Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың тіршілік ортасы. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі. Сабақтың мақсаты


жануарлардың тіршілік ортасы және мекен ортасы



бет2/32
Дата07.02.2022
өлшемі1,11 Mb.
#96269
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
Биология 7 а
Дидактикалык материал Косымша 2
жануарлардың тіршілік ортасы және мекен ортасы
Жер ғаламшарында тірі ағзалар, олардың ішінде жануарлар үш түрлі ортада тіршілік етеді.Сулы ортада, мысалы, балықтар, киттер, т. б.; құрлық-ауада өрмекшілер, бунақденелілер, құстар, аңдар; топырақта – құрттардың кейбір түрлері (шұбалшаңдар), кейбір аңдар (мысалы, көртышқан) тіршілік етеді. Жануарлардың паразит түрлері үшін басқа жануарлар мен адам денесі тіршілік ортасы болып саналады. Мысалы, паразит құрттар мен кенелер жануарлардың денесінде (сыртқы, ішкі мүшелерінде) тіршілік етеді. Күйкентай орманды дала аймағында кездеседі (тіршілік ортасы). Бірақ орманға кірмейді; ашық, ағаштары сирек өскен жерлерді мекендейді. Ондай жерлер дала тышқандарын аулауға, ағаш басына ұя салуға қолайлы
Өз тіршілігінде бір ортада ғана емес, екі түрлі ортада тіршілік ететін жануарлар да бар. Мысалы, безгек масасы бақалар – суда да, құрлықта да; ал дала тышқандары топырақта да, жер үсті-ауа ортасында да тіршілік етеді. Іркінді суы бар батпақты жер безгек масасының мекен ортасы, мұнда оның көбеюіне қолайлы жағдайлар бар.
Жануарлар тіршілік ортасындағы өзінің тіршілік етуіне қолайлы жағдайлары бар нақтылы үлескілерді мекендейді. Олар қоныстанған осындай нақтылы бір үлескіні сол жануарлардың мекен ортасы дейді.
Жұмбақ шешу
Орманда жоғары,
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балта етіп,
Тоқ - тоқ - тоқ соғады.
Ол не? (тоқылдақ)

Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады. (қоян)
Жануарлардың, аңдардың, құстардың түрлерін атау.
Топтастыру

Осы жануарлардың барлығы да әртүрлі ортада тіршілік етеді.
Суда, құрлықта, Топырақта, тауда
Оқулықпен жұмыс
Аузы үлкен, бүйір сызығы түзу
Денесінің ұзындығы 5 метр
Салмағы 300 кг
Көзі денесінің бір жағында болады.
Тиін - құрлықта мекен етуге бейімделген. Бірақ ол құрлықтың кез келген жерінде, ағаш жоқ, жазық жерді таңдамайды. Тек өзіне бүр, саңырауқұлақ сияқты қорек табылатын ағаштарды тіршілік етеді.
Суретпен жұмыс
Жануарлар табиғатқа және адам өміріне көп пайда келтіреді.
Суретпен жұмыс
Бекіту
Тест тапсырмалары:
1. Сүтқоректілерге қайсысы жатады?
А) Балық, құс
Ә) сиыр, бұғы
2. Жыртқыш аңды тап
А) Арқар, құлан, түйе
Ә) Қасқыр, түлкі, аю
3. Тиін немен қоректенеді?
А) Бидай, арпа, сұлы
Ә) Саңырауқұлақ, жаңғақ
4. Балықтар қайда тіршілік етеді?
А) суда
Ә) орманда
5. Бауырмен жорғалаушылар қайсы?
А) жылан, кесіртке
Ә) Қоңыз, көбелек
6. Бақа жануардың қай түріне жатады?
А) қосмекенді
Ә) Бауырмен жорғалаушы
1 - ә 2 - ә 3 - ә 4 - а 5 - а 6 - а
Бағалау.
Қорытынды
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Несімен ұнады?
Не білдіңдер?
Үйге тапсырма: 143 бет, 145 бет.
Табиғат, Ана құшағын саялайық,
Қорғау үшін күш - жігер аямайық.
Ол болмаса, сен жоқсың, осыны ұқ.
Адамзат! Табиғатты аялайық!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет