Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілеті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Саралау жұмысы сұрақ қою кезінде жүзеге асады. Бұл жұмысты жүргізу үшін “Балмұздақ ” таяқшасы әдісін қолданамын. Барлық оқушылар буынаяқтылар, желілер мен бассүйектілер тип тармағының кластарын атайды.
Басым бөлігі буынаяқтылар, желілер мен бассүйектілердің ерекшеліктерін ажыратады. Кейбір оқушылар буынаяқтылар, желілер мен бассүйектілер типінің кластар арасында қандай айырмашылықтар мен ұқсастықтар болатынын талдап, өз ойын жеткізеді.