№45 ОЖББМ
« Жануарлардың қысқы тіршілігі »
(дүниетанудан ашық сабақ)
Өткізген: Едильбаева.Г.М
ОРАЛ-2015 жыл
Сабақтың тақырыбы: « Жануарлардың қысқы тіршілігі »
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі : Балаларға жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі мен таныстыру . Олардың төлдері мен корегі туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық : Балалардың ойлау шығармашылық қабілетін дамыту , сөздік қорын молайту , өз бетінше жұмыс жасау дағдысын дамыту.
Тәрбиелігі : Ұқыптылыққа , мейірімділікке , шеберлікке баулу, эстетикалықталғамын арттыру.
Сабақтың түрі : жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру , әңгімелеу ,
Сабақтың көрнекілігі : Жабайы жануарлармен олардың төлдерінің және коректерінің суреттері мен ойыншықтар.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті
Жаңа сабақ
Шаттық шеңбері
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін ,
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Жаңа сабақ :
Балалар, жылдың неше мезгілі бар?
Қыс, көктем, жаз, күз .
Қазір жылдың қай мезгілі ?
Қыс мезгілі .
Қыс мезгіліне қандай айлар жатады?
Желтоқсан, қаңтар , ақпан .
Қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстарында.
Қандай өзгерістер болады?
Қар жауады
Аяз болады Боран болады
Күн суытады Тұман түседі
Ал балалар ,осы сендер қыста тонасыңдар ма?
Иә
Олай болса , біздер сияқты аңдарда тонады екен .
Балалар, қыста қандай аңдар болады?
Қасқыр , түлкі ,қоян, аю т.б.
Қыста орман өте суық болады.Жануарлар азық таба алмай қиналады.Сондықтан көптеген жануарлар қысқы ұйқыға кетеді. Борсық пен кірпі де – ұйқыға кететін жануарлар .
Қасқыр - жыртқыш аң. Ол өте ақылды, әрі ұғымтал . Қасқыр қыста топталып жүреді. Қасқырдың баласын бөлтірік дейді . Қасқыр қоянның түлкінің етін жегенді жақсы көреді.
Түлкі – өте иісшіл , саққұлақ , қырағы көз , айлакер, қу аң жыртқыш. Ең сүйікті асы – тышқан , көжек , балықпен қоректенеді. Түлкінін баласы мыржай деп аталады.
Қоян – қорқақ , құйрығы бір тұтам .құлағы сала құлаш ,киімі екі түрлі болады. Жазда қоңырлау, ал қыста ақ қардан ажырату қиын . Бұта арасында жатады , ағаш бұтасын кеміреді. Егер бір нәрседен үріксе , қарғын шығып зымырай жөнеледі . Қоян сәбіз жегенді ұнатады. Қоянның баласын көжек дейді.
Аю – үлкен денелі жуан дауысты жануар .Аюдың түсі қоңыр болады. Жаз бойы азығын жинап өзінің денесіне сақтайды да қыста сонымен қоректенеді. Қалай дейміз бе? Аю қыс бойы апанда ұйықтайды , сонымен қатар табанын жалап қоректенеді . Аю қонжығын ертіп көктемде бірақ шығады.
Жұмбақ шешеу.
Құстай ұшады ,
Құландай жортады,
Қойдан қорқады.
( Қоян )
Жол үстінде қу қазық ,
Жүргіншіге жол азық.
(Қоян )
Өзі қу,жүрген жері ,
Айқай шу.
( Түлкі )
Бал іздеп бірақ жортады,
Кіп – кішкене арадан
Үп – үлкен боп қорқады.
( Аю)
|