«Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығмен»ММ
Биология пәні мұғалімі А.Қимаділова
Сабақтың тақырыбы:Жапырақ оның сыртқы құрылысы
Сабақтың мақсаты:Білімділігі:Оқушыларға СКТ технолгиясы арқылы жапырақтың сыртқы құрылысы, тақтасының пішіні,сабаққа орналасуы туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылығы:оқушылардың кеппе шөптер арқылы өз бетінше жұмыс істету арқылы білімдерін дамыту.
Тәрбиелілігі:жапырақ арқылы бүкіл әлем тірішілікті сезінетіндігін түсіндіру арқылы өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,СКТ технологиясы бойынша түсіндіру,өз бетінше жұмыс.
Сабақ түрі:Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,бөлме өсімдіктері,кеппе шөптер.
Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру психолгиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Үлестірмелі карточкалар беру(ҮК 1-5)
Сабақ түрлеріне қарай өсімдіктердің атын жазыңдар
Тік сабақ
|
Жатаған сабақ
|
Өрмелгіш,шырмалғыш сабақ
|
Қысқарған сабақ
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ІІІ. Жаңа сабақ Сабақ СКТ технологиясы бойынша түсіндіріледі.Сабақты бастау үшін проблемалық ой туындатамын.(өсімдік мүшелерін құрастырңдар) Тамыр, гүл, сабақ, тұқым
Оқушы жауабы:өсімдіктің бір мүшесі кем ғой? Қай мүшесі кем? Жапырақ Олай болса балалар біз бүгін өсімдіктің тағы бір өсімді және жыныссыз көбеюге қатысатын мүшесі жапырақ оның құрылысын СКТ технологиясы бойынша алгоритмімен танысайық.
Жапырақтың сыртқы құрылысы.
1.Анықтама.
2.Сөз таным
3.Құрылысы
4.Түрлері
5.Тақтасының пішіндері.
6.Жүйкеленуі
7. Маңызы,қызметі
8.Қорытынды.
.
1.Анықтама.Жапырақ (лат.folіum, гр.phyllon) — жоғары сатыдағы өсімдіктердің фотосинтез, газ алмасу, буландыру, қор жинау, көбею қызметтерін атқаратын өсу мүшесі. Ол негізгі өркеннің жанама бұтақтарының қысқаруынан пайда болады.
2.Фотосинтез –жарық әсерінен жүретін химиялық күрделі әрекет.
3.Сыртқы құрылысы.
3.1.Тақтасы-жапырақтың кеңейген(жалпақ) бөлімі.
3.2.Сағағы-сабаққа бекінген жіңішке бөлімі.
3.3.Тақтасының пішіндері.
Бүйрек тәрізді.(Құсықшөп)
Жебе тәрізді.(Шырмауық)
Ромб тәрізді.(Жүгері)
Достарыңызбен бөлісу: |