Жүрек тәрізді.(Жөке)
Қылқанды(ине) тәрізді.(Қарағай).
4.Түрлері.
4.1.Жай-бір ғана тақтасы бар жапырақ.(Терек,қарағаш,қайың).
4.2.Күрделі-бір сағақта 2 не одан да көп майда жапырақтар болады.
Үш құлақты. (беде,құлпынай)
Саусақ салалы.(бөрібұршақ,қарасора)
Тақ қауырсын тәрізді.(итмұрын,грек жаңғағы)
Жұп қауырсын тәрізді.(асбұршақ)
5.Жүйкеленуі. Жүйкелену-өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуы.
5.1Жүйкеленудің типтері.
5.2.Доғалы жүйкелену жапырақ тақтасының түбінен қатарласа шыққан жүйкелер жапырақ ұшына жеткенде доға тәрізді бір-бірімен түйіседі.(інжугүл,жолжелкен)
5.3.Қауырсын тәрізді торлы жүйкеленуде негізгі орталық жүйкенің жан-жағынан жанама жүйкелер теңдей таралады. Майда жүйкелер торлап жатады(тал,алма,алмұрт,емен)
5.4.Паралель(қатарласа) жүйкеленуде жүйкелер жапырақтың ұшына дейін қатарласа орналасады(бидай,жүгері)
5.5.Саусақ салалы жүйкелену орталық жүйке бір жерден басталып,жапырақ жиегіне дейін саусақ тәрізді салаланып таралады(үпілмәлік,үйеңкі)
6.Жапырақтардың сабаққа орналасуы.
6.1.Қарама-қарсы орналасу-сабақтың әр буынына екі жапырақтан бір-бірден қарама-қарсы бекінуі.
6.2.Кезектесіп орналасу-сабақтың әр буынында бір жапырақтан болуы.
6.3.Топтасып орналасу-бір буында үш немесе одан да көп жапырақтардың орналасуы.(сарыағаш,талгүл)
7.Маңызы,қызметі
7.1 ауадан СО2 сіңіріп, жарықтың әсерінен органикалық зат түзеді.
7.2 су буландырады
8.Қорытынды.
Жапырақ-өсімдіктің органикалық зат синтездейтін,қор затын жинайтын,жыныссыз көбеюге қатысатын өсімді мүшесі.
Жапырақ: Отегі бөліп шығарады. Көмір қышқыл газын сіңіріп алады. Қоректік заттарды өңдейді. Өсімдікті қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Өсімдік жапырақ арқылы тыныс алады. Өсімдік бойындағы артық су жапырақ арқылы буланады. Буланған жапырақ өсімдікті салқындатып тұрады. Жапырақта өсімдіктің өсуі үшін қажетті қоректік заттар қант пен крахмал түзіледі.
ІҮ.Бекіту: Жапырақ тіршілік көзі дегеніміз не? Экологиялық сурет салып және мазмұндама жазып келіңдер.
Ү.Үйге тапсырма: $16 55 беттегі С тапсырманы орындау
ҮІ. Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |