Сабақтың тақырыбы: Жапырақ
Сабақтың мақсаты: 1.Өсімдік мүшелерінің ішіндегі жапырақтың атқаратын қызметімен таныстыру, түрлері жайлы мағлұматтар беру.
2.Қосымша тапсырмалар, сөзжұмбақ орындату арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту,
Танымдық белсенділігін арттыру, өздіктерінен жұмыс істеп, қорытынды шығаруға машықтандыру.
3. Өсімдік әлеміне деген сүйіспеншіліктерін ояту, қоршаған ортаға қамқор болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, еңбек,бейнелеу
Көрнекілігі: Жапырақ түрлері, бөлме өсімдіктері, сөзжұмбақ, карта, тест.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
-Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Алдымен барлығымыз орнымыздан тұрып амандасайық.
(психологиялық дайындық)
Сәлем саған алтын күн,
Сәлем саған көк аспан.
Сәлем саған жер ана,
Сәлем бердік сіздерге.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
-Ал енді, балалар, біз үй тапсырмасын ұлттық «Бәйге» ойыны арқылы тексереміз. Ол үшін сыныпты екі топқа бөлемін І топ «Тұлпар», ІІ топ- «Сұңқар» тобы
Шарты: Екі топқа бірдей сұрақтар қойылады. Қай топ зерек болса, сол топ жеңімпаз атанады.
Сұрақтар:
Біз қандай тарауды оқып жатырмыз? (өсімдік тіршілігі)
Өсімдік мүшелеріне нелер жатады? (Тұқым, тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс.)
Өсімдік қандай ағза? (Өсімдік тірі ағза)
Өсімдікті неге тірі ағза дейміз? (Өсімдік қоректенеді, тыныс алады.)
Өсімдік тіршілігі үшін қандай жағдайлар қажет? (ауа, су,қорек, жылу, жарық)
Тамыр қайдан пайда болады? (Тұқымнан)
Тұқымнан тікелей пайда болатын тамырды қалай атайды? (Негізгі тамыр)
Тамырдың қандай түрлерін білесің?
(Жіңішке, шашақ тамыр, өте ұзын тамыр)
Күнбағыс картоп тікен қурай
Сәбіз пияз жантақ
Сабақ өсімдіктің қандай мүшесі? (маңызды мүшесі)
Неге маңызды мүшесі? (Сабақ өсімдіктің барлық мүшелерін бір бірімен жалғастырып отырады.)
Сабақтың қандай түрлерін білесің? Атап айт. (Салбырап , тік тұру, оралып, шырмалып.)
Жеңімпаздарды анықтау, мадақтау.
ІІІ Жаңа сабақ
Ал енді балалар , біз жаңа сабақта Қазақстанның көрікті қалаларына саяхат жасаймыз. Сонымен қатар елімізге пайдамызды тигізіп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай Отанымызды көркейтужұмысына біз де ат салысайық. (Әр қалаға барған сайын бір жапырақтан қалдырып отырамыз)
-Балалар, біз өсімдіктің тамыры мен сабағын . Өсімдіктің сабағына көрік беретін не деп ойлайсыңдар? Ендеше назарымызды тақтадағы сөзжұмбаққа аударайық.
1 Көкшетау қаласына бару. ( Көрікті жерлерді көрсету)
Ең ыстық мезгіл. (Жаз)
Өсімдіктің үш түрінің бірі. (Ағаш)
Өсімдік өсетін борпылдақ қабат. (Топырақ)
Күзде себілетін дән. (Тұқым)
Өсімдіктің жерасты мүшесі. (Тамыр)
Өсімдіктің барлық мүшесін бір- бірімен жалғастырып тұратын мүшесі. (Сабақ)
Ағаш түрі (Қайың)
-Балалар қандай сөз шықты?
-Жапырақ.
-Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жапырақ»
Сабағымыздың мақсаты: Жапырақтың түрлері мен қызметі жайлы оқып білеміз.
2 Елордас ы Астанаға аттанамыз (Астана туралы ойларын тыңдау)
-Енді , балалар, Мұзафар Әлімбаев атамыздың мына өлең жолдарына назар аударайық.
Күзде жауын, Бұлт тұман
Жапырақтар жауады.
Сары құйын ұйтқыған,
Сапырады ауаны
Тапталады табанға
Судыр-судыр жапырақ
Өрттей сары бояуға
Малынғандай атырап. - деп ақын атамыз айтқандай, мына жапырақтарға қарайықшы. (Салыстыру, ұқсату)
3 Степногорск қаласы –алтын өндіреді
(Тақтада ілініп тұрған жапырақтар түрлерімен таныстыру)
А) Теректің жапырағы
Ә) Үйеңкінің жапырағы
Б) Көктеректің жапырағы
В) Қайыңның жапырағы
Г) Алма ағашының жапырағы
Д) Қарағайдың жапырағы
Ж) Шыршаның жапырағы.
4 Алматы қаласына аттану (Неге олай аталуын анықтау)
(Мұғалімнің түсіндірмесі, жапырақ туралы мағлұмат беру)
Көрнекіліктер бойынша жұмыс. Жапырақтар пішіні әр түрлі болады:
Қылқанды, ине тәрізді (қарағай, шырша)
Жүрек, ромб, бүйрек тәрізді.
Тақ қауырсын, саусақ, жұп қауырсын, үш құлақты тәрізді жапырақтар
Жапырақтардың орналасуы
Жапырақтардың сабаққа орналасуында белгілі бір заңдылық бар. Бұрын шыққан жапырақтары кейінгілеріне көлеңке түсірмейтіндей ретпен бекінеді. Жапырақтары көлемді болғанымен, бәрі күн жарығымен қамтамасыз етіледі.
Бекінудің үш түрі бар: кезектесе, қарама- қарсы және топтаса орналасу. (Бөлме өсімдіктерімен жұмыс)
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар
Алдымнан самал еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен болып өседі.
7 Қараңанды қаласы-кенге бай қала . ( Н.Ә. Назарбаевтың мекені,металлургия заводында жұмыс істеуден бастағанын айту)
Сұрақ: «Ой қозғау»
Қандай ағаштардың жапырақтары ине тәрізді?
Жүрек тәрізді жапырақтар қандай ағаштікі?
Ағаш жапырақтары қай кезде әдемі көрінеді?
Ағаш жапырақтары қай кезде сарғаяды?
8 Ақтау қаласы
Оқулықпен жұмыс: А) Оқушыларға оқыту (әр қатардан бір оқушы оқиды)
Ә) Талдау
Б) Тірек сызбамен жұмыс: Жапырақтың өсімдік тіршілігінде атқаратын қызметі.
9 Атырау қаласы
Дәптермен жұмыс :
Ай-күнді жазғызу, тңа сөздерді ақырыпты жазу.
Жаңа сөздер: қант, крахмал, хлорофил
Ұнаған жапырақтың суретін салу, қызметін жаз
10 Маңғыстау қаласы
Зерттеу жұмысы: (керекті заттар: қайшы, салфетка жапырақ)
-Ал енді, балалар, бөлме өсімдігінің жапырағында не бар екенін зерттеп көрейік.
Қорытынды: Жапырақтың бойында су бар.
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Жапырақ (лат. folіum, гр. phyllon) — жоғары сатыдағы өсімдіктердің фотосинтез, газ алмасу, буландыру, қор жинау, көбею қызметтерін атқаратын өсу мүшесі. Ол негізгі өркеннің жанама бұтақтарының қысқаруынан пайда болады.
Жапырақтың мөлшері әртүрлі болады. Мысалы, шөптесін өсімдіктерде 3-10 см-дей, банан жапырағының ұзындығы 1-5 м, ені 40-50 см, цейлон пальмасы жапырағының ұзындығы 10-20 м, ені 12 м-ге дейін. Жапырақтың сыртқы құрылысы — Жапырақ тақтасынан (алақанынан) және сағақтан тұрады. Жапрақтың кеңейген жері — тақтасы, ал сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі — сағағы деп аталады. Сағақсыз жапырақтар да болады. Сабақ буынынан тармақталған сағақты бір жапырақ өсіп шықса — жәй Жапырақ деп аталады, олардың пішіндері әртүрлі болады, мысалы, қарағайдың, шыршаның Жапырақты — қылқан, ине, астық тұқымдастарында — таспа; көк теректе — дөңгелек тәрізді. Бір сағаққа бірнеше жапырақ орналасса — күрделі Жапырақ деп аталады. Бұлар да әртүрлі болады: үшқұлақты күрделі Жапырақ (беде, соя); саусақ салалы күрделі Жапырақ (атбас талшын, қарасора, қазтабан, т.б.); қауырсын тәрізді күрделі Жапырақ, ал бұл жұп қауырсынды (асбұршақ, ноғатық, т.б.), тақ қауырсынды (қызыл мия, итмұрын, шетен, грек жаңғағы, т.б.) болып бөлінеді. Жапырақ тақтасының анатомдық құрылымы — оның қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Жапырақ тақтасын екі жағынан да жұқа қабықшамен қапталған эпидермис жауып жатады. Эпидермистің астында борпылдақ ұлпа — мезофилл болады. Сонымен қатар бұл ұлпаның жасушаларында фотосинтезге және өсімдіктің тыныс алуына қатысатын хлоренхима бар.[1]
[жасыру]
1 Жапырақ құрылысы
2 Жүйкелену
3 Өсімдік жапырағы
4 Жапырақтың түсуі
5 Жапырақтың түрөзгерістері
6 Дереккөздер
Жапырақ құрылысы[өңдеу]
Жапыраққа беріктілік, серпімділік қасиет беретін, оның “қаңқасын” құрайтын талшықтар жапырақ жүйкесін құрайды. Жапырақ жүйкесінің құрамында әртүрлі жасушалардан құралған негізгі өткізгіш ұлпа — ксилема; өсімдікте органикалық заттарды таситын және өсімдіктің арнайы мүшелерінде (жер асты тамырында, өсу нүктесінде, жемісі мен дәнінде, т.б.) қор жинауға қатысатын түтікті-талшықты күрделі ұлпа — флоэма болады. Жапырақ сағағынан тақтасына қарай жалғасып жатқан өткізгіш шоқтар — орталық жүйке деп аталады, ал одан жан-жаққа таралған жанама жүйкелердің орналасуына қарай жүйкелену бірнеше типке бөлінеді: қауырсын тәрізді торлы жүйкелену — орталық жүйкенің жан-жағын жанамалап жатуы (тал, терек, алма, алмұрт, шие, т.б.); саусақ салалы жүйкелену — негізгі орталық жүйке бір жерден басталып, жапырақ жиегіне дейін саусақ тәрізді салаланып таралуы (үйеңкі, бегония, т.б.); параллель (қатарласа) жүйкелену — талшықтар жапырақтың ұшына қарай қатарласа созылуы (барлық астық тұқымдастары), доғалы жүйкелену — жүйкелер жапырақ тақтасының түбінен шығып, жапырақтың ұшына жеткен кезде доға тәрізді бір-бірімен соқтығысады (інжугүл, жолжелкен.)
Жүйкелену[өңдеу]
Жапырақ тақтасындағы өткізгіш шоқтар
Жүйкелену - деп өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуын айтады .
Олардың қызметі:
Жапырақ қабаттарына су мен онда еріген минералды тұздар жеткізіледі ;
Органикалық заттар басқа мүшелеріне таратылады;
Жапыраққа беріктік қасиет береді.
Жүйкеленудің типтері:
Қауырсын тәрізді торлы жүйкелену негізгі орталық жүйкенің жан-жағынан жанама жүйкелер теңдей таралады. Майда жүйкелері торлап жатады.
Саусақ салалы жүйкелену орталық жүйке бір жерден басталып жапырақ жиегіне дейін саусақ тәрізді саланып таралады.
Параллель жүйкеленуде жүйкелер жапырақтың ұшына дейін қатарласа созылады .
Доғалы жүйкелену жапырақ тақтасының түбінен қатарласа шыққан жүйкелер , жапырақ ұшына жеткенде доға тәрізді бір -бірімен түйіседі .
Жапырақтың сабақта орналасуы 3 түрлі болады:
Кезектесе орналасу. Сабақтың әр буынында 1 жапырақ болса - кезектесе орналасу деп аталады.
Қарама қарсы орналасу. Бір буында екі жапырақ қарама-қарсы болса- қарама қарсы орналасу деп аталады
Топтаса орналасу. Бір буында үш-төрт жапырақ болса - топтаса орналасу деп аталады
Достарыңызбен бөлісу: |