Бөлім
|
Қозғалыс
|
Педагогтің аты – жөні
|
Қаршыкенова А.С.
|
Күні
|
|
Сынып: 7 « »
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Жануарлардың қозғалыс мүшелері. Тірі ағзалардағы қозғалыстың рөлі.
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
7.1.6.4 - омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың қозғалыс мүшелерін салыстыру
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар үшін:
Білім алушылар қозғалыс мүшелерінің манызын түсінеді.
Көпшілік оқушылар үшін:
Тірі ағзалардағы қозғалыстың рөлін сипаттап бере біледі.
Кейбір оқушылар үшін:
Жануарлардың қозғалу тәсілдеріне мысалдар келтіріп салыстырып бере алады.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі /
уақыт
|
Педагогтың әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
|
Сәлемдесу.
1. Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу.
Сабаққа жақсы көңіл – күй тілеу
Үй тапсырмасын тексеру.
Таксистер дегеніміз не?
Дұрыс торпизмге мысалдар келтіріңдер
Бұрыс тропизмге мысалдар келтіріңдер
|
Оқу құралдарын түгендеп, сабаққа дайындалады.
Оқушылар үйге берілген тапсырма бойынша жауап береді.
|
|
|
Сабақтың
ортасы 35 минут
|
Оқулықтағы жаңа тақырыптың мазмұны бойынша оқушыларға түсінік қалыптастыру.
1-тапсырма. Миға шабуыләдісі
1.Шұбалшаң қалай қозғалады?
2. Өрмекшілердің қозғалу тәсілдері не арқылы іске асады?
3. Балықтардың қозғалу ерекшеліктері қандай?
2-Тапсырма
Бақа мен жорғалаушылардың қозғалыс мүшелерін сипаттайды.
Әртүрлі жануарардың қозғалысын анықтайды.
Инклюзивті оқушымен жұмыс: Қозғалыс дегеніміз не? Жануарлардың қозғалыс мүшелері қандай?
«Еркін микрофон» әдісі
Құстардың қозғалуы қалай ерекшеленеді?
Сүтқоректілердің қозғалысы немен ерекшеленеді?
БЖБ №2 орындайды.
|
Қойылған сұрақтарға ауызша жауап береді.
Миға шабуыләдісі арқылы төмендегі сұрақтарға жауап береді
Тапсырмаға жазбаша жауап береді және жауаптарымен бөліседі.
Сұраққа жазбаша жауап береді
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
|
Дескриптор:
Қозғалыстың маңызын біледі
Ф.б. 2 балл
Тірі ағзалардағы қозғалыстың рөлін сипаттайды.
Ф.б. 3 балл
Жануарлардың қозғалу тәсілдерін салыстырады
Ф.б. 5 балл
|
Оқулық, жұмыс дәптері, оқу құралдары.
|
Сабақтың соңы
5 минут
|
Үйге тапсырма: тақырыпты оқу, жануарлардың қозғалыс мүшелері суретін салу.
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
|
Үй тапсырмасын жазып алады.
Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім. - бүгін сабақта қуантқаны..... - мен өзімді.....үшін мақтар едім. - маған ерекше ұнағаны.....
|
|
Оқулық
|
Біржасушалылардың қозғалу мүшелері. Біржасушалы жануарлар ағзалары суқоймаларда, ылғал жерлерде немесе басқа тірі ағзалар ішінде тіршілік етеді. Олардың басым бөлігінің қозғалу мүшесіне талшықтар (жгутики) жатады. Қоршаған сұйықтықта бұрама (винт) сияқты бұралған талшықтар дененің – жануардың жалғыз жасушасын алға қозғалтады. Қозғалғыш бактериялардың қозғалу мүшесі – немесе көптеген талшықтар. Эукариоттарда көбінесе бір не екі, кейде одан көп, мысалы, 8 талшық болады (88-сурет).
Қарапайымдардың тағы бір қозғалу мүшесіне кірпікшелер жатады. Олар құрылысы талшықтарға өте ұқсас, бірақ едәуір қысқа әрі көп болады.
Біржасушалылардың үшінші әрі соңғы қозғалу тәсіліне жалған аяқтары жатады. Бұл уақытша өскіндері – дененің кез келген бөлігінде түзілетін жасуша цитоплазмасының томпаюы.
Көпжасушалы омыртқасыздардың қозғалу мүшелері алуан түрлі. Олар жануар типіне байланысты. Құрттарда алғаш рет дербес бұлшық ет жасушалары пайда болады. Олар жабынмен (терімен) бірігіп кететін бұлшық еттерден қабат түзеді. Мұндай жүйені тері-бұлшық ет қапшығы дейді. Ұлуларда бұлшық ет жүйесі, әсіресе басаяқтыларда (сегізаяқ) едәуір дамыған. Буынаяқтыларда алғаш рет бұлшық еттердің жеке шоғыры пайда болады. Дененің бір сегменті қозғалу үшін бұлшық еттің белгілі бір шоғыры жиырылады, ал қалғандары демалып, энергияны үнемдейді. Омыртқалылардың қозғалу мүшелері. Жалпы барлық омырт- қалылардың тірек-қимыл жүйесі ұқсас. Бұл ішкі қаңқа – сүйектер мен оларға бекитін бұлшық еттер. Бұлшық ет жиырылып, сүйекті өзіне тартады. Дененің белгілі бір бөлігі осылай жылжиды.
Омыртқалыларда қозғалу мүше- лері тіршілік ортасына тәуелді. Балықтарда қозғалу мүшесі – жүзбеқанаттары. Құрлықта тіршілік ететіндердің қозғалу мүшесі – екі немесе төрт аяғы, ал жылан денесін ирелеңдетіп жылжуға бейімделген. Ауада қалықтауға мүмкіндік беретін мүше – қанат құстарға тән. Су тіршілік ортасын
мекендеушілердің есу үшін жүзбеқанаттары болады. Оған балықтар, теңіз тасбақалары, сүтқоректілер – киттер, теңіз түлендері, мысықтары, тіпті пингвин құстары да жатады. Олардың қанаттары пішіні жағынан жүзбеқанаттарға ұқсайды.
Суда жылжудың тағы бір маңызды әдісі – реактивті қозғалу. Егер ағза өзіне суды жинап алып, содан кейін оны үлкен күшпен (қысыммен шапшып ағу) шығарса, дене қарама-қарсы бағытта қозғалатын болады. Медузалар, сегізаяқтар, каракатицалар осылай жылжиды.
Топырақта қозғалған кезде жануарлар аяғын (жәндіктер, көртышқан т.б.) немесе денесін (шұбалшаң) пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |