Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
№18 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
ИЛЯСОВА АЛМА ИМАМЕДИНОВНА
3 сынып дүниетану
Сабақтың тақырыбы
|
Жануарлардың көп түрлілігі. Жәндіктер.
|
Мақсаты мен міндеттері:
|
1.Білімділік: Жануарлардың көптүрлілігі, мекен ортасы мен топтары туралы түсінік беру. Білімдері бойынша түйін сөзді таба білуге, тұжырым, қорытынды шығара білу қабілетін арттыру.
2.Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын, тіл байлығын, ізденімпаздық, ойлау қабілетін дамыту.
3.Тәрбиелік: Оқушылардың табиғаттың жанашыры болып табиғатты қорғауға өз үлесін қосуына тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: СТО әдістері.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, өсімдіктер топтамасы, кеспе қағаздар, суреттер топтамасы.
|
Психологиялық ахуал
|
Ана, бала, қала, дала, айнала,
Ай менен күн, жұлдыз, аспан, табиғат,
Шөбі жұпар, суы кәусар, сай – сала.
Бүкіл әлем аманбысың, жамағат?
Топқа ( Аңдар, құстар, жәндіктер) болып бөлінеді.
1.Аю, қоян, түлкі, қасқыр.
2. Қарлығаш, қарға, суықторғай, үйрек.
3. Инелік, қоңыз, көбелек, шұбалшын, қырықаяқ Оқушылар таратпа материал арқылы 3 топқа бөлініп отырды
|
Қызығушылықты ояту
|
Жер бетінде өсімдіктердің қанша түрі өседі?
Ғалымдардың есептеуі бойынша біздің елімізде қанша өсімдік түрлері бар?
Өсімдіктер бір – бірінен қалай ажыратылады?
Ағаштарды несіне қарап білеміз?
Біздің елімізде қандай өсімдіктер кең тараған?
Ылғалды сүйетін өсімдіктерді ата.
Өсімдіктердің ерекшеліктерін ата.
Кез – келген өсімдік қайда тіршілік етеді?
Өсімдіктің айналасындағының барлығын қалай атаймыз?
Ағаш қандай ағза?
Ағаштың тіршілігіне қажетті жағдайларды ата.
Ағаш өзін қоршаған сыртқы ортадағы жануарлармен бірге тіршілік ете алады ма?
Өсімдіктер қорексіз, жарықсыз, сусыз, ауасыз тіршілік ете алады ма?
Өсімдік кез – келген жерден өсе алады ма?
Өсімдіктің тіршілік ету ортасы туралы айтып бер.
Өсімдік тіршілігіне байланысты қажетті жағдайларды ата.
Қандай жер ауа – райы жағдайларында өсімдік тіршілік етеді?
Өсімдіктің топтарын ата.
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
«Өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж» тақырыбы бойынша түсінгендері сұралады.
Үй тапсырмасын тест арқылы бекіту.
Өткенді қайталау: өткен тарауды қайталап, жаңа сабақты шығарып алды.
1.Барлығымыз үшін ең маңызды не? өмір
2.Кімнің өмірі бағалы ? Адамның
3.Адамнан басқа тірі не нәрсе бар ? Өсімдік, жануар
4.Өсімдіктер мен жануарлар қайда өмір сүреді ? Өздеріне ыңғайлы жерде
5. Өсімдік неше топқа бөлінеді ? 3
6. Біздің елімізде өсімдіктің: 6000 түрі
7. Әр өсімдікке: белгілі орта қажет
8. Өсімдік топтары деп: топталып өсуге қажетті қолайлы жағдай;
9. Мәдени өсімдіктер: адамның қатынасынсыз өсе алмайды;
10. Сирек және құрып кетер қаупі бар өсімдіктер: Қызыл кітапқа енген.
|
Мағынаны тану
|
Жаңа мағынаны таныту.
Кіріспе
Өсімдіктер сияқты жануарлар да алуан түрлі болып келеді.Жер бетінде жануарлардың түрлері өте көп. Ғалымдардың зерттеуі бойынша олардың 2 млн-дай түрі белгілі болды. «Жануар» сөзі парсының «джан-джанвар» деген сөздің екінші бөлігінен алынған. «джан-джанвар» қазақша-жануар әлемі, яғни дүние жүзіндегі тірі мақұлықтар дегенді білдіреді
Су реттен жануарлардың түрлерін көрсетіп оларды мекен ету ортасына қарай топтпрға бөлу. Жануарлар мынадай топқа бөлінеді:
Бунақденелілер Қосмекенділер
Жануарлар
Сүтқоректілер Жорғалаушылар
Құстар Балықтар
Әр топқа жеке слайдтар көрсетіліп, ерекшеліктерін түсіндіремін.
1.Құстар-8600 түрі бар.Айырмашылығы ұшады.
2. Балықтар
Балықтардың 20 000 түрі бар. Олардың айырмашылығы жүзеді.
3.Қосмекенділер
Қосмекенділердің-4000 түрі бар. Олардың айырмашылығы құрлықта да, суда да тіршілік етеді.
4. Сүтқоректілер
Сүтқоректілердің – 5000 түрі бар. Олардың айырмашылығы балаларын өз сүтімен асырайды.
5. Жорғалаушылар
Жорғалаушылардың – 8000 түрі бар. Олардың айырмашылығы бауырымен жорғалайды.
6. Бунақденелілер
Бунақденеліліердің – 700 000 түрі бар.
Құстар мен балықтар туралы деректі фильм көрсету.
Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқытып сұрақ - жауап арқылы талдау жасау.
|
Сергіту сәті.
|
Көңілді күн
|
Жаңа сабақты бекіту
|
Дәптермен жұмыс.
Дәптерге жануарлардың топтарын жазғызамын.
.
Ойын: «Жануарларды өз үйіне орналастыр»
|
Топтық жұмыс
|
«Ойлан, талқыла »
1-топ:
1. Құрлықта мекендейтін жыртқыш жануарларды ата.
2. «Қызыл кітапқа» қандай аң түрлері енген?
3. Біздің жерімізде кездесетін жыртқыштарды ата.
4. Жыртқыш аңдардың табиғатқа тигізер пайдасы
2-топ:
1. Ұшуға бейімделген жануарлар түрі.
2. Құстардың жылы мекені қалай аталады?
3. Аң аулауға қолданатын құсты ата.
4. Құстардың өсімдіктерге тигізетін пайдасын айт
3-топ:
1. Омыртқасыздардың арасында ең көп тараған қай түрі?
2. Түрлі ауруларды тудыратын жәндіктерді ата.
3. Гүлдерді тозаңдандырушы жәндіктерді ата.
4. Жәндіктердің пайдасы мен зияны туралы айт
Венн диаграммасы (топтық жұмыс)
І топ: қосмекенділер мен балықтарды
ІІ топ: құстар мен бунақденелілерді
ІІІ топ: сүтқоректілер мен жорғалаушыларды салыстырады.
|
Қорытынды
|
1.Жануарлардың топтарын ата.
2.Бунақденелілердің өзіндік ерекшеліктерін айтып бер.
3.Қосмекенділерді тағы қалай атайды?
4.Бауырымен жорғалаушыларға қандай жануарлар жатады?
5.Неге сүтқоректілерді сүтқоректілер дейді, оларға қандай жануарлар жатады?
6.Балықтардың басқа жануарлардан айырмашылығын айт.
|
Үйге тапсырма
|
1.«Жануарлардың пайдасы мен зияны» тақырыбында эссе жазу.
2.Сирек кездесетін жануарларды біліп келу.
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Кері байланыс
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |