Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың тіршілік ортасы. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі. Сабақтың мақсаты



бет11/32
Дата07.02.2022
өлшемі1,11 Mb.
#96269
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32
Байланысты:
Биология 7 а

VII. Үйге тапсырма:
Қазақстанның қай өлкесінді қандай жануарлардың кең таралғанын біліп келу

Сыныбы: 7- сынып ,биология үйірме 09.11.2016 жыл


Сабақтың тақырыбы: Үй құстары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға үй құстарының басты ерекшелігін, құстар жануарлардың маңызды тобы екендігін, адамға пайдасы туралы, бірнеше топқа бөлінетіндігі туралы жалпы түсінік беру.
Тәрбиелік: оқушыларды құстарды қорғауға, оларға қамқор болуға, құстардың адам өміріндегі маңызын дәріптеу, ұқыптылыққа, нақтылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, құстарды топтарға бөлу, сол топтардың өзіндік ерекшеліктерін жүйелей, қорытындылай отырып, білімдерін, жүйелі сөйлеу қабілетін, ой-өрісін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын элементтері, тірек – сызба
Сабақтың көрнекілігі: құстардың суреттері, құс жұмыртқасы, құстардың видеороликтері, құстардың макеттері
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі ( Психологиялық дайындық. Шаттық шеңбері).
II. Үй тапсырмасы. Биологиялық диктант:
Құстарды зерттейтін ғылым саласы - ..................................(орнитология)
Олардың денесі............, ................және..............бөлімдерге бөлінген.(бас,мойын тұлға)
Құстардың жақ сүйектері тұтас мүйізді тақташалармен қапталған. Оны құстардың ...............................деп атайды. (тұмсығы)
Құс тұмсығы ......................, ......................бөлімдерден құралады.(тұмсықүсті,тұмсықасты)
Өңештің кеңейген бөлігі .....................................деп аталады.(жемсау)
III. Жаңа сабақ
Айдары: Қанатты достар әдемі,
Қорғайық достар, әлемді!!!
Сыныпты 3 топқа бөлеміз. Әр топқа жеке-жеке тапсырмалар беріледі.
I тапсырма. Топтық жұмыс.
1 топ. Үй құстарының түрлері, ерекшеліктері ( тауық, қаз).
2 топ. Үй құстарының түрлері, ерекшеліктері ( үйрек, күркетауық).
3 топ. Зертханалық жұмыс ( жұмыртқамен).
Сергіту сәті.
Қане қанат жазайық,
Құстарға біз ұқсайық
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.

II тапсырма. Ұқсастық пен даралық
Құстар ұқсастығы:
Жабайы құстар –
Үй құстары –

III тапсырма. Ситуациялық сұрақ:
1 топ. Көшеде келе жатырсың, ағаш басынан құстың балапаны құлап түсті. Не істер едің?
2 топ. Сабақтан қайтып келе жатырсың, бір – екі бұзақы балалардың балапандарын жайып жүрген тауыққа тас лақтырып тұрғанын көрдің. Сенің әрекетің?
3 топ. Биология сабағы, сенен ұстазың үй құстарын қалай күтіп-баптау керек екенін сұрайды. Сенің жауабың?
IY. Бекіту.
Айдары: Жинасаң ойдың түйінін,
Не ұғындың, не білдің?
Тест « Дұрыс немесе бұрыс» + , -
1.Үй құстары жаз айларында балапан басады
2.Көктемде құстар тіршілігінде көп қиыншылықтар кездеспейді
3.Үй құстарының пайдасы жоқ
4.Үй құстары күзде басқа аймаққа ұшып кетеді
5.Құстар жұмыртқа арқылы көбейеді

Y. Қорыту ( Рефлексия). Тақтадағы ағаштың суретіне оқушылар құстарын қондырады. Құстардың артына сабақтан алған әсерлерін, пікірлерін жазады.


Табиғат Ана құшағын саялайық,
Қорғау үшін күш-жігер аямайық,
Ол болмаса, сен жоқсың, осыны ұқ
Адамзат, Табиғатты аялайық!!!

YI. Үй тапсырмасы. Үй құстары туралы оқу. Құстарға қатысты мақал-мәтел, аңыз-әңгімелер, жұмбақтар, қосымша мәліметтер жазып келу.



Биолгия үйірме 7 а.б сыныптар 16.11.2016 жыл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет