Жапырақ тақтасының негізі ұзарып өсіп, сағақтың орнына түтік тәрізді қусырылады. Оны қынап дейді. (бидай, жүгері, қамыста, күріште) т. б. болады.
Жапырақ тақтасының пішіні:
Өсімдіктің түріне қарай жапырақ тақтасының пішіндері әртүрлі.
Қарағай, шырша—ине тәрізді қылқанды жіңішке.
Бидай, қарабидай, жүгері, арпада - таспа тәрізді
Иісті шөпте –күрек тәрізді
Жөке, гүлшетенде-жүрек пішінді
Құсықшөпте –бүйрек пішінді
Шырмауықта-жебе тәрізді.
Жапырақтың өсуі, тіршілік ету ұзақтығы:
Жапырақ ағаштың біржылдық өркеніне түзіледі. Өсуі 30-40 күнге созылады. Тек қырыққұлақ пен түбіртаспа өсімдіктерінде тіршілігін жойғанша өсе береді.
Жапырақтың тіршілік ету мерзімі бірнеше айдан -15 жылға дейін өсе береді.
Қарағай-2-4 жыл
Кавказ самырсыны 9-13 жыл
Тиса қылқаны 6-10 жыл
Шыршада 5-12 жыл
Тозды еменде 1-2 жыл
Қаражидекте 1-4 жыл өседі.
2.Жаңа ұғымдармен танысу ( сабақты күрделендіре биология пәнімен байланыстыра отырып түсіндіру)
Достарыңызбен бөлісу: |