Алтын күз Қатысушылар



Дата18.02.2018
өлшемі61,97 Kb.
Алтын күз

Қатысушылар: Жүргізуші, Күз, Кірпі (рөлді ересектер ойнайды)

Музыка әуені ойнайды балалар залға кіреді. Қолдарында жапырақтар.



«Жапырақтармен жаттығу»

Залдың ортасына қарай айнала тұрады.

Жүргізушіге арналған музыкамен сөйлейді.
Жүргізуші: Балалар бүгін мен сіздерді күзгі орманға шақырамыз! Бірақ орман алыс. Аяқтарымыз шаршамас үшін қане бәріміз поезбен барайық.

Ой, балалар, балалар!

Қоңырқай күз болыпты

Қурап жапырақ солыпты,

Ел егінін орыпты.

Ой, балалар, балалар!

Ойнайық та күлелік,

Енді орманға кірелік.



Жүргізуші: Балалар, жан жақтарыңа қараңдаршы қандай әдемі? Біз орманға не үшін келдік? Қандай мерекені тойлауға келдік?

Балалар: Алтын күз

Жүргізуші: Олай болса Алтын күз мерекесіне арнап ән орындап берелік.
Ән «Күз жомарт» сөзі: Е.Өтетілеуов әні: Д.Ботбаев
Жүргізуші: Мен табиғатта жүрмін,

Бәріне жапырақ көрсетемін

Бір, екі, үш, төрт, бес

Жапырақтар жинаймыз.



(Балаларға жапырақтың түсін көрсету билингвальный компонент қазақша орысша)

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар, енді күз туралы өлеңдерімізді жолдайық.
1ші бала:Алтын, сары, кызыл, көк,

Алуан, алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.


2ші бала:О, алақай, тамаша,

Шашу шашады жапырақ,

Бақтың іші алаша

Ануар ма еді жатып ап!



3ші бала:Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.
4ші бала: Листья желтые летят,

Падают, кружатся

И под ноги просто так,

И под ковер ложатся.


5ші бала:Келді міне алтын күз

Сары шашты,

Жарқың жүз.

Мол өнімді ісімен

Тандадырып халқың күз.
6ші бала:Сан сарығып даланы,

Бояттығой күз деген

Құстар қанат қағады

Қоштасқандай бізбейнен.


Жүргізуші: Ай, жарайсыңдар! Әнді де, өлеңді де өте жақсы айтады екенсіңдер. Енді бойымызды сергітіп алайық.
Би «Екі бала» (жұппен)
Жүргізуші: Би билеп болдық, енді демалайық. Сәл демалып орман сыбдырына құлақ түрелік. Балалар, сендер естіп тұрсыңдар ма? Бізге қарай біреу келе жатқан сияқты. Қане, кім айтады, бұл кім екен?

Жапырақтар сыбдыры

(Музыка ойнап залға кірпі кіріпм келеді)


Кірпі: Сәлеметсіңдер ме, балалар?!

Сіздерде қандай мереке?

Неге бәрің сондай көңілдісіңдер?
Жүргізуші: Ал, біз мұнда Күз мерекесін қарсы алып жатырмыз. Қарашы өзің, айнала сондай әдемі емес пе?

Кірпі: Менің де сендермен бірге ойнағым, ән айтып, би билегім келеді. Мен сендерге өзіммен бірге ойын алып келгенмін, сол ойынды ойнайық.
Ойын «Сиқырлы себеттер» (екі себет, үш саңырауқұлақ, үш жаңғақ)
Кірпі: Тамаша, балалар! Маған сендермен бірге ойнаған ойын қатты ұнады. Ал мені басқа да балалар күтіп қалды. Келесі кездескенше сау болыңдар!
Жүргізуші: Бұл не өзі? Міне біздің мерекемізге кірпі де келіп кетті, ән де айтайық, жапырақ та жинадық. Ал біздің мерекеге бірдене жетпеитін сияқты.......

(Бір сыбдыр дыбысы естіледі)

Жүргізуші: Балалар! Мына сыбдырға құлақ асайықшы!

Жүргізуші: Біз күзге ән шырқаймыз,

Би билейміз сайраймыз.

Әсем түсті Алтын күз,

Шақырамыз біз сені.



Музыка әуенімен Алтын Күз кіріп келеді.

Күз: Сәлеметсіңдер ме, достарым?! Мені көп күткендерің үшін кешірім сұраймын.
Ән «Күзгі жеміс - жидектер» К. Шілдебаев
Жүргізуші: Ештеңе етпейді, Алтын күз! Біздің балалардың сізге арналған сыйы бар, тамашалаңыз.
Бала:Көктемде гүлдеймін,

Кешугеді білмейиін.

Піспей жүрген кезімде

«Менен аулақ жүр деймін» - деймін.

Уылжыған өрікпін

Бау бақшаға көрікпін.


Бала:Піскен кезде құлпынай

Қандай әсем шіркін - ай!

Қарай бергін келеді

Дүркін, дүркін, дүркін ай!


Бала:Өсіретін бойынды

Дамытатын ойынды.

Қоянғада азықпыз

Сәбіздеоміз жазықсыз.


Бала:Нарттай қызыл алмам бар,

Мәз болады алғандар.

Жазда әдемі киінем,

Тілді балдай үйірем.


Жаңбырдың дыбысы естіледі
Жүргізуші: Балалар, тыңдаңдаршы, мынау не дыбыс?

Балалар: Жаңбыр

Жүргізуші: Балалар, жаңбыр қалай жауады?
Ән «Жаңбыр» (Индивидуальная песня)
Жүргізуші: Тамаша, балалар! Енді Алтын күзге арнап би билеп берейік.
Би «Қолшатыр»

Күз: Рахмет, балалар! Мен сендерге келіп жеткенше, орамал тауып алдым. Оның өзі жәй емес, өте әдемі орамал. Орамалмен ойнағыларың келеді ме?
Ойын «Сиқырлы орамал»
(Көңілді әуен ойналады. Балалар залды айналып жүріп би билейді. Кенеттен музыка баяулайды. Балалар отырады да, қолдарымен көздерін жұмады. Күз орамалды жайып, жеңіл музыка әуенмен балаларды аралап біреуіне жабады.)
Күз: Бір, екі, үш!

Мұның ішінде кім бар?

Қане, тезірек айтыңдар?

Қане, тезірек айтыңдар?



(Балалар орамал астына жасырылған баланың атын атайды, егер тапса онда орамалды көтереді. Орамал астындағы бала көңілді музыка әуенмен билейді, ал басқа балалар қол шапалақтайды.)

Бұдан соң тағы ойын ойналады. Күз залға білдірмей әкелінген алма салынған себетті орамалмен жабады. Күз айтқан сөздерін тағы қайталайды.

Балалар, орамалдың астында бала бар ма екен деп баланың атын айтады.
Жүргізуші: Жоқ! Барлық балалар мында тұр. Ал, орамалдың астына кім жасырылған?
Күз: Ал орамалды ашайық,

Астында кім бар екенін көрейік.


Мәссаған, бұл не? Кәрзенке ме?

(Алманың бетіндегі жапырақтарды ашады)

Ал себете...
Балалар: Бүгін қандай көңілді!

Жарайсыңдар, балар!

Бәрінді жақсы көремін,

Бірақ бізге қоштасу керек.

Келесі жылы тағы келемін.

Ал, қош, сау болығдар, балалар!


Музыка іуенімен Күз залдан шығып кетеді, балалар оған қолын бұлғап қоштасады, өздері паравоз болып топқа оралады.
Схема:

  1. 1Ән «Күз жомарт»

  2. Оиын; «Жапырақ жинау»

  3. Тақпақ

  4. Би; «Екі бала»

  5. Кірпі кіреді

  6. Ойын: «Сиқырлы себеттер»

  7. Күз кіреді

  8. Ән: «Күзгі жеміс-жидектер»

  9. Тақпақ «Жемістер»

  10. Ән: «Жаңбыр»

  11. Би: Қолшатыр

  12. Тақпақтар

  13. Ойын: «Сиқырлы орамал»

Каталог: uploads -> doc -> 01b9
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
01b9 -> Сабақтың тақырыбы: Сәндік қолданбалы өнер Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың мақсаты
01b9 -> Бағдарламасы Ахметова Гульмира Жезқазған 2015 жыл Түсінік хат


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет