Сыныбы: 10
Пән аты: Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Жамбылдың өмірі туралы алған білімдерін толықтыру, талдау жасау 2. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, өлең талдау дағдыларын ұштау. 3. Тәрбиелік:ӨӨӨ----- Оқушыларды ақын шығармашылығын бағалай білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, талдау
Сабақтың көрнекілігі: Жамбыл туралы қосымша мәліметтер.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, зейіндерін аудару. ІІ Үй тапсырмасын сұрау:
Сыныптан тыс оқылған шығармаларды сұрау.
ІІІ Жаңа сабақ. Мағынаны ашу:
Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы
Жамбыл Жабаев (1845-6-1945)
Жаңа сабақтың жоспары: - Ақынның өмірі - Ақынның алғашы шығармалары - Жамбылдың ақындығы
Жамбыл қазіргі Жамбыл облысында Шу өзенінің бойындағы Жамбыл тауының етегінде 1946 жылы ақпан айында туған. Жамбыл жоқшылық тұрмыста өседі. Ес білген соң әкесі оны ауыл молдасына оқуға береді. Бірақ молдалардың қорлығына шыдай алмай Жамбыл оқуды тастап кетеді. Жаратылысында пысық, зерек бала оқып білім алмаса да, жастайынан ән мен өлеңге құмар болады, ауызекі естіген өлеңдерін жаттап алып жүреді. Ес білгеннен өр мінезді, тентектеу болып өскен бала Жамбылдың қызықты қылықтары көп болған. Жамбыл жасынан – ақ домбыра үйреніп, ақын болуды армандайды өзі құрбылас жас ақындардан әлдеқайда озат көрініп, жұрт көзіне түсе бастайды. Әкесінің домбыраны жақтырмайтынын білсе де, ән мен жырдың айрылмас адал серігі болған. Бұған Жамбылдың 13-14-ке келген кезінде әкесінің ұстіне домбырамен келіп:
Батаңды маған бер,әке,
Тіліме менің ер,әке,
Жапаның ұлы ақын боп,
Жақсы істепті ... дер әке! –
деп, батыл тұрып бата сұрағаны дәлел. Жетісу бойына атағы шыққан Сүйінбай ақынға барып сөзін сынатып, оның батасын алған.
Сүйінбай жас ақынның талантын көріп: «Балам, өз өлеңіңді шығар, бірақ оның жұрт жаттап алатын, ешкім ұмытпайтын өлең болсын, сенің өлеңің жеке адамдардың көңілін көтеріп, солардың сүйініп отыратын өлеңі болмасын, бүкіл халықтың сүйіп тыңдайтын өлеңі болсын. Көмекейің емес, жүрегің сөйлейтін болсын. Шыныңды айт, әділдікті жырла, көне, тозығы жеткен жолға түспе, жаңа жол, тың жолға, даңғыл жолға түс, төңірегіңде не болып жатыр, соны аңғар, соны біл» - депті.
Жамбыл Сүйінбайдан ең алдымен импровизаторлық өнерді – ойлаған жерден сөз тауып, өлеңді жылдам шығарғыштықты, шешендік пен тапқырлықты үйренеді. Кейін Жамбылдың:
Менің пірім Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сыйынбай
Сырлы сұлу сөздері
Маған тартқан сыйындай.
Сүйінбай деп сөйлесем
Жыр келеді бұрқырап-
Қара дауыл құйындай – деп бастайтыны да сондықтан екен. ХІХ ғасырдың 70-80 жылдарында белгілі ақын болады.
ІV Дәптермен жұмыс:
Жамбыл айтыстары туралы мәліметтер жазу.
V Қорытынды:
VІ Бағалау:
VІІ Үй тапсырмасын беру, орындау жолдарын түсіндіру: - Жамбылдың Құлмамбетпен айтысын оқу. - Айтыстан үзінді жаттау. - Жамбыл туралы кино жайында әңгімелеуге дайындалу.
Күнделікті сабақ жоспары Сыныбы: 10 «Б» Күні: Пән аты: Қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы: Жамбыл – айтыстың асқан шебері Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Жамбылдың айтыстары, шеберлігі туралы жаңа білім беру, талдау жасау 2. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, өлең талдау дағдыларын ұштау. 3. Тәрбиелік:ӨӨӨ----- Оқушыларды ақын шығармашылығын бағалай білуге тәрбиелеу Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, талдау Сабақтың көрнекілігі: Жамбыл туралы қосымша мәліметтер. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, зейіндерін аудару. ІІ Үй тапсырмасын сұрау: Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы
- Өмірі
- Өлеңдері, негізгі тақырыптары
Осы жоспар бойынша оқушылардың білімдерін тексеру, үйге берілген жазба жұмыстарын (конспект) тексеру.
ІІІ Жаңа сабақ. Мағынаны ашу:
Жамбыл – айтыстың асқан шебері Жаңа сабақтың жоспары: - Ақынның алғашқы айтыстары - Құлмамбетпен айтысы - Айтысты оқу, мазмұнын түсіну.
Жамбылдың ақындық қызметінде айтыс елеулі орын алады. Жамбыл өзінің ақын-дық өнерін көбінесе осы айтыстар үстінде көрсете білді. Жамбылдың айтыстаға бір ерекшелігі - өзінің ақындық өнерін тиісті идеялық бағытта пайдалана білгендігі. Ақын айтыста қалың көпшіліктің көңіліне қонымды ел ішіндегі әлеуметтік теңсіздік, әділет-сіздік сияқты мәселелерді қозғайды. Айтыс үстінде халық атынан сөйлеп, халыққа арқа сүйеп отыратыныны айтыстарынан айқын көрінеді.
Реті
Жамбыл айтыстары, сипаты, ерекшеліктері
1.
Жамбыл айтыстарының ішінде аяқталған шығарма Құлмамбетпен, Сарыбаспен, Досмағамбетпен айтыстары. Бұл айтыстарда көрінетін жаңа бет алыс, алдымен, ақынның өмір шындығымен суреттеуге салып отыруы, екіншіден, жеке айтысты желелі шығарма дәрежесіне жеткізуі.
2.
Көп айтыстың ішінен сынаулылары ғана Кеңес жылдарында ақынның өз айтуы-нан хатқа түскен. Ақын жастау кезінде Айкүміспен, Бөлектің қызымен қысқа қа-йым айтысқа түскен. Кейініректегі көлемді де сөз сайыстары: «Жамбыл мен Құл-мамбет» (1897 ж.) «Жамбыл мен Сарыбас ақын» (1885 ж.), «Жамбыл мен Досма-ғамбет» (1907 ж.), «Жамбыл мен Шашубай» (1909 ж.) жұртшылыққа кеңінен мәлім. Сара ақынмен қағысу (1875 ж.), Майкөтпен дидарласу (1891 ж.), Жамбыл-дың Шыбыл шалға айтқаны (1890 ж.), Жамбыл мен Бөлтірік (1890 ж.) – бұлар-дың бәрі де төкпе ақындықтың тамаша үлгілері қатарына қосылады.
3.
Құлмамбетпен айтысы
Айтыста Жамбыл мен Құлмамбеттің әрқайсысы өз руларының атынан сөйлейді. Құлмамбет албан, дулат руларының атынан сөйлеп, сол руларының байлары мен билерін мақтайды. Жамбыл да өз руы атынан айтады, бірақ ол сөзін байлық, мол мүлікке қарай емес, адамгершілікке, ерлік, әділдікке қарай бұрады. Сөйтіп, Жамбылдың айтысында ру мүдделерінен гөрі халық мүдделері тереңірек көтеріледі. Бұл айтыста Құлмамбет Шапырашты - кедей, Сұраншы, Саурық дегендердің ажалынан өлмей, жаудан өлгенін, өзің де кескінсіз екенсің деп сөгеді. Жамбыл оған Шапырашты елінің байлығын, Алматының салтанатын мақтай келіп, Сұраншы мен Саурықтың өлімі ерлік өлім екенін, ерлердің жорық тарихын зор мақтап, байлыққа батырлықты қарсы қояды. Батырлар елді жаудан қорғап өлетін болса, Құлмамбеттің ағасы Мақсұтты ағайындарымен ұрсысып, аяқ-асты даудан өлгендігін бетіне басады. Мені қара күңнің баласы деп кемсітесің, сен өзің қашып келген ақтабан ұрысың, басыңда бір тал қыл жоқ деп кемітіп жырлайды. Құлмамбетке Жамбыл орынды, өтімді пікірмен шығады.
Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,
Ел бірлігін сақтаған татулықты айт
Қарынбайдай сараңдар толып жатыр
Оны мақтап әуре болмай, жөніңе қайт.
Жамбыл сөзі әрі дәлелді, әрі басым шығады да айтыста Жамбыл жеңеді.
ІV Дәптермен жұмыс:
Жамбыл айтыстары туралы мәліметтер жазу.
V Қорытынды:
Жамбыл өзінің ақындық өнерін көбінесе осы айтыстар үстінде көрсете білді. Жамбылдың айтыстаға бір ерекшелігі - өзінің ақындық өнерін тиісті идеялық бағытта пайдалана білгендігі. Ақын айтыста қалың көпшіліктің көңіліне қонымды ел ішіндегі әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік сияқты мәселелерді қозғайды. VІ Бағалау
VІІ Үй тапсырмасын беру, орындау жолдарын түсіндіру: - Жамбылдың Құлмамбетпен айтысын оқу. - Айтыстан үзінді жаттау. - Жамбыл туралы кино жайында әңгімелеуге дайындалу.
VІІІ Қолданылған әдебиеттер:
Қазақстан тарихы.
Күнделікті сабақ жоспары Сыныбы: 10 «А» Күні: 7-сәуір Пән аты: Қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы: Жамбыл шығармашылығы бойынша шығарма Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Жамбыл шығармашылығы бойынша алған білімдерін жүйелеу. 2. Дамытушылық: Оқушылардың еркін жазу дағдыларын ұштау. 3. Тәрбиелік:ӨӨӨ----- Оқушыларды ақын шығармашылығын бағалай білуге тәрбиелеу Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, талдау Сабақтың көрнекілігі: Жамбыл туралы қосымша мәліметтер. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, зейіндерін аудару. ІІІ Жаңа сабақ. Мағынаны ашу:
Жамбыл шығармашылығы бойынша шығарма жазу
Шығарманың тақырыбы:
Жамбыл – қазақ поэзиясының алыбы
Мен өзімнің барлық өмірімде қыр
қожайындарының бетіне шындықты
қорықпай айтып, шайқасумен өттім.
Жамбыл.
Жоспары.
І Жамбыл – қазақ поэзиясының алыбы
ІІ Жамбыл – арқалы ақын, тереңнен ой толғаған өткір тілді айтыскер.
1. Батаның шапағаты тиген ақын.
2. Ақын өлеңдеріндегі жалшының азапты өмірі мен кедейдің күйі.
3. Аңызға айналған айтыс (Құлмамбетпен айтысы бойынша).
ІІІ Жамбыл – екі ғасыр жыршысы.
ІV Үй тапсырмасын беру, орындау жолдарын түсіндіру:
Жамбыл Жабаев шығармашылығын қайталау
Күнделікті сабақ жоспары
Сыныбы: 10 «А» Күні: Пән аты: Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Әнші-сазгер ақындар шығармашылығы
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Әнші-сазгер ақындар шығармашылығы бойынша жаңа білім беру (жалпы шолу).
2. Дамытушылық: Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру, есте сақтау дағдыларын дамыту. 3. Тәрбиелік: ӨӨӨ----- Оқушыларды халқымыздың тарихи тұлғаларын білетін, бағалай алатын азамат болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы Сабақтың әдісі: Еске түсіру, тексеру, әңгімелеу, баяндау. Сабақтың көрнекілігі: Әнші-сазгер ақындар шығармашылығы, олардың ерекшеліктері туралы кесте
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, жаңа тақырыпты меңгеруге бағыттау.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау: Жамбыл – айтыстың асқан шебері
Үй тапсырмасын тексеру жоспары:
- Ақынның алғашқы айтыстары - Құлмамбетпен айтысы - Айтысты оқу, мазмұнын түсіну.
Ақын өлеңдерін жатқа сұрау.
ІІІ Жаңа сабақ. Мағынаны ашу:
Әнші-сазгер ақындар шығармашылығы
Жаңа сабақтың жоспары:
Әнші-сазгер ақындар шығармашылығы:
1. Әнші-ақындардан қалған мұра;
2. Әнші-ақындардан қалған мұраның ерекшеліктері;
3. Қазақтың сал-серілері мен әнші-ақындары.
Әнші-сазгер ақындар шығармашылығы
Реті
Әнші-сазгер ақындар шығармашылығы
Сипаты
1.
Әнші-ақындардан қалған мұра
Халқымыздың асыл қазынасының бірі – әнші-ақындардан қалған поэзия және әндер, музыка өнері. Қазақтың ән өнері ұлттық өнер болып халқымызбен бірге жасасып келеді. Дүниеге келгеннен ән тыңдап өскен, бесік жырын тыңдап уанған дала перзенті есейе келе ат үстінде келе жатып та домбырасын жанынан тастамай ән салған. Малшы да, жалшы да, бай да, кедей де өнерден кенде болмаған. Олар жанын толқытқан мұң мен зарын, сазы мен назын әуенге қосқан. Жүрегін ән тербеген бабалардан қалған асыл мұра бүгінгі заманымызға жетіп отыр.
2.
Әнші-ақындардан қалған мұраның ерекшеліктері
Әнші-ақындардан қалған мұраның ерекшеліктері алуан түрлі:
- олардың басты өнері – сөз құдіретін меңгеруі;
- ақындық өнері;
- туған жерге, туған елге, сүйген жарға деген махаббаттарын, өз сезімі мен көңіл күйлерін әнмен жеткізуі;
- тырнағын батырып, үстемдігін танытқан, жер аударып, түрмеге қамаған әкім-төрелерге өкпе-назын, ашуын да өлеңмен шығарып, әнмен жеткізгені;
- олардың ән-жырларында шекара болмауы – әнді іліп алып ел болып жырлауы, атадан бала үйреніп, ол өнердің ән-керуені бүгінге жетуі.
3.
Қазақтың сал-серілері мен әнші-ақындары
Қазақ музыка өнерінде аттары алтын әріппен жазылған біртуар тұлғалар: Біржан сал, Ақан сері, Сегіз сері, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Мәди, Мұхит, Иманжүсіп, Әсет, Естай, т.б.
Серілерге тән қасиеттер
ақын
әнші сазгер
Сері
өнерлі талғампаз
сәнқой сезімтал
ел сүйіктісі
Осы кесте бойынша жаңа сабақты түсіндіру:
ІV Дәптермен жұмыс:
1. Әнші-сазгерлер шығармашылығы туралы мәліметтерді жазу.
2. Әнші-сазгерлер шығармашылығы туралы қысқаша өз білетіндерінен мәтін құрастыру.
3. Әнші-сазгерлер шығармашылығынан әндер тыңдау.
V Қорытынды:
Халқымыздың асыл қазынасының бірі – әнші-ақындардан қалған поэзия және әндер, музыка өнері. Қазақтың ән өнері ұлттық өнер болып халқымызбен бірге жасасып келеді. Дүниеге келгеннен ән тыңдап өскен, бесік жырын тыңдап уанған дала перзенті есейе келе ат үстінде келе жатып та домбырасын жанынан тастамай ән салған. Малшы да, жалшы да, бай да, кедей де өнерден кенде болмаған. Олар жанын толқытқан мұң мен зарын, сазы мен назын әуенге қосқан. Жүрегін ән тербеген бабалардан қалған асыл мұра бүгінгі заманымызға жетіп отыр.
VІ Бағалау
VІІ Үй тапсырмасын беру, орындау жолдарын түсіндіру:
1. Әнші-сазгерлер туралы мәтінді оқу, қысқаша конспект жазу;
2. Әнші-сазгерлер туралы қосымша мәліметтер жинау;
3. Әнші-сазгерлердің әндерін жинау, үйрену, айтуға дайындалу.
VІІІ Қолданылған әдебиеттер:
А. Жұбанов, «Замана бұлбұлдары», «Бес ғасыр жинайды» жинағы, «Жеті ғасыр жинайды» жинағы, «Ай, заман-ай, заман-ай» жинағы, Қазақ әдебиеті энциклопедиясы.
Күнделікті сабақ жоспары
Сыныбы: 10 «А» Күні: 12- сәуір Пән аты: Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақовтың өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақовтың өмірі мен шығармашылығы бойынша жаңа білім беру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру, есте сақтау дағдыларын дамыту. 3. Тәрбиелік: ӨӨӨ----- Оқушыларды халқымыздың тарихи тұлғаларын білетін, бағалай алатын азамат болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау. зерттеу Сабақтың көрнекілігі: Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақовтың өмірі мен шығармашылығы туралы кесте
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, жаңа тақырыпты меңгеруге бағыттау.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау: Әнші-сазгер ақындар шығармашылығы
Әнші-сазгер ақындар шығармашылығы:
1. Әнші-ақындардан қалған ән мұра;
2. Әнші-ақындардан қалған мұраның ерекшеліктері;
3. Қазақтың сал-серілері мен әнші-ақындары.
Кесте бойынша талдау жасау:
Әнші-сазгер ақындар шығармашылығы
1.
Әнші-ақындардан қалған мұраның ерекшеліктері
2.
Қазақтың сал-серілері мен әнші-ақындары
ІІІ Жаңа сабақ. Мағынаны ашу:
Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақовтың өмірі мен шығармашылығы
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақов
- серілерге тән қасиеттер
- Сегіз – сері.
2. Өмірі мен шығармашылығы
Реті
Сегіз серінің өмірі мен шығармашылығы
1.
Сегізі – сері. Сегіз оның есімі емес, есімі – Мұхамедқанапия. Басқа серіден айырмашылығы - халық оның өнерін бағалап, Сегіз сері атандырған, Сегіз бірнеше кісі емес, бір кісі, яғни Мұха-медқанафия Баһрамұлының 8 түрлі өнеріне байланысты халық берген атау «Сегіз қырлы, бір сырлы» дегеннен шыққан. Атасы Қожаберген жырау – Толыбай Сыншыұлы.
2.
Тоғыз жасқа толмай жатып Мұхамедқанапия әке-шешесінен айырылады. Содан ұлы атасы - сол өңірге әйгілі, жан-жақты білімді Шақшақ шешеннің бауырында тәрбиеленеді. Немересінің ертеңгі күніне көп алаңдаған атасы оны сол кезде ел ішіне сіңісті болған өнер атауларының бәріне үйретеді.
3.
Сегіздің әкесі Баһрам батырдың арғы атасы Толыбай сыншының атақ-даңқы бүкіл қазақ сахарасына кең тараған. Толыбай сыншыдан артқы ұрпағына мұра болып қалған егіншілік, құсбегілік, емшілік, атбегілік, қолөнер мен аңшылықтың өзі де аз өнер емес. Соған қарамастан Баһрамнан бастап бұл әулетке батырлық пен балуандық және ақын- әншілік өнері дарып, тамыр жая бастайды. Кішкентайынан епті де қайратты, әр нәрсеге қызыққыш, талапшыл болып өсіп келе жатқан Сегіздің арнасы қалыптасқан бұл жолдан шығып кетпеуі заңды нәрсе болатын.
4.
Сегіз сері есімі - еліміз тәуелсіздік алғанша, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Ә.Марғұлан, Т.Нұртазин, Ш.Сәтбаева еңбектерінде сөз болған.
5.
6.Алғаш ақынның есімі мен мұрасын еске түсіріп қозғау салған әйгілі жазушы Ғ. Мүсірепов өзі-нің «Ұлпан» атты романында Сегіз сері туралы былай деп жазады: «Бұл келген Керей аталатын көп рулы елдердің аты шулы ақын- әншілері, жыраулары еді. Ақын Шәрке сал, соқыр Тоқжан ақын, Нияз сері, Сапарғали ақын, т. б. Бәрі де атақты – Сегіз сері ақынның мұрагерлері», - делінген.
6.
Сегіз сері өлеңдері негізінен махаббат лирикасына жатады. Мәселен, 1. «Ақбақай», 2. «Ақ ерке», 3. «Алқоңыр»,4. «Әйкен – ай», 5. «Боз шұбар», 6. «Гауһартас», 7. «Ғайни», 8. «Жы-лой»,9. «Еңлік – ай» (Илигай), 10. «Көкем - ай», 11. «Қызға сәлем», 12 « Мақпал»,13. «Назқоңыр»(Ай қабақ), 14. «Сәулем – ай».
Тек «Ақбұлақ», «Боз шұбар» өлеңдері - Исатай бастаған шаруалар көтерілісіне және оның жеңілісіне арналған.
Сегіз сері ( Мұхамедқанапия ) Баһрамұлы Шақшақов
Ұлы атасы Толыбай сыншы
Өз атасы Қожаберген жырау
8 түрлі қасиеті бар :
1. әнші
2. ақын
3. зергер
4. атбегі
5. құсбегі
6. балуан
7. жыршы
8. батыр
Өлеңдері, әндері :
- «Гауһартас»
- «Қарғаш»
- «Ақбұлақ»
- «Ғайни – ай»
- «Назқоңыр»
- «Илигай»
- « Сәулем – ай»
- «Көкем – ай»
- « Ақбақай»
«Сегіз сері - атақтының атақтысы» Ғ.Мүсірепов
Халық өлеңдері, әндері : - «Ақбақай»
- «Назқоңыр»
- «Илигай»
- « Сәулем – ай»
- «Көкем – ай»
- « Ақбақай»
Осы кесте бойынша жаңа сабақты түсіндіру:
ІV Дәптермен жұмыс:
1. Сері туралы кестені, Сегіз сері туралы кестені жазу.
3. Шығармашылығынан әндер тыңдау.
V Қорытынды:
Халқымыздың асыл қазынасының бірі – әнші-ақындардан қалған поэзия және әндер, музыка өнері. Қазақтың ән өнері ұлттық өнер болып халқымызбен бірге жасасып келеді. Жүрегін ән тербеген бабалардан қалған асыл мұра бүгінгі заманымызға жетіп отыр.
VІ Бағалау
VІІ Үй тапсырмасын беру, орындау жолдарын түсіндіру:
1. Сегіз серінің өмірдерегін жазу.
2. Серінің әндерін іздеу, айтуға дайындалу.
VІІІ Қолданылған әдебиеттер: А. Жұбанов, «Замана бұлбұлдары», «Бес ғасыр жинайды» жинағы, «Жеті ғасыр жинайды» жинағы, «Ай, заман-ай, заман-ай» жинағы
Сегіз сері (Мұхамедқанапия) Баһрамұлы Шақшақов поэзиясы.
(1818 - 1854)
Сегіз сері өлеңдері негізінен махаббат лирикасына жатады. 1. «Ақбақай», 2. «Ақ ерке», 3. «Алқоңыр»,4. «Әйкен – ай», 5. «Боз шұбар», 6. «Гауһартас», 7. «Ғайни», 8. «Жылой»,9. «Еңлік – ай» (Илигай), 10. «Көкем - ай», 11. «Қызға сәлем», 12 « Мақпал»,13. «Назқоңыр»(Ай қабақ), 14. «Сәулем – ай».
Қазір де Сегіз серіге қарсы топ С.Қосанның, Б.Кәртеннің мақалаларында жақтаушы топ Қ. Омаров, Ж.Ысмағұлов (философия ғылымдарының докторы, профессор), С.Дәуітов (философия ғылымдарының докторы, профессор), Т.Әлібеков (философия ғылымдарының кандидаты), шөбересі Амантай Бегеновтің мақалаларында қозғалғанмен, әлі де зерттеуді қажет етеді. Біздің зерттеуіміз бойынша, Сегіз сері өлеңдері негізінен махаббат лирикасына жатады. Мәселен, 1. «Ақбақай», 2. «Ақ ерке», 3. «Алқоңыр»,4. «Әйкен – ай», 5. «Боз шұбар», 6. «Гауһартас», 7. «Ғайни», 8. «Жылой»,9. «Еңлік – ай» (Илигай), 10. «Көкем - ай», 11. «Қызға сәлем», 12 « Мақпал»,13. «Назқоңыр»(Ай қабақ), 14. «Сәулем – ай». Тек «Ақбұлақ», «Боз шұбар» өлеңдері - Исатай бастаған шаруалар көтерілісіне және оның жеңілісіне арналған.
Тоғыз жасқа толмай жатып Мұхамедқанапия әке-шешесінен айырылады. Содан ұлы атасы - сол өңірге әйгілі, жан-жақты білімді Шақшақ шешеннің бауырында тәрбиеленеді. Немересінің ертеңгі күніне көп алаңдаған атасы оны сол кезде ел ішіне сіңісті болған өнер атауларының бәріне үйретеді.
Сегіздің әкесі Баһрам батырдың арғы атасы Толыбай сыншының атақ даңқы бүкіл қазақ сахарасына кең тараған. Толыбай сыншыдан артқы ұрпағына мұра болып қалған егіншілік, құсбегілік, емшілік, атбегілік, қолөнер мен аңшылықтың өзі де аз өнер емес. Соған қарамастан Баһрамнан бастап бұл әулетке батырлық пен балуандық және ақын- әншілік өнері дарып, тамыр жая бастайды.
Кішкентайынан епті де қайратты, әр нәрсеге қызыққыш, талапшыл болып өсіп келе жатқан Сегіздің арнасы қалыптасқан бұл жолдан шығып кетпеуі заңды нәрсе болатын.
Әндер жинағымен салыстырғанда оның көп өлеңі, әні халықтық шығармаға айналып, ел ішінде осы кезеңге дейін халық әндері ретінде орындалып жүр. Мысалы : 1977, 1978, 1979, 1992 жылдары шыққан әндер жинағында « Халық әндері» деп берілген. Тіпті соңғы кезге дейін 2008 жылғы 24 наурыздағы «Казахстанская правда» газетінде халық артисі Б.Төлегенова халық әні «Гауһартасты» орындады делінген. Сегіз сері жөнінде соңғы жылдары ғана сөз бола бастады. Алғаш ақынның есімі мен мұрасын еске түсіріп қозғау салған әйгілі жазушы Ғ. Мүсірепов өзінің «Ұлпан» атты романында Сегіз сері туралы былай деп жазады: «Бұл келген Керей аталатын көп рулы елдердің аты шулы ақын- әншілері, жыраулары еді. Ақын Шәрке сал, соқыр Тоқжан ақын, Нияз сері, Сапарғали ақын, т. б. Бәрі де атақты – Сегіз сері ақынның мұрагерлері», - делінген.
Сегіз сері - лирик, өлеңдері – көркем, әні әуезді, сабақтың басында айтылғандай оның өлеңдерінің көбі, « Ақбұлақ» пен «Боз шұбардан» басқасы махаббат лирикасына жатады. Өлеңдерін арнаған қыз аттары анық, айқын берілген: Әйкен, Мақпал, Еңлік, Ғайни, Құсни., т.б
Біржан сал :
Ұстазым Сегіз сері, Нияз сері,
Солардан үлгі алған мен Біржан сері.
Жетпіс үш мүшеліме толғанымда,
Дүние теріс айнып кетті кері.
Сегіздей асыл адам жаралмайды,
Халқына болып өткен тым жағдайлы.
Керейден жүз мың әйел ұл тапса да,
Ешбірі Сегіз сері бола алмайды.
Жаяу Мұса :
Жігіттер өнер қусаң Сегізге ұқса,
Шәкірті Сегіз сері атым Мұса.
Қазақтың ел қорғаны мақтаныш қой,
Үш жүзде ер Сегіздей көп ұл туса.
Бөлеген күйге Сегіз ой мен қырды,
Төгетін жиындарда асқақ жырды.
Омбыда Мұқарама сұлуға арнап,
Шығарған алғашқы әні «Назқоңырда
Балуан Шолақ : ... Сегіз серіні көргенім жоқ,
Көрсем де естімей жүргенім жоқ.
Біржаннан қанып оның жолын қудым,
Жақсыны одан артық білгенім жоқ.
Сұлтанмахмұт Торайғыров :
Керейде Қожаберген, Сегіз өткен,
Қазақтың шежіресін жыр ғып шерткен.
Үш жүзге өлеңменен үндеу тастап,
Олар да бірлік үшін еңбек еткен.
Күнделікті сабақ жоспары
Сыныбы: 10 «А» Күні: 17- сәуір Пән аты: Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Үкілі Ыбырай өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Үкілі Ыбырайдың өмірі мен шығармашылығы бойынша жаңа білім беру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру, есте сақтау дағдыларын дамыту. 3. Тәрбиелік: ӨӨӨ----- Оқушыларды халқымыздың тарихи тұлғаларын білетін, бағалай алатын азамат болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау. зерттеу Сабақтың көрнекілігі: Үкілі Ыбырайдың өмірі мен шығармашылығы туралы кесте
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, жаңа тақырыпты меңгеруге бағыттау.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау: Жаяу Мұсаның шығармашылығы
1. Өмірі мен өмір сүрген кезеңнің тарихи сипаты.
2. Шығармашылығы.
ІІІ Жаңа сабақ. Мағынаны ашу:
Үкілі Ыбырайдың өмірі мен шығармашылығы
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Үкілі Ыбырайдың өмірі мен шығармашылық жолы
2. Шығармашылығы
3. Үкілі Ыбырайдың әндері (Әндерін тыңдау)
Ыбырай (1860-1930)
Қазақтың ұлы композиторы, алдына жан салмаған әншісі, ерен жүйрік ақыны, халық композиторы, әнші(тенор), ақын-импровизатор.
Реті
Үкілі Ыбырайдың өмірі мен шығармашылығы
1.
Ыбырай (1860-1930) халық композиторы, әнші(тенор), ақын-импровизатор. 1860 ж. Көк-шетау облысында дүниеге келген. Үкілі Ыбырай арабша сауатты болған, әнге, өлеңге құмар, ол қазақтың атақты әнші- ақындарынан (Шөже, Біржан, Ақан сері т.б.) үлгі-өнеге алып, олардың творчестволық дәстүрін бойына сіңірді.
2.
Ыбырай аз оқығандығына қарамай, табиғатынан зерек өсіпті. Құлағы шалған әндерді жаттап алып, иесінен де асыра шырқай беріпті, ол білмейтін қазақ әні болмапты. “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Төлеген мен Қыз Жібек”, “Жүсіп пен Зылиха”, “Мұңлық-Зарлық” секілді дастан, аңыз, эпостық жырларды да жатқа өз сарынымен әндетіп, қажымай, талмай, күн-түн демей қызықты етіп айтып береді екен.
3.
Біржан сал мен Ақан серінің аялауымен жетіліп, ерен жүйріктігімен еркелеп өскен Ыбырай – жас кезінен хат танып, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттен бірдей сусындаған шабысты да табысты дарын. Ақындық пен композиторлық әлімсақтан жаны мен тәні бірге жаратылған етене құбылыс.
4.
“Гәкку” Ыбырайдың музыкалық өнеріндегі ғана шырқау шыңы емес, ол бүкіл қазақтың халықтық музыкасындағы озық туған құбылыс. . Ол – әрі керемет ақын, әрі аруақ қонған композитор, қатарынан асып туған үздік әнші. Үш өнері біріне бірі ақ жол тілеп, бірі бірінің алдына шырақ жағып берген ғаламаттан ән жұлдызы — “Гәкку” туып отыр.
5.
Үкілі Ыбырайдың “Гәкку” (4 түрі), “Шалқыма”, “Көкше”, “Желдірме” т.б. 40-қа жуық әндері бар. Оның әндері махаббат сезіміне, мелодиялық көркем сазға толы, терең ойлы болып келеді.
Осы кесте бойынша жаңа сабақты түсіндіру:
ІV Дәптермен жұмыс:
1. Үкілі Ыбырай туралы кестені жазу.
3. Шығармашылығынан әндер тыңдау.
V Қорытынды:
Халқымыздың асыл қазынасының бірі – әнші-ақындардан қалған поэзия және әндер, музыка өнері. Қазақтың ән өнері ұлттық өнер болып халқымызбен бірге жасасып келеді. Жүрегін ән тербеген бабалардан қалған асыл мұра бүгінгі заманымызға жетіп отыр.
VІ Бағалау
VІІ Үй тапсырмасын беру, орындау жолдарын түсіндіру:
1. Үкілі Ыбырайдың өмірдерегін жазу.
2. Үкілі Ыбырайдың әндерін іздеу, айтуға дайындалу.
VІІІ Қолданылған әдебиеттер: А. Жұбанов, «Замана бұлбұлдары», «Бес ғасыр жинайды» жинағы, «Жеті ғасыр жинайды» жинағы, «Ай, заман-ай, заман-ай» жинағы
Балуан Шолақ , өмірі мен шығармашылығы. Өлеңдері: «Ғалия», «Желп-желп», «Кенже қоңыр», «Діңкіл-дек», «Көкшетау», «Қос алқа», «Талдыкөл», «Ащылы Айырық», «Құлан кісінес», «Ыңғайтөк», т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |