Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы



бет3/4
Дата28.06.2017
өлшемі0,59 Mb.
#20303
түріСабақ
1   2   3   4

Реті

Ақан серінің өмірі мен шығармашылығы



1.

1843 жылы Солтүстік қазақстан облысы Айыртау ауданында Қоскөл деген жерде дүниеге келген. Ақынның өмірі, балалық, жастық шағы Көкшетау өңірінде өтеді.

2.

Көп қыздың ортасындағы жалғыз ұлынан көп үміт күткен әкесі Қорамса Ақанды ауыл молда-сынан дәріс алуға береді, Ақан аз уақытта хат танып, Шығыс әдебиеті мен шариғат жолын жақсы меңгереді. Он үш жасында Қызылжардағы Уәлиахун деген кісінің медресесінде үш жыл оқиды, қалада жүріп, орыс тілін де үйреніп алады.



3.

Бірақ бала кезінен домбыра тартып, әнге, өлеңге құмар болып өскен Ақан, басына сәлде орап, мешіт ұстаудың орнына қайда жиын-той, шілдехана, алтыбақаны бар жерге аңсары ауа бере-ді. Бойшаң, келбетті, әдемі ашық үні бар жігітті қай жерге барса да құрметпен қарсы алатын болған. Сол кездегі дала өмірінің аса қызық түрі: жүйрік ат, қыран құс, алғыр тазы ұстау еді. "Сері" деген атаққа осы шарттар лайық болатын.

4.

Ақанның жас та болса жан-жақты дарын иесі екенін таныған алыс ағайындары оған Құлагер атанған тай, Қараторғай атанған бүркіт, Көкжендет атанған қаршыға сыйлайды. Тай кезінен баптап-күтіп, жаратқан Құлагер ат бәйгесінің алдын бермейтін жүйрік болып шығады. Аты-ғай, Қарауыл деп аталатын Арқадағы қалың ел ішінде қандай жарыс болса да, Құлагер бәйгенің алдын бермейді. Құлагердің даңқы Ақанның әншілік атағымен қоса шығады.



5.

Ақанның "Қараторғай" атты бүркіті біраз жыл өткен соң қартайып, қанаты бар болғанымен құйрығының қауырсыны түсіп, сиреп, ұшса да жерге қона алмай, аспанда шырылдап жүретін болған. "Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады" деген халық мәтелі бар. Бір кезде түлкі-ні де, қасқырды да құр жібермейтін бүркітінің мүшкіл халін көрген нәзік жүректі Ақан ойға батып, қатты тебіренеді. "Қараторғай, ұштың зорға-ай. Бейшара, шырылдайсың жерге қонбай!" - деген зарлы қайырмамен аяқталатын "Қараторғай" атты ғажайып ән осылай ту-ған. Бұл әнде әнші мен қыран құстың тағдыры қатар елестейді.

6.

Ереймен жақта Сағынай деген атақты кісінің асына арнайы шақырылғанда, күндеушілері көп Ақан барғысы келмеген деседі. Бірақ ауыл-елдің беделді адамдарды кеу-кеулеп, Ақан Құлаге-рі арқылы тағы бір абырой алмақ болады. Бұл асқа Батыраш, Қотыраш деген байлардың бала-лары да келген еді. Олардың да жүйрік аттары бар. Құлагердің бәйгеге қосылатынын естіген олар, егер аттары олардан кейін келе жатса, қастандық жасайтын адамдар дайындайды. Ол кезде бүгінгідей айналып шабу жоқ, аттар ұзаққа жіберіледі... Құлагердің алдымен келе жат-қанын көрген әлгі адамдар қамыс ішінде жасырынып тұрып, Құлагерді шоқпармен ұрып өлтіреді. Соңғы жұбанышы, қызығы болып жүрген сәйгүлігінің бұл өлімі онсыз да қам көңіл Ақанды зар еңіретеді. Ол айтқан "Құлагер" әні осы күнге дейін тыңдаған адамның сай-сүйегін сырқыратады.



7.

Ақан сері туралы Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасын, Ғабит Мүсірепов “Ақан сері — Ақтоқты” драмасын, С.Мұхамеджанов “Ақан сері — Ақтоқты” операсын, Сәкен Жүнісов «Ақан сері» дилогиясын жазды.

ІV Дәптермен жұмыс:

Ақан сері туралы мәліметтер жазу.

V Қорытынды: Ақан сері – өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманының

асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, әншілік-орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі. Оның композиторлығы ақындығынан кем түспейді. «Ақан сері» ата-нып, кезінде жұртшылыққа кең танылуы, атақ, даңқының шар-тарапқа жетуі – әншілік-композиторлық өнерінің жемісі. VІ Бағалау:

VІІ Үй тапсырмасын беру, орындау жолдарын түсіндіру: - Ақан серінің өмірі мен шығармашылығы туралы оқу.

Ақан серінің әндерін айтып үйрену. Ақан сері туралы кино жайында әңгімелеуге дайындалу.

VІІІ Қолданылған әдебиеттер:

Қазақстан тарихы. Қазақ әдебиетінің энциклопедиясы.

Күнделікті сабақ жоспары

Сыныбы: 10 «А» Күні: Пән аты: Қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы: Ақан сері Қорамсаұлының өлеңдері Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Ақан серінің өлеңдері туралы жаңа білім беру, талдау жасау 2. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, өлең талдау дағдыларын ұштау. 3. Тәрбиелік:ӨӨӨ----- Оқушыларды ақын шығармашылығын бағалай білуге тәрбиелеу Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, талдау Сабақтың көрнекілігі: Ақан сері туралы қосымша мәліметтер, өлеңдері, әндері. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, зейіндерін аудару. ІІ Үй тапсырмасын сұрау: Ақан серінің өмірі мен шығармашылығы

Ақан серінің өмірі

Шығармалары

ІІІ Жаңа сабақ. Мағынаны ашу:

Ақан серінің өлеңдері мен әндері

Жаңа сабақтың жоспары:

Ақан серінің өлеңдері: «Сырымбет», «Балқадиша», «Маңмаңгер», «Жайықтың ақ түлкісі», «Ақ көйлек», «Жақсы мен жаман», «Ләйлім шырақ», «Құлагер»

Реті

Ақан серінің шығармалары



1.

Махаббат лирикасы

Ақан сері — ақын, әнші, композитор. Серінің «Ақтоқты», «Алтыбасар», «Тер қатқан», «Мақпал», «Балқадиша», «Сырымбет», «Майда қоңыр», т.б. әндері әйел жаны-ның сұлулығын жарқырата көрсетуімен бірге, махаббат құдіретін асқақтата суреттеуімен де құнды. Ұрқияға Ақан серінің “Хат жаз-дым қағаз алып, қалам, сия” деген өлеңін арнаған. Ақан серінің сүйген қызы — Ақтоқты. Бұл — арты аңызға айналған оқиға. Ақтоқты есімі Ақан серінің шығармаларынан кең орын алды. “Ақ көйлек”, “Аужар”, “Алтыбасар”, “Ғашық жарға”, “Тағрипың”, “Ж-ға” — Ақтоқтыға арналған махаббат толғаулары. Ақан серінің «Ақтоқты», «Алтыбасар», «Тер қатқан», «Мақпал», «Балқадиша», «Сырымбет», «Майда қоңыр», т.б. әндері әйел жанының сұлулығын жарқырата көрсетуімен бірге махаб-бат құдіретін асқақтата суреттеуімен де құнды. Ән-өлеңдерінің елеулісі — “Балқадиша”. Бұл — өз теңіне атастырылмаған әдепті, сыпайы қыздың өнерлі ағаны қадір тұтқан сүйкімді қылығына разы ағалық қарыздар көңілден туған ән.

2.

Көңіл күй лирикасы



Ақан Сері ақын-әнші ғана емес, саңлақ аңшы, атбегі де. Ақынның сүйікті досына, қимас өмір-лік серігіне айналған сәйгүлігі мен қыран құстарына арналған «Маңмаңгер», «Қараторғай», «Көкжендет», «Құлагер» әндерінде Ақан серіның ішкі жан дүниесіндегі бұрқаныс, қан жы-лаған жүрек, телегей теңіз мұң мөймілдеп тұрғандай.

3.

Айтыстары



90 жылдардағы Ақан сері шығармашылығында айтыс едәуір орын алды. Ақан серінің алғаш-қы айтыс-қағыс өлеңдерінің бірі — “Жүсіп төреге” (Тәкінің Жүсібіне қайтарған жауап өле-ңі). Орынбай, Нүркей тағы басқа он шақты ақынмен айтыстарының үзінділері ғана сақтал-ған. Толығырағы — Нұрқожамен айтысы. Онда Ақан сері ел-жұртты тірек тұтады (“Хақ қа-лаған Есенбай қарашамын, Алтын бесік халқыма жарасамын”), ақындық өнерді қадірлейді, туған жерді, халықты мақтан етеді.

4.

Азаматтық лирикасы



Ақан серінің елдің жер-судан, қоныстан айырылуына наразылық білдірген азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері де өткірлігімен ерекшеленеді. Атбасардың молдасы Смағұлды, Атығай-Қарауылдың болысы Сұрағанды, болыс Шоғармақты өлтіре сықақ етеді. Осы өлеңдері мен “Замана адамы” өлеңінде сері ел билеген әкімдерді “Кей жаман мал бітті деп әкім болар”,- деп әшкерелейді. Қонысынан айрылған елдің мұң-мұқтажын ақын халық атынан айтады. Мемлекеттік 2-думаға шағынады, әділдік, үміт күтеді. Өмірінің соңғы кезеңінде жазылған өлеңінің бірі — “Қаратай”. Ақан сері аулы қонысынан айрылып, орнына Комаровка селосы орнағанда, ескі мекенге барып жүрген Қаратайды (Ақан серінің мінген аты) егінге түсті деген сылтаумен ұстап алып, сатып жіберіпті. Ат пен иесінің диалогы түрінде жазылған бұл өлеңде қуғыншы 4 орыстан қашып барғанда “бүбірнай” (выборнай) Көшербайдың рақым етпегені, судьяның әділ үкім шығармағаны айтылады. Соңында:

Орыс пенен қазақтың алдым несін?!

Тәңір берген әркімнің несібесін.

Ол түгіл жан салмаған Құлагердің,

Сөйлейді граммофонда әңгімесін, — деп, “Құлагер” әнінің сол заманда пластинкаға түсірілгенін ескертеді. Өлер алдында шығарған “Мінажат” өлеңінде иман тілейді.

ІV Дәптермен жұмыс:

Ақан серінің шығармашылығы туралы мәліметтерді жазу.

V Қорытынды: Ақан сері – өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманы-ның асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, әншілік-орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі. Оның композиторлығы ақындығынан кем түспейді. «Ақан сері» атанып, кезінде жұртшылыққа кең танылуы, атақ, даңқының шартарапқа жетуі – әншілік-композиторлық өнерінің жемісі. VІ Бағалау:

VІІ Үй тапсырмасын беру, орындау жолдарын түсіндіру: Ақан серінің шығармашылығын оқу, әндерін айтып үйрену, өлеңдеріне талдау жасау.

VІІІ Қолданылған әдебиеттер:

Қазақстан тарихы. Қазақ әдебиетінің энциклопедиясы.

Күнделікті сабақ жоспары

Сыныбы: 10 «А» Күні: 30- сәуір Пән аты: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Әсет Найманбаевтың өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Әсет Найманбаевтың өмірі шығармашылығы бойынша жаңа білім беру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру, есте сақтау дағдыларын дамыту. 3. Тәрбиелік: ӨӨӨ----- Оқушыларды халқымыздың тарихи тұлғаларын білетін, бағалай алатын азамат болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау. зерттеу Сабақтың көрнекілігі: Әсет Найманбаевтың өмірі шығармашылығы туралы кесте

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, жаңа тақырыпты меңгеруге бағыттау.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау:

Үкілі Ыбырайдың өмірі мен шығармашылық жолы

Үй тапсырмасын тексеру жоспары:

Үкілі Ыбырайдың өмірі, шығармашылық жолы

ІІІ Жаңа сабақ. Мағынаны ашу:

Әсет Найманбаевтың өмірі мен шығармашылық жолы

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Әсет Найманбаевтың өмірі мен шығармашылық жолы

2. Әсет Найманбаевтың әндері (Әндерін тыңдау)



Әсет Найманбайұлы

(1867-1923)

Реті


Әсет Найманбаевтың өмірі мен шығармашылық жолы

1.

Әсет Найманбаев бұрынғы Қарқаралы уезі, Темірші болысы, 8-ауылда (қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданы) 1867 жылы туған.



2.

Ауыр тұрмыстың айдауымен 1875 жылы Семей қаласына көшіп келген. Кейіннен қала тұрмысына тұрақтала алмай Мақаншы ауданындағы Бақты ауылына көшіп барады. Осын-да Әсетті медресеге оқуға береді. Он бір жасында бірінші рет мектеп есігін ашқан зерделі бала төрт-бес жылда медресенің білімін жақсы меңгеріп алады. Он төрт-он бес жасқа кел-генде әкесі өліп, Көктал болысындағы нағашысына барады. 14 - 15 жасында - ақ ақындық, әншілік өнерімен танылған.

3.

Әсеттің алғашқы ақындық қаламындағы өлеңдерінің тақырыбы көбінесе жастық, махаббат туралы, суырып салма айтыс өлеңдер болды. Әсет - ақындық өнерді өзгеше жоғары баға-лап, табиғаттың тартқан ерекше қасиетті сыйы деп біліп, ардақтаған адам. Ақындық өнерін халқына арнаған Әсетті туған елі қадірлеп, құрметтеген. Қазақ дала-сын әнмен тербеген Әсеттің өзі өмір кешкен тұста - халқының ақберен ақыны ретінде танылғаны анық еді.



4.

Айтыс бәйгесіне түсіп жүлде алып, елге атағы шыға бастаған жалынды, албырт жас ақын, асқақ әнші Әсет ұлы ақынның, кемеңгер ақынның алдына келгенде 20 жаста болатын. Абай ауылы қазақ сахарасындағы өнер-білімнің, мәдениеттің өнегелі ордасындай еді. Сол кездегі Абайдың қасында ұдайы болған адамдары: Шаһкерім, Көкбай, Ақылбай, Мағауия, Тұрағүл, Кәкітай, Ахметбектер тобына Мұқа, Әсет келіп қосылған екен. Әсет - Абай ағасы-ның алдында мол тағылым алып, үлгі алады, Пушкин шығармаларымен танысады. Әсеттің «Евгений Онегин» романының оқиғасын алып, еркін аударма жасауы Абай әсері екені сөзсіз.  

5.

1916 жылы патша жарлығына байланысты дүрлікке елмен бірге Әсетте Қытайға өтіп кетеді. Ұлы Қазан төңкерісінің жеңісін, оның халыққа әкелген теңдігін, бақытын естігенде Әсет Отанын аңсайды, өз еліне келуді армандайды. Көп ұзамай Әсет әншілігімен жұрт көзіне түсе бастайды. Ол осы елде үйленіп, тұрып қалады да шешесін қолына алдырады.



6.

Әсет 1923 жылы Құлжа қаласында қайтыс болған.

Осы кесте бойынша жаңа сабақты түсіндіру:

Көкқамыр сахарасындағы Әсет Найманбайұлының кесенесі ҚХР Іле қазақ автономиялы облысының әдебиет-көркемөнершілер бірлестігі және ресми Қытай билігі тарапынан 2003 жылы қойылып, 2005 жылы күрделі жөндеуден өткізіліп қайта тұрғызылған құлыптасы.



ІV Дәптермен жұмыс:


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет