күштің иесі болған. 14 жасынан бастап күреске түсіп, ат құғында ойнаған спортшы болған, шауып келе жатқан ат үстінде әр түрлі күрделі жаттығуларды шебер орындаған. Мысалы: жүйткіп келе жатқан ат үстінде түрегеліп, не басымен тұруы, аттың бауырынан өтуі, бір аяғын үзеңгіге қыстырып, шалқалап жатып шабуы бойындағы жойқын күшті, ептілікті шебер игере алатындығын, қазақтың далалық цирк өнерінің іргетасын қалағандығын айғақтайды.

Көкшетау қаласындағы үлкен жиындарда 51 пұт (830кг-дай) кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таң қалдырған. 1899 ж. Орыс палуаны Иван Кореньмен күресіп, оның қабырғасын сындырғанда Балуан Шолақ 35-те еді.

4.

Балуан Шолақ ән-күйге жасынан құмар болады. Бертін келе, жігіт шағында Балуан Шолақ осы екі өнерді қатар дамытады. Әке-шешесі қайтыс болған соң, Ғаникей деген қызға үйленген. Балуан Шолақ ел аралап, салдық құрады және маңына әнші-күйші, палуан, өнерлі жастарды жинайды. Топ құрып, «ансамбль» болып сауық құру Балуан Шолақтың дәстүріне айналған.



5.

Өзі ұстаз тұтқан Біржан сал, Ақан сері әндерінің тамаша орындаушысы әрі насихатшысы болады. Олардың әнші-композиторлық дәстүрін берік ұстанып, кейін өзі де ән шығарады. Бұл тұрғыдан алғанда, Балуан Шолақ қазақтың әншілік өнерін өрістетуге үлкен үлес қосқан композитор. Көкшетау, Қарқаралы, Қараөткел, Сарысу бойындағы елдерді түгел аралаған. Балуан Шолақ Баянауыл, Семейде болады, Арқаның әндерін Жетісуға жеткізеді. Осы сапарында Кенен Әзірбаев Балуан Шолақтың көптеген әндерін үйреніп, халыққа таратады.

6.

Балуан Шолақтың «Ащылы-айырық», «Балуан Шолақ», «Желдірме», «Дікілдек», «Көкшетау», «Қосалқа», «Қос барабан», «Қос перне», «Құлан кісінес», «Кенже қоңыр», сияқты әндері бар. Оның халық арасына кеңінен тараған әндері – «Ғалия» мен «Сентябрь». нәзік сезім дүниесін, мөлдір махаббатты шеберлікпен сыршыл әуенде жырлаған ғашықтық лирикасы. Балуан Шолақтың әндерін шебер орындаушылар Ж.Елебеков, М.Көшкімбаев, М.Тырбаев, Ж.Кәрменов, Қ.Байбосынов, т.б. болды.



7.

Сан өнерімен халқын риза етіп, Сарыарқасын сазды әуенімен тербеткен, заманының айтулы сал-серісінің бірі болған Балуан Шолақ Баймырзаұлы 1916 жылы өзінің өскен өңірі Өзектісайда қайтыс болады.

Осы кесте бойынша жаңа сабақты түсіндіру:

ІV Дәптермен жұмыс:

Балуан Шолақ туралы кестені жазу.

Салыстыру

Үкілі Ыбырай Балуан Шолақ

1860-1930 1. 1864-1916

Көкшетау жерінде туған 2. Жамбыл обл. туған. Бірақ өмірі

Көкшетауда өткен

3 3. Ұлы жүздің Дулат тайпасынан

Ақын, әнші, сазгер, өнерпаз, жыршы,

3. Шығармашылығынан әндер тыңдау.

V Қорытынды:

Халқымыздың асыл қазынасының бірі – әнші-ақындардан қалған поэзия және әндер, музыка өнері. Қазақтың ән өнері ұлттық өнер болып халқымызбен бірге жасасып келеді. Жүрегін ән тербеген бабалардан қалған асыл мұра бүгінгі заманымызға жетіп отыр.

VІ Бағалау

VІІ Үй тапсырмасын беру, орындау жолдарын түсіндіру:

1. Балуан Шолақтың өмірдерегін жазу.

2. Балуан Шолақтың өлеңдерін жаттау

VІІІ Қолданылған әдебиеттер: А. Жұбанов, «Замана бұлбұлдары», «Бес ғасыр жинайды» жинағы, «Жеті ғасыр жинайды» жинағы, «Ай, заман-ай, заман-ай» жинағы

Күнделікті сабақ жоспары

Сыныбы: 10 «А» Күні: 21- сәуір Пән аты: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Біржан сал Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Біржан сал Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша жаңа білім беру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру, есте сақтау дағдыларын дамыту. 3. Тәрбиелік: ӨӨӨ----- Оқушыларды халқымыздың тарихи тұлғаларын білетін, бағалай алатын азамат болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау. зерттеу Сабақтың көрнекілігі: Біржан Қожағұлұлының өмірі, шығармашылығы туралы кесте

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, жаңа тақырыпты меңгеруге бағыттау.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау: Балуан Шолақтың өмірі мен шығармашылық жолы

Үй тапсырмасын тексеру жоспары:

1. Балуан Шолақтың өмірі мен шығармашылығы

2. Балуан Шолақтың әндері (Әндерін орындау)

ІІІ Жаңа сабақ. Мағынаны ашу:

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Біржан сал Қожағұлұлы

2. Өмірі мен шығармашылығы



Біржан сал Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығы

Біржан сал Қожағұлұлы

(1834-1897)

қазақ ән-жырының шамшырағы

айтыс өнерінің шебері өткір тілді ақын

Біржан


намысты азамат асқақ үнді әнші

сегіз қырлы бір сырлы дарынды сазгер

ұлттық музыка мәдениетінің алыбы

Реті


Өмірі мен шығармашылығы

1.

Біржан 1831 жылы Көкшетау облысының Еңбекшілдер ауданындағы Қожағұл ауылында дүниеге келді. Жас шағында ағасы Қожағұлдың қолында өседі.



2.

Біржан өлеңдерінен рухының өлмейтіндігі, әділетсіздік пен зорлыққа деген оның наразы-лығы мен күресі көрініс тапқан. Оның өлеңдері бейне немесе лирикалық толғаныс емес, поэтикалық, экспрессивтік нысанда бейнеленген нақты оқиғалар болып табылады.

3.

Біржан патриархаттық-феодалдық қоғамның озбырлығына асқақ әнімен қарсы тұрды. Біржанның “Жанбота” атты ыза-кекке толы өлеңі сол заманның азулы өкілдерін түйреу-ге бағытталды. 1865 жылы Көкшетауға Омбы генерал-губернатор келеді. Құрметті қо-нақтың келгені, әрине, бұқараның назарын аудартты. Үлкен Көкшетау уезінің жан-жағы-нан ақындар, әншілер, балуан-дар, атқұмарлар тәрізді әртүрлі адамдар келе бастады. Бұл мерекеде Біржан қатты күйініп, қор-лық көрді. Біржан өзінің «Жанбота» әнінде тәкап-пар, дүниеқұмар басшыларға деген айбарлы наразылығы мен өшпенділігін жазады.



4.

Біржан ержеткен кезде Жетісу өлкесіндегі атақты ақын Сарамен кездесті. Айтыс Ешкіөл-мес деген жерде өтеді.Сара Біржанның тамаша даусын, суырып салма талантын ерекше атап өткен. Бұл айтыс ақынның атағын бұрынғыдан да арттыра түсті.

5.

1865жылы Абаймен кездесіп, сазгерлік, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне әсер етті. Біржанның шығармашылығына, азаматтық өлеңдерінің тууына ұлы ақын, ағарту-шымен танысу қатты әсер етті. "Біржан сал ақын" өлеңінде Абай лирикасының әсері байқалады, онда ақынның адамзаттық қасиеті, оның азаматтық парызы пен кедейдің уа-йымы көрініс тапқан. Абай поэзия-сынан ләззат алған Біржан оның өлеңдеріне ән жаза-ды. Осы кзде Біржан атақты қазақ әншісі Ақан серімен кездеседі. Біржан халық өнерінің көптеген көрнекті тұлғалармен кездеседі.



6.

Біржан өмірінің соңғы жылдары ауыр болды: жасымен бірге ақын мысқылдайтын кедей-лік те келіп қалды, кедейлікпен бірге ауру мен жалғыздық та келді. Біржан кедейлік пен қартайғандығын байсалдылықпен, тіпті мысқылмен өткізсе, жалғыздық пен түсінбеуші-лік ақын үшін өте ауыр болды. Қаскөй қабырғалар оны бөліп, тұйықтанушылыққа әкеп соқты. Соңғы жылдары жазылған Біржан өлеңдерінде келмеске кеткен жастық шақ пен атақ туралы айтылады. Осының бәрі ақынның жан-жанындағы адамдарды мазалады, олар Біржанды психикалық ауру деп тапты. Соңғы үш жылда ол өзінің үйінен шықпай, 1894 жылы ауыр қайғымен қаза болды. Өлер алдында Біржан балаларына арналған «Асыл, Ақық» және «Теміртас» өлеңдерін жазды.

7.

Ұлы ақынның бостандықты сүйетін бейнесі Мұқан Төлебаевтың «Біржан мен Сара» операсынан көрініс тапты. Төлебаев операсының арқасында қастықпен, кеселмен, әділетсіздікпен күрескен Біржан Қожағұлұлының қайғылы тағдыры халық жадында мәңгі сақталады.



ІV Дәптермен жұмыс:

Біржан сал туралы кестені жазу. Шығармашылығынан әндер тыңдау.

V Қорытынды: Біржан өлеңдерінен рухының өлмейтіндігі, әділетсіздікке, зорлыққа де-ген оның наразылығы, күресі көрініс тапқан. Оның өлеңдері поэтикалық, экспрессивтік нысанда бейнеленген нақты оқиғалар болып табылады.

VІІ Үй тапсырмасын беру, орындау жолдарын түсіндіру:

Біржан сал өмірдерегін жазу. Ақынның әндерін іздеу, айтуға дайындалу.

VІІІ Қолданылған әдебиеттер:

А. Жұбанов, «Замана бұлбұлдары», «Бес ғасыр жинайды» жинағы, «Ай, заман-ай, заман-ай» жинағы

Күнделікті сабақ жоспары

Сыныбы: 10 «А» Күні: 24- сәуір Пән аты: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Біржан сал Қожағұлұлының өлеңдері мен әндері

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Біржан сал Қожағұлұлының өлеңдері мен әндері бойынша жаңа білім беру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру, есте сақтау дағдыларын дамыту. 3. Тәрбиелік: ӨӨӨ----- Оқушыларды халқымыздың тарихи тұлғаларын білетін, бағалай алатын азамат болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау. зерттеу Сабақтың көрнекілігі: Біржан Қожағұлұлының өлеңдері, әндері туралы кесте

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, жаңа тақырыпты меңгеруге бағыттау.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау: Біржан сал Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығы

Үй тапсырмасын тексеру жоспары:

1. Біржан салдың өмірі мен шығармашылығы

2. Әндері (Әндерін тыңдау)

ІІІ Жаңа сабақ. Мағынаны ашу:

Біржан сал Қожағұлұлының өлеңдері мен әндері

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Біржан сал Қожағұлұлының өлеңдері

2. Әндері

Реті

Өмірі мен шығармашылығы



1.

2.


Біржан өлеңдерінен рухының өлмейтіндігі, әділетсіздік пен зорлыққа деген оның наразы-лығы мен күресі көрініс тапқан. Оның өлеңдері бейне немесе лирикалық толғаныс емес, поэтикалық, экспрессивтік нысанда бейнеленген нақты оқиғалар болып табылады.

3.

Біржан патриархаттық-феодалдық қоғамның озбырлығына асқақ әнімен қарсы тұрды. Біржанның “Жанбота” атты ыза-кекке толы өлеңі сол заманның азулы өкілдерін түйреу-ге бағытталды. 1865 жылы Көкшетауға Омбы генерал-губернатор келеді. Құрметті қо-нақтың келгені, әрине, бұқараның назарын аудартты. Үлкен Көкшетау уезінің жан-жағы-нан ақындар, әншілер, балуандар, атқұмарлар тәрізді әртүрлі адамдар келе бастады. Бұл мерекеде Біржан қатты күйініп, қорлық көрді. Біржан өзінің «Жанбота» әнінде тәкап-пар, дүниеқұмар басшыларға деген айбарлы наразылығы мен өшпенділігін жазады.



4.

5.

Біржан ержеткен кезде Жетісу өлкесіндегі атақты ақын Сарамен кездесті. Айтыс Ешкіөл-мес деген жерде өтеді.Сара Біржанның тамаша даусын, суырып салма талантын ерекше атап өткен. Бұл айтыс ақынның атағын бұрынғыдан да арттыра түсті.



6.

1865жылы Абаймен кездесіп, сазгерлік, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне әсер етті. Біржанның шығармашылығына, азаматтық өлеңдерінің тууына ұлы ақын, ағарту-шымен танысу қатты әсер етті. "Біржан сал ақын" өлеңінде Абай лирикасының әсері байқалады, онда ақынның адамзаттық қасиеті, оның азаматтық парызы пен кедейдің уа-йымы көрініс тапқан. Абай поэзиясынан ләззат алған Біржан оның өлеңдеріне ән жаза-ды. Осы кзде Біржан атақты қазақ әншісі Ақан серімен кездеседі. Біржан халық өнерінің көптеген көрнекті тұлғалармен кездеседі.

7.

Біржан өмірінің соңғы жылдары ауыр болды: жасымен бірге ақын мысқылдайтын кедей-лік те келіп қалды, кедейлікпен бірге ауру мен жалғыздық та келді. Біржан кедейлік пен қартайғандығын байсалдылықпен, тіпті мысқылмен өткізсе, жалғыздық пен түсінбеуші-лік ақын үшін өте ауыр болды. Қаскөй қабырғалар оны бөліп, тұйықтанушылыққа әкеп соқты. Соңғы жылдары жазылған Біржан өлеңдерінде келмеске кеткен жастық шақ пен атақ туралы айтылады. Осының бәрі ақынның жан-жанындағы адамдарды мазалады, олар Біржанды психикалық ауру деп тапты. Соңғы үш жылда ол өзінің үйінен шықпай, 1894 жылы ауыр қайғымен қаза болды. Өлер алдында Біржан балаларына арналған «Асыл, Ақық» және «Теміртас» өлеңдерін жазды.



8.

Ұлы ақынның бостандықты сүйетін бейнесі Мұқан Төлебаевтың «Біржан мен Сара» операсынан көрініс тапты. Төлебаев операсының арқасында қастықпен, кеселмен, әділетсіздікпен күрескен Біржан Қожағұлұлының қайғылы тағдыры халық жадында мәңгі сақталады.

Біржан сал Қожағұлұлы- Әйгілі қазақ ақыны, сазгер.

Өмірбаяны

Ол 1834 жылы Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында дүниеге келіп, 1897 жылы алпыс үш жасында туған жерінде қайтыс болған. Бозбала кезінен әнші-ақындардың қасына еріп той-думанның сәніне айналады. Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері – Біржан салдың ұстаздары.

1865 жылы Абаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсер етеді. Біржан сал қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз ән-өлеңдерімен толықтырған ірі тұлға. Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Ғазиз, Естай, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді, т.б. арқаның атақты ақын-әншілері – Біржан салдың мектебінен өнеге алып, оның композиторлық өнерін жалғастырып, ілгерілеуіне мол үлес қосқан өнерпаздар.

ІV Дәптермен жұмыс:

Біржан сал шығармалары турлы кестені жазу. Шығармашылығынан әндер тыңдау.

V Қорытынды:

Біржан өлеңдерінен рухының өлмейтіндігі, әділетсіздікке, зорлыққа деген оның наразыл-ығы, күресі көрініс тапқан. Оның өлеңдері поэтикалық, экспрессивтік нысанда бейнелен-ген нақты оқиғалар болып табылады.

VІІ Үй тапсырмасын беру, орындау жолдарын түсіндіру:

1. Біржан сал өлеңдеріне талдау жасау.

2. Ақынның әндерін іздеу, айтуға дайындалу.

VІІІ Қолданылған әдебиеттер:

А. Жұбанов, «Замана бұлбұлдары», «Бес ғасыр жинайды» жинағы, «Ай, заман-ай, заман-ай» жинағы

Күнделікті сабақ жоспары

Сыныбы: 10 «А» Күні: Пән аты: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Біржан сал Қожағұлұлының өлеңдеріне талдау жасау

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Біржан сал Қожағұлұлының өлеңдері мен әндері бойынша жаңа білім беру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру, есте сақтау дағдыларын дамыту. ӨӨӨ----- 3. Тәрбиелік: ӨӨӨ----- Оқушыларды халқымыздың тарихи тұлғаларын білетін, бағалай алатын азамат болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау. зерттеу Сабақтың көрнекілігі: Біржан Қожағұлұлының өлеңдері, әндері туралы кесте

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, жаңа тақырыпты меңгеруге бағыттау.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау: Біржан сал Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығы

Үй тапсырмасын тексеру жоспары:

1. Біржан салдың өмірі мен шығармашылығы

2. Әндері (Әндерін тыңдау)

ІІІ Жаңа сабақ. Мағынаны ашу:

Біржан сал Қожағұлұлының өлеңдеріне СКТ

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Біржан сал Қожағұлұлының өлеңдері

Ер жігіт дүниені көргені артық

1.Авторы: Біржан сал Қожағұлұлы (1834 -1897)

2.Тақырыбы: Ер жігіттің өмірде өз орнын таба білуі

3.Жанры: поэзия

4.Идеясы: Жігіттерге достықты қадірлеуге, өмірді құрметтеуге , босқа өткізбеуге уағыздау

5.Шумағы: 4

6.Тармағы 16

7.Буыны: 12

8.Бунақ:3

9.Әдеби-теориялық ұғымдар.

Эпитет: ер жігіт, қиын жер, күйген артық,

Теңеу:түскендей аспан, бірдей жанып, бірдей күйген, бірдей жанып,бір күнгідей болмас

10. Өлеңнің тәрбиелік мәні: Достықты ардақтау, өмірді босқа өткізбеу

Біржан сал Қожағұлұлы- Әйгілі қазақ ақыны, сазгер.

Өмірбаяны

Ол 1834 жылы Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында дүниеге келіп, 1897 жылы алпыс үш жасында туған жерінде қайтыс болған. Бозбала кезінен әнші-ақындардың қасына еріп той-думанның сәніне айналады. Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері – Біржан салдың ұстаздары.

1865 жылы Абаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсер етеді. Біржан сал қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз ән-өлеңдерімен толықтырған ірі тұлға. Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Ғазиз, Естай, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді, т.б. арқаның атақты ақын-әншілері – Біржан салдың мектебінен өнеге алып, оның композиторлық өнерін жалғастырып, ілгерілеуіне мол үлес қосқан өнерпаздар.

ІV Дәптермен жұмыс:

Біржан сал шығармалары турлы кестені жазу. Шығармашылығынан әндер тыңдау.

V Қорытынды:

Біржан өлеңдерінен рухының өлмейтіндігі, әділетсіздікке, зорлыққа деген оның наразыл-ығы, күресі көрініс тапқан. Оның өлеңдері поэтикалық, экспрессивтік нысанда бейнелен-ген нақты оқиғалар болып табылады.

VІІ Үй тапсырмасын беру, орындау жолдарын түсіндіру:

1. Біржан сал өлеңдеріне талдау жасау.

2. Ақынның әндерін іздеу, айтуға дайындалу.

VІІІ Қолданылған әдебиеттер:

А. Жұбанов, «Замана бұлбұлдары», «Бес ғасыр жинайды» жинағы, «Ай, заман-ай, заман-ай» жинағы

Күнделікті сабақ жоспары

Сыныбы: 10 «А» Күні: 26-сәуір Пән аты: Қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы: Ақан сері Қорамсаұлы, өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Ақан серінің өмірі туралы жаңа білім беру, талдау жасау 2. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, өлең талдау дағдыларын ұштау. 3. Тәрбиелік:ӨӨӨ----- Оқушыларды ақын шығармашылығын бағалай білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, талдау Сабақтың көрнекілігі: Ақан сері туралы қосымша мәліметтер. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, зейіндерін аудару. ІІ Үй тапсырмасын сұрау:

1. Біржан салдың өмірі

2. Шығармалары.

ІІІ Жаңа сабақ. Мағынаны ашу:

Ақан серінің өмірі мен шығармашылығы

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Ақан сері туралы сөз;

2. Ақан серінің өмірі мен шығармашылығы.



Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы (1843- 1913)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет